Тренинги для родителей

Бұл бағдарламада ата-ана бойына өздерін тәрбиеші ретінде қарауда қызығушылықтарын дамытуға және жетілдіруге арналған әртүрлі ойындар мен жаттығулар жинақталған.Әр ата-ананың бала тәрбиелеудегі мүмкіншілігін, қабілетін, қызығушылығын арттыруға бағытталған.Ұсынылып отырған бағдарлама ата-аналарға қызықты әрі қажетті бола алады. Бұдан ата-ана қарым-қатынас әрекеттерін біле алады, тәрбие әдістерін игеруге, «ата-ана мен бала» жүйесіндегі қарым-қатынас әдістерін ата –ана күнделікті өмірде кең түрде қ...
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тренинги для родителейТренинги для родителейТренинги для родителейТренинги для родителейТренинги для родителейТренинги для родителейТренинги для родителейТренинги для родителейАта-аналарға арналған тренинг бағдарламасы

Түсініктеме

Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше. Бұл бағдарламада ата-ана бойына өздерін тәрбиеші ретінде қарауда қызығушылықтарын дамытуға және жетілдіруге арналған әртүрлі ойындар мен жаттығулар жинақталған.

Әр ата-ананың бала тәрбиелеудегі мүмкіншілігін, қабілетін, қызығушылығын арттыруға бағытталған.

Ұсынылып отырған бағдарлама ата-аналарға қызықты әрі қажетті бола алады. Бұдан ата-ана қарым-қатынас әрекеттерін біле алады, тәрбие әдістерін игеруге, «ата-ана мен бала» жүйесіндегі қарым-қатынас әдістерін ата -ана күнделікті өмірде кең түрде қолданып, арттыра алады.

Мақсаты:ата-ана бойына өздерін тәрбиеші ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу; Баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін меңгерту. Отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиелік ықпалының ерекшеліктерін ашып көрсету.

Курстың өтілу мерзімі: 9 ай.

Жүргізілу уақыты: айына 1 рет.

Курста қолданылатын әдіс -тәсілдер: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, жекелей жұмыс, шығармашылық жұмыс.

Жоспары:

Тренингтің тақырыбы:

Мақсаты

Уақыты

1.

«Өзін-өзі тану»

Ата-аналарға өздерін жаңа қырыңан көруге көмектесу, өзін-өзі тану.

Қыркүйек айы

2.

«Балаңызды қаншалықты білесіз?»

Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.

Қазан айы

3.

«Жанұя бақыты»

ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу.

Қараша айы

4.

« Бала тәрбиесіндегі ата - ана жауапкершілігі»

ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен, ұқыпты қарауға шақыру.

Желтоқсан айы

5.

«Ренішті қалай кешіруге болады?»

Адам бойындағы жақсы қасиеттерді көру, адами құндылықтарын бағалау. Бір- бірімен қарым-қатынастарын жақсарту, оларды адамгершілікке, имандылыққа, шындыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Қаңтар айы

6.

«Жапырақ тамырдан нәр алады»

Отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиелік ықпалының ерекшеліктерін ашып көрсету.Тәрбиенің ең тамаша жері - отбасы екенін,олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екендігін және бүгінгі заман талабынан шығатынын дәлелдеу.

Ақпан айы

7.

«Бала көңілін табыңыз»

Бала тәрбиесі дамуынадағы басты рөл атқарушы-отбасы. Сондықтан ата-ананың бала көңілін таба білуге ой қозғау, тәрбиелеуге осы бастан бағыт беру.

Наурыз айы

8.

«Ата-ана махаббаты»

Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынстың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.

Сәуір айы


  1. Тақырыбы: Өзін-өзі тану.

Мақсаты:ата-аналарға өздерін жаңа қырыңан көруге көмектесу, өзін-өзі тану.

Жаттығу "Танысу".

Мақсаты : Сәлемдесу, танысу, зейін мен еске сақтауды жаттықтыру.

Жаттығу шеңбер бойында орындалады. Жаттығу бастаған бірінші қатысушы есімін атайды және оған анықтама қосып айтады. Ол анықтама сөйлеушінің есімі қай әріптен басталса, сол әріптен басталуы қажет және сол адамға лайық болу керек.

Жаттығу "Бірақ".

Мақсаты : Тренингке бірқалыпты қарқын енгізу, өз ойынды аяқ астынан айтып салу.

Шенбер бойымен сөйлемдерді жалғастыру:

-Мен шаршадын , бірақ ..

-Мен кішкентай бойлымын, бірақ....

-Мен кейде ұстамсызбын, бірақ ...

-Мен жалқаумын, бірақ .. .

-Мен ашушаңмын, бірақ ...

-Мен сөзге жоқпын, бірақ ...

-Мен тымкөнгішпін, бірақ ...

-Мен оқушымын, бірақ ...

-Менің үйімде телефон жоқ, бірақ ...

-Мен бақылау жұмысын екіге жаздым, бірак ...

-Менің математикадан үлгерімім жақсы емес, бірақ ...

-Мен үнемі тым қиялдап кетемін, бірақ....

-Мен кейде, тым көп ұрсамын, бірақ ...

-Мен қыррсығып қаламын, бірақ ...

Талдау.

Жаттығу "Өзін-өзі тану"

Мақсаты: ата-ананың өзін-өзі тануы мен өзін-өзі сұрақтар қоюды үйренуі.

Өзін-өзі тану үрдісін үнемі баяу ойналатын музыкамен психологиялық күйге келуден бастаймыз.

Ыңғайлы отырыңыздар ... Тынышталып денелеріңізді бос ұстаңыздар. Көздеріңіз жұмулы кезде босансу, тынышталу, демалу өте жақсы. Көздеріңізді жұмыңыздар. Сіздер менің үнімді естіп отырсыздар және тағы да сіздердің ағзаларыңыз қаншалықты босандық пен тыныштықты қажет етсе, соншалықты босаңсап, тынышталуға болады ... сіздердің денелеріңіз ... сіздердің миларыңыз ...сіздердің санадан тыс саналарыңыз ...

Сіз қалай дем алып отырсыз, сезініңіз. Ауаны жұтқан сайын тыныштықты сезіну күшейе түседі ...Әр демді шығарған сайын барлык үрейлер, уайымдар артта калады.

Жағымды ішкі өзгеріске жету үшін, өзіңе өзің сұрақтар қоюды үйрену керек. Оған жауап бере отыра, сіз өзіңізді өзіңіз түсінесіз.

Сонымен, өзіңізге өзіңіз жауап беріңіз: "Мен қазір не істеймін? Мен не сезіп тұрмын? Не туралы ойладым?"

Енді қиялымызды белсендендірейік. Қиялдаңыздар, ұлан-байтақ мұхиттасыз кішкентай қалтқысыз ...

Сізде мақсат, компас, карталар, руль (тұтқа) жоқ. Сізді жел мен мұхит толқындары қайда апарса, сіз солай қарай жүресіз. Үлкен толқындар біраз уақыт сізді бүркемелейді, бірақ сіз қайтадан бетіне шығасыз ...Осы соққыларды,құлауды, судың бетіне шығуды сезінуге тырысыңыз ...Толқынның қозғалысын ... күннің жылуын ...судың шашырауын ... судың түбіне әкетпейтін және сізді қолдайтын осы күшті сезініңіз.

Өмірде де осылай -біресе сіз үрей және проблема толқынымен бүркемеленесіз, біресе аяқ астынан -тағы су бетіне шығасыз ...Өзіңді-өзің ұстай біл ...

Қоршаған дүниеден отбасындық даналықты үйренеміз ...Табиғаттан үйренеміз...

Жақсы! Ал қазір сіз бақытты болған, көңіл-күйініздің көтеріңкі болғанын сезінген, өміріңіздің бір сәтін есіңізге түсіріңіз...Сіз өзіңіздің кімде-кімге өте керек, оның қымбаттысы және сүйіктісі болгғаныңызды еске түсіріңіз ...Есіңізге түсіріңіз немесе аздап қиялдаңыз.

Сіз өзіңіздің дем алғаныңызды,еске түсіргеніңізді, не қалағаныңызды, немесе армандағаныңызды сезінген кезде, сіз көзіңізді ашасыз ...Әркім өзі қалаған кезінде көзін ашады.

Талдау.

Жаттығу. "Қарыз бен құқ".

Мақсаты: Өзінді жаңа қырыңнан көруге көмектесу, өз санандағы құқ пен міндеттердің қатынасын анықтау.

