План по психологии на тему Психолог - жан әлемнің бағбаны

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Бекітемін»

Мектеп директоры

Л.Қыдыралиева

М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің

2015-2016 оқу жылындағы 23.02.16ж күні

« Психолог-жан әлемінің бағбаны»

тақырыбында облыстық семинарда өтілетін тренинг сабақтың

жоспары:

1.Кіріспе сөз.

Психолог-жан әлемінің бағбаны

2.«Амандасу, танысу» психологиялық дайындық

3. «Жүрек және бұлт» тренинг

4. Ой толғау (пікіралмасу)

5. Бейнеролик «Алтын балық» (талдау)

6. «Табиғат-ғажайып көркі» (арктерапив жұмысы)

7. «Телефон» тренинг (қонақтармен)

8. «Киіз үй» әдісі

9. «Өсек-аяң» ойыны

10. Қорытынды: Ән «Армандастар»




«Тексерілді»

Оқу ісінің меңгерушісі:

Е.Қайрылбаев

Дайындаған:

Педагог-психолог

Г.Қожанова


Сабақтың тақырыбы: « Психолог-жан әлемінің бағбаны»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қарым-қатынас мәдениетіне үйрету, олардың әдеп, адамгершілік ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту. Әр адам өз өмірінің мәнін түсініп, белгілей білуінің маңыздылығы жөніндегі ұғымдарын кеңейту.

Білімділік: Оқушыларға әдепті, адамгершілікті сақтау туралы түсініктерін тереңдету;

Дамытушылық: Оқушылардың этикалық қарым-қатынастарын дамытуға ықпал жасау;

Тәрбиелік: Оқушыларды ізетті, ілтипатты, сыпайы болуға, өз өміріне жауапгершілікпен қарап, ұлағатты адамдардың өмір ұстанымдарын үлгі ете білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: плакаттар, нақыл сөздер, шар, слайд, видеоролик

Құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар!


Кіріспе


« Психолог-жан әлемінің бағбаны» атты психологиялық тренинг сабағымызға қош келдіңіздер!

Педагог-психолог:

Бұтағымен- ағаш қымбат,

Ұрпағымен-адам қымбат. дегендей

Рухани адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа-қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса. Ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ. «Мен үш қасиетімді мақтан тұтам»,-депті Ақан сері. Олар жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым, һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым.

Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы. «өз құдайынан айрылған адам бос кеуде, өлгенмен тең» деген екен. Шындығында бұл ақиқат. Олай болса, жеке тұлғаның қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге тәрбиелеу- адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты. Мақсатқа жету үшін сан алуан кедергілер болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап қалыптастыру жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды.

«Еліміздің күші-патшада, сәбидің күші-жылауында» демекші, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз-адамгершілігімізде болуы керек. Ол үшін Ақан серінің үш қасиетін бала бойына дарыта білсек-ұлы жеңіс болары анық.

«Амандасу,танысу» психологиялық дайындық

Әр оқушы талда ілінген әртүрлі жемісті алып, артына жазылған әртүрлі амандасу кейіпін сомдайды. Сәлемдесіп өз есімін айтып, тақтадағы жүрекке жемістің суретін жапсырады.

Талдау

Егер жеміс жүректе жоғары жапсырылса қатысушының көңіл-күйі жоғары.

Жеміс ортаға жапсырылса қатысушының көңіл-күйі орташа.

Жеміс төмен жапсырылса қатысушының көңіл-күйі төмен деген ұғымды білдіреді. Сонымен әр оқушының , мұғалімнің сомдаған сәлемдесуінің көпшілікке қайсысының ұнағанын , несімен ұнағанын сұрайды. Жақын адамдармен, таныс адамдармен кездескенде осылай амандасу керектігіне түсіндірме жұмыс жасалады.

«Жүрек және бұлт» тренинг

Әрбір қатысушы ұсынылған түрлі-түсті қағазды таңдап, екі данасын алады. Таңдаған түсіне қарай мінездеме айтылады.

