Психологиялық коррекциялық сабақ Әріптер

Раздел Школьному психологу
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Психологиялық коррекциялық сабақ ӘріптерПсихологиялық коррекциялық сабақ ӘріптерПсихологиялық коррекциялық сабақ ӘріптерПсихологиялық коррекциялық сабақ ӘріптерПсихологиялық коррекциялық сабақ ӘріптерПсихологиялық коррекциялық сабақ ӘріптерПсихологиялық коррекциялық сабақ ӘріптерПсихологиялық коррекциялық сабақ ӘріптерПсихологиялық коррекциялық сабақ ӘріптерПсихологиялық коррекциялық сабақ ӘріптерПсихологиялық коррекциялық сабақ ӘріптерПсихологиялық коррекциялық сабақ ӘріптерПсихологиялық коррекциялық сабақ ӘріптерПсихологиялық коррекциялық сабақ ӘріптерПсихологиялық коррекциялық сабақ ӘріптерПсихологиялық коррекциялық сабақ ӘріптерПсихологиялық коррекциялық сабақ ӘріптерПсихологиялық коррекциялық сабақ ӘріптерПсихологиялық коррекциялық сабақ Әріптер«Әріптер» атты коррекциялық сабақ.


Мақсаты: байқағыштық пен ерікті, зейінді дамыту, зейіннің тұрақтылығын, бөлінуін, шоғырлануын және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Түрі: тренинг-сабақ

Пайдаланатын әдістер: интерактивтік әдістер,талдау, болжау, сұрау.т.б.

Қолданылатын материалдар: үлестірмелер, қиылған әріптер, суреттер.

Ескерту: бұл сабақ бастауыш сыныптарға арналған.

1-жаттығу. «Байқағыштық»

Оқушылардан үйден мектепке дейінгі жолда күнделікті көріп жүрген барлық нәрселерді толығымен айтып шығуды тапсыру.

2-жаттығу. «Зейінді дамыту»

Тақтаға бірнеше әріптер ілінеді.қатардағы артық әріптерді бояймыз, сосын сол әріптерден сөз құрау керек.

3-жаттығу. «Айырмашылықтарды табу»

Оқушыларға екі бірдей сурет көрсетіледі. Суреттегі 5 айырмашылықтарды табу керек.

Сұрақ: суреттердің бір-бірінен айырмашылығы қандай? Ұқсастықтарды табу қиын болды ма? (тағыда бірнеше суреттер берунге болады)

4-жаттығу. «Әріптерді тану»

Тақтаға әріптер жазылған плакаттар ілінеді. Оқушыларанықтап қарап,қандай әріптер жасырынғанын табулары керек.

В


5-жаттығу «Шығармашылық ойлауын дамыту»

Тақтаға плакат ілінеді. Жартылай жазылған әріптер көрсетіледі. Әріп толығымен шығуы үшін әрі қарай жалғастырып жазыңдар.



6- жаттығу.»Корректура»

Мәтіндегі сөздердің арасынан бір әріптерді тастап кетіп жазамыз. Оқушылар сол қателерді тексеріп, қалып қойған әріптерді жазып шығады.

Мысалы: оқушылар дема...ыс үйіне келді. Демалыс үйі қал...ң қарағайдың арасында ек...н. жанында үлк...н көл бар.к...лдің жағасында кішкене қайықтар тұр. Бал...лар қайық...а отырып серуендеді.



7- жаттығу. «Топтастыру»

Оқушыларға жеке үлестірмелер таратылады. Үлестірмеде 3-ке бөлінген таблица берілген. Таблицаға мынгадай сөздерді топтастырып жазулары керек. Аяқ киімддер, ойыншықтар, мектеп құралдары.


Аяқ киімдер

Ойыншықтар

Мектеп құралдар



Берілген сөздер: қуыршақ,қолғап, пенал,доп, сөмке,қалам, дәптер,конструктор,сызғыш, машина,етік, қоян, бәтеңке.

8- жаттығу. «Кеңістікке бағыт ала білу»

Тақтаға сызықтармен жазылған сөздер ілінеді. Оқушылар сызықтарды қосып,табулары керек.мынадай: «жарайсыңдар» «Сабақ аяқталды» деген сөздер шығады.

9-жаттығу. Тренинг «Суретші»

Оқушылар бірінің артына бірі тұрып,арқаларына саусақпен сурет салады. Әрқайсысы өздері сурет сала отырып,артындағы адамның қандай сурет салып жатқанын біліп, айтулары керек.

Сұрақ: сурет салғанда қандай сезімде болдыңыз? Қандай сурет салып жатқанын бірден байқадыңыз ба?

10. Қорытындылау. Оқушылардың пікірін тыңдау.





© 2010-2022