ЖҚТБ туралы не білеміз? әдістемесі

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: ЖҚТБ туралы не білесіз?»

Мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір сүре білуге тәрбиелеу, шылым шегудің, ішімдіктің, нашақорлықтың, СПИД-тің адам ағзасына зиянды әсерлерін ашып көрсету, солардың салдарынан туатын аурулар туралы оқушылардың білімдерін жетілдіру, сана - сезімдерін тәрбиелеу.

Керекті құралдар: суреттер,нақыл сөздер,қайшы, түрлі түсті беттер.
«Досыма тілек» тренингін жүргізу.Оқушыларды шеңберге тұрғызып, бір-біріне тілек білдіру.

Топқа бөліп отырғызу.

Армысыздар құрметті ұстаздар және достар!

Құрметті оқушылар жаңа бір-бірімізге тілеген тілектің ішіндегі ең көп айтылғаны денсаулық Адамның басты байлығы - денсаулық. Ал денсаулықтың қас жауы - бұл ауру. Ал аурудың ең азаптысы - ЖҚТБ.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өздеріңізге белгілі еліміздің дамуының ұзақ мерзімді « Қазақстан - 2050» стратегиясында халық денсаулығын сақтауды басты бағдар ретінде қарастырғанын білесіздер. Яғни, мемлекеттің бірінші кезектегі атқаратын шараларының бірі халық денсаулығын нығайту.
Адамның ақыл - ойын, денсаулығын, қабілетін дамыту мәселелеріне тікелей қатысы бар маңызды еңбектерінде шығыстың әйгілі ойшыл - ғалымы Әл - Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін», - деген екен. Олай болса, біздің болашағымыз «Жастар!».
ХХІ ғасырда қоғам тек жалаң адамдар тобынан ғана емес, сонымен бірге денсаулығы мықты, рухани дүниесі бай, жаны мен тәні кіршіксіз таза, танымдық белсенділігі мен өздігінен білім алуға деген ынтасы мен шығармашылық қабілеті ерекше тұлғалардан тұруы тиіс.
Олай болса «ЖҚТБ туралы не білесіз?» атты шараға қош келдіңіздер!

Жоспар:

ЖҚТБ-ның шығу тарихы

АҚТҚ/ЖҚТБ мына жолдармен тарайды

АҚТҚ/ЖҚТБ мына жолдармен тарамайды:

АҚТҚ және нашақорлар.

ЖҚТБ -мен ауырған адамның ауру белгісі қандай, қанша уақыттан кейін білінеді?

«ЖҚТБ-ның алдын алу жолдары» сурет салу арқылы оқушылар ЖҚТБ-ға қарсылығын білдіру.

Батыс Қазақстан облысы бойынша статистикалық мәлімет

Ситуациялық сұрақтар:

Тест Аныз және шындық

Алдымен ЖҚТБ дегеніміз не? /оқушылар жауабын тыңдау/

ЖҚТБ деген нені білдіреді?

  • Жұқтырған: Демек, адам оны біреуден жұқтырған.

  • Қорғаныш: Адамды аурудан қорғайтын иммундық жүйе.

  • Тапшылығының: Қорғаныш болуға тиісті мөлшерден кем.

  • Белгілері: Аурудың симптомдарының тобы (синдромы).

АҚТҚ дегеніміз не?

АҚТҚ - адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы - ағзаны әтүрлі жұқпалардан қорғайтын қорғаныс жүйесін зақымдайды. АҚТҚ қорғаныс жүйесінің белгілі жасушаларын зақымдайды (Т - хелпелер).

ЖҚТБ - жұқтырған қорғаныс тапшылық белгілері - АҚТҚ- мен байланысты туындайтын сырқат. ЖҚТБ - АҚТҚ жұқпасының соңғы сатысы.

