Өзін-өзі тану Салауаттылық - өмір салты

Раздел Школьному психологу
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

8-сынып

Тақырыбы: Салауаттылық - өмір салты

Мақсаты: оқушылардың «салауатты өмір» туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

• оқушыларға салауаттылық туралы ұғымдарын дамыту;

• оқушыларды жақсылықты бойларына сіңіруге, өзіне, өзгелерге жағымды қарым-қатынас жасай білуге баулу;

• Сүйіспеншілікке, парасаттылыққа,сезімталдыққа тәрбиелеу;

Көрнекілігі: суреттер, үнтаспа,флипчарт

1. Шаттық шеңбері

Шаттық шеңбері тыныштық сәтінен басталады.

Мақсаты: оқушылардың өздеріне деген сүйіспеншілік туады, жүректерінде тыныштық болады, балалар сергіп, ойларын тиянақтап алады.

(Топқа бөлініп топтың атын шығару)

2.Әңгімелесу

Оқушыларды сабақ тақырыбына бағыттау үшін әңгімелесу жүргізіледі. Балалардың салауатты өмір туралы түсініктерінің қандай екенін бағдарлау.

1.Адамның салауатты өмір сүруіне не кедергі болуы мүмкін?

2.Зиянды әдеттерге адам неліктен үйір болады?

3.Зиянды әрекеттерден аулақ болу үшін адамға қандай қасиеттер керек?

4.Зиянды әдеттерге не жатады?

3.Осы бүгінгі тақырыбымыздың мәнін ашу үшін, қазір біз флипчарт арқылы жұмыс жасаймыз. Мен әр топқа сұрақ айтамын, ал сендер сурет арқылы жауаптарынды түсіресіңдер. Постер құру

Балалар шығып постерлерін қорғайды.

1 топ - Салауатты өмір салты мен денсаулықты нығайту

2 топ - Адам ағзасына кері әсерін тигізетін зиянды заттар

4.Жаңа ақпарат

Оқушылар сабақта алған білімдерін нақтылап, толықтыру мақсатында оқу ақпараты беріледі. Жаңа ақпаратпен таныса отырып, оқушылар өз пікірлерін де қоса білдіреді.

5. Мәтінмен жұмыс

Сабақ тақырыбына сәйкес салауатты өмір сүрудің маңыздылығын аша түсу мақсатында мәтінмен жұмыс жүргізіледі.

Оқушыларға аңыз әңгімені оқып, талдау ұсынылады. Берілген сұрақтарға жауап беру.

1.Өзгелерге зиянды заттарды ұсынатын адамдар үнемі шындықты айта ма?

2.Кейбір адамдар неліктен темекіге, ішімдікке әуес болады?

3.Зиянды нәрселердің адам денсаулығына қаншалықты қауіпті екенін білесіңдер ме?

4.Зиянды нәрселерден қалай бас тартуға болады?

6.Тапсырма

Салауаттылық туралы оқушылардың білімдерін толықтырып, кеңейте түсу мақсатында «нақыл сөздерді өз ойларынмен толықтырыңдар» -деген тапсырма беріледі.

Тәртіп пен еңбек - ... кепілі.

И.Павлов

Жақсы күлкі - ... сенімді белгісі.

М.Горький

Әдемілік - ... жемісі.

Л.Шеффер

Сергек әрі жайдарман көңіл күй - ... ең жақсы шипалы дәрі.

Х.Бострем

Дене шынықтыру ойындары ... жәрдем етеді.

Ғ.Мүсірепов

7.Түйіндеме

Салауатты өмір салтын сақтап, ұзақ өмір сүргісі келетіндерге кеңес:

  • Ұстанымың -салауатты өмір салты болсын және оны бұлжытпай сақта;

  • Денсаулығыңды жастайыңнан сақта;

  • Әркез мейірімді, ұстамды, сабырлы, ақылды бол, мазасыздық пен әбіржу жүрекке күш түсіреді;

  • Жақындарыңды құрметте, ақыл-кеңестеріне құлақ сал-олар сенің өміріңдегі басты құндылықтар;

  • Өзіңе қызықты, рухани жақтан қанағаттандыратын іс-әрекеттерді таңдап ал;

  • Таза ауада көбірек болуға тырысып, дене еңбегімен шұғылдан;

  • Уайым-қайғыға берілме, көңіл күйіңді түсірме;

  • Қалыпты нәрсенің бәрі денсаулыққа пайдалы, ал шамадан тыс нәрсе - зиянды;

  • Жаның мен тәніңді мұқият тыңдай біл, оны сезін, зертте, сырына үңіл, үніне құлақ сал.

8.Қорытынды. Рефлексия

Менің түйгенім

Сабақ маған ұнады, себебі

Сабақ маған ұнамады, өткені

Сабақтан үйренгенім


Балалар, бүгін сендерге сабақ ұнадыма? Қандай көңіл-күйде болдындар?

Осы сұрақтарға ұнаған смайликті көтеріп жауап бересіңдер.



© 2010-2022