Көзді жұмып алақанды жоғары қаратып, колды екі жаққа созып тұрган қалыпта жаттығу орындалады.

Жүргізуші :Әр алақандарынызда ыдыс тұр деп ойланыз. Біреуінде -сіздің қарыз сезіміңіз, екіншісінде -сіздің құқыныз. Қай "ыдыстың салмағы ауыр, құқық пен міндеттердің сіздің санаңыздағы ара-салмағы қалай?

Талдау.

Сүрет " Ішкі дүние".

Мақсаты :Тұлғаның сол мезгілдегі ішкі дүниесін білу.

Қазір сіздің ішкі дүниеңізді, сіздің эмоцияңызды бейнелейтін қандай да бір сурет салып көріңіз. Ол түрлі-түсті гамма немесе сіздің сезіміңіздің барлық гаммасын бейнелеуі мүмкін.

Жаттығу. "Сөйлемді аяқта".

Мақсаты:Өзіңнің ішкі дүниенді түсінудің алуан түрлі мүмкіндігін көрсету.

-Мен-...

-Мен мынанны істей аламын ...

-Менде ... бар.

-Мен ...үйрене аламын.

-Оқушы тәрізді мен ...

-Сыныпта мен ...

-Мен ... сенемін.

-Осы сабақтарда мен өзімді ... сезінемін.

Талдау.

Қорытынды:

Бүгінгі тренингте сіздер бала тәрбиесінін онша оңай емес екенін байқап отырған боларсыздар. Тәрбиенің сан, қырлы әдіс-тәсілдері жөнінде хабардар болдыңыздыр. Бала тәрбиесінде шыдамды болып, өз балаларыңызға жылуыңызды бере біліңіздер! Сіздің өсірген балаларыңыз сіздерді ылғида қуантып, қуанышқа бөлей берсін! - дей отырып, ата-аналармен қоштасамыз.

Шығу парағы:

  1. Тренинг сізге қызықты болды ма ,әлде жок па? (Неге?)

________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Тренинг барысындағы өзінің жұмысынды бағала_____________________________________________________

  2. Жүргізушіге ұсыныстарыңыз,тілектеріңіз_____________________________________________________________________________________________


  1. Тақырыбы:«Сіз балаңызды қаншалықты білеміз?

Мақсаты: қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.

Тапсырма:

1. Ата-аналармен ұстаздардың кездесуі;

2. Ойынға қатусышылар арасындағы қарым-қатынасты орнату;

3. Жанұядағы тәрбие жайында пікір алмасу:

I бөлім.

1. Кездесу (жай әуенмен 2 шеңбер болып қарама-қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап баланың қасиетін айтады)

2. Ассосация Жанұя (доп беру арқылы ата-ана жауап береді)

3. Қызықты сурақтар:

1. Балаңыздың туған күні?

2. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?

3. Бүгін сабактан балаңыз қандай жетістікке жетті?

4. Балаңыздың сүйікті асы қандай?

5. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

6. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

7. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

8. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі?

Балаңы жастан бақпасан,

Жамандықтан қақпасан.

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек, - дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл-ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз-ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бойын түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші - ата - ана.

II бөлім. Жалпылау.

Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру.

- иә десеңіздер - қолдарыңызды шапалақтаңыз;

- жоқ десеңіздер - аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар.

-

1) Газет бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламадын тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап, қарап жүресіз бе?

2) Балаға тәрбие беру кезінде үйде ата - ана бірдей ықпал жасай-ма?

- егер жанұя десеңіздер жымиыңыз.

- Егер қоршаған орта, қоғам десеңіздер қолды алдымызға соғамыз.

3) Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?

- егер «әке» десеңіздер, қолды алдымызға соғамыз.

- Егер «шеше» десеңіздер, жымиыңыз,

- Егер «екеуі» десеңіздер, қолдарыңызды шапалақтаңыз.

Ой жинақтау ( плакат, фломастер, қала)

1) Баланың дамып жетілуіне қандай тәрбие әдістерін қолданасыз.

2) Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай қарым-қатынас болу керек?

( Сурет - схема арқылы өз ойларын талдайды )

Ата-анаға көз қуаныш,

Алдыңа алған еркесі.

Көңіліне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой - өлкесі, - деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт-арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен.

Ендеше, ата-аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейк және біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екендігімізді ұмытпайық. Сондықтан да, мына жайттарды ескерейік:

1. Балаға жан және дене өзгерістерінің байланысын табуға көмектесу;

2. Балаға маман тарапынан тағылған мін, ескертулерді шын пейілмен түсіну және түсіндіру;

3. Баланы ағза қызметінің қалыптасуымен мұқиат таныстыру;

4. Маманмен кездесу.

Шығу парағы:

  1. Тренинг сізге қызықты болды ма ,әлде жок па? (Неге?)

________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Тренинг барысындағы өзінің жұмысынды бағала_____________________________________________________

  1. Жүргізушіге ұсыныстарыңыз,тілектеріңіз_____________________________________________________________________________________________

3.Тақырыбы: «Жанұя бақыты»

Мақсаты: ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу.
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, шығармашылық жұмыс.
Қажетті нәрселер: ақ қағаздар (А4) фломастерлер,қалам,май шам,ватман қағаз, шар.

Тренинг барысы:

Психолог: Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен тренингті бастаймыз. Тренингіміздің ерекшелігі сол,тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану.

«Жанұя бақыты» атты тренингімізді бастайық.

Тренингтің шарты :«Бақытты жанұя» моделін құру. Яғни, ата-ана баласымен бірлесе отырып, отбасы бақытын сурет арқылы көрсетіп, суреттің жан жағына отбасы бақыты сөздер арқылы жеткізу керек.
Ол қандай жанұя?» деген сауал бойынша өз ойларыңызды білдірсеңіздер.
«Диаграмма құрастыру» жаттығуы
Отбасы - сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы - бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі - бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз
Нұсқау: Дөңгелек шеңберді 24 сағатқа бөліп, оқушының, ата-ананың бір күндік диаграммасын құру.
Ата-анаға:
1. Ұйқыға
2. Балабақшаға

3. Отбасымен қарым-қатынасқа
4. Үйірмеге
5. Достарына
6. Үй шаруасына
7. Жалғыз болуға
Диаграмманы қорытындылау

Қорытындылау.
«Тілек шамы».

Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.
«Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя - жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.
Ата- аналардың, қатысушылардың тілектерімен бүгінгі жұмысты қорыту

3. Тақырыбы: « Бала тәрбиесіндегі ата - ана жауапкершілігі »

Мақсаты : ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен, ұқыпты қарауға шақыру.

Міндеттері:

1. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата - ананың жауапкершілігі

2. балабақшада ата - ананың оқу - тәрбие саласындағы ролі

3. алдағы уақытта тәрбиеленушілерді тәрбиелеуде тәрбиеші мен ата - ананың бірігіп жұмыс жасауы.

әдіс тәсілдер: Жиын, әңгімелесу, көрсету керекті құралдар: компьютер, қағаздар, қаламда.

Барысы: « Ұстаз - бағбан, бала - гүл» деген қағида әр тәрбиешінің ұстаздық ұстанымы. Осы қағиданы ата - ана мен ұстаз бірігіп пайдалансақ балабақша бала үшін ең сүйікті мекенге айналар еді. Бағбанға гүлдің әйтеуір өскенінен, әдемі болып өскені қажет екендігі сияқты, ата - ана мен ұстазға да баланың әйтеуір ержеткенінен, әдепті болып есейгені қажеттірек. Бағбан өзінің өсірген гүлінің санымен емес, сапасымен мақтанатыны сияқты, ата - ана да баласының әдептілігімен мақтануы тиіс

- соңғы кездерде балаңызда қандай өзгерістер болды?

- Сіздің балаңыз өз жауапкершілігін сезіне ме?

