Сыныптан тыс сабақ Зиянды әдеттерге жол жоқ!

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»







Тренинг сабақ

Тақырыбы:

«Зиянды әдеттерге- жол жоқ!»









Дайындаған: Ақмола облысы Жақсы ауданы Жақсы №1 орта мектебінің педагог-психологы Ғазез Ж.С





Тексерген:

Аға оқытушы

Басболатова А.Р.,











Көкшетау, 2015

Сабақ мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстанудың адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейте отырып, шынайы болмысын
іздеуіне үйрету.

Міндеттері:

1. Салауатты өмір салтының мәнін түсіндіре отырып, өмірдің шынайы ақиқат екендігін ұғындыру.

2. Өзіне сенімділік, қайрат, жігерлік қасиеттерін дамыту;

3. Салауатты өмір салтын ұстануға, зиянды нәрселерден қашық болуға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: слайд, суреттер

Зиянды әдеттер

Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін зиянды әдеттерден бас тарту қажет. Зиянды әдеттерге темекі, алкоголь (ішімдік), есірткі және уытты заттар жатады. Бұл заттарды ұзақ уақыт, ал кейде тіпті аз ғана уақыт пайдаланғанда организмде психикалық және тәндік тәуелділік дамиды. Зиянды заттарға әуестенудің барлық түрі ақырында ауыр науқасқа шалдықтырады. Бұл аурулар ұзақ әрі арнайы емдеуді қажет етеді. Адам зиянды заттарды пайдаланудан сақтану үшін олардың кейінгі зардаптарын білу керек.

Статистикалық мәліметтер бойынша планетада ересектердің 40 пайызы темекі тартады. Оның ішінде 60 пайызы ер азаматтар, 20 пайызы әйелдер екен.

Жыл сайын жер бетінде темекіден 3 миллион адам, яғни темекінің улы әсерінен әрбір 13 секунд сайын бір адам өледі екен.

І топ «Шылымқорлық»

Ұраны: «Темекіден түтін сорсаң улайсың, өзіңді-өзің жіпсіз байлап шырмайсың».

ІІ топ «Ішімдік»

Ұраны: «Болар бала кісілікке үйір, тозар бала ішімдікке үйір».

Зиянды әрекеттер туралы әңгіме жүргізейік.

І - топ «Шылымқорлық»

1-оқушы: Темекінің шығу тарихы - темекі Еуропа мен Азияға 15 ғасырда келген. Алғашқы кезде темекі тіс ауруына қарсы қолданылатын дәрі ретінде пайдаланылып жүрген. Ресейде темекі тарту дағдыға айналып, кең тек жайған мезгіл - Петр І патшалық еткен кез.

2-оқушы: Дүниежүзілік «Денсаулық сақтау» ұйымының мәліметі бойынша 2007 жылы темекінің зардабынан қайтыс болатындар саны 10 миллионға жетеді деген болжам бар. Темекінің шоғы 300 градусқа жеткенде оны сорған адамның аузының температурасы 60 градусқа дейін барады. Бұл ауыз, өңеш, кеңірдек, тыныс жолдары мен асқазан қабығының нәзік жасушаларын күйдіреді.

3-оқушы: Темекіден ауаға жылына 720 мың тонна күкірт қышқылы, 384 мың тонна аммиак, 180 мың тонна никотин, 660 мың тонна темекі майы, 550 мың тоннадай иісті газ шығады.

4-оқушы: Ертеде Түркияда темекі тартушылардың құлағын, мұрнын кесіп, қолын шауып тастаған. Англияда темекі тартатындарды дарға асқан. Ал Швецияда 2000 жылдан бері жас ұрпақ шылым шегуді білмейді.

Топ мүшелеріне қойылатын сұрақтар:

1. Не себептен балалар темекі шеге бастайды?

2. Адам күніне бір қорап темекі шегетін болса, оның өкпесіне бір жылда қанша темекі қоры жиналады?

Қазіргі кезде темекіден арылғандар саны көбейе түсуде. 31 мамыр - шылымқорлықпен күресудің халықаралық күні деп белгіленген.

