Топта әлеуметтік – психологиялық жағдайды қалыптастыруда ойыншықтардың рөлі

Раздел Школьному психологу
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Топта әлеуметтік - психологиялық жағдайды қалыптастыруда ойыншықтардың рөлі»


Халықтың өткен тарихына назар салсақ, қай кезеңде болмасын ұрпақ тәрбиесі әр елдің ең басты мәселесі болған.
Басқа халық "бала тәрбиесі жөргектен" десе, дана халқымыз, бала тәрбиесі құрсақтан екенін айтып өткен.
Дүниеге келген нәрестенің, жеке басының дамуына әлеуметтік ортаның маңызы зор. Өмірге келген нәресте - әлеуметтік ортаның жемісі.
Ойыншық - балалардың өсіп жетілуіне, ақыл - ойының, тілінің дамуында үлкен орын алады. Нәресте туғаннан бастап, көру, есту, талпыну, еңбектеу, ең алғашқы уілдеу, алғашқы буындар, тілінің шығуына ары қарай жас ерекшелігіне қарай тілінің дамуында алатын орыны зор және маңызды.
Нәресте бірінші айлығында - сергіту сәттерінде баланың көңіл - күйі үнемі көтеріңкі болуына назар аудару керек. Басты мақсат балаға қамқорлық, күтім, тамақтану және тыныштықты қамтамасыз ету.

