МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТТАРЫНА БЕЙІМДЕУ

«Дені саудың – тәні сау» деп көне рим ойшылы Ювенал айтпақшы, әр адам өз денсаулығының кепілі. Әу бастан өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтының қағидаларын құлаққа сіңіре берсе, оған қоғам мен ата-аналардың ақыл-кеңестері, берер үлгілері үлкен сабақ болары анық. Қай қоғамда болсын дені сау, алға қойылған мақсат-міндеттерді орындай алатын, қажет болған жағдайда өз елін дұшпаннан қорғай алатын жан-жақты дамыған, көзі ашық, көкірегі ояу азамат қажет.           Қазақстан  Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде шығарып жатқан өкімдері мен жарлықтары жетерлік. Олардың барлығы өз уақытында іске асып жатыр. Бұл орайда  «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның стратегиялық мақсаттарына жетудегі табыстарының ажырамас құрамдас бөлігі» деп көрсетілгендігін атап кеткен орынды. «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасында «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға бағытталғанын»  атап көрсеткен.  Денсаулық – тек әр адамның ғана құнды игілігі емес, қоғамның да игілігі болып табылады. Ол бізге жоспарларымызды орындауға, негізгі өмірлік міндеттерді сәтті шешуге, қиындықтарды еңсеруге, қажет болған жағдайда шам...
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТТАРЫНА БЕЙІМДЕУ



Авторы: Бексейтова Жазира Шахжаргеровна

№43 Ж.Махамбетов атындағы қазақ орта мектебі

Қызылорда қаласы

E-mail: [email protected]

«Дені саудың - тәні сау» деп көне рим ойшылы Ювенал айтпақшы, әр адам өз денсаулығының кепілі. Әу бастан өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтының қағидаларын құлаққа сіңіре берсе, оған қоғам мен ата-аналардың ақыл-кеңестері, берер үлгілері үлкен сабақ болары анық. Қай қоғамда болсын дені сау, алға қойылған мақсат-міндеттерді орындай алатын, қажет болған жағдайда өз елін дұшпаннан қорғай алатын жан-жақты дамыған, көзі ашық, көкірегі ояу азамат қажет.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде шығарып жатқан өкімдері мен жарлықтары жетерлік. Олардың барлығы өз уақытында іске асып жатыр. Бұл орайда «Жаңа онжылдық - Жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның стратегиялық мақсаттарына жетудегі табыстарының ажырамас құрамдас бөлігі» деп көрсетілгендігін атап кеткен орынды.

«Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасында «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға бағытталғанын» атап көрсеткен. Денсаулық - тек әр адамның ғана құнды игілігі емес, қоғамның да игілігі болып табылады. Ол бізге жоспарларымызды орындауға, негізгі өмірлік міндеттерді сәтті шешуге, қиындықтарды еңсеруге, қажет болған жағдайда шамадан тыс жүктемелерді де еңсеруге көмектеседі. Мектеп жасындағы балалардың салауатты тамақтану жүйесін күнделікті мектеп медбикесі мен сынып жетекшілері назарда ұстап отыруы керек.Әсіресе таңертеңгі ауысымда оқитын оқушылардың көпшілігі таңғы асты ішпей келеді. Содан барап баланың ішкі ас қорыту мүшелерінде ауытқушылық болады.Сол себепті 1 - 4 сынып оқушылары түгел ыстық тамақпен қамтылуы қажет. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымының деректері бойынша, денсаулыққа әсер ететін факторлардың 50-60 пайызы өмір тіршілігіне, 20 пайызы тұқымқуалаушылыққа, 20 пайызы сыртқы ортаның жағдайына, 8-10 пайызы дәрігерлік көмектің деңгейіне байланысты екен. Бұл деректер денсаулық үшін күрестің негізгі бағыты: салауатты өмір салтын қалыптастыруға, оны насихаттауға бағытталған шаралар қажеттілігін дәлелдейді. Саналы түрде сақталатын және адамның өзі нығайтатын игілікті денсаулық оны ұзақ және белсенді өмірмен қамтамасыз етеді. [1]