ІІ - топ «Ішімдік»

1-оқушы: Маскүнемдік - алкоголь ішімдіктерін үнемі қолданудан және шектен тыс үйір болудан қанға сіңіп кететін дерт. Ағзаның бірқатар қызметін бұзатын және тереңдей беретін кесел. Алкоголь ішімдіктеріне құнығу жолдары:

1. Тұрмыс жағдайындағы маскүнемдік.

2. Бас жазу синдромы немесе үнемі ішкісі келу.

3. Ішкен ішімдік мөлшерін бақылауды жоғалту.

2-оқушы: Алкоголь ішімдіктеріне тым үйір адамның өмір ұзақтығы - халықтың орташа өмір ұзақтығымен салыстырғанда 15-20 жас кем. Баланың миының дамуының 40-60 пайыз артта қалу себебі ата-аналарының маскүнемдігі.

3-оқушы: Қазақстанда халықтың басым көпшілігі алкоголь ішімдктерін пайдаланады, оның ішінде балалар-7 %, жасөспірімдер-37 %, жастар-54,5 %. Бұл балалар мен жасөспірімдердің ата-аналарының біреуі не екеуі де маскүнемдікке салынған жандар екені анықталған.

Маскүнемдікті дер кезінде тоқтатпасаң, айықпас дертке ұшырап өз өміріңе балта шабасың.

Қазір сіздерге Жақсы №1 орта мектебінің 7 -сынып оқушысы Хамит Айжанның өзінің құрастырған ертегісін сіздерге ұсынғым келіп отыр. (Слайд көрсету)

Темекінің дос іздеуі

Баяғы бір заманда темекі өмір сүріпті. Ол өте өзімшіл екен. Онымен ешкім дос болғысы келмейді. Содан ол өзіне дос табуға сапарға шығады. Ол миға кездесіп, өлеңдетіп: Сыныптан тыс сабақ Зиянды әдеттерге жол жоқ!

Ашуыңды басатын,

Көңіл -күйіңді ашатын

Темекі деген мен болам.

Менімен дос болуға қалай қарайсың?

-дос болғым-ақ келеді бірақ сенімен дос болсам қанайналымым төмендейді, мінез-құлқым да өзгереді. Сондықтан да мен сенімен дос бола алмаймын депті.

Сонда темекі:

-дос болмасан болмай-ақ қой! -деді де ауыз қуысына барады.

Өлеңдетіп:Сыныптан тыс сабақ Зиянды әдеттерге жол жоқ!

Ашуыңды басатын,

Көңіл- күйіңді ашатын

Темекі деген мен болам.

Менімен дос боласың ба? -деді темекі.

-жоқ мен сенімен дос болғым келмейді. Сен менің тістерімді құртасың - дейді.

Темекі мысқылдап, сенен де басқа дос табылады- деп жолға шығып кетеді.

Жолда келе жатып, Өкпені көріп, тоқтай қалып өлеңдете жөнеледі:

Ашуыңды басатын,Сыныптан тыс сабақ Зиянды әдеттерге жол жоқ!

Көңіл -күйіңді ашатын

Темекі деген мен болам- деп, мақтанды темекі.

-менімен дос болуға қалай қарайсың?

- жоқ, мен сенен зиянды көп көремін. Сенің түтініңнің бір тамшысы жылқыны өлтіруге күші жететін никотин бар. Тіпті мені де қатерлі ісікке апарасың. Дүниежүзінде әр бір минут сайын бір темекі шегетін адам қайтыс болады. Кешір депті өкпе.

Туф-деп, өңі бұзылып, темекі жүрекке барады.Сыныптан тыс сабақ Зиянды әдеттерге жол жоқ!

Жүректі көре сала темекі өлеңдете жөнелді.

Ашуыңды басатын,

Көңіл- күйіңді ашатын

Темекі деген мен болам.

-Менімен дос болуға қалай қарайсың?