ЖҚТБ-ның шығу тарихы

АҚШ ғалымдары АҚТҚ/ЖҚТБ туралы жүргізген ғылыми жұыстарының нәтижесіне сүйене отырып «Бұл ауру адам баласының белгілі бір бағытта жүргізген ісінің жемісі» деген тоқтамға келді. ФРАНС-ПРЕСС агенттігінің хабары бойынша Англияның вирусолог докторы Д. Сили «ЖҚТБ/СПИД вирусы бактериологиялық қару жасаумен айналысып жатқан лабораториялардың бірінде жасалған» деген батыл тұжырым айтты. Бұл аурудың АҚШ-тың әскери қызметкерлері арасында кең таралуы осыған байланысты. ЖҚТБ вирусы табиғи ортаның жемісі емес, оны тапқан - адам». ЖҚТБ вирусы үшін Адам ағзасының ішкі ортасы керек. Ол хайуанаттар ағзасында өмір сүре алмайды. Оның өсіп-өнуіне тек адам жасушасы керек. СПИД қоздырғышын немесе адамда иммунитет жетіспеушілікті туғызатын вирусты /ВИЧ-1/1983 жылы Француз ғалымы вирусолог Л.Монтане тапты. Ал 1984 жылы америкалық ғалым Р. Галло вирустың барлық қасиеттерін жан - жақты тексеріп жариялады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша АҚТҚ-ЖҚТБ мен өмір сүруші адамдардың саны 2002 жылдың басына 40 млн-нан астам құрады,

20 млн -нан астамы қайтыс болды. Әлемде күніне 16 мыңға тарта ересектер мен балалар шалдығады. Барлық соғыс қақтығыстар мен салыстырғанда жыл сайын бұл вирустан адамдар әлдеқайда көп өледі. Сахарадан Оңтүстікке қарай кейбір Африка елдерінде тұрғындардың 20 пайызы АҚТҚ инфекциясын жұқтырған. АҚТҚ-ЖҚТБ біздің де елді құр қалдырмады. Қазақстанда бірінші АҚТҚ жағдайы 1987 жылы тіркелді. Бүгінгі күні АҚТҚ Қазақстан Республикасының барлық облыстарында тіркелді және АҚТҚ инфекциясының таралуының жоғары қарқыны байқалады. АҚТҚ инфекциясын жұқтырған және ЖҚТБ мен ауыратын адамдардың жалпы санының 70 пайызын 15-29 жасқа дейінгі жастар құрайды. АҚТҚ вирусын жұқтырған адамдар бүкіл қалған өмірі бойына оның тасымалдаушысы болып қалады. Вирусты 57 градусқа дейін қыздырса өледі. 1988 жылы Денсаулық сақтау министрліктеріҰлыбритания үкіметімен бірлескен ЖҚТБ мәселесі бойынша кездесу өткізді. Осы кездесуден соң 1-желтоқсан Дүниежүзілік ЖҚТБ-мен қарсы күрес болып аталды. 1994 жылы Қазақстан Республикасында «ЖҚТБ ның алдын алу туралы» заң қабылданды.

АҚТҚ/ЖҚТБ мына жолдармен тарайды:

  • шприцтер мен инелерді бірлесіп пайдалану /мысалы есірткілерді қан тамыры арқылы еңгізгенде/

  • инфекция жұқтырылған қанды бүтіндей немесе оның компоненттерін құйғанда, органдар мен ұлпаларды ауыстырғанда;

  • хирургиялық және инъекциялық залалсыздандырылмаған инструментарийді, әлде бір препараттарды енгізу үшін заласыздандырылмаған инелерді құлақ тесу, денеге сурет салу, пирсинг үшін пайдаланғанда;

  • Қырыну үшін бөтен адам лезвиелерін пайдалану;

  • АҚТҚ жұқтырған әйел жаңа туған баласын қоректендіргенде ;

  • АҚТҚ жұқтырған әйелдің жүкті және сәбиді туу кезінде;

АҚТҚ/ЖҚТБ мына жолдармен тарамайды:

  • Қол алысу немесе құшақтасқанда;

  • Тер және көз жасы арқылы

  • Жөтелу және түшкіру кезінде;

  • Ортақ ыдыс пен төсек орынды пайдаланғанда;

  • Спортпен бірлесіп айналысқан кезде;

  • Қоғамдық көліктер;

  • Жануарлар немесе жәндіктер арқылы;

  • Ауамен,тамақ,су арқылы;

  • Киім мен аяқ кимімен;

  • Моншада жуынғанда;

  • Сілекей арқылы.