Көптеген адамдар салауатты өмір салтының қарапайым нормаларының өзін сақтамайды. Кейбіреулері қозғалыссыз өмірден болады, ол мерзімінен ерте қартаюға әкеліп соғады. Ал басқалары тамақты шамадан тыс көп тұтынады, соның нәтижесінде олар семіріп, қантамырлардың склерозына, қант диабетіне душар болады. Үшіншілері, ақыл-ой және тұрмыстық жұмыстардан демала алмайды, ойын басқа жаққа аудара білмейді, үнемі мазасыз, жүйкесі сыр берген, ұйқысыздықтан жапа шегеді.Осының нәтижесінде ішкі ағзалардың ауруына шалдығады. Ал кейбіреулері шылым шегу мен ішімдік ішу сияқты жаман әдеттерге бой алдырып, өз өмірін белсенді түрде қысқартады.

Адам денсаулығының басты құрайтын көздері оның рухани және тәндік жағдайы болып табылады. Әлеуметтік көздерін құрайтындар әлеуметтік байланыстар мен жеке адамның рухани саулығының ажырамас бөлігі болып табылады.

Жан және тән саулығы адамның жалпы жеке денсаулығының ажырамас бөлігі болғандықтан ұдайы үйлесімді бірлікте болуға тиіс. Тән сұлулығы жан сұлулығына ықпал етеді және рухани бақылау тән саулығын сақтау үшін қажетті шарттарды жасайды.

Жан саулығы - ойлау жүйесімен, қоршаған ортаны танумен және оған бейімделумен қамтамасыз етеді; бұл арқылы біз қоршаған ортаға немесе белгілі бір адамға, затқа, білім саласына, принципке қатысты өз орнымызды анықтаймыз немесе сезінеміз. Жан саулығына өз - өзіңмен, туысқандарыңмен, достарыңмен және қоғаммен жарасымдықта болу, оқиғаларды болжай және кескіндей білу арқылы қол жетеді. Белгілі бір деңгейде жан саулығына сенім үлкен демеу болады. Не нәрсе болсын сену - ар - ожданның ісі. [1]

Тән саулығы белсенді қозғалыспен, нәрлі тамақпен, организмді шынықтырумен және тазартумен, уақытпен және дем ала білумен, арақ - шараптан, темекіден және есірткіден бойды аулақ салумен жетіліп отырады.

Өзің үшін салауатты өмір сүрудің және жүйесін құра отырып, жеке гигиена, ой және дене еңбегінің арасындағы қарым-қатынас, дене шынықтыру, тамақтану мәдениеті, демалыс режимі, арақ - шараптан, темекіден, есірткіден біржола безіну, дұрыс жыныстық қатынас жасай білу сияқты тіршіліктің барлық бағыттарын ескеру қажет.

Жан саулығы мен тән саулығы бір - бірімен тұрақты жарасымдық бірлігінде болуға тиіс, өйткені бұл адамның жеке саулығының ажырамас бөлігі. Тән саулығы рухани өмірге әсер етеді, рухани бақылау денсаулықты қолдау үшін қажетті тәртіпті береді.

Денсаулық - бұл адамның алғашқы да маңызды қажеттілігі, ол тұлғаның еңбекке қабілеттілігін анықтайды және оның үйлесімді дамуын қамтамасыз етеді. Бұл қоршаған ортаны танудың, адамның өзін-өзі тануы мен бақытты өмір сүруінің маңызды алғышарттары болып табылады. Белсенді ұзақ өмір - адами факторлардың маңызды бір бөлшегі. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы денені жетілдіретін, көңіл-күйді көтеретін, өскелең ұрпаққа рухани-патриоттық рух беретін, отансүйгіштікті қалыптастыратын, ақыл-ойды арттыратын жақсы қасиеттерді дамытатын бұқаралық спорт түрлері жетерлік.

