Презентация На тему «Бала тәрбиесі – мәңгілік мәселе. »

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бала тәрбиесі - мәңгілік мәселе .

Өнегесі мол отбасы тәрбиесіне ештеңе тең келмейді

Жас ұрпақты дұрыс тәрбиелеуге адалдықпен , асқан жауаптылықпен атсалысу - ата - ана мен ұстаздардың , әсіресе , сынып жетекшісінің басты парызы .

Ұстаздардың өмірі мектептегі еңбек майданында оқушымен тығыз байланыста болады . бір сыныпта әр түрлі бала болады , яғни , әр түрлі психология . Ендеше сол оқушылармен тіл табысып , жұмыс жасай білген ұстаз - психолог. Кейде келіспеушіліктер де , қиындықтарда туындап жатады . Сол кезде ата - ананың көмегі , ықпалы көп қажет болады . Мұғалім өзіне бағынбаған баланың қылығы үшін ата - анасын шақыруға тура келеді . Сондай жағдайда кей ата - ана мектепке келуден бас тартады , ал кейбірі келіп алып , мұғалімді жазғырады .

Сүйкімді , тіл алғыш , сезімі пәк , жүрегі таза бүлдіршін - орта немесе жоғары буынға

келгенде неге өзгеріп сала береді ? Оның тәрбиесіне ұстаз ғана емес , ата - ана , жүрген ортасының қатысы бар емес пе ?

Кей ата - аналар баланы қалай тәрбиелеу керектігін , қалай жақсы көретінін білдіре алмайды .Бірі - мұғаліммен бірдей етіп киіндіріп , қалтасына ақша салып , туған күндерін тойлағандарына мәз , енді бірі - шектен тыс қаталдыққа беріліп , айтқанын орындатады . Тәрбие - баланы бетке қақпай , бетімен жіберу емес , баланы тәрбиелеу - ақылмен , әдіспен күресе білетін адам шығару .

Ата - ана мен мұғалім арасындағы бір - біріне деген сенімділік - бірінші және шешуші шарт . Арадағы қарым - қатынас ата - ананың тәрбие ісіне қызығуын оятып , табысқа ұмтылдыратындай , өз күшіне сенімділік тудыратындай болып құрылуы тиіс .

Мұғалімнің екінші бір маңызды міндеті - отбасын педагогикалық білік - дағдылармен қаруландыру , оларды теориялық және практикалық түрде меңгерту .

Дұрыс ұйымдастырылған педагогикалык қарым - қатынастың аяғы ата - аналардың өз балаларының ғана емес , жалпы сынып тәрбие жұмысына қатысуына әкеледі .

Біз оқуға жағымды қатынасты қалыптастыруда ата - ананың алатын орнының маңызы зор екенін айтуымыз керек .Ол үшін әрбір ата - ана баласының қызығушылықтарымен , икемділіктерімен таныс болуы керек .Өкінішке орай ,көптеген ата - аналар баласының бос уақытында тек оқу әрекетімен шұғылдануын талап етеді Бұл баланың оқуға деген ықыласына кері әсерін тигізуі ықтимал .Сабаққа дайындық барысында ата - ананың күнделікті бала сабағына көмектесуі , қызығушылықтарын байқатып отыруы ,,баланы бағындырмай , өз еркімен сабақты орындауын ұйымдастырып , қолайлы жағдай жасауы баланың оқу әрекетіне жағымды қатынасын қалыптастыруға ықпалын тигізеді .

Ата - аналарды оқу пәнінің жаңа бағдарламаларымен, оқыту әдістерімен , мұғалімнің қоятын талаптарымен таныстыру үшін - ашық сабақтар ұйымдастыру тиімді . Бұл ата - аналардың мектептегі оқыту ерекшеліктерінің егжей - тегжейін түсінбеуінен туатын көптеген даулы жағдайларды болдырмауға мүмкіндік береді .

Мектептегі сыныптан тыс тәрбие шараларына ата - аналарды тартып , қатыстырып отырған дұрыс . Отбасылық танымдық көңілді ойын - сауық , спорттық сайыс . ата - аналар арасынан әр түрлі мамандық иелерімен кездесу кештері - осының барлығы ата - аналарға өз балаларын одан әрі танып білуге , балаларының бойындағы өздеріне белгісіз қызығушылықтарын , талантын , өнерлерін анықтауға мүмкіндік туғызады .

Ата - анамен сөйлескенде мұғалім барынша сыпайылық , әдептілік танытуы тиіс .

Сыпайылық әдептілік сақтау әсіресе өз балаларының бұзақылық жасауы мүмкін екеніне сене алмайтын ата- аналар алдында өте қажет .

Ата - аналар жиналысында оқу үлгерімі жетістіктерінің ғана қорытындысы жасалып қоймай , сонымен қатар педагогиканың маңызды мәселелері қарастырылса

жемісті болмақ .Ата -аналар жиналысы нәтижесінің ең басты көрсеткіші - ата - аналардың белсене қатысуы .Ол мектепке , мұғалімге деген сыйласымдық қарым - қатынасының белгісі .

© 2010-2022