АҚТҚ және нашақорлар.

Есірткі - адамның қас жауы. Ортақ шприцтер мен инелерді пайдалану АҚТҚ жұқпасына әкеп соқтырады.. Аталмыш ауру нашақорлар арасында өршіп тұр. Нашақорлардың 95%-ы АҚТҚ мен сары ауруға шалдыққан. Зерттеу барысында көбісі ине арқылы есірткі қолданғандар болып шықты.

Көрініс. «Жын мен періште» 7-сынып оқушылары
Қатысушылар: Арақ, Наша, Темекі, Жігіт, Періште, Ақыл, Талап.
Арақ: - Ей жас жігіт неге жүрсің серіксіз?
Наша: - Танысайық, жақындашы сен бізге.
Темекі: - Біз достыққа әрқашан да берікпіз.
Жігіт: - Бұрын көрген секілдімін бір жерден.
Кімсің өзің, жүзің неге түнерген?
(Жігітті айналып жүреді )
Арақ:
Менің даңқым көп тараған кең жерде,
Ізім жатыр қырқаларда, белдерде.
Мен - Шараппын. Жаза бассаң, сүрінсең,
Шақырмай - ақ жетіп келем сендерге.
Темекі:
Жас өмірің атқан кезде таң болып,
Есіңде ме, менде саған жолыққам.
Талай - талай бірге жүрдік серік боп,
Содан кейін бір күні әкең өлгенде,
Наша қалмай меніменен еріп кеп,
Түнеп алдық сенің балғын кеудеңде
Наша:
Иә, мұнан кейін бір күннен соң бір күннен
Есігіңді жиі қағып тұрдым мен.
Жиі қақтым, келмейді оны жасырғым,
Кей күндері бірге жүрген досыңның,
Баянсызын сезінгенде жолықтым.
(Өзімен бірге жігітті ертіп кете береді. «…………»)
Періште:
- Ей, ақымақ, ақымақ,
Жақын болма жаманға!
Жалыныңды сөндіріп,
Жастығыңды күйдіріп,
Сезіміңді қорлатасың оларға.
Жігіт:
Денсаулықтың басшысы,
Жан - тәнімді өз қолыңа беремін.
Бір өзіңсің адамзаттың сақшысы,
Айтқаныңа көнемін.
Періште:
Шыншыл мақсат қай кезде де жол табар,
Кезің келді қоғам жүгін арқалар
Аярлыққа еріп кетсең сүмеңдеп,
Айта алмаймын ертеңіне сенем деп.
Талап:
Онда барсам, естілмейді талаптының сазды үні,
Тентектер көп, таяқ ала жүгіреді бәз бірі
Бір жеткіншек кезікті де келбетіне бақ күлген,
Сол баланың жүрегінен жайлы мекен таптым мен
Ақыл:
Мен қалғысам тірліктің не мәні бар?
Темекі мен арақ, наша бүкіл елге танылар.
Тыныштық жоқ, күзетемін жамандықтан еліңді,
Сондықтан да тыным таппай торып жүрем жеріңді.
Періште:
Ана сүті арамдықты суарса,
Сиыр сүті ала алмайды сені емдеп.
Темекіден түтін сорсаң улайсың,
Өзіңді - өзің жіпсіз байлап шырмайсың.
Ақылды болсаң жас жігіт,
Сөзімді менің тыңдайсың!
Жігіт: Міне, достар өмірдің мәнін мен енді түсінген сияқтымын, сендерге айтарым:
Тек жүзіңді төмен салма,
Нашақорға жолдас болма.
Тек көзіңді жасауратпа,
Сенің көзің заман үшін бағалы.
Сенің әнің асқақ шықса,
Қоғам даңқы жоғары.

