Тренинг Таңғажайып әлем мектеп психологі

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:




Қиын балалармен жұмыс



«Таңғажайып әлем» атты тренинг

Тренинг мақсаты: оқушылардың қоршаған ортамен қарым-қатынасын нығайту, ақыл-ойын дамыту, көріп есте сақтау, зейін тұрақтылығын қалыптастыру, топпен жұмыс жасауға, табиғатты сүюге, әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Көрнекілігі: карточкалар, фламастер, формат А4, суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Балалар бүгін біз таңғажайып әлемге саяхат жасаймыз. Бірақ ол жаққа бару оңай емес, себебі жолда көп кедергілер кездеседі. Бірақ ойланып тапсақ, бірігіп жұмыс жасасақ, тату болсақ бізге кедергі түкте емес, солай емес пе? Осы кезде есік қағылады. Ішке қоян кіріп келеді. Ол өзінің балаларымен саяхатқа шыққысы келетінін айтады.

  • Балалар біз ең алдымен саяхатқа шықпас бұрын өзімізді қоянға және келген қонақтарға таныстырайық. Өз атымызды атаймыз және өзіміздің жақсы қасиетімізді қосып айтамыз. Мысалы: Менің атым Әсия. Мен әдептімін.

ІІІ. Біз жолмен жүріп келеміз. Міне бізге жолда кедергі кездесті. Кәзір біз осы жердегі кедергілерден өтсек, «Жануарлар әлемі» әлемі ашылады. Ол үшін бізге мынадай тапсырманы орындауымыз қажет.

«Естіп есте сақтау».

Сердерге қазір он сөз оқылады. Сол он сөзді сендер естеріңде сақтап, қайталап айтып берулерің керек. Шарт бойынша бұл сөздер 3 рет қайталанып оқылады. Бұл сөздер бізге «Ертегілер әлеміне» жеткенде қажет болады.

Орман Жапырақ Балта

Ағаш Жол Қасқыр

Қамыс Гүл Кірпіш

«Ұйқасын тап»

Сіздерге төмендегідей «Соңғы жолды ойлап табыңыз» деген тапсырма беріледі:

  1. Өзінше ноян,қорқақ кім? (Қоян)

  2. Тастан-тасқа секіріп, жем тереді....(кекілік)

  3. Алмастан тыным, шабады....(құлын)

  4. Құйрығы он қарыс, бұл айбатты....(жолбарыс)

  5. Бата алмас түлкі, үсті тікен.... (кірпі)

Ойын- пантомима. Қай жануар қалай дыбыстайды?

Балалар, енді жануарлар әлемін тамашалауға болады. Біз кедергіден өттік. Олай болса табиғаттағы жануарлар мен құстарды тамашалап, саяхатымызды жалғастырайық. Міне жолда тағы кедергі кездесті. Қазір біз бұл кедергіден өтсек «Ертегілер әлеміне» жол ашылады.

Ертегі тыңдау. «Үш торай» ертегісі. Ертегі тапсырмы бойынша сұрақтарға жауап беру, сурет салу.

Сергіту сәті

Күлімдеп күн бүгін, қарады маған да.(өзіне көрсетеді)

Күлімдеп күн бүгін, қарады саған да.(досына көрсетеді)

Шуақпен нұр төгіп (қолын жоғары көтереді)

Көңілді кетті көтеріп(шапалақтайды)

«Табиғат әлемі» тапсырмалары.

Ал енді мына суретке қараңдар? Бала неге ұялап тұр?

  • Балалар қоршаған орта табиғатты қорғау керек пе? Неден қорғау керек?

Бір-біріміздің қолымыздан ұстайықшы. Бірге болған қандай тамаша! Табиғат та бірлікті, татулықты қалайды.Сондықтан табиғатқа, жерімізге қандай тілектерің бар? Мысалы: Көк аспанымыз ашық болсын, сары-көңіліміз шат болсын, жасыл орманымыз жайқалып өсе берсін, ақ жүрекіміз таза болсын, отбасымыз аман болсын.

Бейнекөрініс.(7мин) «Таңғажайып әлемді» тамашалау.

Қоян:

  • Балалар, маған сендермен бірге саяхат жасау өте қызықты болды. Маған өте ұнады. Сендерге рахмет, мен осы таңғажайып әлемде қалғым келеді.Мен сендерге жақсы тілегімді білдіре отырып, мына кішкене жүрекшелермен жүрек жылуымды беремін. Сау болыңдар, көріскенше.

Қорытынды.






© 2010-2022