Ата-аналармен семинар -тренинг тақырыбы: Бала-ата-ана өмірінің жалғасы

Раздел Школьному психологу
Класс 12 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ата-аналармен семинар -тренинг тақырыбы: Бала-ата-ана өмірінің жалғасы

Мақсаты: Ата-анамен бала арасында үйлесімді қарым-қатынас жасауға дағдыландыру, мәдени сөйлеу білігін дамыту, өзара жағымды қарым-қатынасын арттыру, парасаттылыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Аудиторияны жұмысқа дайындау, топқа бөлу,мақсаттар мен күтілетін нәтижелерді айқындау,сенім мен жұмыс атмосферасын қалыптастыру, барлық үйренушілерді жұмысқа қатыстыру,топ мүшелерінің пікірлерін тыңдауға үйрету, жазбаша жұмыс арқылы тұлғаның ойлау қабілеті мен шығармашылық дағдыларын қалыптастыру, кері байланыс алуға, бағалауды үйрету.

Түйінді идея: Әр ата-ананың бала жанын түсіне білуіне жетелеу. Ата-аналармен балаларда бір-біріне деген жылы қарым-қатынас орнату.

Ресурстар: Бейнеролик, слайд, нұсқаулық, маркер, стикер, А 4,плакат, сәбіз, ағаш, кофе, жұмыртқа

Дерек көздері: Бақыт Дастан «Психологиялық жаттығулар жинағы» 2007ж, Мектептегі психология 2007ж №3

Барысы:

Кіріспе сөз: Құрметті ата-аналар, бүгінгі тренингімізге қатысып пікірлесіп, сіздермен ой бөлісейік деген оймен бүгінгі шараны өткізіп отырмыз. Қош келдіңіздер!

Қыз ақылды ескермес -

Ана үлгісін көрмесе,

Ұл жарылқап ас бермес -

Әке үлгісін көрмесе, деп Қорқыт Атамыз айтқандай, сіздердің бала тәрбиесінде алатын орындарыңыз ерекше. Олай болса ой бөлісер алдында сіздермен танысып алсақ.

1-жаттығу. Танысу Шеңбер бойымен танысу. Қатысушылар тапқырлық, ой икемділіікгерін жүзеге асырады.

Жүру барысы: Қатысушыр өз аттарының бірінші әріпіне байланысты бойындағы жағымды қасиеттерді атайды. Үлкен шеңбер құрылып, әркім өзінің бір қасиеттерін айтып, сөзді келесі адамға береді.

Қажетті уақыт: 5 мин.

Жаттығу аяқталғаннан кейін талдау: Бойыңыздағы қасиеттеріңізді айту қиын болды ма? Жағымды қасиеттерді айту оңай ма?

Жақсы біз сіздермен таныстық келесі сіздер мына столдың үстіндегі 4 затты көріп отырсыздар. Осының ішінен өздеріңізге ұнаған бір затты ғана таңдаңыз. Таңдау барысында кейбірімізге екі зат ұнауы мүмкін бірақ сіз соның ішіндегі сәл де болса басымырақ ұнаған біреуін ғана таңдаңыз.

Топқа бөлу: Столдың үстінде тұрған сәбіз,ағаш,кофе,жұмыртқаның қайсысы өздеріне ұнайды сол затты көрсетіп таңдау арқылы 4 топқа бөлу. Ата - аналар таңдайды. Топқа бөлінгеннен кейін аңыз әңгімені айта отырып таңдаған дары бойынша мінез-құлықттарын анықтау.

Сәбіз, жұмыртқа, ағаш, кофе аңызы

Бірде ұстазға шәкірті келіп былай дейді: Ұстаз, мен шаршадым, менің өмірім ауыр, күнен-күнге қиындап барады, өмірдің ағысына қарсы жүріп шаршадым, бұдан ары шыдай алар емеспін... Не істесем болады?

