«Тұлғаны рухани-адамгершілікке тәрбиелеудегі мұғалімнің рөлі»

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Тұлғаны рухани-адамгершілікке тәрбиелеудегі мұғалімнің рөлі»

Қызылода облысы Жалағаш ауданы

№201 орта мектеп-лицейінің

өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Жанашева Алтынкүл Нағыметқызы

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Біз тұрғызатын қоғам, арды бағалайтын, белсенді жоғары моральді, әдепті және рухани байлығы мол адамдардан тұруы керек»,- деп, білім саласын болашақ ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесіне көңіл бөлуіне бағыттады. Бүгінгі қоғам алдында тұрған ең жауапты міндет - тәуелсіз мемлекетіміздің уығы боп қадалатын қоғам мүшелерін, яғни жас ұрпақты рухани-

Осы орайда тұлғаны рухани-адамгершілікке тәрбиелеп, болашағына жол сілтеу - біздердің, яғни мұғалімдердің ең басты мақсатымыз деп білемін. Педагогикалық тәжірибемде осынау басты мақсатты қалай іс жүзіне асырамын? -деген сауал болды. Көкейдегі сауал төңірегінде көптеген толғаныстар болды. Соның нәтижесінде мұғалім рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде оқушыны ықпал ету объектісі емес, ынтымақтаса қызмет ететін тұлғаға айналдыруы тиіс екенін ұқтым.

«Мұғалімдік мамандық - бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер - ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады",- деп ой түйіндейді В.Сухомлинский..

Жаңа ғасыр толқыны әкелген жаңалықтарға сәйкес қазіргі заманда адамның тұлғалық дамуына баса назар аударылып, жас жеткіншектерге берілетін білім негіздері олардың жеке-даралық қабілеттерін жетілдіруге қызмет етеді. Әр баланың ішкі мүмкіндігі мен өзіндік қарымын дамытуға әсер ететін рухани-адамгершілік қағидалары - жеке тұлғаны өзін-өзі жүзеге асыруының аса қажетті шарты болып табылады. Білім - әлемдік, тәрбие - ұлттық екенін ескере келе тұлғаны рухани адамгершілікке тәрбиелеуде жалпыадамзаттық құндылықтарды негізге алу керек деп ойлаймын.

Бүгінгі таңда жас ұрпақтың саналы, тәрбиелі болып өсуі тәрбие жұмысының азаматтық, патриоттық, адамгершілік, эстетикалық, құқықтық түрлері арқылы іске асырылады. Қоғамдағы рухани дағдарыстың көріністерін күнделікті өмірімізде де, жалпы әлемдегі қатыгездік пен мейірімсіздік нәтижелерін барлығымыз да ақпарат құралдарынан болсын, күнделікті өмірден болсын естіп көріп жүрміз. Ендеше, рухани-адамгершілік құндылықтарды болашақ ұрпағымызды оқытып, үйрету, тәрбиелеу үдерісінде басты мақсат қылуымыздың маңыздылығына ешкім күмән келтіре алмайды[4].

Ізгі педагог Ш.А.Амонашвилидің «Мейрімім, қайдасың сен?» атты кітабын оқып түсіне келе, неге ол кісі «Мейірімді» басты орынға қойды? деген ой келді. Шын мәнінде «мейірімде» үлкен құдірет бар. Бала тәрбиесі үшін, ұстаздар үшін үлкен мәні бар екенін түсіндім. Автор мейірімнің түр-түріне тоқталады. Қандай керемет! Сол мейірімнің бәрі барлық ұстаздың, барлық адамзаттың бойында табылса ғой шіркін. Әрине ол кезде ұстаз нұрланып, бар баланы құшағына алып, мейіріне бөлеп, шуағымен нұрландырар еді. Сонда бала да ұстазын жақсы көріп, өз анасындай құрметтер еді. Әр мұғалім өз пәнін осындай мейірге толы, таза жүрекпен, сүйіспеншілікпен өткізсе , баланың бәрінің жүзі нұрланып, өмірге деген көзқарастары сүйіспеншілікке толы болар еді [2].

Шын мәнінде оқушылармен жұмыс жасау кезінде алдымен оларды жақсы көру керек. Алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер ұстазының мейрімін қажет етеді. Оларға деген риясыз сүйіспеншілігің мен мейріміңді бере білсең, баланың жүрегіне жол табуға болады деп ойлаймын. Баламен тез тіл табысып, оны шабыттандыра аласың деп ойлаймын.

Тәжірибесімен көреген, сөзі мен ісі сай мұғалімнің қасындағы шәкірттерінің жолы қандай жеңіл. Соған қарамастан мұғалімнің өз ізденісін тоқтатпайды, себебі өмірдің өзі- ұлы мектеп. Өз шәкірттерін қоғамда өмір сүруге және еңбектенуге ,жақсылық пен жамандықты ажырата білуге, өз ар-ұжданымен үйлесімді өмір сүре білуге тәрбиелейтін мұғалім оқушылар мен олардың ата-анасының жанында мәңгілікке қалатыны сөзсіз.

Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», - дейді. Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіндегі жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығара білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен қарым-қатынасынада ықпал етері сөзсіз.

Оқу білімдерін меңгертумен қатар, педагог тұлғаның рухани-адамгершілік дамуына да жауапты екендігін ұмытпаған жөн. Мұғалімнің басты борышы дәл осында, өскелең ұрпақтың рухани әлемін тәрбиелеуде, адамның қоғамда өмір сүруінің моральдық нормалары мен ережелерін айқындауында болып табылады. Мұғалім бала кезден бастап баланың бойындағы жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығарады, әлемге деген дұрыс қатынасқа дағдыландырады, мораль нормаларына және ар-ұжданға сәйкес өз мінез-құлқын түзетуге үйретеді, қоршаған ортаға қатысты ізгілік, құрмет, мейірімділік, қайырымдылық пен төзімділік қасиеттерімен өмір сүруге баулиды.

Мұғалімдердің тәрбие алушылар үшін жасайтын кішігірім ерліктері оқушылардың оларды өмір бойы жадыларында ұстауына мүмкіндік туғызады. Кез-келген жағдайда өз шәкіртінің мұқтаждығына көмекке келе алатын шынайы мұғалім балалардың тағдырларына орасан зор рөлге ие болады және оның келбеті тіл алмайтын оқушының өзінің жүрек тереңінде мәңгілікке қалады[3].

Қай қоғамда, қай мемлекетте болсын, кез-келген мұғалім оқушылардың бойындағы жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару арқылы баланың өзін тануына, басқаны тануына, баланың болашақ дамуына зор ықпал етеді.

Бұл мақсатқа жету үшін «Өзін-өзі тану» рухани- адамгершілік білім Бағдарламасының жүзеге асырылуы зор үлесін қосады деп ойлаймын.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. 2012ж 28.01

2Амоношвили Ш.А. «Улыбка моя, где ты?»

3.Р.А.Мұкажанова, Г.А.Омарова, Р.Мұратханова «Мұғалімге арналған нұсқаулық»,- Алматы: «Бөбек» ҰҒППБСО, 2015. -15б,23б

4.Қ.Жұмажанова Ұстаздардың әлеуметтік порталы- реd.kz



© 2010-2022