1 . « Мен күнмін » ойыны

Мені балам не үшін сыйлау керек? Осы сұрақ төңірегінде екі топ мүшелері бірігіп отырып өз пікірлерін жасады. Содан кейін әр топтан бір мүшесі шығып таныстырады. Қорыта келе екі топ мүшелері

- адамгершілік

- имандылық

- тәртіпті

- жақсы қасиет

- өтірік айтпайтын

- еңбексүйгіш

- қайырымды

- қарапайым

- адал, ұқыпты, батыл , сезімтал, намысқой, жәгерлі т.б

2. Сіздердің балаларыңызда сіздерді мақтан тұтады Олар өздерінің жанұясы туралы былй дейді:

- менің жанұям менің бақытым

- мен папммен, мамаммен бақыттымын

- мен мамамды өте жақсы көремін

- мен, ше папамды

- мен үйдегілердің барлығын сыйлаймын

« Менің жанұям » сурет көрмесін тамашалау біздің балаларымызға кейде онша көңіл бөлінбейді. Балаларымыз шеттеп, көңілі жабырқаулы күйде жүреді. Сол кезеңдердегі балаларымыздын ойы:

- мен олардың ұрысқанын қаламаймын,

- алысқа кеткенін жақсы көремін

- маған папам көп ұрсады

- менің істеген ісімді дұрыс емес дейді Не себепті көңілі толмайды? Гүлдің сусырап, шөлдейтіні сияқты, бала да ынта ықыласқа шөлдейді. өйткені ата - ананың балаға бар жағдайды жасаудан басқа, мейірімі, жылуы, қамқорлығы қажет. Жауапкершілік дегеніміз не? Баланың азамат болып қалыптасуына мұғалім мен ата - ана жауапкершілігі. Ата - аналар ойы: Жауапкершілік дегенімі өзінің іс - әрекеті туралы біреуге есеп беру қажеттігі. Жауапкершілікті болу үшін мұғалім мен ата - анада қандай қасиеттеп болуы керек?

Тәрбиеші:

- баланың дүниетанымын өзгерту мүмкіндігі бар

- ата - анаға талап қойылады

- балаға да талап қойылады

Ата - ана

- мәдениетті

- жан - жақты

- уақыт бөле білу керек

- психологиялық көңіл күйі

- дүниетанымы

- ойлау қабілеті

- өзін - өзі тәрбиелеу

- мұғаліммен қарым - қатынаста болуы қажет

Бала ата - ана мен мұғалімнен қандай өнеге ала алады? Әке мен шеше өзін тәрбиешімін дей отырып, өздері де тәрбиеге енуі қажет. Бүлдіршіндер өнерімен қорытындыланады. Қазіргі таңда баланы тәрбиелеуде ата - ананыңда, тәрбиеші - ұстаздың да атқаратын ролі зор. Жас күнінде бала қандай тәрбие алса сол ізбен алға қарай өседі. Тәрбие кезінде отбасының, балабақшаның да алатын орны бар. Ата - ана баласына өз отбасын қадір тұтудан бастап, туған - туыс, Отан, Қазақстан деген ұғымдарды терең түсінгені, құрметтеп қарауға тәрбиелеу керек екенін ұғындыру. Ата - ана жауапкершілігі бәрінен биік болмақ. Сондықтан ата - ана басты талапты өздеріне қойғандары жөн. баланың тәрбие алуына қоғамнан өз орнын табуына жағдай жасауына әрбір ата - ана педагогикалық әдіс - тәсілдерге сүйенгені дұрыс.

Шығу парағы:

  1. Тренинг сізге қызықты болды ма ,әлде жок па? (Неге?)

________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Тренинг барысындағы өзінің жұмысынды бағала_____________________________________________________

  2. Жүргізушіге ұсыныстарыңыз,тілектеріңіз_____________________________________________________________________________________________


  1. Тақырыбы: « Бала тәрбиесіндегі ата - ана жауапкершілігі »

Мақсаты : ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен, ұқыпты қарауға шақыру.

Әдіс тәсілдер: Жиын, әңгімелесу, көрсету

Керекті құралдар: компьютер, қағаздар, қаламдар.

Барысы : « Ұстаз - бағбан, бала - гүл » деген қағида әр тәрбиешінің ұстаздық ұстанымы. Осы қағиданы ата - ана мен ұстаз бірігіп пайдалансақ балабақша бала үшін ең сүйікті мекенге айналар еді. Бағбанға гүлдің әйтеуір өскенінен, әдемі болып өскені қажет екендігі сияқты, ата - ана мен ұстазға да баланың әйтеуір ержеткенінен, әдепті болып есейгені қажеттірек. Бағбан өзінің өсірген гүлінің санымен емес, сапасымен мақтанатыны сияқты, ата - ана да баласының әдептілігімен мақтануы тиіс

- соңғы кездерде балаңызда қандай өзгерістер болды?

- Сіздің балаңыз өз жауапкершілігін сезіне ме?

1 . « Мен күнмін » ойыны

Мені балам не үшін сыйлау керек? Осы сұрақ төңірегінде екі топ мүшелері бірігіп отырып өз пікірлерін жасады. Содан кейін әр топтан бір мүшесі шығып таныстырады. Қорыта келе екі топ мүшелері

- адамгершілік

- имандылық

- тәртіпті

- жақсы қасиет

- өтірік айтпайтын

- еңбексүйгіш

- қайырымды

- қарапайым

- адал, ұқыпты, батыл , сезімтал, намысқой, жәгерлі т.б

2. Сіздердің балаларыңызда сіздерді мақтан тұтады Олар өздерінің жанұясы туралы былай дейді:

- менің жанұям менің бақытым

- мен папммен, мамаммен бақыттымын

- мен мамамды өте жақсы көремін

- мен, ше папамды

- мен үйдегілердің барлығын сыйлаймын

« Менің жанұям » сурет көрмесін тамашалау

3. Біздің балаларымызға кейде онша көңіл бөлінбейді. Балаларымыз шеттеп, көңілі жабырқаулы күйде жүреді. Сол кезеңдердегі балаларымыздын ойы:

- мен олардың ұрысқанын қаламаймын,

- алысқа кеткенін жақсы көремін

- маған папам көп ұрсады

- менің істеген ісімді дұрыс емес дейді

4 . Не себепті көңілі толмайды? Гүлдің сусырап, шөлдейтіні сияқты, бала да ынта ықыласқа шөлдейді. өйткені ата - ананың балаға бар жағдайды жасаудан басқа , мейірімі, жылуы, қамқорлығы қажет.

«Зағип және бағыттаушы» ойыны
Бұл ойынды барлық топтармен өткізе беруге болады. Бұл жаттығу топ мүшелерінің бір-біріне деген сенімдерінің деңгейін анықтауға көмектеседі.
Топ мүшелері екі-екіден жұптарға бөлінеді. Біреуінің көзі байланады, екіншісі соны бағыттаушы ролін атқарады. Сөйлеуге болмайды. Жаттығуды орындап болған соң, қатысушылар ролдерімен алмасады. Ойын аяқталған соң рефлексиялық жұмыстар жүргізіледі:
"Зағиптың" ролінде болғанда өзіңді қалай сезіндің?
•Бағыттаушы Сізді қалай алып жүрді?
•Бағыттаушының ролі ұнады ма?
•Жұптасыңыздың сеніміне кіру үшін қандай әрекет жасадың?

5. Жауапкершілік дегеніміз не? Баланың азамат болып қалыптасуына мұғалім мен ата - ана жауапкершілігі. Ата - аналар ойы: Жауапкершілік дегенімі өзінің іс - әрекеті туралы біреуге есеп беру қажеттігі. Жауапкершілікті болу үшін мұғалім мен ата - анада қандай қасиеттеп болуы керек?

Тәрбиеші:

- баланың дүниетанымын өзгерту мүмкіндігі бар

- ата - анаға талап қойылады

- балаға да талап қойылады

Ата - ана

- мәдениетті

- жан - жақты

- уақыт бөле білу керек

- психологиялық көңіл күйі

- дүниетанымы

- ойлау қабілеті

- өзін - өзі тәрбиелеу

- тәрбиешімен қарым - қатынаста болуы қажет.

Бала ата - ана мен тәрбиешіден қандай өнеге ала алады? Әке мен шеше өзін тәрбиешімін дей отырып, өздері де тәрбиеге енуі қажет.Бүлдіршіндер өнерімен қорытындыланады.

Қорытынды. Қазіргі таңда баланы тәрбиелеуде ата - ананыңда, тәрбиеші - ұстаздың да атқаратын ролі зор. Жас күнінде бала қандай тәрбие алса сол ізбен алға қарай өседі. Тәрбие кезінде отбасының, балабақшаның да алатын орны бар. Ата - ана баласына өз отбасын қадір тұтудан бастап, туған - туыс, Отан, Қазақстан деген ұғымдарды терең түсінгені, құрметтеп қарауға тәрбиелеу керек екенін ұғындыру. Ата - ана жауапкершілігі бәрінен биік болмақ. Сондықтан ата - ана басты талапты өздеріне қойғандары жөн. баланың тәрбие алуына қоғамнан өз орнын табуына жағдай жасауына әрбір ата - ана педагогикалық әдіс - тәсілдерге сүйенгені дұрыс.

