Тренинг по психологии на тему Стреске сезімталсыз ба?

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Стреске сезімталсыз ба?»

Мақсаты: оқушылардың психологиялық көңіл-күйлерін көтеру, өздеріне құрметпен қарауға булу, ұжымда сыйластық қарым-қатынас орнату.

Түрі: тренинг сабақ

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, тест парақшалары, шарлар т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1)амандасу

2)эмоция жаттығуы

-шаршадым «Уһ!» дедім

-ренжідім «Туһ!» дедім

-қорықтым «Ой!» дедім

-өкіндім «Аһ!» дедім

-шарасыз «Еһ!» дедім

-таңырқап «О!» дедім

-кейідім «И!» дедім

-біліп ап «Е!» дедім

-қуанып «Ха-ха-ха!» дедім

4)көңіл-күй барометрі

Оқушылар өздерінің көңіл-күйлерінің қандай екенін қолмен көрсетеді. Егер көңіл-күйлерің көтеріңкі болса, алақандарын ашық, көңіл-күйлерің төмен болса, алақандарын бір-біріне тигізіп көрсетеді.

ІІ. Кіріспе

Сұрақ-жауап

-Стресс дегеніміз не?

-оқушы жауабы.

Стресс дегеніміз- қажу, қобалжу. Көңіл-күйдің құбылмалы болуы, тез шаршау, ашушаңдық, келіспеушілік, жиі стрестік жағдайға әкеледі. Сендерде өтпелі кезеңге байланысты жиі стрестік жағдайлар болып тұрады.

Осыған байланысты біз сендермен стрестік жағдайдан қалай шығуға болады, ондай ситуацияға түспес үшін не істеу керек екені жайлы сабақта талқылайтын боламыз.

  1. Ол үшін біз бірінші өзіміздің «Стреске сезімталсыз ба?» атты тест алып алайық.

  2. Рөлдік ойын

1жұп- «достар арасындағы келіспеушілік»

2жұп- «аға мен қарындас арасындағы өкпе»

3жұп- «ұстаз бен шәкірт арасындағы кикілжің»

  1. Ситуациялық тапсырмалар

-егерде мені біреу ренжітетін болса, мен.....

-менде кемшіліктер аз емес, мысалы.....

-біздің сыныптағы оқушылардың жақсы қасиеттері.......

4) Біз бағанадан кикілжің, ренжіту, өкпе жайында айтып жатырмыз. Ал кешірім дегеніміз не?

-сендер бір бірлеріңнен кешірім сұрай аласыңдар ма?

Бір әңгіме оқып берейін. Ертеде бір кісінің баласы болмай, күтіп жүргенде ұлды болады. Сол бала есерсоқ, тілі ащы, қайырымсыз адам болып өседі. Жұрт оған жақындамай жүруге тырысады. Әкесі әбден ойланып, мынадай айла жасайды. Баласын шақырып алып, бір жалпақ тақтай береді. Күніне қанша адамды ренжітсең сонша шеге қақ дейді. Бірінші күні бала тақтайға 37 шеге қағады. Әкесі «Балам өзіңді тежеп ұста, шегеңді азайтуға тырыс» депті. Баласы әкесін тыңдап, шегені азайта отырып, бір күні ешкіммен ұрыспайтын, шеге қақпайтын да күнге жетіпті. Сол күні әкесі былай деп ақыл айтады: «Балам мен сені дұрыс адам болмайтын шығар деп қорқып едім. Міне өзіңді-өзің тәрбиеледің, жақсы адам болатын жолға түстің. Бірақ балам мына тақтайға қарашы, бұрынғыдай тегіс әдемі емес. Беті шұрық тесік. Сен қанша кешірім сұрасаң да, олар қанша кешірдім десе де кезінде айтылған сөздерді қалай өшіресің? Бәрібір ол жүректің түкпірінде қалды ғой. Әрине, бұл күндерің әркіммен бір ұрсысып жүргеннен жақсы. Бірақ бұл саған өмірлік сабақ болсын, тіліңе ие бол»,-дейді.

-Бұдан қандай ой түйдіңдер?

5) «Дос іздеймін» газетке жарнама беру

6) «Ашулы шар» екі оқушыға шар таратылып беріледі, біреуі қатты, екіншісі бостау қылып үреді. Қатты шарды жару керек, бос шардың желін жайлап шығару керек. Қатты шар жарылғанда жан-жағындағыларға кері әсер етеді, ал бос шардың желін шығарғанда ешкімге зияны тимейді.

7) енді стреске шалдықпау үшін не істеуіміз керек деп ойлайсыңдар?

- оқушы жауабы

-ашушаң болмау, дем алу, ұйықтау, тыныс алу гимнастикасы, суық суға шомылу, жылап алу, іштегіні шығарып айту, күлу, сүйікті кітабыңды оқу, отқа, жұлдыздарға қарау, билеу, психологпен әңгімелесу.

Рефлексия: не ұнады, не ұнамады?

Қорытынды :

Ән айту «Достар»



© 2010-2022