Тема урока: Жаттығулар жасап жаттығайық ((мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестерін дамытуға арналған жаттығулар жинағы)

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Жаттығулар жасап жаттығайық

(мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестерін дамытуға арналған жаттығулар жинағы



















ББК

Е-

Жинақтаған: Ш.Ф.Магзумова


Жаттығулар жасап жаттығайық. Жинақ.

Көкшетау қ., Ж.Мусин атындағы педагогика колледжі


Пікір жазған:

А.Ж. Раимбекова - Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті. Білім беру технологиялары кафедрасының аға оқытушы. Педагогика және психология магистрі.


Жинаққа мектеп жасына дейінгі баланың әртүрлі танымдық процестерін, атап айтсақ, қабылдау қабілетін, есте сақтау, зейінді тұрақтандыруға, ойлауды, қиялды дамытуға арналған жаттығулар енді.

Бұл жинақ колледж студенттеріне, балабақша тәрбиешілеріне, психологтарына арналған.




Кафедра отырысында талқыланып, бекітуге ұсынылды

Хаттама №___________ «____» ___________ 2011ж.

Колледждің ғылыми-әдістемелік кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылды

Хаттама №___________ «____» ___________ 2011ж.



Алғы сөз


Жаттығулар жасап жаттығайық

І Қабылдау қабілетін дамытуға арналған жаттығулар

1. Гүл

Балалар әр жерде отырады. Жүргізуші: Балалар біз бәріміз енді өсіп келе жатқан гүлдерміз. Күн шықты, гүлдер жайлап ашылып өсіп келеді(қолдарын созады). Кенеттен баяу жел соға бастады, гүлдер желмен жан - жаққа шайқалады(қолдарын жан - жаққа шайқайды). Бір мезгілде аспанға бұлт төніп, жаңбыр жауа бастайды, гүлдер тоңып, бүрісіп жабылады(қолдарын тізелерінің үстіне қойып бүрісіп отырады). Бір уақытта қайтадан күннің көзі күлімдеп шыға бастады, сол уақытта гүлдер де, құлпырып, жайнап ашыла бастайды(балалар үлкен шеңбер жасап, бір үлкен гүл шоғына жиналады).

2. Ұқсас суретті тап

Мұғалімнің алдында қос - қостан бірнеше суреттер болады. Олар: екі шыршы, екі қайық, екі жапырақ т.с.с. Осы суреттердің бірнешеуін тақтаға іліп осыған ұқсас геометриялық пішіндерді қораптан таңдап алып салыстырып, ұқсастығын, пішінін, түр - түсін сипаттап Әңгімелеп береді.

3. Әр түсті заттар

Жүргізуші балаларға белгілі бір түсті атайды. Балалар сол түске сәйкес заттың атын атап беруге тиісті. Шеңбердегі отырған балалар кезекпен жауап беріп отырады. Мысалы: қызыл алма, сары балапан т.с.с.

4. Ине мен жіп

Жүргізуші:

Мен ине боламын, ал сендер жіпсіңдер.

Сендер менің артымнан бір-бірлеріңнің белдеріңнен ұстап тұрыңдар. Қазір бәріміз алдымызда тұрған кедергілер арасынан үзілмей жүгіреміз. Кім жіпті үзсе сол ойыннан шығады.

5. Бұл қашан болады?

Жыл мезгілдеріне байланысты суреттер көрсетіледі. Сол суреттер ішінен керек суретті көрсетіп әңгімелеп береді.

Кесте, құрал - жабдықтармен жұмыс

  1. Айлардың аттарын ата ?

  2. Жыл мезгілдерін түстерге сәйкес ата?

  3. Әр мезгілде неше ай бар?

  4. Бір айда неше апта бар?

  5. Қазір қандай жыл мезгілі және қандай ай?

6. Не үлкен?

Отырған балаларға жүргізуші сұрақ қояды. Орындықтан не үлкен? Балалар кезекпен заттарды атайды. Ойын ойнаған кезде жүргізушіге атаған заттарды қайтадан айтуға болмайды және балаларға қайталауға болмайды. Кім екі рет шатасса ойыннан шығады. Жеңімпаз бала жүргізуші болады.