Шығу парағы:

  1. Тренинг сізге қызықты болды ма ,әлде жок па? (Неге?)

________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Тренинг барысындағы өзінің жұмысынды бағала_____________________________________________________

  2. Жүргізушіге ұсыныстарыңыз,тілектеріңіз_____________________________________________________________________________________________


  1. Тақырыбы: «Ренішті қалай кешіруге болады?»

Мақсаты: Адам бойындағы жақсы қасиеттерді көру, адами құндылықтарын бағалау. Бір- бірімен қарым-қатынастарын жақсарту, оларды адамгершілікке, имандылыққа, шындыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: белсенді тақта, текше,баяу музыка, сызбалар, үлестірмелі қағаз.

Жоспары:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Ата-аналармен сәлемдесіп, тренинг тақырыбымен таныстырамын.

- Біздің бүгінгі сіздермен өткелі отырған тренингіміздің тақырыбы

«Ренішті қалай кешіруге болады?»деп аталады. Ең әуелі біз «реніш»пен «кешіру» туралы ойымызды топтап алайық.

2. Ой шақыру.

Кешіру

Реніш



-Міне, ата-аналар сіздер «реніш»пен «кешіру» туралы өз ойларыңызды топтадыңыздар.

- Сіздер қалай ойлайсыздар, ренішті қалай кешіруге болады?

-Дұрыс айтасыздар ренішті кешіре білудің өзіадамгершілік қасиетке

жатады екен. Өзгені кешіре білу үшін адам әуелі өзін өзі тани білу керек. Олай болса келесі бөлім.

3. Өзіңді өзің тани біл.

-Қазір сіздерге үлестірмелі қағаздар таратылып беріледі, ондағы «Мен кіммін, қандаймын және мен туралы басқалар не деп ойлайды?» деген сұрақтарға жауап жазасыздар

Мен _____________________________

Мен______________________________

Мен______________________________

Мен______________________________

Мен туралы басқалар не деп ойлайды?

Сіздер өздеріңіздің қандай екендеріңізді, сонымен қатар сіздер туралы

өзгелер не деп ойлайтынын айтып өттіңіздер.

Адам баласы кез келген нәрсені оқығанда немесе көрген де одан ғибрат алу керек екен.Олай болса келесі бөлім:

4. Оқып, талдап,ғибрат қыл.

-Мен қазір сіздерге әңгіме оқып беремін, мұқият тыңдаңыздар. (Баяу музыка ойналады.)

Ертеде бір кісі баласын әбден есіртіп,еркелетеді. Өсе келе тілі удай ащы, есерсоқ, бейәдеп жігіт атанады. Жұрт безердей болғандықтан, оның қасына ешкім жүрмеуге тырысады.

Әкесі әбден ойланып, мынадай айла жасайды. Баласын шақырып алып, бір жалпақ тақтай береді. Күніне қанша адамды ренжітсең, мына тақтайға сонша шеге қақ дейді. Бірінші бала тақтайға 37 шеге қағады.

«Балам,өзіңді тежеп ұстап, шегеңді азайтуға тырыс» депті. Баласы әкесінің сөзін тыңдап, азайта отырып, бір күні ешкіммен ұрыспайтын, шеге қақпайтын да күнге жетіпті. Сол күні әкесі былай деп ақыл айтады:

«Енді балам, ешкіммен ұрыспайтын болдың. Бір адамды қуантқанда бір шегеден суырып отыр». Бала әкесінің сөзін орындауға тырысып, тақтайдағы шегені де күндердің бір күнінде таусыпты. Әкесі қуанып «Балам мен сені дұрыс адам болмайтын шығар деп қорқып едім. Міне өзіңді өзің тәрбиеледің, жақсы адам болып жолға түстің. Бірақ балам, мына тақтайға қарашы,бұрынғысындай тегіс әдемі емес. Беті шұрық тесік. Сен қанша кешірім сұрасаң да олар қанша кешірдім десе де кезінде айтылған сөздерді қалай өшіресің? Бәрібір ол жүректің түбінде қалады ғой. Әрине, бұл күндердің әркіммен бір ұрысып жүргеннен жақсы. Бірақ бұл саған өмірлік сабақ болсын, тіліңе ие бол», -дейді.

-Бұл әңгімеден сіздер қандай ғибрат алдыңыздар, оны сұрақтар арқылы талдап көрелік.

-Әкесі неге қарапайым талап қойды?

-Ата-анасының баласын еркелеткені дұрыс па?

-Тақтайдың бетін немен бітеуге болады, көңілде қалған сөздерді немен өшіруге болады?

-Осы баланың орнында өздеріңіз болсаңыздар не істер едіңіздер?

-Жақын достарыңызды, әріптестеріңізді, балаларыңызды ренжіткен кездеріңіз болды ма?

-Сіз өзіңіз біреуге ренжідіңіз бе?

Яғни, біреуді ренжітпеу,оны кешіре білу үшін бойымызда жақсы қасиеттер басым болу керек екен. Ендеше келесі бөлім:

5. Жақсы мен жаман қасиеттер.

Не нәрседе де жақсы мен жаман бар. Мысалы, адамның өмір сүру белестерінде, қоғамның пайда болуында, өмір сүріп жүрген, тіршілік жасап жатқан табиғаттың өзінде де «жақсылық» пен «жамандық» кезек-кезек кездесіп отыратын бәрімізге белгілі. Осы жерде Абай атамыздың «Сегіз батыр» деп басталатын жұмбағы еске түседі.

Алла мықты жаратқан сегіз батыр,

Баяғыдан соғысып әлі жатыр.

Кезек-кезек жығылып, жатып тұрып,

Кім жеңері белгісіз түбінде ақыр.

Міне, осы жұмбақтың жауабы, сегіз батырдың біріншісі «жақсылық» болса, екіншісі «жамандық» екен. Кез-келген адамның мінезінде де дәл осы екі батыр бар. Ол екеуін табу үшін өзіңіздің айнадағы бейнеңізге қарап ойланыңыз.

  • Маған қарап тұрған кім?

  • Ол қандай адам?

Сіздерге таратылып берілген параққа оң жағына «жақсы» «жаман» қасиеттеріңізді тізіп жазыңыз. Ол үшін алдымен өзіңіздің бойыңызды қандай қасеттер бар соны ойланып алып, екі бағанға бөліп жазыңыздар. (3минут уақыт беріледі)

  1. Қандай қасиетеріңізді көп жаздыңыздар?

  2. Қайсысынан өзіңізді көбірек таптыңыз?

  3. Осыған дейін осы жайлы ойланып көрдіңіз бе?

  4. Бұдан былай жиі есіңізге түсіріп отырасыз ба?

Бұл жаттығуды жүргізудегі негізгі мақсатымыз біріншіден өзімізді, екіншіден басқа адамдарды танып білу үшін болса, үшіншіден бойымыздағы жаман қасиеттерді жойып, жақсы қасиеттерімізді асыру болатын.

-Олай болса, келесі бөлім:

6. «Тазарту».

Терең дем алып, барынша қайта шығарыңыз. Денеңізді босатыңыз.Өзіңізге былай деңіз: «Мен өмір сүруіме кедергі келетін барлық өкпе реніштен тазарғым келеді. Мен барлық қысымнан осылайша босаймын. Барлық ескі реніш, өкпелерімнен құтылғым келеді. Мен жанға рахат жайбырақаттылықты сезінемін. Мен өз қалпымдамын. Өз өмірімнің ағынымен барамын. Бірақ өкпені ұмыттым, кештім».

Осы жаттығуды үш рет қайталаңыз. Бір қиын жағдайға тап келсеңіз, осы жаттығуды қайталаңыз. Осы жаттығу - сіздің тазарту құралыңыз. Шынайы түрде орындап үйреніңіз, сіздің өкпелегештік қасиетіңіз жоғала бастайды. Жайланып, жақсылық жайлы ойлаңыз.

7. Қорытынды.

Қорыта келгенде, адам бойында екі сәуле пайда болады екен. Ол ақ сәуле адам бойында басым болса,жақсылық пен мейірімділік көп жасалады. Ал қара сәуле басым болса, жамандықты көп жасайды екен. Сондықтан бойымызда ақ сәулені басым ұстап, ешкімді ренжітпеуді, ренжітсек кешіре білуді басты мақсат етіп қояйық. Өмірдегі болып жатқан нәрселерге екі жақты көзқараспен қарап, бір бірімізге кешірімді, мейірімді, иманды болайық.

