Сенімді мінез-құлықты тәрбиелеуге арналған тренингтік жаттығулар жиынтығы

                «Үш есім » жаттығуы. Мақсаты: -         Өзіндік рефлекцияны дамыту. -         Өзін-өзі тану бағдарын қалыптастыру.  Әрбір қатысушыға үш үлестірме қағазы таратылады. Бұл қағаздарға өзінің есімінің үш нұсқасын жазу керек (мысалы, сізді туысқандарыңыз, қызметтестеріңіз және жақын достарыңыз қалай атайды). Әрі қарай топтағы әр қатысушы осы есімді қолдана отырып, аталмыш есімге сай келетін немесе осы есімнің тууына себепші болған өз мінезіндегі ерекшелігін сипаттай отырып өзін-өзі тан...
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Сенімді мінез-құлықты тәрбиелеуге арналған тренингтік

жаттығулар жиынтығы



«Үш есім » жаттығуы.

Мақсаты:

  • Өзіндік рефлекцияны дамыту.

  • Өзін-өзі тану бағдарын қалыптастыру.

Әрбір қатысушыға үш үлестірме қағазы таратылады. Бұл қағаздарға өзінің есімінің үш нұсқасын жазу керек (мысалы, сізді туысқандарыңыз, қызметтестеріңіз және жақын достарыңыз қалай атайды). Әрі қарай топтағы әр қатысушы осы есімді қолдана отырып, аталмыш есімге сай келетін немесе осы есімнің тууына себепші болған өз мінезіндегі ерекшелігін сипаттай отырып өзін-өзі таныстырады.

«Мақтану» жаттығуы.

Мақсаты:

  • Өзін-өзі ашу дағдыларын қалыптастыру.

  • Топ алдында сөйлеу, өзін көрсету дағдыларын жетілдіру.

Қатысушылар шеңбер құрып отырады және оларға тапсырма беріледі (дайындалуға 2-3 минут). «Әркім топ алдына өзінің қандай да бір сапасымен, біліктілігімен, қабілеттілігімен мақтануы, өз бойында бағалайтын күшті жақтары жайлы айтуы тиіс».

Сөйлеуге 1 минут беріледі.

Топ қатысушыларының барлығы сөйлеп болған соң, жаттығуды орындау барысында пайда болған сезімдерді талқылау жүреді.





«Бәріне ортақ зейін» жаттығуы.

Мақсаты:

  • Қарым-қатынастың вербалды емес құралдаын ұштастыра білуді дамыту.

  • Қарым-қатынас құралдары арқылы қоршағандардың зейінін аудару дағдыларын қалыптастыру.

Ойынға қатысушылардың барлығына қарапайым бір тапсырманы орындау жүктеледі. Физикалық әрекеттерге жүгінбей, кез-келген құралдар арқылы қоршағандардың зейінін өзіне аудару керек. Барлық қатысушылар бұл тапсырманы бір мезетте орындайды. Соңында кім, қандай құралдар арқылы басұалардың зейінін өзіне аудара білгендігі талқыланады. Жаттығуға 15 минут беріледі.

«Шеңберге кіру» жаттығуы.

Мақсаты:

  • Топтық бірлікке ынталандыру.

  • Эмоциялық күштенуді түсіру.

Топ мүшелері бір-бірінің қолдарынан ұстап, тұйық шеңбер құрады. Алдын-ала жүргізуші алдыңғы ойын қорытындыларына сүйеніп, топтың қай мүшесі топқа ене алмай қалғанын анықтайды және оған жаттығуды бірінші болып орындауды, яғни шеңберді жарып, ішіне өтуді ұсынады. Дәл осылайша әрбір қатысушы ойнайды.

Тренингтік жаттығуларды жүргізіп болған соң, жалпы қорытынды жасалады. Онда ір қатысушының сұрақ-жауап алмасуы жүреді, сұрақтар тізбегін топ құрады. Мысалы:


© 2010-2022