-Жоқ, кешір мені сенімен дос бола алмаймын. Сен өзімшілсің және сенен маған зиян келеді, тез қажимын, жылдам істен шығамын, ақыр соңында өмір сүруім тоқтайды- депті жүрек. Сондықтан да сенімен дос бола алмаймын.

Темекі жолда діңкесі құрып келе жатып, теріні көре сала қуанып, өлеңдете жөнеледі:

Ашуыңды басатын,

Көңіл -күйіңді ашатын

Темекі деген мен болам-деп өзін мақтай бастайды.

-Өкінішті- ақ, бірақ сенімен дос бола алмаймын-депті. Сенің кесіріңнен өз жасымнан үлкен көрінемін, әжімдер көбейіп тез қартайамын. Сондықтан да жөніңе жүре бер- депті тері.

Темекі бәріне ренжіп келе жатып, адамға жолығады.

«Ей, адамзат сен мені қасыңнан қалдырмай, досың ретінде еріте аласың ба?»- деп жалына бастайды темекі.

-Жоқ. Сен бәріне де зиян келтіресің. Көрдің бе, сенімен ешкім де дос болғысы келмейді. Мен өз таңдауымды жасадым, сенің орның қоқыста!- деп адам оны лақтырып жібереді. Сыныптан тыс сабақ Зиянды әдеттерге жол жоқ!

Сұрақтар:

  • Бұл ертегіден қандай ой қорытар едің?

  • Зиянды әдеттерге қарсы сіздің де өз ойлаған жоспарыңыз, ізденіс жұмыстарың бар ма?

  • Зиянды әдеттерге жол бермеу туралы достарыңа айтар ұсыныстарың қандай?

Шығармашылық жұмыс

1) тапсырма. Фильмнен үзінді көру, ойларын айту.

1) Алкоголь (Ішімдік)

2) Темекі

Сұрақтар:

  • Адамдарды алкогольге, темекіге итермелейтін не нәрсе деп ойлайсыңдар?

  • Ішімдік пен темекі адам өміріне тигізетін зияны туралы не айтар едіңдер? Мысалы?

  • Ерік-күші әлсіз, рухани дүниесі таяз адамдар әркез осындай әрекеттерге барады, кейін өкініп жатады, бұл дұрыс па?

  • Осындай әрекеттер адамдық қалыптан айырады деген сөзге келісесіңдер ме? Неліктен?

  • Осы бейне фильмнен қандай ой түйдіңдер?

2) тапсырма. Оқушылар мына сұрақтар арқылы пікір аламасады.

- Мен кіммін?
- Менің өмірдегі мақсатым не?
- Қазіргі сәтте қалайша толық өмір сүре аламын?

Анкета

1.Зиянды әдеттердің адам денсаулығына зиянды екенін білесіз бе?

А) ия

ә) жоқ

б) күмәнім бар

2.Сіз зиянды әдеттерге бейімсіз бе?

А) жоқ

ә) көңілсіз болғанда

б) ия

3.Шылмның, ішімдіктің денсаулыққа зиян екенін білесіз бе?

А) ия

ә) көп әсері жоқ деп ойлаймын

б) білмеймін

4.Бұл заттарды сатуға тыйым салу жастардың қызығушылығын азайтады дегенге сенесіз бе?

А) ия

ә) жоқ

б) ішінара

5.Зиянды әдеттер туралы мағлұматтарды қайдан аласыз?

А) Ақпарат құралдарынан

ә) жолдастарымнан

б) ата-анамнан

Қорытынды.

Ішімдіктің, темекінің, есірткінің зардаптарынан болатын өзгерістердің ішіндегі ең елеулілері - адамның ақыл-ойы мен санамыздың бұзылуынан сақтанайық, жас ұрпақ!

Сондықтан жас кезден денсаулықты сақтап, темекіге әуестенбей, темекі шегушілерден бойды аулақ ұстап жүрген дұрыс.

Ей замандас, алдыменен досыңды ұқ.

Досың спорт, таза ауа, өсімдік.

Ала жүріп, осылардың сыйлығын -

Жаңа ғасырға біз берейік көріктік.


© 2010-2022