Ұстазы жауаптың орнына отқа төрт бірдей ыдыс қойып оың ішін суға толтырады. Әр қайсысының ішіне сәбіз,кофе,ағаш,жұмыртқа салады. Біраз уақыттан кейін судан шығарады да шәкіртінен сұрайды: -Не өзгерді?

Шәкірті: - жұмыртқа мен сәбіз пісіп кетті, ағаш өзгермеді, ал кофе еріп кетті

Ұстаз:-жоқ бұл тек сыртынан қарағанда ғана. Басында қатты болған сәбіз қайнаған суда жұмсарды. Нәзік жұмыртқа қаттыға айналды, иә ағаш еш өзгермеді. Сырт келбеттері өзгермеді, тек қаты қайнаған судың әсері мен ғана өзгеріп шыға келді. Сол сияқты адамдар да сыртқы келбетімен күшті көрініп күштілер қайта әлсіз болып беки түседі. Ал, кофе ше?-деп сұрады шәкірті.

О -о - бұл ең айтарлық! Кофенің дәндері жәй суды дәмді етіп өзгертіп, және хош иісті еліктіргіш сусынға айналдырды.

"Су- бұл біздің өміріміз. От- бұл өзгеріс пен қолайсыз сәттеріміз. Сәібіз, ағаш, жұмыртқа, кофе-бұл адамдар типі. Олардың барлығы өмірдің қиын сәттірінде , кездерінде әр түрлі болып өзгереді."

Сәбіз - Адам

Бұндайлар көп. Қарапайым өмірде бұл адамдар қатты сияқты болып көрінеді. Өмірдің кейбір ұйқы-тұйқы қиыншылық кездерінде олар жұмсақ және тайғақ яғни сөзінде тұрмайтындар болып келеді. Қолдарынан ештеңе келмесе қолдарын бір сілтеп ұнжырғалары түсіп айналасындағылардың барлығына кінә артады. Сәл "тәртіп бойынша қаталдық болса" болды ешнәрсеге қарамастан... олар айғай-сүреңге салып, психологиялық тұрғыдан өзін жайсыз сезінеді. Бұндай "сәбіздер""сән құмар" болады, өзге адамдар сияқты бәрі болғанын қалайды, осындайлардың арқасында саудагерлер, саясаткерлер өз жай-күйлерін жасайды .

Ағаш - Адам

Мұндайлар аз. Бұл адамдар ешқашан өзгермейді, қандай жағдай болмасын өз қалпында өзгеріссіз қалады. Өздерін сабырлы, байсалды , бірқалыпты ұстайды. Осындай адамдардаың арқасында өмірде қандай жағдай болмасын қараның артында ақ, ақтың артында қара барын түсінеді.

Жұмыртқа - Адам

Бұлар сондай адамдар өмірлік шырғалаңдар мен қиыншылықтардан шыңдалып, мықты болып шығатындар! Мынадай адамдар өте-өте азғантай. тап мынадай адамдар әдеттегі өмірде ешкім емес, ал в ауыр кезеңдерде кенет "қатады" , «қатаяды» және "сыртқы жай-жапсарды" мақсатты түрде жеңеді.

Кофе - Адам

О -о - бұл ең айтарлық! Осы кофе сияқты айрықша ерекше адамдар да бар. Өмірдің қиындығына өзгере қоймайтын. Керісінше олар өздері жаңа және айрықша тамаша өмірлік жағдайдан білім мен пайданы ала отырып өзгертетіндер.

Міне, біз 4 топқа бөліндік және әр қайсымыздың мінездерімізді де білдік.

Келесі тапсырма

Проблеманы айқындау: (топпен жұмыс.Аквариум әдісі) №1 «Ұл мен қыз», №2 «Ата-ана айқайы», №3 «Құмыра», №4 « Әке мені биге шақыршы » бейнероликтерін көрсету арқылы жағдайатты талдап тақырыптың өзекті мәселесін шешу.Әр топқа бейнероликті бөліп беру арқылы олар оның мағынасын ашып өз ойларымен бөліседі. Керекті зат ватман, маркер.Таңдаған тапсырма арқылы топ болып жұмыс істейді. Аквариум әдісі бойынша тапсырманы қорғайды да тақырыпты ашады.