ЖҚТБ -мен ауырған адамның ауру белгісі қандай, қанша уақыттан кейін білінеді?

ЖҚТБ -пен ауыған адамды сипаттайтын симптомдар мыналар.

  • Лимфа түйіндерінің көбеюі.

  • Құрғақ жөтелдің болуы

  • шаршағандық, қажығандық

  • жиі - жиі іштің өтуі

  • күнделіәкті денеден терінің көп шығуы

  • арықтау

  • Аяқ - қолда сезңмталдықтың кенетен жойылуы

  • ойлау әрекетінің бұзылуы.

ЖҚТБ қанша уақыттан кейін білінеді?

: ол жасырын кезенде ондаған жылға дейін созылуы мүмкін.

Еске сала кететін бір жай, осы кезенде адам өзін ауру деп есептемейцді, бірақ, ол өзімен қатынастағы адамдарға жұқпалы аурудың көзі СПИД - ті тарата береді. Ол қанша адаммен қатынаста, сонша адам ауруға шалдығады, сөйтіпбірінен - бірі жұға береді. Кесел баяу дамиды. Дене қызуы көтеріледі, ұзақ уақыт іш өтеді, адам тершең болады, шамадан тыс арықтайды, міне осы аурулар қатар жүріп адам денсаулығын одан әрі құртады. Организімде аса маңызды Т - лимфоциттер группасы азайып, денеің ауруға қарсылық күші жойылады. Одан әрі өкпе қабынып дененің терісінде ірінді бөліктер қаптайды, қанның құрамы бұзылып сепсике айналады, қауіпті ісіктер көбейеді, бұның бәрі ауруды өлімге душар етеді. ЖҚТБ -пен ауырған адамның өмірі ұзақ болмайды.

Бүгінгі таңға дейін АҚТҚ және ЖҚТБ - дан толықтай айықтыратын дәрі - дермек табылмай отыр, себебі вирус өз құрылысын тез өзгертіп отырады, қоздырғыш адам ағзасында өмір бойына қалады. Алайда АҚТҚ жұпасының дамуына кедергі жасайтын әрі аурудың соңғы сатысы ЖҚТБ - ға өтуіне мүмкіндік бермейтін дәрілер жасалып шығарылған. Өкінішке орай, кез келген адам АҚТҚ жұқпасын жұқтырып алуы мүмкін, алайда жұқтыруға әкеліп соқтыру жолдары туралы шынайы ақпаратқа сүйеніп, тәуекелден бас тартсаң, АҚТҚ және ЖҚТБ - ның таралуының алдын алуға болды.

«ЖҚТБ-ның алдын алу жолдары» сурет салу арқылы оқушылар ЖҚТБ-ға қарсылығын білдіру.

Батыс Қазақстан облысы бойынша статистикалық мәлімет

ЖҚТБ жұқпасы-бұл бүкіл адамзат алдында пайда болған өте қауіпті және қайғылы індет. Ол тұрғындардың денсаулығына, халықтың жетістігіне, әлеуметтік-экономикалық дамуына, жұмысқа қабілеттілігіне және ұлттың болашағына қауіп тудырады. Қазір дүниежүзінде 40млн.астам адам ЖҚТБ жұқтырса, 30 млн.-ға жуық адам осы дерттен көз жұмған. Бұл қауіпті дерт Қазақстаннан да айналып өтпеді. Өкінішке орай, күн санап бірнеше адам бұл дертті жұқтырады. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы бойынша 23 мың адам осы дертке шалдыққаны ресми түрде тіркеліп тұр.