7. Сиқырлы қапшық

Балаларды шеңбер жасай отырғызып жүргізуші олардың алдындағы кішкентай үстел басына отырады. Үстелдің басында сиқырлы қапшық тұр. Ішінде әртүрлі ұсақ ойыншықтар. Балаларды кезекпен шақырып қапшықтың ішіндегі екі бірдей затты тауып алуды талап етеді. Мысалы: екі доп, екі машина т.б.Балалар қолымен заттарды сипап бірдей затты тауып алған соң сипаттап айтады. Айтқанын тексеру үшін заттарды сыртқа шығарады, ойын осылайша жалғасады.
















ІІ Есте сақтауға арналған жаттығулар

1. Сиқырлы саусақтар

  1. Таң қалу (екі қолдың бас бармағын көтеру).

  2. Өзіңді көрсету (бір саусқпен).

  3. Сәлемдесу (қолды жоғары көтеру).

  4. Қорқыту (сұқ саусақпен).

  5. Жеңіс! (екі қолды жоғары көтеру).

2. Менің елім


  1. Қай елде тұрасыңдар?

  2. Қазақстанның қандай қалаларын білесіңдер?

  3. Біздің қаламызда немесе ауылда қандай көшелер бар?

  4. Сен қай көшеде тұрасың?

  5. Ел, жер, Отан туралы қандай мақал - мәтел білесің?

3. Сөз моншақтар

Жүргізуші балаларға бір сөз айтады, ол сөздің басында қандай әріп есітілетінін сұрайды. Соңғы әріпке сәйкес келесі сөз ойлап оны бала жалғастырады. Осылайша «жіпке тізген моншақтай» сөз моншақтарын тізіп айтуға жаттығады. Қай бала көп сөзді есінде сақтап,көп сөз ойласа, сол бала жеңіске жетеді, ол жаңа сөзді өзі бастап ойынды жүргізеді.

4. Төрт құбылыс

Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші «су» - десе қолдарын алдына созады, «ауа» десе жоғары көтереді, «от» дегенде екіқолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса ойыннан шығарылады.

5. Көңілді шеңбер

Балалар шеңбер жасап отырады. Бір - біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі бергенде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балаларға әр түрлі заттарды қыстырып қояды.(гүл, оамал, көзілдірік т.с.с.). Балалар көздерін ашқанда не өзгерді? - деп сұрайды. Ең зейінді балаға сыйлық беруге болады.

6. Орныңды тап

Балалар шеңберге тұрады. Әр бала өзінің жанындағы баланы есінде сақтап, қарап алуы керек. Жүргізушінің бірінші белгісі бойынша, бөлменің жан - жағына тарап кетеді (белгі: шапалақтау, барабанмен беріледі ). Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда қай орында, кімнің қасында тұрғанын есінде сақтап, қайта шеңбер түзеді. Өз орынын таппаған балалар ойыннан шығарылады.

7. Ойыншықты сипатта

Жүргізуші балаларға қолындағы ойыншықты мұқият қарап алуға ұсынады (1 минут). Алынатын ойыншықтар түрлі - түсті және бөліктері бірнешеу болуы шарт. Ойыншықты жасырып, балалардан сол ойыншықты көргендегі түр - түсі, көлемі, пішіні, дене бөліктерін есінде сақтағанын сипаттап беруді талап етеді. Ойыншықты дәл, нақты сипаттап берген бала ойынды әрі қарай жалғастырады.

8. Сөзді есіңде сақта

Жүргізуші балаларға 7 қосарлы сөздерді оқиды. Балаларға мұқият тыңдау ұсынылады. Бірінші сөзді жүргізуші айтады, балалар келесі сөзді есінде сақтап қайталайды. Осылайша қалған сөздерді түгел айтып шығу керек.

  1. көктем - жаңбыр

  2. жаз - күн шықты

  3. аспан - бұлт

  4. жер - шөп



















ІІІ Зейінді тұрақтандыруға арналған жаттығулар

1. Шапалақ

Балалар шеңберге тұрып қолдарын созады. Тәрбиеші 3 деген кезде, барлықтары бір уақытта қолдарымен шапалақ соғуға тиісті.

2. Балалар сендердің көңіл-күйлерің қандай?

Сендер көңіл - күйлеріміз жақсы дедіңдер. Енді осы жақсы көңіл - күйлеріңді көрсетіңіздерші.


  1. Көңілді болғанда не істейміз?

  2. Ренжігенде...

  3. Қорыққанда...

  4. Қуанғанда...