Балаңыз өзіне сенімді болуы, өзін-өзі бағалауы орынды болуы, батыл, бастамашыл болуы үшін, өз сөздеріңізге абай болыңыздар:өзіңізде теріс қуаты бар сөздер бар ма, соған талдау жасаңыз және баламен сөйлесуде оларды алып тастаңыз. Бейне-фильм қарауды ұсынамын. Экранға назар аударыңыздар.№1 «Ұл мен қыз» бейнеролигі. Ата-аналарды тағы да экранға назар аударуды ұсыну. №2 «Ата-аналар айқайы» бейнеролигі көрсетіледі. ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН: Бала өзіне ересектер қалай қараса, солай қарайды. Теріс сөздер баланың мінез-құлқын алдағы бірнеше жылға дейін бағдарламалай алады. Көп жағдайда ата-аналардың асығыспен, ойланбай айта салған сөздері директивтерге айналады (әрекеттерге, мінез-құлыққа, ойларға әмірлер) және баланың одан арғы дамуын айқындайды.
Ата-аналарға бағыттап, былай деп жалғастыру: «Өз арсеналыңыздан балаңызға бағытталған махаббат пен масаттануға толы сөздер табыңыз». Келесі көретіндеріңіз «Құмыра» деп аталатын №3 бейнеролик. Ендеше әр топ осы бейнероликтерді пайдалана отырып өз ойларыңызды қағаз бетіне түсіріңіздер бала тәрбиесінде неге баса көңіл аударған жөн. 3 бейне роликтен нені ұқтық? бізге бұл не береді?

Ата-аналармен семинар -тренинг тақырыбы: Бала-ата-ана өмірінің жалғасыАта-аналармен семинар -тренинг тақырыбы: Бала-ата-ана өмірінің жалғасыАта-аналармен семинар -тренинг тақырыбы: Бала-ата-ана өмірінің жалғасы

Ата-аналармен семинар -тренинг тақырыбы: Бала-ата-ана өмірінің жалғасыАта-аналармен семинар -тренинг тақырыбы: Бала-ата-ана өмірінің жалғасыАта-аналармен семинар -тренинг тақырыбы: Бала-ата-ана өмірінің жалғасы

Мотивациялау: Ендеше сіздермен бірге бағанадан бері талқылып қорыта келе.Сіздерге келесі әке мен қызының өзара қарым-қатынасы туралы бейне-ролик қарауды ұсынамын. Экранға назар аударыңыздар. «Әке мені биге шақыршы!» атты № 4 бейнероликті қосу . Әкесі мен қызы қарым-қатынасындағы жылылық пен махаббатты сезіне алдыңыздар деп үміттенемін. Мен осында отырған әрбір ата-анаға өз балаларыңызбен қарым-қатынаста дәл осылай бақытты болуды тілеймін.

Келесі сіздердің назарларыңызға ұсынылатын тамаша бейнеролик. Экранға назар аударыңыздар. Ана туралы аңыз бейнеленген №5 бейнероликті көрсету арқылы ата-аналарға тілек тілеу. Ананың қамқорлығы, ананың нәзіктігі, ең бастысы - ананың махаббаты барлық ауыртпалықтардан ең басты шипа! Ананың жүрегі - ең сенімді қорған осы! Ана барлық балаларын жақсы көреді - баласы біреу ме, үшеу ме, немесе бесеу ме - бәрібір, оның махаббаты барлығына жетеді! Және бұны барлығы өте жақсы біледі. Құрметті аналар! Сіздердің ана ретіндегі бақыттарыңыз әрқашан баянды болады деп үміттенемін!

