Тренинг: Барлық әлем мен үшін

Раздел Школьному психологу
Класс 13 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ата-аналарға арналған тренинг

Сәлеметсіздер ме, қымбатты ата - аналар?
Бүгінгі «Барлық әлем мен үшін!» атты тренингке қош келдіңіздер.
Мақсаты: сіздердің көңіл - күйлеріңізді жақсарту, бірігіп жұмыс істеу жүйесін дамыту, ой қозғату.
Қатысушылар: ата - аналар.
Жұмыс түрі: топтық
Көрнекіліктер: тақта, бейне слайд, фламастерлер, ватман т. б
Жоспар:
1. Гүл бейнесіндегі отбасын таныстыру.
2. «Бақыт деген не өзі»
3. Аяқталмаған сөйлем
4. Ата - аналарға сөйлем
5. «Суретте сөйлейді» ойыны
6. Флеш - моб
7. Релаксациялық жаттығу
8. Тренингтегі көңіл - күйді көрсету.

Жүргізуші: Тренингті бастамас бұрын, танысып алайық, «Гүл бейнесіндегі отбасын таныстыру» ойынын өткізейік. Әр бір қатысушы өз отбасын гүл бейнесінде салып таныстырып өтеді.
Келесі жаттығуымыз «Бақыт деген не өзі» деп аталады.
Кез келген адамнан өмірдегі ең қалаулы нәрсесі не екенін сұраңызшы. « Мен тек бақытты болғым келеді» Бізбәріміз де сол үшін өмірге келгенбіз. Бір ақ бақыт деген не?
Ата - аналар, қатысушылар өз ойларымен бөліседі.
Психолог тапсырма береді; бүгінгі қатысушылардың ішіненең бақытты деген кісілерді орын - орнымен тұрғызу.
Әрине «Қанағат қарын тойғызады», ендеше қанағат болған жерде бақыт та болады. Басқаларға қуаныш, бақыт сыйласаң, өзіңде бақытқа кенелесің. Өмірдің қызығы да осында!
Тренинг:Барлық әлем мен үшінТренинг:Барлық әлем мен үшін

«Аяқталмаған сөйлем»
5 - 6 қатысушы үлестірмелі қағаз таңдап алады. Берілген сөйлемді аяқтау қажет.
Сәби бақыты, ол -
Ата - ана бақыты, ол -
Әйел бақыты, ол -
Ер - азамат бақыты, ол -
Ұстаз бақыты, ол -
Барлықтарыңыздың пікірлеріңізге көп - көп рахмет.
Ата - аналарға ұсыныс!
(оқылып, таратылады)
Релаксациялы жаттығу. (жағымды, жай әуен тыңдалады)
Жүргізуші: ыңғайлы отырыңыз. Бүгін біз ұшқыш кілемімен саяхатқа шығамыз. Кілем ауаға көтерілуі үшін босаңсуымыз керек. Бұл сіздің қолыңыздан келеді. Көзімізді жұмамыз. Қолымыздың саусақтары жылынады, қолымыз жылы және ауыр. Жылу аяқ-қолдан жоғарылап, іш, кеуде, арқаға жылжыды. Бетіңіз босаңсыды. Ұшқыш кілем жаймен жоғары көтеріліп келеді. Міне, ұшып та кеттіңіз....
... Үлкен үстелдің үстімен ұшып барасыз. Шағалалар ұшып жүр. Жағалауда қайықтар тербеліп тұр. Көгілдір бұлттар жөңкілуде. Бұлттардың кейбіреуі үлпілдек қоянға, біреулері мақтаға, кішкентайлары ақ мысыққа ұқсайды. Кілем ақырындап жерге түсіп келе жатыр. Міне, сіз әдемі бақтың ішіндесіз. Айнала гүлге толы, бәрі сізге басын изеп, сәлем беруде. Сіз бақтағы соқпақ жолмен жүріп алаңқайға шықтыңыз. Балалар доп ойнап жүр. Сіздің аяғыңызға доп домалап келді. Сіз допты көтеріп, жоғары лақтырасыз, доп ұшып кетті. Бұл немене? Сіз де ұшып барасыз. Өзіңіз ұшқыш кілемсіз ұштыңыз. Қолыңыз екі жағыңызда құс сияқты ұшып кетесіз. Міне, сізге таныс көл көрінеді, шағалалар қанаттарын бұлғап сәлем жолдауда. Қайық та отырған балықшы сізге қол бұлғайды.
Сіз әрі қарай ұшасыз. Қасыңызда үлпілдек мысық сияқты бұлт бірге келеді. Сіз төмен түсе бастадыңыз. Міне, орнымызға да келдік. Мысық сізге ілесіп келеді. Жып жылы мысық сіздің алдыңыз да отыр. Оны сипаңыз да қасыңызға отырғыңыз. Серуен сізге ұнады деп ойлаймын.
Енді алдарыңыздағы стикерлерге серуенде көргендеріңіздің суретін салып, тілек тілеп, тақтаға табиғат бейнеленген плакатқа жапсырыңыз, дауыстап оқыңыз.

«Көңілді күн» сергіту сәті

Тренинг соңында көңіл - күйімізді көрсетеміз.







© 2010-2022