Конспект на тему Ұстаздармен жүргізілетін психологиялық жаттығулар

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алматы облысы

Балқаш ауданы

Ақдала орта мектебі

Педагог -психолог: А.К.Ойшиева


Ұстаздармен жүргізілетін психологиялық жаттығулар

Мақсаты: ұстаздар қауымының қабілетін , ынта-жігерін ,қызығушылығын , біліктілік дағдыларын арттыру,педагогтар арасында жағымды әлеуметтік -психологиялық ахуал қалыптастыру.

Өткізу формасы: тренинг-сабақ.

Қатысушылар: педагогтар.

Қажетті құрал-жабдықтар: музыка,баяу әуенді диск ,қағаз бен қалам,ватман парағы.

Жүру барысы:

Құрметті әріптестер,бүгін сіздердің психикалық көңіл - күйлеріңізді көтеруге,өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттініңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға,бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға ұйымшылдықпен шақырамын.

I. «Амандасу» Күліп тұрған адамның суреті (күлімдеп тұрған адамның суретіне қарап, бір-бірімізге қарап күлімдейік). Алақан суреті (алақан суретіне қарап қолдарымызды қысамыз).

Жүрек суреті(жүрекке қарап бір -бірімізбен құшақтасамыз).

  1. «Көрші» жаттығуы .

Мақсаты: Әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылулық сыйлау.

Нұсқаулық: Көршіңді оң жақтан құшақта, көршіңді сол жақтан құшақта.

Оң жақтағы көршіңе бір жымиып, сол жақта көршіңе бір жымиып қара .

Оң жақтағы көршіңе оң көзіңді , сол жақтағы көршіңе сол көзіңді қысып қара.


III . Топтық жұмыс.( жыл мезгілдеріне байланысты топқа бөлінеді)

1-«Мінсіз мұғалім»

2-«Шебер мұғалім»

3- «Жаңашыл мұғалім» тақырыбы

1) Әр топ өз тақырыбын ғылыми тұрғыда қорғайды.Бұл ұғымның мәні нені білдіреді,мағынасын ашу қажет;

2 ) Әр топқа плакат беріледі. «Мінсіз мұғалімнің» бейнесін салу керек..

3) Практикада қолдану түрлерін көрсету;

4)Өлең шығару немесе сурет салу

Әр топ өздеріне берілген тапсырманы қорғап,таныстырады.

IV . «Сіз білесіз бе?» жаттығуы .

Мақсаты: қатысушылардың бір -бірін жақсы тану, өзара бөлісу, мән бермей жүрген қасиеттерін өзара түсінісу.

Нұсқаулық : «Сіздің алдарыңызда қоржын бар. Осы қоржынан бір билет аласыз. Онда әртүрлі жануарлар мен құстар , жәндіктер аттары жазылған. Алдымен әркім өзіңіздегі билеттегі жануарлармен танысып, көршіңіздің бойында осы жануарлардағы бар қасиеттерді анықтайсыз.»

В.А.Сухомлинский былай деген екен: «Ұжым -күрделі оркестр,онда әркімнің өз аспабы болады, сол аспабымен ойнайды»

«Оркестр» жаттығуы.

Сіздер музыкалық аспаптың әуенінде ойнап,3 сатыдан өтесіздер.

1- саты : Әрқайсыңыз денеңіздің мүшесін немесе дауысыңызды пайдалана отырып , «Ұстазым» әнінің әуеніне саласыз;

2-саты: Барлық ұжым -бұл оркестр.Мектеп директоры-дирижер.

Оркестрды басқарып,осы әуенді ойнату керек;

3-саты: Рефлекция (талдау, пікірлесу,тілек білдіру).

Күлкі -терапия. Күлкісіне қарап ,мінезін таны.

Бәріміз күлеміз.Армансыз күлеміз.Өйткені адам болмысын зерттеушілердің пайымдауынша ,адамның 70 пайызы күлкілі оқиғаға бейім тұрады екен.Ал күліп отырып, біз неше түрлі қимыл жасаймыз.Осыларды сырттай жіті бақылаған адам сіздің кім және қандай екеніңізге қаныға түседі. Сонымен:

1. Күліп отырып, езуін шынашағымен басатын болса, онда сұлулықты ұнататын жан. Ол жұртты назарына , мақтауына іліккенді қалайды.

2.Аузын алақанымен қалқалап күлсе-өзіне сенімсіздеу болғаны.Өзін жасырын ұстағанды ұнатады.

3.Басын шалқайтып күлетіндер-өте сенгіш, адал жан.

4.Бетін басып күлетіндер -қиялға бай адам.Әдетте өзін шын бақытты сезінеді.

5.Күлгенде мұрынын жиыра түседі-сезімі тұрақсыз, көзқарасы өзгеріп тұрады.Қырсықтығымен өзіне де өзгелерге де қиыншылықтар туғызады.

6.Аузын ашып , айқаласына ашық көңілмен қарайды.

Осылайша әрқайсысымыз әр түрлі күлкімізбен жүріп-ақ мынау өмірді жеңілдетеміз.Сондықтан да күліп жүрейікші .

Жүректен -жүрекке

Түрлі -түсті жүрекшелер бар.Кімге қай түстегі жүрекше ұнайды,соны алайық. Қызыл -адамгершілік .Сары-адалдық.Көк-сүйіспеншілік.Жасыл-әдептілік. Ақ -қайырмдылық. Осы қасиеттер бойларыңызға дари берсін.


© 2010-2022