Ой-сергіту:Құрметті ата-аналар! Сіздер үшін дайындалған осыншалықты маңызды ақпараттың молдығынан аздап шаршаған шығарсыздар, түсінеміз, сондықтан сіздермен « Мен қазақпын » әніне жаттығу жасау арқылы бой сергітейік. Енді бәріміз бірге бой сергітейік бейнеролик қосып бірге жаттығу жасату. «Мен қазақпын» әніне жазылған №6 бейнероликті қосу.

Ата-аналармен семинар -тренинг тақырыбы: Бала-ата-ана өмірінің жалғасыАта-аналармен семинар -тренинг тақырыбы: Бала-ата-ана өмірінің жалғасы

Проблеманы шешу: Ассоцияция «Сіз өз балаңызды білесіз бе?» Сауал арқылы ата-ананың баласы туралы мағлұмат алу. Ата-аналарға алдын ала балаларынан алынған сауалға байланыс- ты сауал беріледі. Осы сауал арқылы ата-ана өз баласын қаншалықты білетіндігі көрінеді. Кері байланыс: - тапсырманы орындау қаншалықты қиынға түсті? -қандай сезімде болдыңыздар? т.б.

Проблеманың шешімін қолдану: (рефлексия)

«Сиқырлы базар» қасиеттерді сатып алу топтық жұмыс. «Сиқырлы базар» бала бойына керекті қасиеттерді сатып алу. Қасиеттерді қағаз бетіне түсіруге мүмкіндік береді.

Қажеттті құрал- жабдықтар: Үлкен стандартты парақ және кіші визиткалар көлеміндегі (әр топқа 10 есебінде) қағаз, фломастер және түйреуіш қажет.

Жүргізілу барысы: барлық топқа тапсырма : жалпы адам бойындағы өздерін ұстау өте нашар және өзге адамдардың көңілдерінен шықпайтын бойларында көп жағымсыз қылықтар байқалатынына шағымданды. Бірақ, менің ойымша әр адам өзінің бойындағы ерекшеліктерге өзі баға беруге құқылы. Келісесіздер ме? ( топтан қарсы байланыс алу) Қалай болмағанымен біздің әрқайсымыздың бойымызда бізге көмектесетін немесе керісінше кедергі келтіретін қасиеттер кездесетіні айқын. Сол себепті қазір «сиқырлы базар» деп аталатын ойын ойнап көруді ұсынамын. Бұл базардың ерекшелігі мұнда адамның қасиеттері сатылады және айырбасқа түседі.

Парақтың жоғарғы жағына үлкен әріптермен «сатып аламын деп жазып» ( сатып алушыларға түсінікті болатындай етіп) және оған баланың бейнесін бейнелей отырып қалай саласыздар өз еріктеріңізде оған қажетті қасиеттерді жазыңыз мақал - мәтелмен немесе нақыл сөздерді пайдалана отырып жасауға болады. Сатып алатын қасиеттерді параққа жазып түйреуіштің көмегімен кеудеңізге қыстырыңыз.Енді кішкене парақтарды алып, оған сататын немесе айырбастайтын қасиеттерді жазыңыз.Сіз «сиқырла базардасыз». Енді базарды аралап, асықпай қай топқа қандай қасиеттер керек, қай топ не сатып жүргенін байқаңыз. Бұл жерде ешқандай шектеу жоқ. Өзіңізді еркін ұстап, саудаласыңыз. Сіздің топ өздеріңіздің 2,3,4 саудаңызды сатып, қанша айырбастасаңыз да еркіңіз. Тек есіңізде болсын. Сауда тегін жүргізілмейді. Міндетті түрде қасиеттерді айырбастау керек. Егер сіздің топтың көңілінен шықпаса басқа нұсқаларын қарап көріңіздер.Осы уақыт аралығында әрдайым базардағы белсенділікті қадағалап отыру қажет. Ойын «Сағат 6 болды, базар жабылады. Сауданы тоқтатыңыздар» деген нұсқасымен барып тоқтатылады.

