Эссе: «Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы»

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Эссе: «Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы»


Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие керек,
тәрбиесіз білім адамзаттың қас жауы .
Әбу Насыр Әл-Фараби
Әрбір адам білім нәріне сусындамас бұрын тәлім-тәрбиеден өтеді. Ұстаздың ұлағаты шәкіртіне білім нұрын төкпей тұрып санасына сан қырлы сәуле құюы да жоғарыдағы баба сөзінің салмағы болар. Білім беру үрдісінде адамның үйлесімді даму міндеті тек әлемдік және ұлттық мәдениеттің үлгілерін құндылықты меңгеру арқылы ғана шешілетіні анық, өйткені тұлғаның бойында дүние танымдық және мінез-құлықтық бағдарламалардың қалыптасуы білім беру сапалы болғандығын білдіреді.
Қазіргі таңда осы мәселе, яғни келешек ұрпақтың адамгершілік рухани құндылықтарын дамыту арқылы білім беру мәселесі алға қойылып отыр.
Жаңа ғасыр толқыны әкелген жаңалықтарға сәйкес қазіргі заманда адамның тұлғалық дамуына баса назар аударылып, жас жеткіншектерге берілетін білім негіздері олардың жеке даралық қабілеттерін жетілдіруге қызмет етеді. Әр баланың ішкі мүмкіндігі мен өзіндік қарымын дамытуға әсер ететін рухани адамгершілік қағидалары жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуының, өзін-өзі жүзеге асыруының аса қажетті шарты болып табылады.
Осындай жағдайларда Сара Алпысқызы Назарбаева жас ұрпақтың адамгершілік-рухани дамуы бойынша кең көлемде «Өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасын ұсынды. Автордың ойынша, даналықтың шыңы, ол- махаббат, ол - бақыттың құпиясы, ол-адамның өзін-өзі тануы, бақыт пен өмірлік табысқа жету үшін өзінің шексіз мүмкіндіктерін аша алуы.
Осы орайда жас ұрпақтың рухани мәдениетін арттырып, көркемдік әлемін байытуда, дүниетанымын қалыптастырып, салауаттылыққа тәрбиелеуде «Өзін-өзі тану» пәнінің орны ерекше.
Бұл пән жеке тұлғаның өзін-өзі тануына және рухани баюына әсер ете отырып, әрбір тұлғаның жақсы жаққа өзгеруіне мүмкіндік береді.Сонымен қатар ол жеке тұлға ретінде өзін-өзі тануға және өмірлік ұстанымын, дүние танымдық деңгейін анықтайтын құндылықтар сапасына ие болуға бағыт-бағдар береді. Адамгершілік-рухани тұрғыдан дәріс алған балалар өмірлік маңызды құндылықтар жүйесін зерделейді, рухани және материалдық арақатынас мәселесін пайымдай отырып өзіндік көзқарастарын шыңдай түседі.
Өзін-өзі тануды оқыту баланың өзіндік бейімділіктерін ашу және оның мінез-құлқын, қабілеттерін ескере отырып, оны тұлға ретінде, іс-әрекет субъектісі әрі жеке дара субъекті ретінде дамыту, балалардың қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген қарым-қатынас айқындамасын, адамгершілік мінез-құлықтың, әлеуметтік маңызын ашу, сондай ақ шығармашылық шыңын көтеру тәрізді міндеттерді жүзеге асырады деп айтуға болады.
Сабақ барысындағы ойындар, жаттығулар, тренингтер, шаттық шеңбері, т.б. әдістер балалардың шығармашылықтарын шыңдауға септігін тигізеді.
«Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» себебі: өзін-өзі тану пәні баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзін-өзі жетілдіруге, рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт-бағдарының болуына, тәрбиелейді, яғни бала бойындағы махаббат сезімінің бастауын оятады; өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге, ойын шыңдауға, яғни шығармашылық қабілетінің ұшқынын ұштайды.
Махаббат пен шығармашылық білім беру - жас ұрпақтың бойына өмірдің мәні, сүйіспеншілік, бақыт, сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды дарыту арқылы адамның қоғамда өз орнын табуына, қабілет-дарынының ашыла түсуіне, ақыл-парасатын дамытуына яғни сәнді де мәнді өмір сүруіне қызмет етеді.Ф.И.Достаевский «Өзіңнен өзіңді ізде, өзіңе-өзің бағын, өзіңді-өзің тани біл» - деп айтқан болатын.

Мектеп психологы: Шипанова Асем Зейнетоллакызы

© 2010-2022