  5. Таң қалғанда...

3. Шапалақты тыңда

Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші алақанын соққанда балалар бір аяқпен, екі рет шапалақтағанда қолдарын екі жаққа созып, үш рет шапалақтағанда жүруін жалғастырады.

4. Қанша дыбыс естідіңдер?

Жүргізуші бірнеше рет қарындашпен үстелді соғады. Ал, балалар естіген дыбыстарын саусқпен көрсетеді.

5. Мен жеңімпазбын

Орындықтарды ортаға қойып, музыка әуені ойнағанда балалар шеңбермен айналып жүгіреді. Орындықтар саны балалар санынан 1 санға кем болуы керек. Ең соңында қалған бала орындықтың үстіне шығып, мен жеңімпазбын деп айтуы керек.

6. Құлақ - мұрын

Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші: құлақ - деп мұрнын ұстайды. Ал балалар айтылған мүшені дұрыс көрсетулері тиіс. Жүргізуші балалардың зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатында оларды шатастырып атайды.

7. Өз орныңды тап

Балалар қатармен тұрады. Әр баланың қолында әр түрлі сандар. Жүргізуші белгі берген уақытта балалар сандардың реті бойынша тұруға тиісті. Ойын бірнеше рет қайталанады. Балалардың орындарын шатастырып алмауы қадағаланады.

8. Дайын бол

Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші бір сөз айтады, ал балалар сол сөзді іс - қимылмен көрсетеді. Мысалы: қоян - секіреді, құс - ұшады т.с.с.

9. Зейінді бол

Балалар шеңберде тұрады. Жүргізуші әр түрлі қимыл - қозғалысты көрсетеді. Балалар қайталап тұрады. Жүргізуші ескерткен қозғалысты, мысалы: қос аяқпен секіру қозғалысын қайталамайды. Қайталаған бала ойыннан шығарылып, жеңімпаз жүогізуші болады.




IV Ойлауды дамытуға арналған жаттығулар

1. Логикалық есеп

Балалар ауызша есепке жауап береді.


  1. Айгүлдің алдында 3 зат тұр: шелек, доп, қуыршақ. Допты қозғамай қалай шетіне қоюға болады?

  2. Үстел үстінде төрт алма тұр. Бір алманы алып ортасынан бөліп қайта қойды. Үстел үстінде неше алма болды?

  3. Қоянға, түлкіге, аюға үш түрлі жалауша жасап берді - қызыл, сары, көк. Қояндағы жалауша қызыл емес, түлкідегі қызыл да, көк те емес. Кімнің жалаушасы қандай?

  4. Бөлмеде 2 орындық тұр. Әр қабырғаның жанында бір-бір орындық болуы үшін сол орындықтырды қалай коюға болады?

2. Болған жағдайды бағалау

Балаға белгілі бір суреттегі жағдайды көрсетіп мазмұнын әңгімелеуге тапсырма береміз. Балалармен сол жағдайдың қойылымын көрсетуін сұраймыз. Осы жағдай туралы баланың пікірін сұрап дәлелдеп беруге үйретеміз. Іс-әрекеттің дұрыс-бұрыстығына өз ойын айту.

3. Көңілді сөз

Балалар шеңбермен отырады. Барлық отырғандар кезекпен өзінің қасында отырған адамға қарап көңіл көтеретін бір сөз айтады.

Сөзді айтқан уақытта сол баланың көзіне қарап айту керек. Мысалы: (сен бүгін әдемісің, сенің көйлегің қандай әдемі т.б.)

4.Өз іс-әрекеттерін бақылау

Қазір біз бір жаттығу орындаймыз. Мұнда біз отбасы мүшелерінің үйдегі іс-әрекеттерін көрсетеміз (біреуі әже болады, ол жүн шұлық тоқиды, анасы сәбіз турап жатыр, атасы газет оқып отыр, әкесі қолына балға мен балта ұстап орындықты жөндеп жатыр, қызы ойнап жүр т.б.)

Отбасы мүшелерінің үйде атқаратын іс-әрекеттері немесе жұмыстары бар. Әркім бір-біріне көмектесе отырып өз жұмыстарын істесе, отбасында татулық, тыныштық, береке, бірлік болады.

"Бірлік болса - тірлік болады" деген мақал тегін айтылмаған. Барлығы бірлесе отырып тірлік жасау керек екен.

