«Менің өмірімнің бақытты билеті» Психокоррекциялық сабақ

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


№ 36 қазақ орта мектебі







«Менің өмірімнің бақытты билеті»

Психокоррекциялық сабақ











2014 - 2015 оқу жылы


Тақырыбы: «Менің өмірімнің бақытты билеті »

Уақыты:

Мақсаты:

Барысы:

«Мен таңдаған өмір...» тренинг - сабақ
Мақсаты: Оқушыларға өмір ұғымын түсіндіре отырып, өмірде кездесетін әртүрлі жағдайлар туралы ақпарат беру.
Күтілетін нәтиже: балалардың өмірге деген құштарлығын, қызығушылығын ояту.

Тренинг жоспары:
1. Кіріспе сөз. Психолог сөзі.
2. «Ойланып көрейік» жаттығуы.
3. «Менің өмірім...» жаттығуы.
4. «Айдар тағу» жаттығуы.
5. «Күлкі «К» витамині» тренингі.
6. Қорытынды.

Тренинг ережесі:
- Тыңдау әдебін сақтау;
- Өз пікірін ашық білдір;.
- Ашық, көңілді болу;
- Белсенділік таныту;
- Сыйластықта болу;
- «Мен»принципін ұстану;
- «Мұнда және қазір» болу.

1. Кіріспе сөз. Психолог сөзі. Әрбір адам - өмірге келген қонақ. Өмір өте мәнді, мағыналы, мазмұнды өтуі үшін «қамшының ғана сабындай қысқа өмірде «адамдардың бір - бірімен сыйластықта болғанына не жетсін!

Жан - жағымызға мұқият қарасақ, айналамызда күйбең тіршілік жүріп жатыр. Адамдар еңбек етуде, жұмысқа бара жатады, жұмыстан қайтып жатады. Демалады, қонаққа барады, алға қойған мақсаттарына жетіп, басқа бір мақсаттар қойып жатады. Кейбіреулер болса қайғы - мұңды бастарынан өткеріп жатады. Ал, кейбіреулер не үшін өмір сүріп жүргендерін, қиындықтардан қалай құтылу керектігін білмей өмірден түңіліп жатады. Бұл - өмір. Қалтарыстары мен қиындықтары көп осынау өмірде адамдар бір - біріне және өздеріне мейіріммен қарап, ізгі ниетпен жақсылық жасай білу керек. Сол қиындықтарды жеңу жолдарын іздеп, алға қойған мақсаттарына жете білулері әркімнің өзіне байланысты екен.

Олай болса, бүгінгі тренингіміз осы өзіміз таңдаған өмірімізде мәнді де, мағыналы өмір сүру әрқайсысымыздың өз қолымызда. Бүгін, тренинг барысында өзіміз сүріп жатқан өмірді танимыз, өзімізді танимыз деп ойлаймын. Тренинг барысында 3 топ қатысады. Әр сыныптан 8 оқушыдан. Ал, қалған қатыспайтын оқушылар көрермен және қатысып отырған топтарды бағалаушы болып есептеледі. Тренинг соңында осы 3 топ ішінен жоғары белсенділік танытқан топ анықталып, мадақталады.

2. «Ойланып көрейік» жаттығуы.
Мақсаты: Өмір туралы ұғымдарын дамыту.
Уақыты: 5 минут
Нұсқау: Төменде берілген сұрақтарға жауап таңдап алып, дәлелдеңдер.
(қатысушылар іштей екі топқа бөлінеді).
Адам не үшін өмір сүреді?
- - Үлгілі отбасын құру үшін.
- Білім алу үшін.
- Қоғамға және өз ортасына пайда келтіру үшін.
- Үлкен дәулетке қол жеткізу үшін.
- Өзін өзгелерге таныту үшін.
Өмірден өз орнын табу деген не?
- Жоғары атаққа ие болу.
- Материалдық дербестік және мол дәулетке жету.
- Тату және берік отбасын құру
- Адал достар көп болу.
- Өзі сүйген адамының сүйіктісі болу.
Өмірде үлкен табысқа жету үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек?
- Еңбекқор, адал, әділ болу
- Қабілетті, дарынды болу.
- Өзін және өз мүмкіндіктерін жақсы білу.
- Адамдармен тіл табыса білу.

3. «Менің өмірім...» жаттығуы. Бұл жаттығу сұрақ - жауап түрінде өтеді. Яғни, біздің сүріп жатқан өмірімізге қатысты сұрақтар. Мәселен, күнделікті қарап жүрген киноларымызға, қызығушылық танытатын компьютерлік ойындарымыз жөнінде болмақ.
Сұрақтар:
1. Қандай теле сериалдарды білесің?
2. Қандай компьютерлік ойындарды білесің?
3. Сәнге айналып жатқан ұялы телефондар мен оның түрлері.

4. Компьютердің түрлері.

5. Қазіргі өмірде қандай затсыз өмір сүре алмаймын деп ойлайсың?
4. «Айдар тағу» жаттығуы. Біз сіздерге айдар таққымыз келіп отыр, яғни өз өнерлеріңізді көрсетулеріңізді сұраймыз. Қазақта «Өнерлі болсаң, өнерің тасысын» деген сөз бар. Сондай - ақ, қазіргі таңда жастардың бойынан біздер күтпеген, біздер білмейтін өнер түрлері кездесіп жатады. Сол сияқты сіздерден де сондай бір біздер көрмеген, білмейтін өнерлеріңіз болса, ортаға салсаңыздар (Әр сынып оқушысы өз өнерлерін көрсетеді).
5. «Күлкі «К» витамині» тренингі. Бұл тренингте 3 топ «Мен таңдаған өмір...» тақырыбында 3 әзілден көрсетеді.
6. Қорытынды. Мен өмірді сүйемін!
Өмір мені қолдайды!
Өмірім өз қолымда! - деген өлең жолымен бүгінгі тренинг - сабақты аяқтағым келіп отыр. сау болыңыздар!

© 2010-2022