Здоровье – огромное счастье!

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«БЕКІТЕМІН»

Директордың оқу-тәрбие

жұмыстары жөніндегі орынбасары:

__________________ А.Мусаев


«Белсенді өмір- жүз жастық ұзақ ғұмыр» ұранымен өтетін кең көлемді

«Денсаулық - 2014» фестивалі аясындағы

«ДЕНСАУЛЫҚ - ЗОР БАЙЛЫҚ»

атты дөңгелек үстелінің

Б А Ғ Д А Р Л А М А С Ы

Мақсаты: Темекі тартуға деген саналы жағымсыз көзқарасты мақсатты түрде қалыптастыру, нақты мысалдар арқылы никотиннің адам ағзасына зиянды әсерін дәлелдеу дұрыс негізделген қорытындылар жасай білуге дағдыландыру.

Барысы:

Жүргізуші:

«Белсенді өмір - жүз жастық ұзақ ғұмыр» ұранымен өтетін кең көлемді «Денсаулық - 2014» фестивалі аясында «Денсаулық - зор байлық» атты дөңгелек үстелімізге қош келдіңіздер! Бүгінгі отырысымызда темекі тартудың адам ағзасына зияндығын талқылаймыз.

Дөңгелек үстеліміздің мақсаты - Темекі тартуға деген саналы жағымсыз көзқарасты мақсатты түрде қалыптастыру нақты мысалдар арқылы никотиннің адам ағзасына зиянды әсерін дәлелдеу дұрыс негізделген қорытындылар жасай білуге дағдыландыру. Сондықтан да біздің өткізіп жатқан дөңгелек үстеліміз «Темекі тарту - адам өміріне зиян» тақырыбына арналады. Дөңгелек үстелді әдеттен тыс формада - өткіземіз. Біз оған аталған проблеманы барлық жағынан қарастыруға көмектесетін әр түрлі мамандық иелерін шақырдық. Адам темекі тарта бастағанда бұл зиянды әдеттің неге әкеп соғатыны туралы әрқашанда ойлана бермейді. Ойлануға тұрарлық жайт. Қазір біз темекі тартудың ағзаға қандай зиян келтіретіні туралы колледж мейіркеші Кималова Гүлнар апайдың сөзін тыңдаймыз.

Мейіркеш сөзі. (Мейіркеш тақырып аясында қысқаша әңгімелеп береді.)

Студенттер қойған сұрақтарға мамандар жауап береді.

1-сұрақ. Темекі тартқыштарға тек өкпе қатерлі ісігінен басқа тағы да қандай да бір онкологиялық аурулар қауіп төндіре ме? (Бұл сұраққа мейіркеш Гүлнәр апайымыз жауап береді.)

Жүргізуші: Ал темекі тартушылардың қоршаған ортаға келтіретін зияны туралы бізге өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы Тәжібекова Салтанат апайымыз әңгімелеп береді.

2-сұрақ: Сигарет түтіні қоршаған ортаның жай күйіне әсер ете ме? (Бұл сұраққа оқытушы Тәжібекова Салтанат апайымыз жауап береді.)

«Темекінің зияны» тақырыбындағы видеоролигін көрсету. (2 минут)

(Студенттердің видеороликтен алған әсерін тыңдау.)

Жүргізуші: Сіздер қалай ойлайсыздар,темекі мен спортты біріктіруге бола ма? Қазір біз жауабын еститін боламыз.

3-сұрақ: Темекі тарту адамның сырт бейнесінен көрініс таба ма? (Бұл сұраққа дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Ерғазы Бақтияр ағайымыз жауап береді.)

«Насыбай - қатерлі ерін ісігіне әкеп соқтыруы мүмкін»

тақырыбындағы видеоролигін көрсету. (2 минут)

(Студенттердің видеороликтен алған әсерін тыңдау.)


Жүргізуші: Темекі тартуды тастаған адамда қандай артықшылық бар? Бұл туралы бізге психолог әңгімелеп береді.

4-сұрақ: Темекі есірткіге жата ма? (Бұл сұраққа психолог Ерқасым ағайымыз жауап береді.)


© 2010-2022