Негізгі бөлім: Әр адамның отбасы бар. Мен өзімнің отбасымдағы адамдарды сызба сурет бойынша былай жасадым. Отбасы мүшелері ер Адам және әйел Адам болып екіге бөлінеді. Қазір сендер өз отбасындағы адамдарды сызба сурет бойынша белгілеп салып беріңдер. Салып берген соң мен сияқты әңгімелеп бересіңдер.


5. Матадағы менің орным

Жердегі жатқан мата үстіне балалар белгі берген уақытта тұрып қалуы тиіс. Матаның өлшемін мұғалім кішірейте отырып ойынды жалғастырады. Бірақ ойында балалар мата бетінен шығып кетпеулері керек.

6. Ойлан да аяқта

- лимон қышқыл, ал қант...(тәтті)

- егер үстел орындықтан биік болса, онда орындық...

- екі, бірден көп, ал бір...

- пышақ та, әйнек те...(өткір)

7. Ойлан да аяқта

- Ат шабады, ал қарлығаш...

- Ит үреді, ал қарға...

- Жылан жорғалайды, балық...

8. Қарама-қарсы сөзді ата

Балалар шеңберге тұрады. Жүргізуші доппен балалардың арасында тұрады. Жүргізуші балаларға кезекпен допты лақтырып, бір сөзді айтады. Балалар сол сөзге қарама - қарсы сөзді айтулары тиіс.

Қара -

Күн -

Аласа -















Қиялды дамытуға арналған жаттығулар








Тема урока: Жаттығулар жасап жаттығайық((мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестерін дамытуға арналған жаттығулар жинағы)


















  1. Менің көңіл-күйім

Суреттегі әр түрлі көңіл-күйдегі баланың бет-бейнесінің арасынан біреуін таңдап алу. Сол суретке сәйкес мысал келтіріп әңгімелеп беру керек.


  1. Не істер едің?

Жүргізуші балалармен ертегі мазмұны бойынша және күнделікті кездесетін әр түрлі жағдайлар туралы әңгімелеседі. Әңгіме барысында кездескен қиындықтар мен кездейсоқ жағдайлардан шығудың жолдарын өздері ойланып табады. Мысалы: Мақта қызға ағаш жапырақ бермесе не істер едің? Бауырсақты түлкі жеп қоймаса не істер едің? Алдар көсе байды алдай алмаса не істер едің? Кішкентай бала сүрініп құлап қалса не істер едің? Сен орманға барғанда адасып қалсаң не істер едің, т.б.


  1. Мен және менің болашағым

Жүргізуші баларға өздерінің болашағы жайында өскенде кім болатынын көз алдарына елестету үшін көзднрін жұмып, ойлануды ұсынады. Өзі баяу үнмен әр түрлі мамандықтардың болатындарын қысқаша баяндайды. Сондай-ақ ата-аналармен қарым-қатынасы туралы әңгімелеуге болады. Сен анаңмен хайуанаттар саябағына бардың. Әкеңмен көлге шомылуға бардың. Машинамен қыдырдың.

Қысқаша әңгіме аяқталған соң, балалар көздерін ашады. Өз ойларын қағаз бетіне түсіріп, суретін салып беру талап етіледі. Балалардың ой-қиялының дамуын суреттерден байқауға болады.


  1. Сиқырлы сазды әуен

Баланың қиялын дамытуға әсер ететін сазды әуен ойналады. Балалар көздерін жұмып тыңдайды (2-3 минут). Музыка тоқтаған соң, көздерін ашып не көргендерін өз қиялдары бойынша әңгімелейді. Олардың сипаттаған немесе көрген қиялын қағаз бетіне түсіруде төмендегі әдіс-тәсілдердің біреуін таңдап алады.

- майшаммен сурет салу

- қылқаламмен

- түрлі түсті бормен

- саусақтармен, алақанмен

5. Менің көңіл күйім қандай

Балалар өз көңіл - күйлеріне сәйкес келетін суретті тауып атайды(көңілді - көңілсіз, ренжулі, қорқынышты, ...т.с.с.). Сол кездегі өздерінің көңіл - күйлерін баяндайды. Басқа суреттегі көңіл - күйге сәйкес болған жайды әңгімелеп береді.

