Баяндама: «Жасөспірімнің ҰБТ тапсыруға дайындығы кезінде ата - аналарға психологиялық көмек көрсету»

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Жасөспірімнің ҰБТ тапсыруға дайындығы кезінде ата - аналарға психологиялық көмек көрсету»

Мақсаты : Ата аналарға ҰБТ -ның маңыздылығы туралы мағлұмат беру, емтихан алдында және емтихан кезінде окушыларды эмоционалдық психологиялық тұрғыдан қолдау көрсету және жағымды ахуал ықпал ету.

Сәлеметсіздер ме бүгінгі семинарға қатысушылар ! Астарлы айтар ойы болса, маржандай терер сөзі болса, сол күннің текке өтпегені екен дейді дана халық. Бүгін сол сәтті күндердің бірін сіздермен бірге өткізгеніме куаныштымын!

«Жасөспірімнің ҰБТ тапсыруға дайындығы кезінде ата-аналарга психологиялық көмек көрсету » такырыбында өткелі түрған дөңгелек үстелге сіздердің өз тандауларыңыз бойынша «Қол шапалактау » тренингімен ортаға шакырамын.

Нұсқау. Мен бір адамды таңдап алдына барып есімін айтып қолымды шапалақтап оның соңынан еремін, ол адам өзі келесі адамды тандап оның артынан ереді. Осылайша ортаға алты адамды дөңгелетіп отырғызамыз.

Танысу: Бас әріпіңізге байланысты бойыңыздан табылатын қасиетпен таныстырып

өтсеңіз.

Түйін. Әрдайым аттарыңызға сай мінездеріңізбен сүйкімді болып жүре беріңіздер деген тілекпен сергіту сәтімен жалғастырамыз!

Сергіту сәті : Сіздердің назарларыңызға бәрімізге сүйікті, танымал актеріміз Тұрсынбек Қабатовтың өмірден алынған шындықты әзілмен жеткізген ҰБТ туралы бір көрінісін тамашалайык! Күлкінің астарында үлкен өзекті мәселе жатыр. Сол мәселе төңірегінде пікір өрбітеміз.

Бүл көріністе бала тәрбиелеуде жауапкершіліктің ең бірінші ата-анада екендігін түсіндіреді. Сіздің басты байлығыңыз, болашағыңыз балаңыз олай болса, балаңыздың алдағы өміріндегі ең алғашқы сынағына қалай дайындайсыз? Қай уақыттан бастап ойланасыз? Жалпы «Сынақ » дегенді қалай түсінесіздер ? ( қатысушылардың пікірін тындау)

Түйін: «Емтихан » латын сөзінен «сынау » деп аударылады. Дәл сол сынаулар 11 - сынып окушылары әр түрлі жағдайда өтеді. Сынаудан жеңіл және тиімді өту үшін ата-аналар рөлі ерекше және де маңызды екенін түсініп отырсыздар.

¥БТ -ді тапсыру қазіргі таңда жаңалық болмаса да, жасөспірімдерді, ата-аналарды күйзеліске әкелуі мүмкін . Сіз өзіңіздің қобалжуыңызды бала алдында қаншалықты жасырамын дегенменде жасыра алмайсыз. Сондықтан өзімізді ұстамдылыққа шақырып, ішкі күйзелісімізді білдіртпеуміз керек. Өйткені сіздің қобалжуыңыз балаға тез беріледі де, ал балада қобалжу пайда болып өзіне деген сенімсіздікке бой алдырады.

Емтихан тапсырған кездегі сәтсіздіктер немесе сәттіліктердің барлығын жасөспірімнің өзіне артуға болмайды. Сол жауапкершілікке қол жеткізу үшін ата-ананың , ұстаздардың оны қоршаған ортасының ықпалы мен қолдауы ауадай қажет.

Жағдаяттар .(Жұп қылып береміз )

I- жағдаят

ҰБТ-ге айтулы күн жақындаған сайын мектеп бітіруші баланың ұйқысы кашып , мазасыздана бастады. Емтихан күні де жетті. ҰБТ күні ол өзінің күткенінен төмен ұпай жинады. Баланың ата-анасы ретінде балаға қандай қолау көрсетесіз. Оның төмен үпай жинаған себебі неде деп түсіндіресіз ?

Түйіндеме: Психологиялық жағынан өзіміз дайын болуымыз керек.Стресс - ең басты сәтсіздіктің жауы. Ол үшін шындықты мойындатып, оған бейімделіп, шыңдалу керек . Мысалы : «ҰБТ ешқайда кетпейді, мен одан кұтыла алмаймын, бұл сынақ менін өмірімде де болады »деп өзін үйретуді баласына ата-анасы ықпал етуі керек.

Сынак тәжірибесінде дәлелдегендей , кейбір ата-аналар алдын ала байбалам салып, шындықты көз алдында елестетудің орнына басқа әдістерді ойлап табуға жұмыстанады мысалы: таныс - тамыр іздеу, ақшамен шешіледі деген сияқты т.б. бос әрекетке жол береді. Бұл баланың санысын улайды, босқа уақытын өткізеді. Ақыр соңында бала төмен ұпай жинайды.

Керісінше ата-ана баланың күн тәртібін қадағалап, дайындық курстарын жүйелі жоспарлап берсе, баланың басқа нәрсені ойлауға уақыты да болмайды. Себебі оның алдында бір мақсат бар . Бұл нәтижелі дайындық .

2. Жағдаят: Сынақ алаңына кіргенде оқушы өзін -өзі басқара алмайтынын айтып уайымдап отыр .Қалай көмектесесіз? Қалай сабырлыққа шақырасыз? Стрестің алдын алуға байланысты кандай аутотренингтік жаттығулар жасауды үйретесіз?

Түйіндеме : -Зейінін тұрақтандырып, өз-өзіне келу үшін өзімізді жайлы ұстауға үйрету. Оның басты әдісі тыныс алуды реттеуде мынадай жаттығулар жасауға болады .

Біздің қолымызда барлық мүшемізбен белсенді қызмет атқаратын нүктелер бар.

1) Оң қолдағы бас бармақпен сұқ саусақтың ортасын демінді ішіңе тартып, сол қолыңның бас бармағы мен сұқ саусағымен қысып, саусақтарыңды босаңсыта отыра деміңді сыртқа шығарамыз. 5 рет осылайша қайталаймыз .

2) Енді осы алақанымыздың ортасына келесі қолымыздың бас бармағын қатты койып тыныс алып, саусағымызды алған кезде, демімізді сыртқа шығарамыз. 5 рет осылайша қайталаймыз.

Және өзімізге өзіміз аутотренингтік жаттығулар жасаймыз . Мысалы:

Мен өз -өзіме минут сайын сенімдімін !

Мен өз-өзіме сағат сайын сенімдімін !

Мен өз-өзіме күн сайын сенімдімін !

Мен өз-өзіме апта сайын сенімдімін !

Мен өз-өзіме жыл сайын сенімдімін! деп тыныс ала отырып, айнаға қарай отыра күн сайын айтып, және «Мен осы аптада жүма сайынғы дайындық тестісінде қалаған ұпайға қол жеткіземін», «Мен ҮБТ да жақсы нәтижеге жетемін » . «Қалаған мамандығыма түсемін» деп өз -өзіне айтып, санасына сіңіру керек.



© 2010-2022