1.Қызыл- өте белсенді, көп білгісі келеді

2.Сары-бәрін қуантқысы келеді

3.Жасыл -достыққа дайын

4.Көк- тұрақты көңіл-күй

5.Сұр-іш пысатын көңіл-күй

6.Қоңыр- ашулы көңіл күй, ренжігіш

7.Қара-көңіл-күйі жоқ

Қолындағы түрлі түсті қағаздың біреуімен ешқандай құралдың көмегінсіз жүрек жасайды. Сол жүрекке өзіне ұнайтын, өзгеден естігісі келетін сөздерді жазып шығады. Жүректі кішкентай қоржынға салып араластырамыз. Екінші түрлі түсті қағазды алып бұлт жасаймыз. Бұлтқа өзімізге ұнамайтын сөздерді, қылықтарды жазамыз, бұлтты мыжып лақтырамыз. Жерде жатқан бұлт қағаздарды үш адам бірігіп аяқпен мыжып шығамыз. Яғни адамның бойындағы жаман қасиеттер кетіп, адам тазарды. Енді қоржындағы жүректерді таратамыз. Қатысушылар жүректе жазылған жылы сөздерді оқып, пікірлерін айтады.

Талдау

Тренинг ұнады ма?

Ұнаса, несімен ұнады?

Қандай әсер алдыңыз?

Ой толғау

Қолға су құйылған стаканды алады. Қатысушылардан стаканның салмағы қанша? деп сұрайды . Қатысушылар әртүрлі салмақты айтады. Дұрыс, мен стаканды өлшемей салмағын айта алмаймын. Бірақ мәселе қолымдағы стаканның салмағында емес, мәселе осы стаканды бірнеше минут ұстап тұрғанымда. Қалай ойлайсыздар? Оны аз уақыт ұстап тұрсам қалай болады?

Жауап: ештеңе болмайды.

Дұрыс ештеңе болмайды. Егер екі сағат бойы ұстап тұрсам ше?

Жауап: Сіздің қолыңыз ауыра бастайды

Дұрыс қолым жансызданып, бұлшық еттерім ауыра бастайды.

Ал егер күні бойы ұстап тұрсам ше?

Жауап: Денеңіз жансызданып құлайсыз, ауруханаға түсесіз.

Дұрыс, мен оны күні бойы ұстап тұрсам салмағы озгере ме?

Жауап: жоқ

-Мұны қалай реттеуге болады?

Жәй ған үстелдің үстіне қойыңыз.

Міне өмірдің қиындықтары да осы сиақты. Қиындық туралы ойлай беретін болсаңыздар, олар міндетті түрде жаныңыздан табылады. Ол туралы бірнеше сағат бойы ойлай беретін болсаңыз, өзіңізді жегідей жеп жібересіз. Ал күні бой ойласаңыз , жансызданып қаласыз. Қиындықтар туралы ойлауға болады. Бірақ, еш пайдасы жоқ. Ойлағаннан салмағы азаймайды. Қиындықты тек әрекет арқылы жеңуге болады. Оны шешіп, шетке ысырыңыз. Жансыздандыратын ауыр жүкті мойныңызға артудың жоқ.

Бейнеролик «Алтын балық»

Талдау.

Видеороликтен қандай ой түйдіңіздер?

Кедей кісі неге алтын балықтан бас тартты?

Кандай тілектер сұрады?

Неге балдарына талап сұрады?


«Табиғат-ғажайып көркі»

(арктерапив жұмысы)

10 түрлі түрлі-түсті қағаз алып, шетінен кішкентай жыртып аламыз. Әртүрлі қағаздан кемтірқосақ жасаймыз. Ақ плакаттың үстіне барлығын жинап, көзімізді жұмып, жақсы нәрсе ойлап, жыртамыз. Одан кейін барлығын араластырамыз. Қиқымнан әдемі табиғат жасаймыз.

Талдау.

Плакаттағы қиқымдар неге ұқсайды?

Сол қиқымнан не жасадық?