Шығу парағы:

1.Тренинг сізге қызықты болды ма ,әлде жок па? (Неге?)

________________________________________________________________________________________________________________________

2.Тренинг барысындағы өзінің жұмысынды бағала_____________________________________________________

3.Жүргізушіге ұсыныстарыңыз,тілектеріңіз_____________________________________________________________________________________________

6.Тақырыбы: Ата-аналардың бала тәрбиесінде сенімділік білдіруі, қолдау көрсетуі.

Мақсаты: ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы (сенімділік білдіруі, қолдауы, үміт артуы) туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу.

Қажетті нәрселер: ақ қағаздар (А4) фломастерлер, карточкалар, қызыл және көк дөңгелекшелер.

Қолданылған әдістер: дәріс, тренинг, тест.

Сынып жетекшісі:

Тәрбиеде ештене жоспарланбайды. Олай болса, мына дөңгелекшелерді таңдап екі топқа бөлінеміз.

Шағын дәріс.

Ата-аналар тәрбиеде шыдамдылықты талап ететіндігін мойындайды. Алайда оған арнайы білім қажеттігін жұрттың бәрі біле бермейді. Бүгінгі жиналысымызда ата-ана мен бала арасындағы психологиялық қарым-қатынасы жайлы әңгімелеп, оны жаттығулар арқылы көрсетеміз.

Бала тәрбиесінде ата-ана тарапынан қандай қасиеттер керек? Екі топтағы ата-аналар өзара келісе отырып, қасиеттер тізімін жасайды. Болған соң екі топтың ассоциациялары талқыланады.

Бала әрдайым ата-ананың аялы алақанын қажетсініп тұрады. Қиындықтар туған сәтте ата-анасының тарапынан қолдау тауып, үлкен сенім артылған бала ісі оңға басады.

Әрине, әр ата-ана баласына деген сезімін түрліше жеткізеді. Қандай жағдай болмасын. Баланың өзіне деген сенім тудырып, қолдап отыру керек. Бала бір істен қателескен жағдайда оған шыдамдылық көрсету керек. Мұндай сәтте өзге отбасыларымен салыстыруға әуестенбеу керек. Рас, кейде өзге біреудің балалары бойындағы қабілеті айрықша сияқты көрінеді. Бірақ, ол басқа бала. Сондықтан әр баланың өзінің жеке басының ерекшелігін, ешкімге ұқсамайтын кейбір қасиеттерін сезіну керек. Кейде бала бір сәтсіздіктерге ұрынады. Ата-ана қатты уайымдап, баланың еш нәрсеге икемі жоқ, қабілетсіз деген асығыс қорытындыға келеді. Осыдан баланың өзіне деген сенімі күрт жойылады, қолын қусырып, кездескен қиыншылықтарды жоюға дәрменсіз болады. Мұндай жағдайда ата-ана баласының жай ғана талпынысының өзін қолдап түсіне білуі керек. Ең бастысы, бала біздің оны қалай бағалайтынымызды және одан не күтетінімізді сезінуі және түсінуі тиіс.

Тапсырма 1.

Екі топқа ата-аналардың баламен қарым-қатынасында баланың үмітіне балта шабатын, кіңәлайтын сөздер беріледі. Осы сөздерді олардың өз күшіне сенім тудыратындай, жақсы қолдау көрсете алатындай сөздермен алмастыру керек.

  1. Сенен ешқандай жақсылық шықпайды, нөлсің.

  2. Неге сен басқа балалардай емессің?

  3. Неменеге ұсқынсыз болып кеткенсің, шашың дудыраған, үстің кір-кір.

  4. Тағы осылай істесең, менен таяқ жейтін боласың.

  5. Сенің кесіріңнен өмірі жолымыз болмады.

Ата-аналар осы сөздерді былай алмастыруына болады:

  1. «Сенің де қолын өмірде бір нәрсеге жететініне сенгім келеді. Сен өжетсің, сенің қолыңнан келеді,» - деп, үміт артуы керек.

  2. «Сенің де басқалардан өзгеше болуына құқын бар, сенің де қолыңнан келеді» - деп, сенім артуы керек.

  3. «Үстіңді ретке келтір, шашыңды тара, киіміңді ауыстыр » - деп, баланың өзін жақсы сезінуіне көмектесу керек.

  4. «Біз саған қиыншылықты жеңуге көмектесеміз, екіншілей жаман қылық жасама».

  5. «Үлкендердің өмір жолында болып жатқан ыңғайсыз жағдайларға сен кінәлі емессің. Сенің болашағың алда, үлкен ғалым боласың, жақсы дәрігер, білімді ұстаз болуды арманда » және ата-анасын сыйлау керек екенін айтып отыру керек.

Міне, осындай біз көңіл аудара бермейтін қарапайым нәрсенің өзі немесе ойланбай айтылған ұрыс сөзі де баланың жанын ауыртуы мүмкін, өмір сүру ағынын өзгертуі де ғажап емес.

«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

  • Егер баланы үнемі сынап отырса, ... (оның ештенеге құлқы болмайды).

  • Егер балаға үнемі күлсе, ... (ол бұйығы болып кетеді).

  • Егер баланы үнемі мақтап отырса, ... (ол өз қадірі үшінәрекет жасайды).

  • Егер бала төзімділікте өссе, ... (ол басқаларды түсінуге тырысады).

  • Егер бала адалдықта өссе, ... (ол адал болып жетеді).

  • Егер бала қауіпсіз жағдайда өссе, ... (ол адамдарға сеніммен қарайды).

  • Егер бала кекшілдікте өссе, ... (ол қатыгез болып өседі)

  • Егер бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ... (ол әлемнен махаббат табуды үйренеді).

Тест «Сіз қандай ата-анасыз?»

  1. Кез келген істі тастай салып баламен айналысасыз ба?

  2. Балаңыздың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба?

  3. Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателіктеріңізді мойындайсыз ба?

  4. Өзіңіздің қателігіңіз үшін кешірім сұрайсыз ба?

  5. Балаңыз жасаған ісі ашуландырған кезде өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба?

  6. Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?

  7. Біт сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге бола ма?

  8. Өзіңіздің балаңыздан өткен балалық шағыңыздан өткен ескерілетін жағдайды айтасыз ба?

  9. Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?

  10. Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып, уәдеңізді орындайсыз ба?

  11. Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай, бір күн еркіндік бересіз бе?

  12. Басқа бала сіздің балаңызға дөрекідік көрсетсе, себепсіз ренжітсе, көңіл аудармайсыз ба?

  13. Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі уақытша екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?

Жауабы:

  1. Әрқашан жасаймын, келісемін - 3 балл.

  2. Кейде ғана келісемін - 2 балл.

  3. Келіспеймін - 1 балл.

Сауалнаманы бағалау:

0-16 балл. Бала тәрбиесі - сіз үшін үлкен проблема. Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін педагог немесе психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз.

16-30 балл. Балаға қамқорлық жасау - бірінші кезектегі маңызды іс.

Сіздің бойыңызда тәрбиешілік қабілет бар, бірақ тәжірибеде әрқашан бір қалыпты бағыттағы мақсатпен әрекет етесіз. Кейде қатал, кейде мүлдем жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек.

30-39 балл. Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды болғаны. Сіз балаңызды тек түсініп қана қоймай, әрі ойын тануға сыйлы көзбен қарауға тырысасыз.

Қорытынды. Бүгінгі жиналыста сіздер бала тәрбиесінін онша оңай емес екенін байқап отырған боларсыздар. Тәрбиенің сан, қырлы әдіс-тәсілдері жөнінде хабардар болдыңыздыр. Бала тәрбиесінде шыдамды болып, өз балаларыңызға жылуыңызды бере біліңіздер! Сіздің өсірген балаларыңыз сіздерді ылғида қуантып, қуанышқа бөлей берсін! - дей отырып, ата-аналармен қоштасамыз.

Шығу парағы:


  1. Тренинг сізге қызықты болды ма ,әлде жок па? (Неге?)

________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Тренинг барысындағы өзінің жұмысынды бағала_____________________________________________________

  2. Жүргізушіге ұсыныстарыңыз,тілектеріңіз_____________________________________________________________________________________________

7. Тақырыбы: Жапырақ тамырдан нәр алады

Мақсаты: Отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиелік ықпалының ерекшеліктерін ашып көрсету.Тәрбиенің ең тамаша жері - отбасы екенін,олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екендігін және бүгінгі заман талабынан шығатынын дәлелдеу.

