Тақырыбы: Психология әлеміне саяхат

Оқушыларға жалпы психология ,оның салалары туралы мәлімет беру.Оқушылардың көпшілік алдында қиялын, ой -өрісін, эмоциясын,дамыту психологиялық тренингтермен әдістемелермен таныстыру.Психологты көбіне психиатрмен шатыстырады. Сондықтан да оның алдына баруға ұялады. Ал бұл екеуінің  арасындағы айырмашылық бар. Қарапайым сөзбен айтқанда, психиатр ауруларды емдейді,ал психолог-психикалық тұрғыдан сау адамдарды.Дегенмен, депрессиялық жағдайда адамға көбінесе отбасы мүшелерінің шынайы қамқорлығы,жақын...
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Психология әлеміне саяхат.

Мақсаты: Оқушыларға жалпы психология, оның салалары туралы мәлімет беру. Оқушылардың көпшілік алдында қиялын, ой - өрісін, эмоциясын дамыту, психологиялық тренингтер мен әдістемелермен таныстыру.

Көрнекілігі: Психологияның белгісі, танымдық процестерге байланысты суреттер, шарлар, бөлме гүлдері.

Сабақ барысы:

Мұғалім сөзі: Саламатсыздар ма, оқушылар? Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Психология әлеміне саяхат». Сендерге оқушылар психология деген сөз таныс, бірақ оның не туралы ғылым екені сізге беймәләм. Психология грек тілінен аударғанда «псюхе» - жан, «логос» ілім дегенді білдіреді. Яғни жан туралы ғылым, адамның жан дүниесін зерттеп білу. Психологияның 40 - тан астам салалары бар. Олар: зоо, эксперименталды, заң, әскери, бизнес, жас ерекшелік, педагогикалық психология т.б. салалары бар. Сонымен қатар танымдық процестер, күйлер, қасиеттері де бар. Бүгінгі тәрбие сағатымыз осы психологияның жалпы ұғымдарына байланысты өрбиді.

І. Логикалық ойлауды дамытуға байланысты сұрақтар:

1. Бір адамның орташа неше туған күні болады? (1)

2. Сиыр неге жатады,содан соң тұрады, біраздан қайта жатады? (өйткені отыра алмайды)

3. Төрт бұрышты үстелдің бұрышын кесіп тастаса неше бұрыш қалады?(5)

4. Кім барлық тілде сөйлейді?(жаңғырық)

5. Бір бала өтірік айтады,біреуі шын айтады.Екеуіне бір сұрақ қойғанда екеуі де «жоқ» деп жауап береді.?(сен өтірік айтасың ба?)

6. Терезе мен жақтаудың арасында не тұр?(мен жалғауы)

7. Үш түйеқұс ұшып келе жатты.Аңшы олардың бірін атып алады.Олардың қаншасы қалды?(түйеқұс ұшпайды)

8. Қандай сағат бір күнде 2 мезгілді де дәл көрсетеді.(сынған сағат)

9. Тышқан аулағышты бес әріппен қалай жазуға болады?(мысық)

10. Қай кезде аспан жерден төмен тұрады?(аспан суреті судан көрінген кезде)

11. Сізді аю қуып келеді және жетуге аз - ақ қалды. Алдыңнан бір бөшке қара май мен бір бөшке бал кездесті. Қайсысына тығыласыз?(ешқайсысына, өйткені аю сізді не қылады, бал толы бөшке тұрғанда )

12. Кейбір айда 31 күн, кейбірінде 30, ал қанша айда 28 күн бар? ( 1 айда, ақпан)

ІІ. Фантазия, яғни қиял жүйріктігіне арналады.

1. Керемет бір жағдайдың нәтижесінде сіздер сіріңкенің қорабындай болып қалдыңыздар. Бойларына шақ үй, тамақ, қарым - қатынас жасайтын орта, көлік құралын ойластыруларын керек.

2. Қандай да бір жағдайдың әсерінен сіздер бұрын 300 жыл бұрынғы заманда өмір сүрудесіздер. Ондай жағдайда қалай тіршілік жасап, ол ортамен қалай қарым - қатынас жасайсыздар.

ІІІ. Адам өз өмірінде жылайды, күледі, қорқады, ызалады. Бұл сезімдердің барлығы эмоция деп аталады. Келесісі эмоцияға байланысты өрбиді. Мен сіздерге «Мен бақыттымын» деген сөз тіркесін беремін, осы сөз тіркесін күліп, жылап , ашуланып, қуанып, айқайлап, сыбырлап, күрсініп, таңданып, ренжіп айтуларын қажет.

ІҮ. Тренинг. «Өлі арыстандар».

Мақсаты: Шыдамдылықты дамытады, өз эмоцияларын бағындыруға көмектеседі.

Қатысушылар саны: 8 - 10

Ортаға 7 оқушы және 1 аңшы шығады, шыққан оқушылар бір қалыпта қозғалмай тұрып қалулары қажет. Аңшының мақсаты қозғалмай тұрған арыстандарды барлық амалдармен қозғалту қажет. Егер арыстан қозғалса, онда ол аңшының қатарына ілеседі. Кейін екеуі жорық жасайды. Солай аңшылар қатары көбейе береді.

Ү. Тренинг.

Ортаға 5 оқушы шығып, дөңгелене тұрады. Сағат тілі бойынша бірінші оқушы «Менің күлкім келіп тұр, бірақ күле алмаймын » деп қасындағы жолдасына айтады, кейін ары қарай бір - біріне айтып солай жалғаса береді. Олардың мақсаты айтқан кезде күліп қалмау керек. Күліп қойған жағдайда ойыннан шығады. Соңғы қалған оқушы жеңімпаз атанады.

ҮІ. Мимика немесе қимылмен көрсет.

Сендер ең алғашқы екі тайпаның адамысыздар. Екеуің серуендеп жүріп кездесіп қалдыңдар. (сөйлеу тілі әлі шықпаған кезде) Бір - бірімен қалай түсінісесіздер. Кім екендеріңді, немен тамақтанасыздар, қайда тұрасың, неден қорқатыныңды бір - біріне қалай жеткізесіздер?

ҮІІ. Тренинг. Бөлмені безендіру.(пантомима)

Мақсаты: логикалық және бейнелік ойлауды, есті дамытады

Қатысушылар саны: 8 - 10

Бөлменің қабырғалары ерекшеленеді, елестенген есік. Оқушының әрқайсысы сол есіктен кірулері қажет және қолдарына бір зат алып кіреді.(үстел, орындық, ваза, телевизор т.б.) және оны бөлменің бір жеріне орналастырады. Қалған оқушылар қойған заттардың орның естеріне сақтап тұрулары қажет, кейін бірінің үстіне бірін қоймау үшін. Тренинг соңында қатысушылардан бөлмеге қойған заттардың тізімін сұрауға болады.

ҮІІІ. Релаксация. «Тау шыны»

Енді оқушылар күнделікті жағымсыз эмоциялардан, жағымсыз әсерлерден демалу мақсатында жаттығу жүргіземін. Өздеріне ыңғайлы етіп отырыңдар, көздеріңді жұмыңдар, тек қана менің даусым мен музыканы тыңдандар.

Мұғалім сөзі: Осымен психологияға байланысты тәрбие сағатымыз аяқталды қандай әсер алдындар, ұнады ма?

Оқушылар пікірі сұралады.










© 2010-2022