Мектептің білім беру жұмыстары зиянды әдеттерден сақ болуға, темекі шегу, нашақорлық, токсикомандық, ішімдік және тағы басқа да денсаулықты сақтауға байланысты сұрақтарды шешуге, әлеуметтік факторларға көңіл бөлуге және оның тиімді жағын қатыстырады. Мектеп оқушылардың денсаулық туралы білім алуының бір ғана қайнар көзі болып табылады.Қалған білімді оқушы үйде, араласатын аумағында және тұрған жеріндегі қарым қатынаста болатын ортадан алады.

Ұлттық ерекшеліктердің адамзаттың жан-жақты дамуы үшін қосар үлесінің мол екендігі ғалымдардың еңбектерінде көрсетілген. Классикалық спорт түрлерінің әйгілілігі бар, дүние жүзінің кез-келегн жерлерінде кең таралып, дәстүрлі жарыстары ұйымдастырылады. Мектеп қабырғасында да волейбол, баскетбол, футбол, түрлі жеңіл атлетика ойындары, теннис ойындарынан түрлі жарыстар өткізілсе, ой қабілеттерін дамытатын шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойындарынан апталықтар ұйымдастырылып тұрады.

Бүгінгі күнге дейін бізде өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтын қалыптастыру процесі дене тәрбиесімен теңестірілді. Алайда мәңгіру (стресс) мен невроз, агрессивтілік пен немқұрайдылық, әлеуметтік дерт пен экологиялық нашар жағдайларда өмір сүру ғасырында оқушы жастардың денсаулық мәдениетін қалыптастыру бойынша қойылған міндеттерді шешуде дене тәрбиесінің шамасы жетпейтінін өмір көрсетті. [2]

Қазақстандық мектеп оқушыларының салауатты өмір салты проблемасын зерттеу қазіргі кезде мектеп тәжірибесіне оқушылардың валеологиялық сауаттылығын, салауатты өмір салтын қалыптастыруына ықпал ететін түрлі сауықтыру бағдарламалары кіргізіліп жатқанын көрсетті. Әдетте, мектептерде жекелеген сауықтыру шаралары ұйымдастырылады, өкінішке орай, олар көп жағдайда оң нәтиже бермей жатады. Сондықтан денсаулық шығармашылығы бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Балалық - адам өміріндегі ерекше бірегей кезең, ол өмірге даярлық емес, белгілі бір, тек соған ғана тән қажеттіліктер мен мүмкіндіктер шеңбері бар өмір деген қорытынды жасалды.

Сондықтан, оқу процесін ұйымдастыруда оқушылар арасындағы айырмашылықтар ескерілген және барлық оқушылардың оқумен қатар тәрбие қызметтерін тиімді меңгеруі үшін жағдай жасауға мүмкіндік беретін, яғни оқушылардың дербес ерекшеліктері барынша ескерілген оқытудың қайта құрылған мазмұны, әдістері мен түрлері қажет.

Салауатты өмір салтын насихаттайтын суреттер (темекіден болатын ауыз куысының аурулары, өкпе, жүрек, қан тамырларының әр түрлі ауруларға шалдығуы, арақтан болатын наркологиялық аурулар) мектептің әрбір қабатында, әр сыныптардың денсаулық бұрыштарында көбірек ілінуі керек. Қазақтың «Мың айтқаннан бір көрген жақсы» деген қағидасын осы суреттер арқылы оқушылар зиянды әрекеттердің адам өміріне балта шабатынын түсінеді.















Пайдаланылған әдебиеттер







  1. Икманова Г. «Саулық пен сымбат» - Алматы: Қайнар, 1991 ж

  2. Тәнікеев М. «Қазақстандағы дене шынықтыру мен спорт тарихы» - Алматы, 2002 ж.















© 2010-2022