Ана бақыты тақырыбындағы сабақ жоспары

Раздел Школьному психологу
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Ана бақыты»

Сабақтың мақсаты: 1 Өз елінің дәстүрлі үлкендерді құрметтеуге, сыйлауға, бауырмалдыққа баулу.

2 Анаға деген сүйіспеншілігін арттыру.

3 Мейірім жүрегінен нәр бере білуге баулу.

ІІ. «Ана», «Бақыт» деген ұғымды өз ойынан айта отырып, өзінің ішкі жан дүниесімен бөлісе білуге дағдыландыру.

Сабақ көрнегілігі: Жүрекшелер, фламастер, көзілдірік, сандық, моншақтар.

Сабақ барысы:

Шаттық шеңбері:

Мен Сіздерді кездескеніме өте қуаныштымын. Бір-бірімізщге қарап, сіздердің көздеріңнен қуаныш пен шаттықты көріп тұрмын.

Сіздерді «Шаттық шеңберіне» шақырамын.

Шақырамын шеңберге

Кел достарым келіңдер

Орта толсын дейміз біз

Сізбен бізбен сіздермен

Қуанышың көп болсын

Уайым - қайғы жоқ болсын.

Ортақ болсын қуаныш

Ұзағынан сүріндір!


  1. Армандайық:

Қонақтар , армандауды ұнатасыңдар ма? Ыңғайланып отырыңыздар. Кәнеки бәріміз бірге армандайық..

-Мен сендерді сиқырлы қиял әлеміне саяхат жасауға шақырамын. Өздеріңнің сиқырлы жолмен жүріп бара жатқандарыңды елестетіңдерші. Қарсы алдарыңнан Махаббат періштесі келе жатыр. Ол бізге сиқырлы қобдиша әкеліп сыйға тартты. Қобдишаның ішінде сиқырлы моншақтар бар. Олар әр түрлі- мейірімділік, махаббат, денсаулық, бақыт, шаттық моншақтары. Міне, ол қобдиша. Әрқайсың бір моншақты алып, достарыңа сыйлаңдар.

Жарайсыңдар! Бір-бірлеріңе айтқан тілектерің қандай әдемі!

Достар әрқашан бір-біріне тек жақсылық тілейді., көмектесуге асығады, бірге ойнайды.


  1. Тыңдайық-ойланайық.

«Ана қуанышы» әңгімесін айтып беру.

Сұрақтар:

1»Ана қуанышы» дегенді қалай түсінесіңдер?

  1. «Ана бақыты» дегенді қалай түсінесіңдер?

  2. Әңгіме арқауы неліктен «Ана қуанышы» деп айтылады?

Ойнайық

«Сиқырлы көзілдірік»

Мақсаты: Адам бойындағы жақсы қасиеттерді айтуға үйрету.

Шығармашылық тапсырма:

Әрбір сабаққа қатысушы жүрекшелерді салу арқылы, өз жүрекшесі туралы айтып береді.

Қорытындылайық:

-Достарым! Біз бүгін «Ана бақыты» адам үшін ең маңызды нәрсе туралы әңгімелестік. « Ана басты- бақыт бақыт екені рас қой?! Бір-бірлеріңе күлімдей қараңдар!

Біз бақыттымыз және дос барын мақтаныш тұтамыз. Досым көп болсын десең айтпа жалған ешқашан, шыншыл болғын әрқашан!

Жүректен -Жүрекке шеңбері

-«Өзін-өзі тану әлемінде» адамдар бір- біріне тек қана жақсы, жағымды, мейрімді сөздер айтады. Ендеше «Жүректен жүрекке , деп аталатын шеңбер құрайық.

-Сендер адамдар шеңберге тұрғанда неліктен жақсы көреді деп ойлайсыңдар?

-Шеңбердің бір жақсы жері - онда бұрыш болмайды, сондықтан ол бақыт, Қуаныш, Махаббат, Достық, адасып қалмайды.Олар міндетті түрде өздерін күткен барлық мейрімді адамдарға келеді.

Ұшға білсең мені сен

Бақытыммен бөлісем

Жүрек сөзін жалғайын

Бәрін саған арнайын!

-Бүгін -тамаша күн . Біздің көңіл күйіміз жақсы. Бір- бірімізбен ойнап, Махаббатқа, Қуанышқа, Бақытқа өз жүрегімізді арнап отырмыз. Сондықтан біздің шеңбертіміз «Жүректен- жүрекке» деп аталады.

6.Жүректен жүрекке

Анамызға тілек тілеу:

-Аналар аман болсын!

-Ауырмасын!

-Күн секілді күліп жүрсін!

-Аспанды бұлт торлаған секілді анамыздың қабағын бұлт шалмасын!

- Денсаулық тілеймін!

- Апай, сіз де біздің екінші анамызсыз,сіздің де амандығыңызды тілейміз!

  • Жер бетіндегі барлық балалар мен аналар бақытты болсын!

  • Мен осы сабақ арқылы анамды бұрнғыдан да жақсы көріп кеттім,соны түсіндірген сізге рақмет!

  • Отанымыз аналарға көп қамқорлық жасасын!

Соңы.Назарларыңызға рақмет!


© 2010-2022