Тренинг: Көңілі көтеріңкі ұстаздардың еңбегі де жемісті

Тіл арқылы байланысу, қарым-қатынас жасау адамға ғана арналған басты байлық, ұлы сыйлық. Бірақ, осы байлықты  жақсылыққа ғана емес, жамандыққа да қолданатынымыз  жасырын емес.Кейде «аңдамай сөйлеп, ауырмай өлеміз».  «Жақсы сөз бұлттан шыққан күндей боп,көңілді жадыратады». «Жаман сөз жаныңа мұң құйып, қабырғаларыңды бір-бірлеп сөгеді» деген демек сөзден қорқыңыздар,оны абайлап орнымен пайдалану керек.Ғалымдардың  зерттеуінше  былапыт жаман сөздер хромосомдарды өлтіріп,сол сөз иесіне сәтсіздік,жа...
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Көңілі көтеріңкі ұстаздардың, еңбегі де жемісті.

/ұстаздарға арналған тренинг /

Мақсаты: Ұстаздар арасындағы қарым-қатынасты нығайту және өзін-өзі танып

әрдайым көңіл-күйде жүруге баулу.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, ойын, интерактивті әдіс

Қатысушылар : ұстаздар ұжымы

  1. Шаттық шеңбері

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш ,нұр іздеген

Шуақ толы жанымыз,жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден

II.Кіріспе

Тіл арқылы байланысу, қарым-қатынас жасау адамға ғана арналған басты байлық, ұлы сыйлық. Бірақ, осы байлықты жақсылыққа ғана емес, жамандыққа да қолданатынымыз жасырын емес.Кейде «аңдамай сөйлеп, ауырмай өлеміз». «Жақсы сөз бұлттан шыққан күндей боп,көңілді жадыратады». «Жаман сөз жаныңа мұң құйып, қабырғаларыңды бір-бірлеп сөгеді» деген демек сөзден қорқыңыздар,оны абайлап орнымен пайдалану керек.Ғалымдардың зерттеуінше былапыт жаман сөздер хромосомдарды өлтіріп,сол сөз иесіне сәтсіздік,жаманшылық,ауру шақыратынын анықтаған.Өздеріңізге белгілі, ұстаз мамандығы басқа мамандықтарға қарағанда стресстік жағдайларға жиі душар болатындығы белгілі. Ал ұстаз өзінің профессионалдың ұстанымын жоғалтпай, әрдайым көңіл-күйін көтеріп ұстау қажет.

III. "Түрлі түсті шарлар» - аяқталмаған сөйлемдер

Желтоқсан айының ішінде егерде сізді қуантқан нәрселер көбірек болса жасыл шардың астына парақшаға «Жұмыста соңғы кезде мені қуантқан»... деген сөйлемді аяқтап жазу керек, ал егерде ренжіген сәттеріміз басым болса ,

« Жұмыста соңғы кезде мені ренжіткен...» деген сөйлемді аяқтап, парақшаға жазып қызыл шардың астына жапсырыңыздар.

IV.Тест "Сіз жарқын жүзді адамсыз ба?"

  • Егер сіз қар үйінділеріне басты назар аударсаңыз, оларға штрихтар мен көлеңкелерді салсаңыз, онда сіз дәл осы уақытта өзіңізді бақытты сезінуде емессіз.Сізді бір ойлар алаңдатуда, сіздің басыңыз қара ойларға, ал жаныңыз - уайымға толы.

  • Егер сіз қара түнерген бұлттың суретін салсаңыз ,онда сіз нағыз пессимист адамсыз.Сіз мінезіңіз нашар, өте ашулы адамсыз.Сіздің ыңғайыңызды табу қиын, өйкені сіздің үнемі ешнәрсеге көңіліңіз толмайды.Сіз өмірдің сәттеріне қуана білмейтін адамсыз, кез келген ақ нәрсені қараны көріп тұрасыз.

  • Егер сіз үйді басты назарда ұстап, оған мұражасынан түтін шығып жатқанын салсаңыз және үйдің терезесінен жарық көрінсе, онда сіз жарқын жүзді, бақытты адамсыз.Сіздің өмірдегі басты құндылығыңыз - бұл сіздің үйіңіз, жақындарыңыз және достарыңыз.Сіз осы аталғандардан өзіңіздің өміріңізге күш - қуат аласыз.Сіз өмірдің сәттеріне қуана білетін, өмір сүре білетін тұлғасыз.