Екі-үш айлығында - көру және есту қабілетін жетілдіру, яғни бала сылдырлаған сылдырмақты көзімен іздей білуге және дыбыс шыққан жаққа мойынын бұруға, қарап көз тастауға үйренеді. Өзінен жоғары ілінген ойыншыққа көз тоқтатады. Ойыншықтар аса ашық болмау керек. Сергіту кезінде баланы көбірек қуанту қажет. Өйткені бала қуаныш үстінде күледі, дауыстай уілдейді, ширақ қимылдар жасайды. Баланың тілін дамыту үшін әрдайым сөйлесіп отыру тиіс. Көру және есту қабілетін, яғни көрініп тұрған затқа ұмтылып, оны ұстап алып жібермеу сияқты қимыл қозғалысын дер кезінде қалыптастыру үшін бесіктің аралығына әр түрлі ойыншықтар іліп қойған дұрыс.
Бес-алты айлығынан бастап бала қасындағы ойыншықтарға зейін қоя бастайды. Ең алғашқы дыбыстар буындап п , б , т , д, м, н т.б. Алғашқы буындарды былдырлап айтады. Ойыншық көрсете отырып, тәрбиеші - бөбекпен сөйлесіп отыру керек .Осы екі құрал арқылы бала дыбыстауға талпынады. Тәрбиешінің дауысы баяу және баланың көңіл - күйін көтеретіндей әсерлі болуы керек.
Тоғыс-он айлығында бала аты аталған ойыншықты қайда тұрса іздеп табатын дәрежеге жетеді. Демек, ойлау - қабілеті, түсінігі нақты қалыптасады.
Он-он екі айлығында баланың ойыншықтарға ден қойып ұзағырақ айналысуын одан әрі дамыта берген жөн. Белгілі нәтижелерге жетуге бағытталған әрекеттерді жасауға арналған ойыншықтармен ойнату. Мысалы: бір қуыс затты, екінші қуыс заттқа иеміне қарай салуға, қорапшаларды жаба білуге, біліктілік шығыршығын алыл, қайта кигізуге ойыншық кірпіштерді бірінің үстіне бірін қалай білуге, шарды қорапқа сала білуге т.б. үйрету керек. Балалардың ойыншықпен жасайтын қимыл әрекет үстінде , мақсатқа жетпей тоқтамауға, тырысқан талабын мақтау қажет, бала шаттық сезімге бөленеді. Жыл аяғына қарай балаларды жеңіл сөздерді (8 - 10) пайдалана білуге үйрету керек (ма-ма ; а-па ; ав-ав т.б.). Ақыл ойы біршама дамып түсінігі молаяды. Әкел, бар, тап, болмайды, отыр, тұр , бер т.б .Тәрбиешінің сөзі, тапсырмасы арқылы ойыншықсыз қимыл жасап тапсырманы орындайды. Балалармен өткізілген сабақтар ойын түрінде жүреді. Тіл дамыту және айналамен таныстыру мақсатымен сюжеттік ойыншықтарды, ойыншық хайуанаттарды және оларды тамақтандыруды көрсету. Тіл дамыту және заттармен жасайтын әрекеттерді күрделендіру үшін ұсынылатын ойын сабақтар қосылады. Ойыншықтар: доп, шариктер т.б.
2 жасқа қарағанда балалардың нәрестеге қарағанда қимыл белсенділігі арта түседі. Баланың жүре бастауы, негізгі қимылдардың, өте күрделі түрлерінің пайда болуына себепкер болады. Айналаны тану мүмкіндігін өзгертеді. Яғни оның жоғарғы нерв жүйесінің дамуына тікелей әсер етеді. Ойыншық түрлері , олармен жасайтын қатынасының түрі өзгереді: ыдыс аяқ , киім-кешек, үй жабдықтары және т.б.Ойыншықтар мен дидактикалық материалдарды тұрмыста қалай пайдалануды меңгереді. Ойыншықтар мен әрекет жасау нәтижесінде де балалар ойыншықтың көлемі мен формасын , заттың түсін танитын болады. Сондықтан оны белгілі бір мақсатқа жету құралы ретінде пайдаланады. Қуыршақтың көрпесін жабу, кубиктерден қуыршаққа мебельдер жасау, құрылыс салу, қасықпен өз бетінше ас ішу, таяқшамен ойыншықтарды қозғалту сияқты. Ойыншықтармен әрекет жасау үлкендермен болатын қарым - қатынастар айналаны бақылау әрекетінің нәтижесінде сюжетті, бейнелеу ойындар пайда болады. 1 - 1,5 жаста сөздік қоры 30 - 40 сөз болады. 2 жасқа қарағанда баланың белсенді сөздік қоры 200 - 300 болады. Баланың тілін дамытудағы мақсат қойылатын талап күрделенеді. Тілін дамыту ойыншықпен қатар түрлі сабақтарда, серуенде, айналамен өзін қоршаған ортамен танысуда жүзеге асады.
3-ші жыл - бала өміріндегі өте маңызды кезең болып есептеледі. Осы кезеңді баланың қимыл - әрекет белсенділігі арта түседі. Айнала дүние туралы өзіндік ой пікірлері қалыптасады. Өз әрекетін сөзбен айтып , сұрақтар бере бастайды. Бұл не ? Қашан ? Қайда ? Неге ? Қалай? Сөз қоры жедел өседі. Сөйлеудің граматикалық құрылысын меңгеру басталады. Балалардың көңіл - күйі сергек қуанышты болуға тиіс. Ол үшін сабырлы түрде ынталанып ойнауға қажетті ойыншықтарды өздері таңдап ала білуге үйрету қажет. Ойын кезінде балалардың ойыншықтарды көлеміне, түсіне қарай салыстыра білу қабілетін жетілдіріп , ойынға қажетті ойыншықтарды , кейбір құрылыс материалын (кубик, кірпіш) дұрыс айта білуге үйрету. Құммен,сумен, қармен ойнағанда балаларды осы материалдың қасиетімен таныстырып отыру керек. Бұл жаста сөзді анық айта білуге, ойыншықпен ойнағанда мақсатын түсінуге, сұраққа толық жауап беруге үйрету керек.
Балалардың жас ерекшелігіне қарай ойын түрлері де, ойыншықпен ойнау қабілеті де күрделене түседі. Сюжетті - рөлдік ойын, дидактикалық ойын, қимылдық ойын көңіл күйін көтеруге арналған ойындар қосылады.