Біздің облыста 1996 жылдан бастап 450 ЖҚТБ жұқтырған адам тіркелді. Ал жыл сайын Батыс Қазақстан облысында 35-40 адам ЖҚТБ жұқпасын жұқтырады. Бұлардың ішінде 56,9%инъекциялық есірткі тұтыну арқылы,37,6%әртүрлі жолмен тараған. Олардың жас шамасы 15-39 арасында.

СПИД құрбаны (монолог).
- Уа, жаратылыс! Адамзатқа өмір берген құдіреттің қайнар көзі! Сен естисің бе мені? Сүт сәулелі мынау бір өмірдің бар қызығын көре алмай, арманда кетіп бара жатқан, жұмыртқадай жұмыр басты пенденің зарын тыңдашы бір сәт!
Өзімнен өзім сыр таптым,
Өле алмай жүрген сырқатпын.
Шіріген картоп сияқты,
Бұрышында қалған бір қаптың.
Өзімнен өзім тістенем,
Шарабым да тұр ішпеген.
Ұйықтайын десем қорқамын,
Көрмейтін сұмдық түс көрем.
(Тіршіліктен теперіш көрген жас жігіт егіліп жылап тұр.)
- Мен жағдайы әжептәуір отбасында дүниеге келдім. Әп деп өсе бастағаннан ештеңеден таршылық көргенім жоқ. Басқа балалар ішпегенді іштім, кимегенді кидім. ір сөзбен айтқанда, өте ерке болып өстім. әке - шешем бар дегенімді жасады. анда - санда әкем мен тентек болған кезде, айқайлап ұрса бастаса анам: «Ойбай, жалғыз балада нең бар?»- деп ара түсетін.
(Сонау балалық шағы есіне түскен жігіт жүзін қимастық сағыныш басып біраз үнсіз қалды.)
Әлпештеп алды анам алдымнан шығы,
Қасымнан кетпес қиғаш қадам шығып.
Ата - ана перуана боп перзенті үшін,
Күн кешер көрсетпе деп жаманшылық.
Ардақтап ата - анаңды сол секілді,
Қынжылтпай қызмет көрсет адамшылық.
Түседі еске кей кез бала кезім,
Бала кезім... кетуші ем дала кезіп.
Ақ қайынға шайқалған қараушы едім,
Қараушы еді мөлдіреген қара көзім.
- Иә, ата - анамның еркелеткені мені одан әрі құтырта түсті. Жетінші сыныпқа жеткенше екі - үш мектепке ауысып үлгердім. Неге дейсіз ғой. Тәртіпсіздігім үшін. Бір күні көрші подъезге жаңа отбасы көшіп келді. Олардың да мен секілді ұлы бар екен. Сонымен «іздегенге сұраған» дегендей, екеуміздің жұбымыз жазылмайтын болды. Оның менен айырмашылығы наша «деген» пәленің дәмін ерте татқан екен. Енді мен де шеге бастадым. Нашаның адам баласына әкелетін қасіретін ол кезде кім білген? Егерде білген болсам тіріде жолаймын ба?!
Тамырын умен суарып,
Денсаулық деген егістің,
Шірітіп апсың біразын,
Ғаламат қымбат жемістің.
Инемен таза денеңді,
Тесуге неге келісті?
Көк түтінмен уланып,
Ащы суды неге іштің?
Төсекке асыл азамат,
Ауру аеңдеп құлайсың.
Дәрігерлерді мазалап,
Не үшін енді жылайсың?
(Денесін сырқат сыздатқан жас жігіт жасаураған жанарын төмен салып, сөйлеп кетті.)
- Содан арада екі - үш жыл өтті. Бұл кезде мен темекісіз, есірткісіз тұра алмайтын дәрежеге жеттім. Өзім секілді достарым да көбейді. Олар арқылы сарғыш сұйық құйылған инеге де аңсарым ауды. Не құдіреті барын, сол инені көрсем аузымнан суым шығып, есім кететінБұл кезде әкем автомобиль апатынан қайтыс болды. Жалғыз анамның жиған - тергені есірткінің айырбасына кетті. Мен сол құлдырағаннан құлдырай бердім. Бірде қатты салқын тиіп ауруғанаға түстім. Дәрігерлер менің СПИД - пен ауыратынымды анықтапты. Төрт - бес жыл білмей жүріппін.
Таусылмақ дәм. Бітпек өмір - өзенім.
Менің - дағы жетті кетер кезеңім.
Оны көптен тарқамаған қайғы мен
Жүрегімнің мұң көзінен сеземін.
«Өлермін» - деп күңіренем, күйзелем,
Мені есірткі найзасымен түйреген.
Өз әлімше арман - көлде жүзе алмай,
Қанатымнан жараланған күйде мен.
- Соңғы кезде өмір - тірлік, табиғат, жаратылыс туралы көп ойланатын болдым. О, жаратылыс! Жарық дүние! Кеш мені! Шынында да адам өмірі ғажап екен ғой. Бір - ақ өмір! Осы бір - ақ рет берілген өмірінде қартайғанша жүріп, о дүниеге аттансаң арманың бар ма? Бұған кім кінәлі? Балалық па, шалалық па, әлде еркелік пе? Қазір ғой ішім жидіп күйіп кетеді, өкініштің улы запыраны бүкіл денемді қалтыратады. Бәрі кеш енді.
О, Жаратқан!
Жұмыртқадай жұмыр жер мен төңкерілген тайқазандай көк аспан! Сендер естисіңдер ме, мына менің зарымды? Айтыңдаршы, құтқаратын күш бар ма, мына мендей бейбақты.
(Мұңлы ащы әуен ойналады.)
Бұл тірлікте не тындырдым, не көрдім,
Құрбанымын СПИД деген кеселдің.
Ақтамай - ақ кетіп барам арманың,
«Жалғыз бала» деп өсірген әкемнің.
Кім кінәлі, аялаған анам ба?
Бар қажетті даярлаған қоғам ба?
Тек қана өзім кінәлімін сол үшін
Улы дерттің құрбаны мен болам да.
Жас жеткіншек!
Өздеріңе өлер кезде айтып кету борышым,
Ауырсаңдар бұл кеселмен,
Дәрігер де бере алмайды қол ұшын.
Құтқаратын күш жоқ, онда әлсіз тірі өліксің,
Жат әдет пен темекіге, есірткіге жоламаңдар сол үшін!
Азалы да ащы әуен қайта ойнады. Жан төзгісіз азапқа түскен жас бейбақ аласұра дөңбекшіп, жерге құлайды. Бұл оның ақтық сөзі еді.