Көрнекілігі: "Тәрбиесіз берілген білім, білім емес..."Әл-Фараби.

"Балаға берілген бірінші тәрбие ата-анасын, туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады..." Ы.Алтынсарин. Бала тәрбиесі туралы тірек-сызба.

Танысу: Әр ата-ана өзінің баласының есіміне әдемі теңеу сөзді қосып айтады.Мысалы: мейірімді Мейірлан, әдемі Айдана.

1.Тренинг мақсатын түсіндіру.

Тренердің кіріспе сөзі

- Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз.Бүгінгі тренинг тақырыбы : "Жапырақ тамырдан нәр алады".

Қазіргі кезде ата-ананың бірінші мақсаты қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж етпеу болып қалды.Көпшілік ата-анада тұрақты жұмыс жоқ.Бала -шағаның қамымен жүрген ата-ана олардың тәрбиесіне де көңіл бөле алмай қалды. Осыдан келіп баламен арада кейбір түсініспеушілік те болып қалады.Баланы тек қана киіндіріп, ішіндірумен ғана шектеліп қоймай,олардың тәрбиесіне де аса мән берулеріңіз қажет. Біздің мақсатымыз - балаларыңызбен қарым-қатынастарыңызды бұрынғыдан да жақсартып,бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу.

"Бала тәрбиесі - мемлекеттің маңызды міндеті"деген сөзді ежелгі грек философы Платонның өзі де бекер айтпаған болар.

Қазіргі таңдағы әлеуметтік жағдай да оңай болып отырған жоқ. Кейбір тұрмыстық қиындықтардың кесірінен келеңсіз жағдайлар белең алуда. Сондықтан Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа жолдауларында егемен еліміздің азаматтарын қалыптастыруда тәрбие жұмысының ерекше рөлі барын баса айтып келеді. Жас жеткіншектеріміздің тәрбиесінің негізі отбасында қалыптасады. Демек,баланың келешекте қандай адам болуы ең алдымен өзі туылған отбасында алған тәлім-тәрбиесіне,ондағы қарым-қатынасқа байланысты екені күмәнсіз. Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті,саналы,иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуін қалайды. Олай болса,әрбір ата-ана бала тәрбиесінің нәзік тұстарын білуі шарт. "Жапырақ тамырдан нәр алады" дейді халқымыз. Барлық бала жақсы мен жаман әдеттерді өзі өскен шаңырақта үйренеді. Егер ата-ана,басқа да отбасы мүшелері өзара жақсы қарым-қатынаста болса,олардың балалары да әдепті,тәрбиелі болып өседі. Сондықтан әрбір ата-ана бабаларымыздың әдеп-ғұрыптары мен дәстүрлерін ұлықтап,аңыз,ертегі немесе жұмбақ түрінде балалардың санасына сіңіре беруі тиіс. Яғни, олар сол арқылы балаларын еңбекке, жақсылыққа үндейді,адал болуға және Отанын сүюге шақырады.

Халқымыз "Балапан ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі," - деп бекер айтпаған. Жақсы тәрбие баланың санасында мәңгі мөрленіп қалады. Ол кейін оның бүкіл өміріне азық болады.

2.Бала тәрбиесі туралы тірек сызбамен таныстыру.

Қоғам талабына сай тәрбие -мектепке дейінгі, яғни бала бақшадағы тәрбие,мектеп қабырғасындағы тәрбие т.с.с.

Жеке бас тәрбиесі - өзін-өзі тәрбиелеу.

Осының ішінде ата-ана тәрбиесіне кеңінен тоқталайық.

Баланың бас ұстазы - ата-анасы. Бала барлық үлгі өнегені алдымен өзі шыққан отбасы мен ата-анасынан алады.

Ата-ананың ең ардақты міндеті: бала бойына жақсы қасиеттерді сіңіре беру,күн сайын емес,еңбегін,ойынын,жолдастарымен қарым-қатынасын үнемі шаршамай, ерінбей бақылап,жақсылыққа жол сілтеу. Бала біздің болашағымыз,өміріміздің жалғасы,сондықтан бала тәрбиесі - ата-анадан жауапкершілікті талап етеді. Бала Отанына қызмет етсін десек ,халқына адал,бақытты болып, өмірде өз орнын табуын естен шығармай,үнемі көңіл бөліп отыруы қажет-ақ.

3. Ата-аналарға сауал

1.Бала тәрбиесіне отбасында кім көңіл бөледі? (әкесі немесе шешесі)

2.Балаңыздың бойында ерекше қасиеттері бар ма? Байқаған жағдайда қандай мүмкіндік жасадыңыз? (Биге бейім, ән айтқанды ұнатады т.б.)

4.Ситуациялық жағдайлар.

1.Балаңыз танертен жылап, мазаланып балабақшаға барғысы келмейді. Ал балабқшада мерекелік ертенгілік болады. Сіздің әрекетіңіз.

2.Балаңыз балабақшадағы досымен керісіп, көйлегін жыртып алыпты. Сіз не істер едіңіз? Баланың арасына түсесіз бе?

5. "Сіздің өміріңізде бала қандай орынға ие?" Ата-аналарға сауалнама Шарты: зейін қойып сұрақтарды оқыңыз және шын мәніндегі жауапты беруіңізді сұраймыз.

Жауаптар:

А)қолымнан келеді және әркезде солай жасаймын.

Ә)қолымнан келеді,алайда әр кезде солай істей алмаймын.

Б)қолымнан келмейді.

Сұрақтар:

1.Кезкелген жағдайда жұмысыңыздың барлығын тастап,балаңызбен айналысу қолыңыздан келе ме?

2.Баланың жас ерекшелігіне назар аудармай,ақылдасу қолыңыздан келе ме?

3.Баланың алдында жасаған қателігіңізді мойындау қолыңыздан келе ме?

4.Өзіңіз қателескеніңіз үшін баланың алдында кешірім сұрау қолыңыздан келе ме?

5.Егер баланың қылығы сіздің ашуыңызды келтірсе,өзіңізді ұстау қолыңыздан келе ме?

6.Өзіңізді баланың орнына қою қолыңыздан келе ме?

7.Бір уақытқа өзіңізді ертедегі қайырымды Ханша немесе Би ретінде елестете алу қолыңыздан келе ме?

8.Бала кезіңізде болған оқиғаның тәрбиелік мәні мен айтып беру қолыңыздан келе ме?

9.Баланың жүрегіне ауыр тиетін сөздерді әр қашан айтпау қолыңыздан келе ме?

10.Баланың жақсы тәртібі үшін оның арманын орындап беру қолыңыздан келе ме?

11.Не істесе дағы өз білгенін жасауына балаға бір күн бөлу қолыңыздан келе ме?

12.Егер де сіздің балаңыз басқа бір баланы ұрып не итеріп жіберсе немесе күнәсіз жазаласа елеп-ескермеу сіздің қолыңыздан келе ме?

13. Балаңыз егер де бір нәрсені алып бер деп жылап сұранып тұрса, сіз осыған ұстамдылық ете білу қолыңыздан келе ме?

Кілт: А-3ұпай,Ә-2ұпай, Б-1ұпай.

16 ұпайға дейін - Баланы тәрбиелеуде сізде үлкен мәселелер бар. Сіз не білімділікке, не ойға жиі мән бермейсіз. Не ұстамдылық жеткіліксіз. Баланы тұлға ретінде қабылдауға назар аудару қажет. Тәрбиеші мен психолог мамандарға баруды ұсынамыз.

16-30 ұпайға дейін - Сізде ең бірінші дәрежеде тұратын мәселе - ол балаға деген қамқорлық. Сізде тәрбиешінің қабілеті бар,бірақ іс жүзінде Сіз оны әрқашан қолдана алмайсыз. Кейде сіз тым қаталсыз, кей жағдайда - тым жұмсақсыз. Баланы тәрбиелеуде мән берген өте қажет деп ойлайсыз.

30-39 ұпайға дейін - Сіздің өміріңіздегі ең үлкен құндылық,сіз баланы түсінуге және білуге тырысасыз.Балаға сыйластықпен қарап,Тәрбиелеудегі ең тиімді әдістерді қолдануға ынталысыз. Басқаша айтқанда,Сіздің іс-әрекетіңіз түзу және ісіңіздің жемісті болуына үміттенеміз.