6. Жаңа ертегі

Жүргізуші отырған балаларға ертегі кейіпкерлерін атайды, суреттерін көрсетеді. Мысалы: кемпір, шал, түлкі, арыстан, тышқан т.б. Аталған кейіпкерлерді біріктіре отырып жаңа ертегі мазмұнын құрастырып айтуды ұсынады. Балалар ертегі құрастырады. Ең қызықты ертегі ойлап тапқан бала жүргізуші болып ойын жалғастырады.

7. Сиқырлы дөңгелектер

Баланың қиялын дамытуға арнайы бірнеше дөңгелектер беріледі, олардан балалар жануарлардың бейнесін жасау ұсынылады. Мысалы: Құлақтары үшбұрыш, көзін қиғаш сызықтармен, тұмсығы мен мұртын сызып мысықтың бейнесін салады. Аю, құлақтарын жартылай дөңгелек, көздерін екі дөңгелек, тұмсығы мен аузын салу арқылы аюдың басын салады, оның сыртқы бөлігінен ирек сызықтарды айналдыра жүргізу арқылы арыстанның басының суретін салып, бала өз қиялы бойынша суретті толықтырады.

8. Қиял жалғасы

Тәрбиеші ойланып, балалардың назарын тақтаға аударады да өзі бірнеше сызықтарды бормен сызып қояды. (Толқын, сынық сызық, ирек т.б.) Менің қиялым бойынша осы сызықтардан алуан түрлі заттар жасауға болады. Қане, кім менің қиялымды жалғастырып өз ойларын толық сурет салып береді екен деп өз алдыларындағы парақ қағазға сызықты сызып суретке айналдырып, не салғаны жайында әңгімелеп беруді өтінеді. Балалар жұмысын бірге талдайды.











Баланың мектептегі алғашқы күндерінде мектепке даярлығын анықтауға арналған сауалнамалар


  1. Сөздік қорды байыту

Дидактикалық ойын: "Сөз ойла - тез ойла"

а) Мағынасы қарама-қарсы сөздерді ата.

(Ауыр-жеңіл, алыс-жақын, ащы-тұщы.)

ә) Мағыналас сөздерді айтып бер.

(Тез; жылдам; шапшаң; лезде; сәтте;

Сұлу; әдемі; көрікті; көркем; әсем және т.б.)


  1. Көркем әдебиетпен таныстыру

Көркем әдеби шығармаларды оқып түсіндіру. Ертегі немесе әңгіме айтып беру. Ертегі, өлең, жұмбақ, әңгімені, мақал-мәтел, жаңылтпаш әңгімені ажырата білу.

  • әңгіме құрату;

- жыл мезгілдерін сиппаттау;

- мақал-мәтел айтқызу;

- жұмбақ шешкізу;

- жаңылтпаш айтқызып жаттықтыру;

Байланыстырып сөйлеуге үйрету.

- сурет бойынша әңгіме құру.


  1. Сауат ашу

1. Әріптерді ата. Сөз ойла, сөйлем құра.

2. Дыбыстардың аталуын анықтау.

Төменгі дыбыстар кездесетін суреттерді көрсету арқылы дыбыстардың сөздің басында, ортасында, аяғында келетінін сұрау.

3. Дыбыс пен әріпті ажырата білу.

Айналамен таныстыру, экология негіздері.

  • серуенде, саяхатта көргендерін әңгімелеп беру;

  • айналадағы өсімдіктерді атау;

  • табиғатты қорғау жайлы әңгіме құрастыру;

  • туған жердің тазалығын сақтау;

  • айналаның (ауаның, судың) тазалығын сақтау;

  • құстарға қамқорлық жасау;

  • табиғат тамашаларын бақылау арқылы әңгімелесу.


  1. Математикалық қарапайым түсініктерді қалыптастыру


  1. Аз, көп, үлкен, кіші, қысқа, кең, тар, т.б.

  2. Санау. Бір таңбалы сандар. Екі таңбалы сандар. 20-ға дейін тура және кері санау.

  3. Сандардың құрамы.

  4. Көлем, пішін. Түрлі геометриялық фигураларды салыстыру, теңестіру, беттестіру.

  5. Уақыт, кеңістік

  6. Ауызша есеп шығару.


  1. Бейнелеу өнеріне бейімділігін байқау


  1. Бейнелеу іс-әрекеттеріне құрал-жабдықтарды топтап жинақтату.

а) сурет салу, мүсіндеу, жапсыру.