Ситуациялық сұрақтар:

2 - ші жүргізуші: Ситуациялық сұрақтар:
1 - жағдай. Топқа жаңадан студент келді. Біраз уақыт өте оның СПИД - пен ауыратынын естідіңіз? Ол баламен қарым - қатынастарыңыз қандай болады деп ойлайсыз? Ол балаға қандай кеңес берер едіңіз?
Жауабыңды негізде.
2 - жағдай. Сіз қалай есептейсіз, ЖҚТБ жаман ба, әлде онымен ауырған адамдар жаман ба? Неліктен?
3 - жағдай. «ЖҚТБ-ның алдын алуда - ең бастысы саналы болу»

4 - жағдай. Сіз қалай ойлайсыз, ЖҚТБ - мен ауыратын адамдарға олар жұмыс істейтін, оқитын жерде қала беруге рұқсат ету керек пе? Неліктен?


Тест Аныз және шындық

Сұрақ

Аңыз (А)


Шындық

(Ш)

Дәлелдеу

1.АҚТҚ жұқпасы қауіпсіз,оңай ем қонатын ауру.

А

АҚТҚ жұқпасы - бұл қауіпті,созылмалы және емделмейтін ауру .

2.АҚТҚ мен ЖҚТБ бүкіл әлемге тараған.

Ш

Қазіргі күні АҚТҚ мен өмір сүруші адамдар әлемнің барлық елдерінде бар.