  • Егер сіз шыршаға басты назарды аударсаңыз, бұл сіздің жарқынжүзді, шынайы адам екендігіңізді білдіреді.Бұл сіздің бүкіл әлеммен байланыс жасауыңыздың бірден бір құралы.Сізді айналаңыздағылар жақсы көреді, өйткені сіз көңілді, белсенді адамсыз.

  • Ауадағы қарлар - бұл сіздің жағымды, жақсы әсер қажетсінетіндігіңізді білдіреді, күнделікті өмірдің күйбеңінен басқа дүниені аңсайтындығыңызды білдіреді.

  • Егер сіз адамды шыршаның жанына салсаңыз, бұл сіздің күш - қуатыңыздың көптігін, шаршамайтын адам екендігіңізді білдіреді.

  • Егер адам үй мен шыршаның ортасына салсаңыз, сіз бір нәрсені қажетсінесіз, яғни сізге өмірлік мақсат қою керек немесе біреуді сүю қажет.

  • Егер адам үйдің ішінде орналасса, онда сізге демалу керек.Сіз рухани және физикалық тұрғыдан шаршағансыз.

V. Жаттығу «Алма бағында»

  • Барлығымыз көзімізді жұмамыз, көз алдарымызға алма бағын елестетіңіздер.

  • Әсем бір шебер бағбанның баптап өзірген алма бағында қыдырып жүрсіздер. Осы сәтте әркім өзінің ең бақытты шақтарын елестетіңіздер. Жүрек түбіндегі арман мақсаттарыңызды қиялдаңыздар.

  • Оң жақтарыңызға қарасаңыздар жерде жатқан қып қызыл алманы көресіздер, ал сол жақтарыңызға қарасаңыздар тағы да сары қызыл алманың жатқанын көреміз.

  • Па, шіркін қайран алмалардың иісін-ай танауларыңызды керіп, демдеріңізді ашып, рахат бір дүние ішінде жүрсіздер, терең демалыңыздар.

Тапсырма: Алма ағашындағы алмалардың суретін бейнелеу.

VI .Жақсы сабақ дайындау рецептісі.

Сұрақ: Қандай рецептің түрлерін білесіздер ? / сұрақ-жауап /

Әрбір сабағыңызға:

* 12 порция ақылдылық

*11 порция шыдамдылық

*10 порция батылдық

*9 порция жұмысқа қабілеттілік

*8 порция оптимизм

*7 порция өз ісіңе берірушілік

*6 порция ойлануды

*5 порция мейірімділік

*4 порция демалыс пен денсаулық туралы ойды

*3 порция юмор

*2 порция такт

*1 порция әр балаңызға үміт қосыңыз.

Өз сабағыңыздың дәмді және тәтті болу үшін бір қасық жақсы көңіл-күй, бір шымшым шыдамдылық, дәміне қарай ойындар қосыңыз және бетіне жақсы мейірімді әзіл себіңіз өз тағамыңызды жайдарлы күлкіңізбен қуаныштың белгісімен әрлеңіз. Осы рецептіні үнемі пайдалануға кеңес беремін.

VII.Қорытындылау

«Жақсы әнді тыңдасаң ой көзіңмен,

Өмір сәуле көрсетер судай тұнық.

Жарамды әнді тыңдасаң жаным еріп,

Жабырқаған көңілің көтерілер», - деп

әрдайым ән тыңдап көңіл - күйімізді түсірмей көтеріп жүрейік.

Көңіл - күйімізді көтеріп жүру өз қолымызда екенін ұмытпайық.

VIII. «Әріптестер алға, қанаттарың талма» әні

Көбейсінші білім құмар шәкіртіміз,

Жақсылықпен арта берсін әр күніміз.

Қуанышты сәттеріміз көп болсыншы

Әріптестер, шәкірттер.

Қайырмасы:

Ұстаздар боп бас қосамыз бәрімізде,

Таусылмасын айтар талай әнімізде

Әріптестер алға, қанаттарың талма,

Биіктерге, биіктерге самғаймыз.

Ұстаз болу жүректердің батырлығы

Ұстаз болу сезімдердің ақындығы

Анасындай - шәкірттерге жақындығы

Әріптестер, ұстаздар.


Тренинг: Көңілі көтеріңкі ұстаздардың еңбегі де жемісті.Тренинг: Көңілі көтеріңкі ұстаздардың еңбегі де жемісті.



© 2010-2022