  1. Дидактикалық ойындар. "Сыңарын тап", "Түс таңда", "Өрнекті кілем", "Түскиіз" т.б.

  2. Мүсіндеу. Сазбалшық немесе ермексаздан ойын жаттығулар: "Дастархан", "Менің сүйікті ертегім", "Әріптер әлемінде".

  3. Жапсыру. Дидактикалық ойын: "Кемпірқосақ түрлері", "Ыдыстарды құрастыру", т.б.

6. Бейнелеу өнері жайындағы түсініктерін тиянақтауға арналған сауалдар


  1. Жылы және суық түстерді ажырата білесің бе? (Қызыл, көк, көгілдір, қара, жасыл, сары, сарықызыл, күлгін).

  2. Сарықызыл түсті алу үшін қандай түстерді қосуға болады?

  3. Көк пен сары түсті қосып қандай түс алуға болады?

  4. Бейнелеу өнерінің қандай жанрларын білесің? (Портрет, натюрморт, пейзаж, анималистік т.б.)

  5. Суреттерден пейзаж түрін көрсет. (Қалалық, ауылдық т.б.)

  6. Бұл суреттің авторы кім? Сурет қалай аталады? (Ә.Қастеевтің "Күз", "Қыс", "Жайлауда" суреттерін көрсетіп сұрау)

  7. Қазақтың ұлттық ою-өрнектерін ата? (Құс қанаты, қошқар мүйіз, қызғалдақ, тұмарша, тарақ, ботамойын, ботакөз т.б.)

  8. Бейнелеу өнерінің түрлерін ажырата білесің бе? (Көркемөнер туындыларын көрсету)

  • живопись

  • графика

  • сәндік-қолданбалы өнер

  • сәулет өнері (архитектура)

  • мүсін өнері (скульптура)

  1. Жапсыру


  1. Жолақ қағаздардан әр түрлі пішіндерді қию. (квадрат, төртбұрыш, сопақша дөңгелек, дөңгелек, үшбұрыш т.б.)

  2. Қос бүктеу тәсілі арқылы симметриялы бейнелерді бірнеше қатпарлап бүктеу арқылы қию дағдыларын меңгеру.

  3. Геометриялық фигуралардан жолаққа, дөңгелекке, квадратқа өрнек құру.

  4. Өсімдік тектес ою-өрнектерден әшекейлеу, қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен әшекейлеу.

  5. Өз еріктерімен ою-өрнек элементтерін қолданып композиция құру.

  6. Әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану (жұлмалап қию, қағазды бұрау, орау т.б.)

  7. Ұжымдық композиция құру.


  1. Музыка жайында қарапайым ұғымдарды бекітуге арналған сауалдар:

Үн таспадан тыңдаған әуен сазының сипаты қандай? (Көңілді, мұңды, марш екпінімен т.б.)

  • Музыканы шығарушы адамды кім деп атаймыз?

  • Әнді орындаушыны кім деп атаймыз?

  • Қазақтың ұлттық аспаптарын ата?

  • Өзіңнің сүйікті аспабың қандай?

  • Әндерді сипатына қарай ата?(марш, вальс, полька т.б.)

  • Музыка әуенімен би қимылдарын жаса?

  1. Дене шынықтыру

Берілген бұйрық бойынша қимыл - қозғалыс жасау.

Лақтыру, өрмелеу, еңбектеу, тепе-теңдік сақтап жүру, секіру т.б. қимылдарды орындау барысын бақылау.

Қимылды ойын: "Жаяу көкпар", "Мергендер", "Қыз қуу" т.б.

Лақтыру: "Доп лақтыру"

Допты жоғары лақтырып, екі қолмен қағып ал.

Допты жерге оң қолмен 5, сол қолмен 5 рет соқ.

Допты қабырғаға лақтырып, қағып ал.

Балаларға арналған сауалнама.


  1. Сенің есімің кім?

  2. Жасың нешеде?

  3. Кіммен бірге тұрасың?

  4. Отбасы мүшелерін атап айт?

  5. Әкеңнің аты кім? Қайда, кім болып жұмыс істейді?

  6. Қайда тұрасың? Мекен - жайыңды айтып бер?

  7. Балабақшаға бардың ба?

  8. Үйде қандай іс - әрекетпен айналысқанды жақсы көресің?

  9. Сен қандай елде тұрасың?

