Педагогтың кәсіби қарым-қатынас мәдениеті

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Педагогтың кәсіби қарым-қатынас мәдениеті

Педагогикалық қарым-қатынас- қатынасты ұйымдастыру және дамыту процесі, педагог пен тәрбиеленушінің арасындағы өзара түсінушілік пен өзара іс-әрекет.

Педагогтың сөйлеу мәдениетінің ережелері:

1. Педагог қатты сөйлемеу қажет, бірақ оны бәрі де еститіндей болу керек, тыңдау процесі тәрбиеленушілердің күшпен зер салуын тудырмауы тиіс.

2. Педагог анық сөйлеу керек.

3. Педагогтың сөйлеу жылдамдығы минутына 120 сөз.

4. Мәнерлі сөйлеу үшін логикалық және психологиялық паузаларды қолдана білу керек. Логикалық паузасыз сөйлеу тілі-сауатсыз, ал психологиялықсыз - түссіз болады.

5. Педагог интонациямен сөйлей білу керек, яғни логикалық екпінді қоя білу керек , айтылғанды жеткізу үшін кейбір сөздерді бөле білген жөн.

6. Әуенділік педагогқа жеке дара түс беріп, баланың эмоционалды жағдайына жақсы әсерін тигізеді: дәрттендiрiп, қызықтырып, тыныштандырады.





Ұстаздың қарым-қатынасының ауызша емес мәдениетi

Ауызша емес қарым-қатынас - бұл бейнелi және қызу мазмұнды білдіретін форма емес, сөзсіз, яғни ымдар, мимика, поза, визуалды қатынас және сипау...

Ауызша емес қарым-қатынас, вербалды қарым-қатынас сияқты маңызды. Зерттеулер көрсеткендей, әңгімелесу барысында ақпараттың 45% сөзбен берілсе,ал 55% - вербальды емес түрінде жеткізіледі екен.

Педагогтың вербальды емес әрекеті оның психикалық жағдайымен байланысты болып , оны көрсету құралы болып табылады. Қарым-қатынастың кейбір вербалды емес түрлерін қарастырып көрейік.

Ақпаратты беру кезіндегі мимиканың ролі

Ақпаратты беру кезіндегі негізгі роль мимикаға беріледі- бет бұлшық етінің қимылы. Мимика дәурен сүрiлетiн күйлер, қатынасты бiлдiредi.

Зерттеулер ұстаздың беті егер қозғалмаса, 10-15% мәлiметке дейiн жоғалатынын көрсеттi .

Дененiң мың бұралуындағы айқындылық

Педагог позасы еркін болуы тиіс, еш қысымсыз, психологиялық шектеусіз, "қатып қалу" (мысалы, кеуде тұсындағы қолды айқастыра тік тұру).


Қарым-қатынас кезінде кейбір принциптерді ұстану қажет:


  • Бала қандай болса, солай қабылдау;


  • Әр адам қайталанбас екенін ескеру ;


  • Тәрбиеленушінің қабілеттілігіне сену ;


  • Олардың шығармашылық белсенділігін қолпаштау;


  • Бала тұлғасын сыйлау, әрқайсысына жетістікке жету жағдайын жасау;


  • Бала қадірін кемітпеу;


  • Балаларды бір-бірімен салыстырмау, іс-әрекет нәтижесін ғана салыстыру;


  • Әркімнің қателесуі мүмкін екенін ескеру;


  • Әркімнің өз ойын айтуға еркі бар, ешкімнің өз ойын айтқанына күлуге құқығы жоқ.

Сөйлеу мәдениеті ғылым ретінде -

тілдік дисциплина, мәдениет құралы ретінде тілді зерттеумен және жетілдірумен айналысады.

Сөйлеу мәдениеті -

сөйлеудің тілдік нормаларын игеру, екпін және сөзді қолдану, сонымен қатар қарым-қатынас кезінде мақсат-мазмұнына сәйкес әртүрлі жағдайларда тілдің мәнерлі құралдарын қолдана білу.

Педагогтың сөйлеу мәдениетінің компоненттері:


  • Фразаларды құрастыру кезіндегі сауаттылық.

- күнделікті өмірде сөздерді сауатты айту: сөздерде екпінді дұрыс қойып, жергілікті диалектіні қолданбау.

  • Баяндаудағы қарапайымдылық пен түсініктілік: аз сөйлеу.

  • Мәнерлілік:

- интонация және тональность;

- сөйлеу темпі, паузалар;

- дауыс ырғағының динамикасы;

- сөздік қоры;

- сөйлеу бейнесі;

- дикция.

  • Арнайы терминологияны дұрыс қолдану:

- құлаққа ерсі естілетін фразеологиялық тіркестерді қолданбау;

- артық сөздерді қолданбау;

- «сәнді» сөздерді қолданбау.

Тәрбиешінің сөйлеу кезінде жиі жіберетін қателіктері:


  • Кішірейте-мейірімсіну сөздерін жиі қолдану;


  • Артық сөздерді жиі қолдану: ия, міне, яғни, бұл…


  • Дыбысталу сөздерін орынсыз қолдану;


  • Сөйлеу тіліндегі қателік: бар ватыр, ал ватыр.

Тәрбиешінің сөйлеу мәдениетінен баланың сөйлеу мәдениеті байланысты.


Осыны ескере отырып, тәрбиеші өзі тәрбиелеп отырған балалардың ана тілін жетік білу үшін, өз тілін үздіксіз жетілдіруді өзінің кәсіби міндеті деп санауы тиіс.


«Ептеп алдыға ұмтылудан қорықпаныз, әрекеттсіз қалғанан қорқыныз»

Қытай даналығы.


АСТАНА-2014ж

Астана қаласының

Отбасылық тәрбиелеу орталығы

Педагогтың кәсіби қарым-қатынас мәдениеті

Педагогтарға арналған

жадынама

«Баламен сөйлеу өнері»

Отбасылық тәрбиенің парыздары

Сухомлинский В.А.

  1. Кемітпе.

  2. Қорқытпа.

  3. Үәдені қинап алма.

  4. Артық өнегеленбе.

  5. Балаға өзіндік болуына кедергі болма.

  6. Өз қатеңді мойындауға қорықпа

  7. Тәрбиені өзіңнен баста.

  8. Өз балаңа сен.

  9. Баланың өзіне сенуіне көмектес.

Педагог шеберлігінің бір бөлігі оның сөйлеу мәдениеті болып табылады. Сөйлеу мәдениетін игерген педагог, кәсіби іс-әрекетінде үлкен жетістіктерге қол жеткізеді.


.Педагогтың кәсіби қарым-қатынас мәдениеті

© 2010-2022