6. Ата мен әке тәрбиесі

Жыл өткен сайын қыз шешеге, ұл әкеге үйірсектеп, солардың мінез-құлқын, үнін, қозғалысын қайталайды.

Қыз бала анасынан адалдықты, арлылықты, әдептілікті, тазалықты, шабыттылықты қабылдайды. Анасынан көре жүріп әйел затының табиғатына не тән екендігін біледі. Әсіресе қыз бала шешесінен үй жинау, ас пісіру, кір жууды, іс тігуді, бір сөзбен айтқанда қыруар қабілеттілікті үйренеді.

Ұлағатты ата-ана "Үйренгенің өзіңе жақсы, Істегенің бізге жақсы" деп баланың еңбекке араласуына ыждағаттылықпен көңіл бөледі.

Жанұяның да, баланың да мерейі - әке.Өйткені ол - жанұяның қамқоршысы, мерейі.

Әке - балаға сыншы. Ол бала бойындағы әрбір жақсы ісіне сүйініп, жаман іске күйінеді. Жанұяда әке мен шеше қандай іспен шұғылданса, үйдегі балалар да соған еліктейді. Бұл ,әрине, көрер көзге ашық байқалмағанмен, бірте-бірте бала бойына сіңе береді. Әсіресе, жақсылықтан гөрі жамандық бойға сіңгіш келеді. Ол және күн сайын еселене түседі. Сондықтан бала тәрбиесіне ана да, әке де араласуы керек.

7. Психологиялық зерттеу қорытындысы.

Баланың отбасы мүшелерімен қарым-қатынасын зерттеу мақсатында психолог "Үлкен үй" психологиялық тренингін өткізді. Ата-аналарға

қорытындысын айтып өтті.

Барлық отбасы мүшелерімен жақсы қарым-қатынаста 12оқушы.

Анасымен жақсы қарым-қатынаста 7 оқушы.

Әкесімен жақсы қарым-қатынаста 5 оқушы.

Балалардың көбі үлкен үйге ең алдымен анасын әкеледі екен.

Баланың жерге шырылдап түскеннен - ақ ең бір жақыны,ең бір досы, ең бір ұстазы ол - ана. Қара жерді баспай жатып,есін білмей жатып,тырмысып бауырына жабысатыны, шырылдап қуанбай, жылап іздейтіні ол -ана. Балаға бәрінен қымбат,жалпақ дүниеден де үлкен ол - ана. Ананың жолы басқа. Ана деген сөздің өзі де ыстық. Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болуы мүмкін емес! Ананың жүрегі нәзік,ананың махаббаты балаға тіл жеткісіз биік.

Ана - біздің күніміз,

Ананың біз - гүліміз.

Бізді, ана қуантып,

Аман-есен жүріңіз.

Ендеше бүгінгі тренингке келіп отырған аналарға көптен көп рахмет! Психолог: Ана мен бала арасындағы жағдайларды қарастырды.

8. Қорытынды:

Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті,саналы,иманды да ибалы,Отанының сүйікті және кішіпейіл азамат болып жетілуін қалайды. Олай болса, әрбір ата-ана өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарын, заңдылықтарын білуі шарт.

"Жапырақ тамырдан нәр алады" дейді халқымыз.Сол айтқандай бабалардың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін, еңбек сүйгіштік қасиеттерді өзі өскен отбасынан алады. Яғни, олар балаларын еңбекке, жақсылыққа үндейді, адал болуға және Отанын сүюге шақырады.

"Балаға берілген бірінші тәрбие -ата-анасын,туған-туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады", - дейді ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин. "Адамға ең бірінші керегі білім емес, тәрбие. Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі" - деп Әл-Фараби айтқандай, Егеменді елдің ертеңі сол ел ұрпағының білімі мектеп тәрбиесінің тереңдігімен өлшенеді. Мектептің мақсты - біліми өрісі биік, дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау жүйесі жоғары, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан сегіз қырлы - бір сырлы ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.

Бала тәрбиесі бір күндік іс емес. Сондықтанда бала тәрбиесіне жете мән беріп, "Адамның бір қызығы - бала деген" ұлы аталарымыздың даналық сөзін естен шығармайық.

Шығу парағы:

  1. Тренинг сізге қызықты болды ма ,әлде жок па? (Неге?)

________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Тренинг барысындағы өзінің жұмысынды бағала_____________________________________________________

  2. Жүргізушіге ұсыныстарыңыз,тілектеріңіз_____________________________________________________________________________________________

8. Тақырыбы: «Бала көңілін табыңыз»

Мақсаты: бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы - отбасы. Сондықтан ата - ананың бала көңілін таба білуін ой қозғау, тәрбиелеуге осы бастан бағыт беру.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сөздік, түсіндіру, сұрақ-жауап, практикалық тестілеу.

Көрнекілігі: тақырыпқа байланысты нақыл сөздер жазылған плакаттар, дидактикалық материалдар, маркер, әдістемелік бланк, сызба бағалау парағы, кері байланыс парағы, үлестірме қағаздар, сызғыш, қалам, тесттер.

Өтілу барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Тренингтің мақсаты мен тапсырмаларын жариялау. Топ жетекшісімен таныстыру.

ІІ. Тренингке қатысушыларды бір-бірімен таныстыру.

  1. Психологиялық ойын:

«Мен сенімен сұхбаттасқаныма қуаныштымын» атты жаттығу. (Барлығы бір-бірінің қолын ұстап шеңбер құрады)

Сіз өзіңізді таныстырып, өзіңіз жайлы бір-екі ауыз сөз айтқаннан кейін оң жақтағы көршіңіздің де солай етуін өтініңіз, сізден кейін де солай жалғаса береді. Қатысушылар түгел танысып болған соң көңілі қалағандарға топтағылардың атын түгел атап шығуларын өтініңіз.

  1. Топтастыру. Алма, өрік, алмұрт болып 3топқа бөлу. Әркім өзі қалаған жеміске барып отырады. Ата-аналарды жиналыс ережесімен таныстыру.

Ата-аналарға сауалнама тест тапсыру, тарату.

Сіз қандай ата-анасыз?

«Жақсы тәрбиеші, үлгілі ата-ана бола аламыз ба?» деген сауал төңірегінде ойланып көрдік пе? Сұрақтарға «иә», «жоқ», «кейде» деп жауап беру арқылы өздеріңізді тексеруге болады.

  1. Балалар туралы газет-журнал беттерінде жарияланған материалдарды немесе радио, теле хабарларды жүйелі оқып тыңдап отырасыз ба?

  2. Балаңыз бір оғаш әрекет істеп қойса, онда сіздің тәрбиеңіздің нәтижесі бар ау деп ойлайсыз ба?

  3. Егер балаңыз сізге жәрдем берсе, осы кезде оның өз жұмысы бұдан кедергіге ұшырап, немесе мүлде тоқтап қалуы мүмкін екендігіне қарамастан қабылдар ма едіңіз?

  4. Бұйыру немесе тиым салу сияқты шараларды сіз тек қажет кезінде ғана қолданасыз ба?

  5. Балаға оның айналасындағылардың үлкен әсер ететіндігін сезінесіз бе?

  6. Спорттың баланың жан-жақты дамуында маңызы зор екендігін ескересіз бе?

  7. Сіз балаңыздың бір нәрсені орындау жөнінде талап тұрғысынан емес, өтініп сұрап көрдіңіз бе?

  8. Балаңыздың әр түрлі сылтаулармен «құтылуға тырысуы» сізге ыңғайсыздық туғызбай ма?

(«Жауап парағы» алынады)

Психологтың қорытындысы: Әрбір мақұлдау жауапқа - 2ұпай, ал «кейде» деген жауапқа - 1ұпай, ал «қарсы» жауабыңызға - 0 ұпайдан қойыңыз.

6 ұпайдан төмен - бала тәрбиесі туралы түсінігіңіз көмескі екенін көрсетеді,

7-10 ұпай - сіз бала тәрбиесінде қателік жіберіп аласыз, олқы тұстарыңыз баршылық.

15 ұпайдан жоғары - ата-аналық парызыңызды жақсы атқарып жүрсіз.

Барлығы шеңбер болып тұрып «Пампам пара ра- рам» ойынын ойнайды.

Қорытынды бөлімінде жалпы ата-аналармен жеке бастың қасиетін бағалау. «Мен сізге жазамын» атты ойынымен аяқталып, кері байланыс парағы «Ең түйін сөзді мен айтамын» стратегиясы. (Әр ата-ананың пікірін тыңдау) Қатысушыларға ақ парақ беріледі, оны толтырып, өткізеді.