Қажетті уақыт:4 минут

Кері байланыс: (6 минут)Жаттығу аяқталғаннан кейін топ өздерінің әсерімен бөліседі ( өз топтарына қажетті қасиеттерді табу қиын болды ма, қандай қасиеттерден арылып,қандай қасиеттерді иемденгісі келді? Базарда нені иемдену қиын болды, неге? Қандай рөлді сомдаған қиын болды? Сатушы ма? әлде сатып алушы ма? Осы рөлдерді ойнағанда қандай қиындықтар кездесті және қандай әсерде болдыңыздар)

Кері байланыс:

Құрметті ата-аналар!

Қарға баласын «аппағым» дер,

Кірпі баласын «жұмсағым» дер.

Тасбақа баласын «тұлпарым» дер,

Қаз баласын «сұңқарым» дер, -дегендей әр ата-анаға өз баласынан артық бала жоқ. Әр қайсымыз өз баламызды биіктен көргіміз келеді. Бала біздің болашақ өміріміздің, ұрпағымыз-дың жалғасы болғандақтан әр қайсымыз бала тәрбиесіне терең мән бере отырып ойлануымыз қажет. Бүгінгі тренингімізді аяқтай отырып өздеріңіздің алған әсерлеріңізді сол өмірдегі сіздің жемісіңіз балаңыздың биіктен көрінуі яғни мына алмадай тәтті болсын деп өз тілегіңізді жазып алма ағашына жапсырыңыздар.Осы жылы сөздер жанымызға шипа, балаларға үлгі болсын деп тілек тілейік. Осы мәуелеген ағаштай жемісін бірге жиік деп бүгінгі тренингімді аяқтаймын.
Ата-аналармен семинар -тренинг тақырыбы: Бала-ата-ана өмірінің жалғасы Ата-аналармен семинар -тренинг тақырыбы: Бала-ата-ана өмірінің жалғасы

Педагог-психолог -Танагузова Ұлбосын Аутжановна

Алматы обл.Талғар ауданы Талдыбұлақ ауылы

Қ.Әбдіғұлов атындағы № 34 орта мектеп-гимназиясы









БЕЙНЕРОЛИКТЕН КЕЙІН КЕЛЕСІ АТА-АНАЛАРДЫҢ ТЕРІС СӨЗДЕРІ

1. «Көздерім сені көрмесе ғой!», «Маған бұндай жаман бала керек емес», «Сен маған қаншама уайым әкелдің»! (ата-аналардың кінәлауы). Бала ішінен «мен болмағанда жақсы болар еді» деген қорытынды шығарады. Жасөспірімдік шақта кәмелетке толмаған бала үшін қауіпті мінез-құлық - жасырын суицид жайлы ойлауына да әкелуі мүмкін.

2. «Неге өзіңді кішкентай балаларша ұстайсың?!" Бұндай сөздер есейгенде адамдар өздеріне көп міндеттер артатындығына, оларда өз балаларымен араласуда қиындықтар туындайтындығына әкеп соғады, себебі оларға баланың жағдайына енуден гөрі баланы өз шаруаларына тарту оңайырақ.

3. «Ақылсынба», «Не айтылды, соны істе", «Мен не істеу керектігін сенен жақсы білемін". Балалар өздерінің зияткерлік қабілеттіліктеріне сенбейді, шарасыздық, құлазу сезімдерін сезінеді.

4. «Иттен қорқуға қалай ұялмайсың?", «Әкеңе қалай ғана ашуланасың?". Ашу, қорқыныш, реніш секілді эмоцияларды шығаруға тыйым салынады. Бұл эмоциялардың жеке тұлғаның ішкі гармониясын бұзатын күші бар. Салдарынан адам өз сезімін сөзбен жеткізе алмайды.