Келген қонақтармен бірге


«Телефон» тренинг

Мақсаты: Стресстен арылып, жеңе білу

Бір қатысушы шығып, көзі орамалмен байланады. Жүретін жолына ұялы телефондарды қойып, баспай өтіп шығуын сұрайды. Қатысушы көзі байланғаннан соң телефонда жинап алады. Қатысушы тапсырманы орындап, көрсеткен жолмен жүріп шығады. Көзін қайта ашқанша телефонды орнына кояды.

Талдау

Көзіңізді байлап телефонды баспай өт дегенде қандай сезімде болдыңыз?

«Киіз үй» әдісі

Әр қатысушыға киіз үй салынған парақша таратылады. Киіз үй төрт бөлікке бөлінген. Әр бөлікшесіне қатысушы өздеріне ұнаған құстың немесе жануардың , суретін немесе төлдерінің суретін салады. Сол сурет арқылы қатысушылардың қай жерде қандай мінезбен жүретіні анықталады.

«Өсек аяң» тренинг

Тренингке 10 адам қатысады. Шеңбер құрады. Жүргізуші қимылдар көрсетеді. Екінші адам соны айнытпай қайталау керек. Осылай он адам ойнап шығады.

Талдау

Қай жерде өзгерістер байқадыңдар?

Бір әңгіменің екінші адамға өзгеріп жеткенінен адамдар қандай көңіл-күйде болады?

Қорытынды:

Бір дана келе жатса, алдынан тас тиелген ауыр арбаны итеріп келе жатқан адамды кездестіреді. «Сен не істеп келе жатсың?» деген дананың сұрағына: «Көрмей тұрмысың, мына қарғыс атқыр арбаны сүйреп келемін» - деп жауап береді. Алдынан екінші арба сүйреген кісі шығады. Сондай сұраққа ол: «не сітейін, ойнап жүрген жоқпын, ақша табудың амалын жасап жүрмін»- дейді.Тап сондай арбамен үшінші адам келеді. «Ал сен не істеп келесің?» деген сауалға ол: Мен ана тұрған қасиетті мешітті салып жатырмын» -деп қуана жауап беріпті. Барлығының да салып жатқаны мешіттің құрылысы екен. Бәрінің орындап жүрген жұмысы бірдей, бірақ сол еңбекке қатынасы, көзқарасы әртүрлі...

Міне, жақсы, жаман маман деген бағаға неліктен, не себепті ие болатынымызға жауап тапқандаймыз.Ол сенің өз қызметіңе, алдыңдағы ісіңе, яғни балаға деген қатынасыңа, сеніміңе байланысты екен.... Әсіресе, психолог мамандығын таңдаған адамға жұмысқа тек ақша табу үшін, не басқа жұмыстың реті болмағасын амал жоқ- мектепке психолог болып жұмыс жасауы бұрыс әрекет деп ойлаймын. Алдыма келген немесе рухани құлдыраған адамға қайткен күнде де қол ұшын беріп, дұрыс таңдау жасауына кішкене болса да бағыт -бағдар беруге тырысамын. Болашақта өз жұмысымды одан әрі жандандырып мектебімдегі әр оқушыға, ата-анаға, мұғалімге, қызметкерге қолымнан келгенше білімім мен тәжірибемді, рухани құндылықтарымды ұштастыра отырып, көмегімді тигіземін деген ойдамын

Диқанбыз біз жерге емес жүректерге,

Ұлан- асыр өлшеусіз тілектерге.

Дән орнына төзім мен сенім егіп,

Ық боламыз пана іздеген үміттерге -деп ақын жүрегінен шыққан осынау

бір өлең шумақтары мамандығыма деген махаббатымды күшейте түседі.

Жұмыс барысында кездескен қиындықтарда М. Мақатаевтың мына бір өлеңін ұраным етіп жүремін, басқаларға да басшылыққа алуға ұсыныс беремін.

Өмір, өмір !

Болмайды түңілуге ,

Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,

Қайта тұрып, қақың бар жүгіруге,- деп бүгінгі тренинг сабағымды әдемі

әні Н.Әлімқұловтікі, сөзі Ә.Бейсеуовтікіне жазылған «Армандастар»

әнімен аяқтағым келіп отыр.






© 2010-2022