3.Қазақстанда АҚТҚ жұқтырған адам жоқ.

А

Қазақстанда ресми 2008 жылдың 1 шілдесінде АҚТҚ жұқтырған 13500 жағдай тіркелген.

4.Жасөспірімдер мен жастар ешқашан АҚТҚ жұқтыра алмайды.

А

Қазақстанда АҚТҚ жұқтырудың 50% астам жағдайлары 15 пен 29 жастағылардың арасында тіркелген.

5.Адамға АҚТҚ мен ЖҚТБ туралы білім керек.

Ш

Адамға АҚТҚ және ЖҚТБ туралы білім жұқтыру қаупін болдырмау үшін.

6.АҚТҚ - дан емдеп шығатын дәрі әзірге жоқ.

Ш

АҚТҚ-дан емдеп шығатын дәрі түрлері жоқ,бірақ АҚТҚ-мен өмір сүруші адамдардың өмірін ұзартатын және жақсартатын дәрілер бар. Осы дәрілерді қабылдай отырып, АҚТҚ мен өмір сүруші адамдар ұзақ уақыт белсенді өмір сүре алады.

7.АҚТҚ жұқпасынан жеке адам зардап шегеді, жалпы алғанда АҚТҚ қоғамның тұтас дамуына әсер етпейді.

Ш

АҚТҚ- бұл тұтас қоғамның мәселесі, ол әр елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жағымсыз әсер етеді.

Қорытынды:
СПИД адамзат алдында тұрған жаңа және қиын проблема ол тек медициналық қана емес, әлеуметтік проблема. «Көңіліңді, бойыңды мөлдір бұлақтай таза ұста» деп Ы.Алтынсарин айтқандай. Салауатты өмір сүріп, аман-есен жүрейік.





















Ситуациялық сұрақтар:
1 - жағдай. Топқа жаңадан студент келді. Біраз уақыт өте оның СПИД - пен ауыратынын естідіңіз? Ол баламен қарым - қатынастарыңыз қандай болады деп ойлайсыз? Ол балаға қандай кеңес берер едіңіз?
Жауабыңды негізде.


2 - жағдай. Сіз қалай есептейсіз, ЖҚТБ жаман ба, әлде онымен ауырған адамдар жаман ба? Неліктен?



3 - жағдай. «ЖҚТБ-ның алдын алуда - ең бастысы саналы болу» ымына өз көзқарасыңды білдір.


4 - жағдай. Сіз қалай ойлайсыз, ЖҚТБ - мен ауыратын адамдарға олар жұмыс істейтін, оқитын жерде қала беруге рұқсат ету керек пе? Неліктен?






ЖҚТБ туралы не білеміз? әдістемесі

























Батыс Қазақстан облысы бойынша статистикалық мәлімет

ЖҚТБ жұқпасы-бұл бүкіл адамзат алдында пайда болған өте қауіпті және қайғылы індет. Ол тұрғындардың денсаулығына, халықтың жетістігіне, әлеуметтік-экономикалық дамуына, жұмысқа қабілеттілігіне және ұлттың болашағына қауіп тудырады. Қазір дүниежүзінде 40млн.астам адам ЖҚТБ жұқтырса, 30 млн.-ға жуық адам осы дерттен көз жұмған. Бұл қауіпті дерт Қазақстаннан да айналып өтпеді. Өкінішке орай, күн санап бірнеше адам бұл дертті жұқтырады. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы бойынша

23 мың адам осы дертке шалдыққаны ресми түрде тіркеліп тұр.

Біздің облыста 1996 жылдан бастап 450 ЖҚТБ жұқтырған адам тіркелді. Ал жыл сайын Батыс Қазақстан облысында 35-40 адам ЖҚТБ жұқпасын жұқтырады. Бұлардың ішінде 56,9%инъекциялық есірткі тұтыну арқылы,37,6%әртүрлі жолмен тараған. Олардың жас шамасы 15-39 арасында.

© 2010-2022