Психолог: Жақсы адам да күн сияқты айналасына жылу береді. Күн табиғатқа, жер бетіне жылуын таратады. Мына кішкене гүлді бір-бірлеріңізге бере отырып, жақсы тілектеріңізді айтып шығыңыздар.

Ата-аналар шеңбер бойына тұрып, бір-біріне тілектер айтады.

Психолог бүгінгі тренингке қатысқан ата-анаға алғысын білдіреді.

Нәтиже:

  • ата-ана өз сезімін өзгелерге көрсетудің жаңа формаларын меңгереді;

  • өзін-өзі және өзгелерді сыйлауға, бағалауға, мейірімділік көрсете білуге үйренді;

  • баланың көңілін табуға, өздеріне деген сенімділіктерін арттыруға ықпал жасады.

Шығу парағы:


  1. Тренинг сізге қызықты болды ма ,әлде жок па? (Неге?)

________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Тренинг барысындағы өзінің жұмысынды бағала_____________________________________________________

  2. Жүргізушіге ұсыныстарыңыз,тілектеріңіз_____________________________________________________________________________________________

9.Тақырыбы: «Ата-ана махаббаты»

Балабақша өміріндегі ең маңызды, жауапкершілікті талап ететін жұмыстардың бірі - ата-аналар жиналысын өткізу. Жиналысты қалай қызықты, әрі пайдалы өткізуге болады? Осының барлығы жаңадан класс жетекші болған мұғалімге пайдалы болуы мүмкін.

Мақсаты:Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.

Көрнекіліктері:Тақырып, қағаздар, шам, теледидар, сиқырлы таяқша, альбом, газет, шар.

Тренинг бағдарламасы:

1.Есімдер аллитерациясы.

2.Баяндама. «Ата-ана махаббаты».

3. «Біз біргеміз!» жаттығулар.

4. «Өтінемін!» ойыны.

5. «Сиқырлы таяқша» жаттығу

6. «Тілек шамы».

7. Ой- толғаныс.

Тренинг барысы:

І. Ата-аналарды тіркеу. Бағдарламамен танысу.

ІІ. Есімдер аллитерациясы.

Мақсаты: Ата-аналарды бір-бірімен таныстыру.

Шарты: Әр отбасынан бір адам осы жерде отырған отбасы мүшелерінің есімдерін айтып және де есімдерінің бірінші әрпінен басталатын жағымды қасиетін айту крек.

Әр отбасының сөзінен кейін қалғандары үш рет қол соғып қошеметтеп қояды.

  • Сіздің есіміңізді, жақсы қасиетіңізді айтып жатқанда қандай сезімде болдыңыз?

  • Өзіңіз қазіргі кезде қандай көңіл-күйде отырсыз?

ІІІ. Баяндама. «Ата-ана махаббаты».

Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп-инабат үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып, олардың өздеріне деген қарым-қатынастарында мүлтіксіз жүзеге асырып отыруларына байланысты.

Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі - баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл - жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.

Бала - ата- ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін,» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған.

Бала тәрбиесі - қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.

Ата-аналардың жастығы мен бала тәрбиесіндегі тәжірибенің жоқтығы, болмаса тәрбие жұмыстарында тек қана өз ойлары мен көзқарастарына ғана жүгінуі немесе қажетті педагогикалық білімдерінің жетіспеушілігі салдарынан тәрбие процестері көптеген қателіктерге ұшырап отырады.

Сондықтан да мектеп өміріндегі ата-аналардың педагогикалық білімін жетілдіру, мәдениетін арттыру, бала тәрбиесіне белсене араластыру, соның нәтижесінде ата-ананы баланың алғашқы ұстазына айналдыру мақсатында ұйымдастырылатын семинар тренингтердің маңызы орасан зор.

ІІІ. « Біз біргеміз!» жаттығулар

Мақсаты: Отбасындағы қарым -қатынасты нығайтуға өзара түсінушілікте ата-аналар мен балаларға қолдау көмек көрсету.

«Қолынан танып біл!»

Көздері байлаулы әкелері балаларын тауып алулары керек.

Талдау:

1.Сізге балаңызды табуға не көмектесті?

2.Балаңыздың қолынан ұстағанда не сезіндіңіз?

«Біз бақытты жанұямыз!»

Алдын-ала салынған суреттер арқылы өз балаларыңыздың салған суреттерін тауып алыңыздар.

Талдау:

1. Өз отбасыңыздың суретін қалай таптыңыз?

2. Өз отбасыңызды табу қиын болды ма?

3.Суреттерден отбасыңыздың суретін тапқаннан кейін қандай сезімде болдыңыз?

«Аралда»

Қажетті құралдар: газет

Қатты теңіз толқуынан кейін кеме суға кетіп, кеменің ішіндегі жолаушылар аралдарға бөлініп топталды. Енді осы аралдарда әрбір отбасы өмір сүріп жатыр. Аралдарды бірте-бірте су басуда, енді әр отбасы осы аралдан өздерін аман алып шығулары керек.

«Үшеуіміздің суретіміз!»

Суретті бір-бірімен ақылдаспай салады. Баласы суретті бастайды, әкесі жалғастырады және екінші суретті бастап кетеді, анасы ол суретті жалғастырады және келесі суретті бастап кетеді, баласы суретті аяқтау керек.

Талдау:

1. Сіздің бастаған суретіңіз ойыңыздан шықты ма?

2. Алға қойған мақсатқа жету үшін кедергі болды ма?

3.Бір-біріңізді қалай түсіндіңіз?

4.Өзіңіз суретке қанағаттанасыз ба? Жоқ болса неге?

Әр отбасының салған суреттерін талқылауға уақыт беріледі.

ІV. «Өтінемін» ойыны.

Мақсаты: Ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, бір-біріне көңіл бөлу, бір-бірін тыңдай білуге үйрету.

Қатысушылар ортаға жартылау шеңбер жасап тұрады.

-Құрметті ата-аналар, балалар! Сіздер қандай «сиқырлы» күші бар сөздерді білесіздер?

-Рахмет, өтінемін, т,б

-Мен әр түрлі өтініштер жасаймын, егер мен «өтінемін» деген сөзді айтсам сіздер оны орындауларыңыз қажет. «Өтінемін» деген сөзді айтпасам, сіздер ол өтінішті орындамайсыздар.

-секіріңдер

-оң аяқтарын көтеріңдер

-өтінемін, алақанмен қол шапалақтаңдар

-өтінемін, бір-біріңді құшақтаңдар.

- оң қолдарыңмен сол құлақтарыңды уқалаңдар

V. «Сиқырлы таяқша» жаттығу.

Сиқырлы таяқшаны бір-біріңе ұсына отырып, адам бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерді айтып шығайық

Жағымды

Жағымсыз

Мейірімділік

өтірік айту

Жан ашу

өшпенділік

Сыпайылық

Кек сақтау

даналық

Тіл алмау

  • Әр жағымсыз қасиеттің өзінің жақсы жағы болады. Мысалы: сараң адам ол - үнемшіл. Төбелесу - біреуге қол ұшын бері. Енді осы жағымсыз қасиеттердің де өзіндік жақсы жақтары болады, соны айтайық.

VІ. «Тілек шамы».

Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.

-Құрметті ата-аналар, балалар. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя - жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.

VІІ. Ой-толғаныс.

Тәрбиешіге:-Тренингтің басталуында сіздерге бағдарлама берілді. Сол бағдарламаның артында күн, гүл, жапырақ бейнесіндегі жапсырмалар бар.

Ата-анаға:

Балаға:

-Осы белгілер бойынша ата-анаға, балаға, тәрбиешіге өз ұсыныстарыңызды немесе ой-пікірлеріңізді жазуыңызға болады. (Жазған пікірлерін оқи отырып, көктем бейнесін шығару.)

Шығу парағы:


  1. Тренинг сізге қызықты болды ма ,әлде жок па? (Неге?)

________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Тренинг барысындағы өзінің жұмысынды бағала_____________________________________________________

  2. Жүргізушіге ұсыныстарыңыз,тілектеріңіз_____________________________________________________________________________________________





Тренингті құрастырғандар: Бабиева Д., Бахтина А., Макешева Н., Оразкенова Ж., Қабықбаева М., Утепбаева., Елеусізқызы М., Коркбаева З., Қожанова М.

П-423 топ студенттері 2012 жыл





© 2010-2022