5. «Болмашы жараға бола жылама". Баланың сезімін елемеу. Ата-аналар баланың дене жарақатына, баланың сезімдеріне көңіл бөлмейді, болашақта оның қауіпсіздік қабілеті жоғалады. Салдары: денені бақылау сезімі жоғалады (оның көріністерінің бірі - семіздік)

6. «Сенің қолыңнан бәрібір ештеңе келмейді!" баланың жетістіктерге жету мүмкіндігіне сенбеу. Тіпті бала еңбекқор, ынталы болса да, ол өз жетістіктерін орынсыз деп есептейтін болады. Балаға бұндай қатынастың себебі ата-ананың жасырын іштарлығы болуы мүмкін.

7. " Менен басқа ешкімге сенбе", «Саған менен басқа кім шындықты айтады?". Бұндай сөздер балаға өзге адамдарға сенбеуге, ол үшін кез келген жақындық, ағынан жарылу қауіпті деп есептеуге үйретеді. Салдарлары: адам басқаларға сенуге бола ма, соны айқындай алмайды, өтірікті сезе алмайды, немесе керісінше барлығына күмәнмен қарайды.

8. «Өзің жасама - қауіпті!", «Мен өзім жасаймын", «Әкел, көмектесейін ", «Өзің жасама, мені күт". Бұндай қауіптенумен ата-аналар отбасындағы кенже балаларға немесе «кеш туған» балаларға қарайды. Салдарлары: әр істі бастағанда қорқыныш сезімі болады, кез келген жұмысты созбайлау.

9.« … соған ұқса" (мысалы, «Сен одан да жақсы істей аласың", «Идеалға ұмтыл."). Ата-аналардың бұл тіркестері көңіл толмаушылықты, балалары басқаларынан асып түсуін тілеуді білдіреді. Салдарлары: адам ұдайы өзіне көңілі толмайды. Түзету ықпалы: адамды нақты нәтижеге бағдарлау, әділ, оң баға беру.


10. «Сен сондай әлсізсің, ал тоқсанды жақсы бағалармен бітірдің". Басқаша айтқанда, балаға денсаулыққа, өзін жақсы сезінуге тыйым салынады. Ол ауруға табыну жағдайында тәрбиеленеді. Бала оған оның ауруы себебінен көңіл бөлінетіндігіне үйреніп кетеді, ал кез келген әңгімеде басты екпін ауруға түсіріледі. Ол шын мәнінде өзін жаман сезінеді, онымен ол басқалардың кінәлі сезінуін дамыта отырып, өз-өзін бағалауын көтереді.

Балаға «Мен сені жақсы көрем» деп айтудың ОТЫЗ тәсілі.

Бастайық, ал сіздер жалғастырыңыздар:

1. Жарайсың! 2. Жақсы! 3. Ғажап! 4. Менің күткенімнен әлдеқайда жақсы. 5. Тамаша! 6. Таңғажайып! 7. Орасан зор! 8. Ұмытылмастай! 9. Дәл осыны біз көптен күткенбіз. 10. Бұдан жан толқытарлық әсер алдым.

11. Сен қалай жақсы айттың - қарапайым әрі нақты. 12. Тапқыр. 13. Экстра-класс. 14 . Дарынды. 15. Сен бүгін көп нәрсе істедің. 16. Өте жақсы! 17. Енді керемет болды. 18. Тамаша. 19. Таң қалаларлық. 20. Көркемдік!

21. Ертегідегідей. 22. Өте анық. 23. Жарқын, бейнелі. 24. Тамаша бастама. 25. Сен дұрыс келе жатсың. 26. Сен бұны өте жақсы орындадың! 27. Сен бұны ептілікпен жасайсың. 28. Бұл нағыз керектің өзі. 29. Міне, ғажап!!! 30. Құттықтаймын!

Ал сіздер БАЛАҒА «МЕН СЕНІ ЖАҚСЫ КӨРЕМ» ДЕП АЙТУДЫҢ қандай келесі ОНЫН ұсынасыз?

ПСИХОЛОГ ЗАЛМЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ - ата-аналар балаға «Мен сені жақсы көрем» деп айтудың өз нұсқаларын ұсынады.

психолог жалғастырады:



© 2010-2022