Өзін-өзі тану пәні бойынша Денің сау болсын десең тақырыбына презентация (6 сынып)

Раздел Школьному психологу
Класс 6 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың жоспары

Б.Қыдырбекұлы атындағы орта мектеп Мерзімі 8.02. 2016ж

Мұғалімі: Г.Курманбекова

Сыныбы: 6 Оқушы саны 21 Тақырыбы: Денім сау болсын десең…

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: дұрыс ой, әдет, ынтымақтастыққа

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жан саулылығының тән саулығына әсері туралы түсінік беру, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу;

Міндеттері:

  • Оқушыларға адам денсаулығына дұрыс ой тазалығы мен таза ниеттің әсері туралы түсінік беру;

  • Оқушылардың күнделікті күн тәртібін сақтауды әдетке айналдыру қасиетін дамыту;

  • Оқушыларға ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

Ресурстар (дерексөздер)

Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтағы жағымды күйге келу. Су астына саяхат

Су (тыныштық сәті)

Үй тапсырмасын тексеру

4-тапсырма

5-тапсырма

6-тапсырма

Дәптермен жұмыс

Жағымды ой пікір

Сабағымызды бастамас балалар дайындап келген «Дәрігер мен бала» атты көріністі тамашалайық.

Есік қағылады. Ішке бала кіреді.

Дәрігер:-Қандай себеппен келдің?

Бала:-Басым, көзім ауырады, ұйқым келе береді.

Дәрігер:-Сағат нешеде тұрасың, нешеде ұйықтайсың?

Бала:-Түнгі 2-3-терде ұйықтаймын, 11 -де тұрамын.

Дәрігер:-Асқа тәбетің қалай? Қалай тамақтанасың?

Бала:-Қолыма не түседі, соны жей саламын.

Дәрігер:-Нені ұнатасың?

Бала:-Теледидар көргенді, компьютерде ойнағанды ұнатамын.

Дәрігер:-Оған қанша уақыт бөлесің?

Бала:-Ұйқым келгенше ойнай беремін.

Дәрігер:-Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, бұл бала неліктен ауырады? Себебін айтып, кеңес беріңдер.

Оқушылар: Кеш жатып, кеш тұрғандықтан, ұйқысы қанбайды.

Таза ауада аз жүреді. Компьютерде көп ойнағандықтан көзі ауырады. Жаттығу жасап, спортпен айналысу керек. Бір сөзбен айтқанда, бұл бала күн тәртібін сақтамайды. Денсаулықты сақтау керек.

  • Мұғалім: Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Денім сау болсын десең…»

"Аурып ем іздегенше , ауырмаудың жолын ізде"

Мақалды қалай түсіндіңдер?

Қалай ойлайсыңдар балалар деніміз сау болу үшін не істеуіміз керек?

Денсаулық туралы тағы қандай мақал білесіңдер

Мақал

Әңгімелеу

«Көне грек елінде атақты емші-дәрігер Эскулап өмір сүріпті. Оның Панацея және Гигия деген екі қызы болыпты. Олардың екеуіне де емшілік қасиет дарыған екен.Панацея ауру адамдарды тек бір ғана дәрімен емдеуге болады деп ойлаған, ал Гигияның ойынша, мұндай дәрі ойлап табу мүмкін емес.Адамдардың ауыратын себебі: олар табиғат заңдылығын білмейді. Алдымен осы заңдылық бойынша өмір сүруді үйрену керек.Панацея әпкесін тыңдағысы келмеді. Осылай Эскулаптың екі қызы екі жаққа кетіпті.Панацея адамдарды әртүрлі ұнтақпен, дәрімен, шәрбаттармен емдеп жүр. Осы уақытқа дейін барлық ауру түрін емдейтін жалғыз-ақ дәріні іздестірумен келеді. Ал Гигия адамдар арасында дұрыс өмір сүру заңдылықтарын үйретуде.Адамдар өзара және табиғатпен үйлесімді өмір сүруі керек. Олардың денсаулығы мықты, рухани жағынан таза, адамгершілігі мол болғанда ғана жер бетінде өмірдің өзі де тамаша болады деп сенеді.Панацея адамдарды түрлі ұнтақтармен, қою, сұйық дәрілермен емдеп, барлық ауруға арналған бір ғана дәріні әлі күнге дейін іздеумен келеді.Гигия ауруды болдырмаудың заңын үйретіп, денсаулығы күшті, рухани жағынан мықты болуға жетелейді.

Қалай ойлайсыңдар қай емшінің ойы дұрыс? Неге?

  • Интернет желісі

Өзін- өзі тану пәні бойынша Денің сау болсын десең тақырыбына презентация (6 сынып)

Кока коланың жасалу жолдары видео корсету

Шығармашылық жұмыс

Топқа бөлу

Тапсырма таңдау

Қорғау

Топпен ән айту

Күлгенімде тәтті, жүргенімде тәтті,

Мендей қызды барлық ана армандапты.

Мен туғанда аспан жаңа жұлдыз жаққан,

Бәріненде бәріненде мен тәтті 2 рет

Мен туғанда аспан жаңа жұлдыз жаққан,

Мен туғанды таулар жаңа бұлақ ашты.

Мен туғанда бұлбұл бақта сайрап жатты,

Әніміздің аты тәтті, тәтті, тәтті

Тілек қандай тәтті,

Жанға балдай жақты .

Өмір жолын әніммен қадам бастып жатты

Мен туғанды таулар жаңа бұлақ ашты.

Бәріненде бәріненде, мен тәтті

Мен туғанда аспан жаңа жұлдыз жаққан,

Мен туғанды таулар жаңа бұлақ ашты.

Мен туғанда бұлбұл бақта сайрап жатты,

Әніміздің аты тәтті, тәтті, тәтті

Үйге тапсырма
"Денсаулықтың он құпиясы"
147 бет , 1-тапсырма дәптер

ҚОРЫТЫНДЫ
1. Бүгінгі сабақтан не білдік?
2. Не үйрендік?
3. Не таңғалдырды?


© 2010-2022