Психологиялық тренинг Мамандығым - тағдырым

Раздел Школьному психологу
Класс 9 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: "Мамандығым ─ тағдырым"
Мақсаты
: Өзін-өзі одан әрі ашу, өзін-өзі тану, өзінің және айналасындағылардың психологиялық мінездемесін анықтау және талдау іскерлігін дамыту;
әр түрлі мамандық туралы нақтырақ білу.
Әдісі: лекция, ойын

Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Кіріспе сөз:
Жоғары сынып оқушыларын толғандыратын мәселе көп. Соның бірі ─ мамандық таңдау. Бұл істе ата-аналар бірінші болып көмектесе алады, дегенмен мектептің орны ерекше. Ата-аналар кейде өз балаларының тілектеріне қарамастан, олардың қандай оқу орнына бару керектігін өздері таңдап қояды. Кейде дос-құрбылардың ықпалымен мамандық таңдау да кездеседі.
Қандай мамандық болса да, адамның денсаулығы мен рухани дүниесіне үйлесіп тұруы керек. Бұл факторды ескермеу салдарынан уақыт өте келе таңдап алған мамандықтың денсаулықты бірте-бірте нашарлататыны сөзсіз. Сөйтіп бірнеше жыл істеп, мол тәжірибе жинаған маманның кәсібін өзгертуге мәжбүр болары қақ( бұлай істеу оңайға соқпайтыны белгілі).

III. Негізгі бөлім
1- тапсырма
Айтылған ойларға түсініктеме беріңіз:
1) Өзінен-өзі оза алмаған,
Өзгеден де оза алмас. ( М. Әлімбаев)
2) Әрбір сүрінгеніңді бақытсыздық деп санама.
Бәлкім, сенің шын бақытың сол жерден басталар. ( Лев Толстой)
3) Өзен ағысын бөгеуге болады,
Өмір ағысын бөгеуге болмайды. ( Халық мақалы)
4) Бақыт әрбір адам ұмтылатын мақсат ( Әл-Фараби)
5) Жетекке ергенді тағдыр жетелейді,
Құлықсызды сүйрейді. ( Сенека)
6) Тұрмысқа тірі күнде бол себепкер,
Отырма құр үйінде бойға сеніп.
Талап қыл, азды-көпті жұмса ойды,
Әр істің ақырын ойла, көңіл бөліп. ( Ақан сері)
7) Еңбек ете білген адам, кедейшіліктен қорықпайды. ( Халық мақалы)
8) Еңбектене білу - дұрыс өмір сүре алу деген сөз. ( Ж.Фабр)
9) Бақыт барын салып еңбектенгенге бұйырады. ( И. Гёте)
10) Адамдық борышың, - халқыңа еңбек қыл. ( Шәкәрім)

2. Кәсіптік өзін-өзі анықтау тренингтері
1. Жаттығу « Ол кім, көрсет ?»
Мақсаты: Әр түрлі мамандық туралы нақтырақ білу.
Тақтаға топ ойыншыларына ұнайтын мамандықтардың 10-12 түрі жазылады. Жүргізуші ол мамандықтардың әрбіреуін көрсетіп, былай дейді: «Ол кім, көрсет? »
Барлығы сол мамандыққа лайық ойыншыны көрсетеді.
Талдау: Лайық ойыншыны көрсетуде сіздерге не көмектесті? Қандай әсер алдыңыздар?
2. Жаттығу « Қолтырауын»
Мақсаты: Өзара сенімділікке, топтық ынтымақтастыққа назар аудару.
Топ екі командаға бөлінеді. Біріншісі - қандай да бір мамандықты жасырады, екіншісі өзінің ойыншысын (оның келісімімен) бірінші командаға жібереді.
Олар оған жасырған мамандығын айтады. Ал ол болса тек ыммен және ишарамен оны бейнелеп көрсетеді, ал оның командасы қандай мамандық екенін түсінуге тырысады. Командалар кезекпен мамандықты анықтайды.

3.Жаттығу « Өнімді жарнамалау»
Мақсаты: Сенімді мінез-құлық тәсілдерін одан әрі жетілдіру.
Тренингке қатысушыларға 15 минут уақыт беріледі. Қандай да бір өнімді жарнамалап, оны топқа көрсету керек.
Талқылау: Сұрақ: Өнімді жарнамалау кезінде қандай қиындықтар болды? Қай өнімді жарнамалау ерекше есте қалды( ұнады) және неге?
4. Рөлдік ойын « Бабаларды иландыр»
Мақсаты: Өз көзқарасын дәлелді түрде жеткізе білу.
Топ үшке бөлінеді: әке - ана - жасөспірім.
Тапсырма: өзінің кәсіби жоспарларының мақсатқа лайықтылығына дәлелді түрде иландыратындай ата-аналармен әңгіме өткізу.
Талдау: Иландыруда дәлелді түрде пікіріңді жеткізу оңай тиді ме? Қиындығы неде болды?
IV. Қорытынды бөлім
Әрбір адамда жетістікке жету мүмкіндігі бар...
Бұл мүмкіндік дұрыс пайдаланылған жағдайда, адамның ғұмыры маңыздана түседі. Ал бұл мүмкіндікті қолдан шығарып алған адам өмірде мағынасыз күн кешеді.
Әркім жетістікке жету жолында әрбір сәтін, әрбір мүмкіндігін пайдаланып қалуы керек. Бұл мүмкіндік ең бірінші кезекте адамның еңбекқорлық қасиетімен тікелей байланысты. Адам еңбекқорлықты өмірінің басты өлшемі етіп алса, ол шықпайтын шың қалмайды, ол шықпайтын тау болмайды.
Еңбекқорлық дегеніміз - орындалуы тиіс қандай да бір істі аяғына дейін тындырмай рахат таппау. Қай салада болсын, бір істі бастаған адам өзінің бар мүмкіндігін пайдаланған жағдайда ғана оны сәтті аяқтай алады.


© 2010-2022