  10. Ең жақсы көретін ойыншығың қандай?

  11. Қандай ертегілер білесің?

  12. Қазақстанның қандай қалаларын білесің?





ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Кравцова Е.Е. Психологические проблемы готовности детей к обучению в школе. - М.,1991.

2. Мухина В.С.Детская психология.- СПб., 1992.

3. Овчарова Р.В. Практическая психология в начальной школе.- М.:ТЦ Сфера, 2002.

4. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании.- М., 1995.

5.Чейпи Дж. Готовность к школе: Как родители могут подготовить детей успешному обучению в школе / Пер.с англ. - М.: Педагогика -Пресс, 1992.

6.Словарь - справочник по психологической диагностики \ Л.Ф.Бурлачук, С.М.Морозова - Киев., 1989.

7. Р.С.Немов. Психология.Книга 3. Москва 2002

8. Н.И.Шевандрин.Основы психологической диагностики. Ч. 1.2.3. Москва 2003.Владос.

9.Бурлачук. Л.Ф. Психодиагностика личности. Киев,1989.

10.Бурлачук.Л.Ф.,Морозов.С.М. Словарь-справочник по психологической диагностике.Киев.,1989

11. Гильбух:Ю.З. Психодиагностика в школе М.,1989

12. Кулагин.Б.В. Основы профессиональной психодиагостики.л.,1984

13.Практикум по психодиагностике. Учебно-методическое пособие.. Балашов, 1992.

14. Психологическая диагностика:проблемы и исследования \ Под.ред .К.М. Гуревича., 1981.

15. Люшер М. Цвет вашего характера.- М., 1996.

16. Мельников В. М., Ямпольский Л. Т. Введение в экспериментальную психологию личности.- М, Просвещение, 1985.

17. Общая психодиагностика. / Под. ред. А. А. Бодалева, В. В. Столина.- МГУ, 1987.

18. Особенности психического развития детей 6-7 летнего возраста. / Под ред. Д. Б. Эльконина, А. Л. Вагнера. - М., 1988.

19. Анастази А., Урбина С. Психологическое тестирование. Спб.: Питер, 2001.

20. Годфруа Дж. Что такое психология. В 2-х томах, М.,2001.

21. Куликов Л.В. Психологическое исследование. Спб.: Наука, 1994























Мазмұны:

I Қабылдау қабілетін дамытуға арналған жаттығулар

1. Гүл

2. Ұқсас суретті тап

3. Әр түсті заттар

4. Ине мен жіп

5. Бұл қашан болады?

6. Не үлкен?

7. Сиқырлы қапшық

II Есте сақтауға арналған жаттығулар

1. Сиқырлы саусақтар

2. Менің елім

3. Сөз моншақтар

4. Төрт құбылыс

5. Көңілді шеңбер

6. Орныңды тап

7. Ойыншықты сипатта

8. Сөзді есіңде сақта

III Зейінді тұрақтандыруға арналған жаттығулар

1. Шапалақ

2. Балалар сендердің көңіл-күйлерің қандай?

3. Шапалақты тыңда

4. Қанша дыбыс естідіңдер?

5. Мен жеңімпазбын

6. Құлақ - мұрын

7. Өз орныңды тап

8. Дайын бол

9. Зейінді бол

IV Ойлауды дамытуға арналған жаттығулар

1.Логикалық есеп

2. Болған жағдайды бағалау

3. Көңілді сөз

4.Өз іс-әрекеттерін бақылау

5. Матадағы менің орным

6. Ойлан да аяқта

7. Ойлан да аяқта

8. Қарама-қарсы сөзді ата

V Қиялды дамытуға арналған жаттығулар

1.Менің көңіл-күйім

2.Не істер едің?

3.Мен және менің болашағым

4.Сиқырлы сазды әуен

5.Менің көңіл күйім қандай

6.Жаңа ертегі

7.Сиқырлы дөңгелектер

8.Қиял жалғасы








Баспадан шығаруға жауапты: Д. Түгелбайқызы

Директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары

Техникалық редактор: Т.И.Ахметов

Корректор: Қайрат А.



































Ж. Мусин атындағы педагогика колледжінде басылып шықты

Көкшетау қаласы

Бурабай мөлтек ауданы, 76 үй

Телефон 77-00-88

e. mail kazped@mail. ru




© 2010-2022