Осы ойындарда бала өзіне қойылған талапты, ойын мақсатын түсіне білуі қажет. Бірге ойнайтын жолдастарын жақсы көру сезімін игі қарым - қатынастар жасауын бір - біріне кедергі келтірмей қатар ойнай білуін, ойыншықтарды таңдап ала білуін дұрыс қолдануға үйрету керек. Баланың тілі ойыншықпен қарым-қатынас жасау арқылы жас ерекшелігіне қарай дами бастайды.
Ойыншықтың - ең басты бала өміріндегі, баламен тығыз қарым - қатынаста болатын, жан - жақты дамуға әрекетін ең маңызды құрал. Ойыншық баланың жас ерекшелігіне қарай таңдауға тиіс және баланың өміріне қауіп келтіретін болмауы керек. Осы процестердің бәріне жауап беріп, қадағалап баланың жан - жақты дамуына бағыт беретін тәрбиешілер болып саналады.
Ойын баланың өзіндік жұмысы секілді, ол тәрбие мен оқу барысында болады. Бұл жағдайда бала ойыншықтың қандай екенін және қай жағдайда пайдаланылатынын біле алады. Ойын баланың өмірінің ұйымдасу формасына маңыздылығы, баланың психикасының орнығуына себеп болады. Ойын мен ойыншық бір-бірінен ажырамайды.
Ойыншық арқылы ойын жалғасады. Ойыншықтың алуан түрлері бар. Бірақ, олардың барлығы педагогика мен эстетикаға сәйкес келгені жөн болар еді. Баланың әр жасына сай ойыншықтар қажет.
Бір жастағы балаларға қызықты және пайдалы үш-төрт сақиналардан құралған түрлі түсті пирамидалар.Әртүрлі кубиктар, осы ойыншықтар балаларға өте қызықты.
Екі жастағы балаларға үлкен әртүрлі доптар. Жеті-сегіз сақиналардан тұратын пирамидалар, жұмсақ ойыншықтар: балалар оларды ауызға салмайды, осы ойыншықтар мен көбінесе балалар ұйықтайды.Үлкен машиналар ұлдарға қызықты.
Басқа сөзбен айтқанда, бұл ойыншықтар, ересектердің күнделікті өмірінде пайдаланып жүретін заттардың көшірмесі. Үлкен пішінді ойыншықтар балаға шақ автокөлік, тракторлар. Гиподинамия ауруына қарсы, құрылысқа арналған, пішіні, яғни формасы оңайлықпен өзгеретін ойыншықтар баланы іс-қимылға және кеңістікте бағыт алуға үйретеді. Үстел үстінде отырғанда балаға кішкентай ойыншықпен ойнаған ыңғайлы болады, бала бойымен шамалас ойыншықтармен балаға тұрып ойнаған жөн. Аулада ойнағанда үлкен ойыншықтар ыңғайлы. Балаға ұжымдық ойындар пайдалы, өйткені сол кезде бала барлық ойыншықты пайдаланып, басқа балалармен бөліседі. Ойыншық таңдау кезінде баланың жасына сай ойлау қабілетін ұйғару керек.Баланың бүкіл жануар мен құстарды мысалға өз көзімен көруіне жағдай болмайды. Олармен танысуға көмек болатын кітаптар, ойыншық, телеарна бар. Ойыншық заттар болсын немесе жануар түрі мен келбетіне сәйкес болуы қажет. Баланың жаңа ойыншыққа деген қызығушылығын ересектер ояту керек. Онымен өзара байланыс болу керек. Қуыршағы ояныпты, оны тамақтандыршы, т.б. Ойыншықтың балаға деген мәні мен маңызы зор.
Ерте жас топпен жұмыс істегендіктен, осындай ойындарды ойнаймыз. Дидактикалық ойындар баланың ойлау қабілеттерін арттырып, тілдерін дамытады. Қимыл-қозғалыс ойындар шапшаңдылықтарын арттырады. Құрылыс материалдары баланың ойлау қабілетін, фантазиясын жақсы дамытады, т.б.
Ойынды дұрыс жүргізу барысында баланың көзқарасы едәуір кеңейеді. Көп балалар ойын барысында басқа да заттарды пайдаланады. Мысалы,кереует кеме немесе көлік болып, орындықтар, пойыз вагондары және тағы басқа салыстырулар баланың ойлау қабілетінің және фантазиясының жақсы дамығанын білдіреді.
Сондықтан бала тіршілігінде де, тәрбие процесінде де ойыншықтардың маңызы өте зор. Ойыншықтар арқылы өзін қоршаған ортамен танысып,баланың көңіл күйі көтеріңкі болатынын естен шығармайық.
Ойыншық - баланың рухани азығы. Ойыншықтарды олардың танымдық және тәрбиелік рөлін ескере отырып таңдайды.
Айтпақшы барлық жағдайдағы сияқты мұнда да шама-шарықты сезіну керек. Тым молшылық балаларға зиянды, ол тоқмейілсушілік, шектеулік, өзімшілдік секілді нашар қасиеттерді ұялатады.Мысалы: Менде бар нәрсе өзгелерде жоқ! Не қаласам оны аламын.
Бүлдіршіндерге арналған ойыншықтар оңай жуылатын, түсі де, формасы да көз тартатындай болуы тиіс. Балаға жас кезінен бастап оның түсінуіне жеңіл суретті кітапшалар сыйлап, сол арқылы оның бойына кітапқа деген сүйіспеншілік дарытуға, оны күтіп ұстауға үйретуге болады.
Оларға жас кезінен бастап сурет салуға арналған құралдар, бастапқы да қарындаш пен бор, ал одан соң акварель бояуларын, яғни 4-5 жасқа толған соң), түрлі бейнелер жасау үшін ермексаз және т.б. сыйлауға болады. Әсіресе сапаларына баса назар аударыңыз.
Есі кіріп қалған бүлдіршінге доп, шаңғы, шана, ролик, бокс қолғабын, тарту етсеңіз де пайдалы болмақ.
Балаларға бұлардан басқа сыйлыққа тәтті тағамдар, жемістер және киім-кешектер берген ұнайды. Тіпті екі жасар қыздың өзі әдемі туфлиді, көбелекті, ленталы көйлектерді, алжапқышты бағалай біледі.

« Бала -біздің болашағымыз» деп жатамыз, ендеше еліміздің ертеңі жас бүлдіршіндеріміз аман болсын, сәбилеріміздің сыңғырлаған күлкісі мәңгі таусылмасын деп тілейік!



© 2010-2022