Разработка по самопознанию на тему Әдептен озбайық

Раздел Школьному психологу
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Cабақтың тақырыбы: Әдептен озбайық

Мақсаты: : Оқушыларды қарым -қатынас мәдениетіне үйрету, оларды әдеп,әдеп сақтау ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту

Міндеттері:

--Қоғамдық орындардағы,адами қарым -қатынастағы әдеп нормаларын түсіндіру;

--Әдеп нормаларын ұстану іскерліктерін дамыту;

--Әдептілікке ,мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Әдіс тәсілі: Әңгімелеу,сұрақ-жауап

Көрнекілік: слаидтар,суреттер

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үй тапсырмасын сұрау

  3. .Дәйексөз.

  4. Әңгімелесу.

  5. Шығармашылық жұмыс.

  6. Сергіту сәті.

  7. Жағдаяттарды шешу.

  8. Жүрекрен жүрекке.

I.Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу,түгендеу,топқа бөлу

Тыныштық сәт:Жағымды көңіл күйге ену

II.Үй тапсырмасын сұрау

Адами қарым қатынастарға нелерді жатқызуға болады?

Адами қарым -қатынастың ең бастысы не?

Әдепті сөйлеудің адами қарым -қатынасқа ықпалы қандай?

III.Дәйексөз:

«Біз бойымызда әдепті дамытуға тиіспіз.Өйтпесек адамдардың ілтипатынан оп-оңай айырылып қалуымыз мүмкін»

И.Гете

1.Дәйек сөзді оқыту.

2.Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдңр?

IV.Әңгімелесу

Адамның үлкендермен ,құрбыларымен ,жасы кішілерімен сөйлесу мәнері,қоғамдық орындарда ,көлікте ,қонақта ,сапарларда өзін-өзі ұстау әдебі.Қоғамда адамның жүріс түрысына,киінуіне ,сөйлеуіне және т.б байланысты қалыптасқан әдеп нормалары бар .Әрбір адамның сол әдеп нормаларын ұстануына қарай оның инабаттылығы ,жарасымдылық,мәдениеттілігі бағаланады.

1.Әдепті болу адамды басқалармен жақсы қарым-қатынас жасауға ,олардың сөзін тыңдай білуге ,өзара сыйластыққа қол жеткізуге және үлкендерге құрмет ,кішілерге ілтипат көрсетуге негіз болады.

.2.Видеоролик

V.Шығармашылық жұмыс:

1-топ. Әдеп

2. топ Әдеп қағидалары

3. топ Әдеп туралы (көрініс)

VI.Сергіту сәті

VII.Жағдаяттарды шешу

1-жағдаят

Мұрат бір қарағанда көрікті де әдемі жігіт. Киімі де жарасымды.Бірақ көпшілік арасында,қонақта болған кездерінде қолын сермеп даурығып сөйлейтіні,ешкімге сөз бермейтіні бар. Үлкендердің сөзін бөлу және олардың сздерін қалай да күлкіге айналдыруға да әуес.

Сұрақ:

Мұратқа әдепсіз қылықтарын қалдыру үшін қалай көмектесуге болады?

2-жағдаят

Назым әп-әдемі келсті қыз.Алайда,даусы дөрекі,сөзі ірі.Қарқылдап күледі.Бір қарағанда нәп-нәзік,биязы бойжеткен көз алдымызда біртіндеп ,әуелде көңілде ұялаған әдемі сипатынан айырылып жүре береді.

Сұрақ:

Назымға қандай кеңес берер едің?

3-жағдаят

3.Арман бір топ баламен сабақтан келе жатқаны сол еді,аулада отырған үлкен кісілер :- «Осы бала жақсы бала, түбінде жақсы азамат болады»-деп бір-біріне мақтай бастады.

Сұрақ:

Арманның айналасына ерекше көрінуінің сыры неде?

Жүректен жүрекке:

Мұғалім балалардың шеңберге тұрып, сыныптас достарымен қол ұстасып , алған білімдерін қорытындылау мақсатында әдеп туралы жүрек жарды тілектерін айтуды ұйымдастырады





© 2010-2022