Дұрыс сәлем бере білейік!

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дұрыс сәлем бере білейік!


Адамның бір-бірімен қарым- қатынасы алғашқы сәлемнен басталады. Аман-саулық, туған- туысқанның, ағайын, жекжаттың амандығын, хатпен, телефонмен сау-саламаттығын білеміз. Сәлем беру үлкенді сыйлау, амандығына қуану, жамандығына күйіну,бір ғана қазақ халқының емес, барлық адам баласына тән қасиет. Олай болса осы дұрыс сәлем беріп жүрміз бе? Жас ұрпақтарға дұрыс сәлем беруді үйретіп жүрміз бе? Осы мәселе жөніндегі ой-пікірімізді жазып отырмын. «Сәлем -сөздің анасы» -дейді халық. Мақал сөздің мәйегі болса, сәлем одан да жоғары екендігі көрініп тұр.

Адам мен адамның қарым- қатынасы былай болу керек деп ешуақытта ешкім де алдыңнан даңғыл жол салып, бағдар нұсқай алмайды. Себебі адам реңі бір-біріне қандай ұқсамаса, әрбір жастың, әр адамның мінез құлқы да әртүрлі болып келеді. «Әкеңнің қадірін өзің әке болғанда білесің, жақсының қадірін жаманды көргенде білесің» дегендей. Қарттарға сіз деп саламаттығын сұрасаң,көңілі өсіп, «Өркенің өссін,көп жаса!» - деп алғысын айтады. Ал, қасынан үндемей өте шықсаң: «Өй, көргенсіз, осыларды оқытқан мұғалімдер сәлем беруді айтпайды-ау! Осыларға сәлем-саухат жөніндегі бұрыннан ата-бабамыздан келе жатқан салтымызды неге айтпайды екен» деген реніш туындайды.

Қарттардың орынды наразылығына қарай, біз сәлемді сөздің анасы ғана емес, барша жақсы қасиеттің алтын қайнары деп ұғынуымыз керек. Кейбір қарттар үлкен сыйлық күткендей сенің сәлеміңді әдейі тосып күтеді. Егерде сәлем бермесең кішілік те, кісілік те емес деп ұғады. Аядай ауыл ішінде жүрсе де немесе бастауышты бітіріп, басқа мектепте оқыса да өз оқушыларың өзіңе сәлем бермей өте шықса, қатты ренжіп қаласың.

-Сәлеметсіз бе, апай? Десе, еңбегім зая кетпеген екен деп іштей риза боласың. Сондықтан біз мұғалімдер, ата-аналар, бастауыш сыныптан бастап, ұлағатты сөздерді, даналық, асыл сырлы сөз түйіні - мақал-мәтелдерді, үлкенді сыйлау, кішіге ақыл айту, жаман әдептен жеркендіріп, өміріміздің өсуіне байланысты, әдемілікті, сыйластықты, сәлемдесуді, адамгершілік тәрбиесіне әрбір ұстаз баса назар аударып отыруымыз керек.

Бала мінезін қалыптастыруда ата-анаға, мектеп мұғалімдеріне үлкен жауапкершілік жүктеледі. Ата-анасы тәлімді, өнегелі жанұялардың балалары да ізетті, ибалы, еңбексүйгіш болатынын мен ұзақ жылдық ұстаздық жұмысымда көріп жүрмін. Мысалы, біздің ауылдағы көп балалы, кейбір ата-аналардың балалары мінезі сынық, үлкенге де сіз, кішіге де сіз, сабақта озат, жүріс-тұрысы басқаларға үлгі боларлықтай. Ал, бұған керісінше, кейбір жеке ата-аналардың балалары - сабаққа ынтасыз, мінездері адыр. Сәлем берудің орнына жаман сөздердің неше түрлерін біледі. Үйдегі жағымсыз тәрбиесін мектепте де істегісі келеді. Тәрбиеге көнбейтін «қиын» балалардың осындайлардан шығатынын көріп жүрміз. Бала мінезін, оны үлкенді сыйлап сәлем беруге үйрететін, мектеп, ұстаз, тәрбиешілердің еңбегі орасан зор. Жақсы ұстазға, жақсы ата-анаға еліктемейтін бала болмаса керек. Сондықтан біз ұстаздар, өзіміздің білім парасатымызбен, жүріс-тұрысымызбен, отбасындағы татулығымызбен, мінез байлығымызбен ерекше өнегелі болуға тиіспіз. «Жақсы мінез - өмір бойғы байлығың», «Бір жылы сөз - бір күнгі азық», «Жылы сөйлесең, жылан да інінен шығады», «Ащы сөз қанжардан бетер жаралар», «Бір өтірік сөз мың шын сөзді жоққа шығарар» деген сияқты тағлымдарда не деген түйінді мағына жатыр. Ұлы отанымыз үшін, біздің жарқын болашағымыз үшін қызмет еткен, жасы үлкейген адамдарды сыйлау, құрметтеу біздің міндетті парызымыз. Ақылды, парасатты, инабатты қариясы бар үй- ірі қазынасы бар үй екенін ұмытпауымыз керек. Жастарды кәріге де, жасқа да, дұрыс сәлем беріп, алғыс алуға үйретуіміз керек. Заман талабы осылай. Алғыс - ақ тілеу, ізгі ниет. Алғыс - адам сезімі. Оны тартып та, сатып та алуға болмайды. «Алғыспен ер көгерер, жаңбырмен жер көгерер». Бұл сөз тегіннен тегін айтылмаса керек. «Қарағым, рахмет» деген сөзде қандай мейірімділік, алғыс жатыр. Алғыс - асыл сезім. Оны ашып айтпай-ақ,көңілмен де білдіруге болады.

Дайындаған: А. Сырлыбаева

© 2010-2022