Дарынды бала-бақытты ғасыр кепілі

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді. Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс.Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу-ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы.
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дарынды балалар - бақытты ғасыр кепілі

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді.

Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс.Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу-ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы.Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен, дарындылықтың мән-мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қоймады. Сондықтан да, біз баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің шоғырлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз. «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл,білім,ар,мінез, деген қасиеттерімен озады»деген Абай.Ұлы ақын сөзі еш уақытта өз мәнін жойған емес.Озық ойлы білімдар адамдар заманның дамуына өз үлесін қосады.Дарынды,жас талапты жастар-бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев:«Бізге керегі-шын дарындылар.Нарық қол аяғымызды қалай қыспасын мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын,тарланбоз жүйріктерін қолдауға,қорғауға міндетті»,-деп еліміздің болашағы жастарға үлкен мән берген.

Мұғалім өзінің теориялық білімі арқылы оқушы бойына өзін қоршаған ортаға деген көзқарасын қалыптастырады.Мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.Дарынды балаларға білім беруді ғылымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу ерекше дарынды балалардың интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.Дарынды оқушымен жұмыс жүйесінде мұғалім маңызды орын алады.Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты,кәсіби тағдыры жақсы мұғалімге байланысты. Бүгінгі уақыт талабы мәдени деңгейі мен шығармашылық қабілеті жоғары шәкірт әзірлеу. Сондықтан да шәкірттеріміздің ішкі сырын жасырын ұстайтынын ескерсек,олардың іскерлік дағдыларын және білім құмарлық талап -жігерлерін жетілдіруіміз қажет. Себебі, адамгершілігі мол, иманды,тәрбиелі оқушы кез-келген мемлекеттің байлығы.

Баланың бойында күш қуаты жеткілікті,шын дарынды екеніне сендіру-ұстаз бойындағы құдіретті күш,өйткені сенім үлкен жеңіске жетелейді.Дарынды баланың одан әрі жетіле түсуіне ұзтаз тарапынан мейірім мен кішіпейілділік,бала жанын жазбай танушылық қасиеті қажет-ақ. Бала бойындағы дарындылық,ғылымилық қабілетін ашу,жақсы танымдық қасиеттерін зерттеу,айқындау-ең басты мәселе.Ал оқытудың түпкілікті нәтижесі-өз ойын дәлелдей алатын,жан-жақты білімді,білімін жүзеге асыра алатын,қалыптасқан өзіндік азаматтық көзқарасы бар іскер,ақылды адамгершілігі мол тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру.Ол үшін белгілі бір жоба болуы шарт.Яғни,оқушының дарындылығын айқындау,шығармашылығын зерттеу,анықтау, белгілі бір бағыт-бағдарлама бойынша жұмыс жүргізуі қажет.

Оқушының дарындылығын анықтауда төмендегідей әдіс-тәсілдерді анықтауымыз қажет:

-баланың отбасы жағдайын зерттеу;

-шығармашылық қабілетін анықтау ;

-сауалнамалар, психодиагностикалық тренингтерді өткізу;

-ата-анасымен әңгімелесу;

-пәндік олимпиадаларға, ғылыми жоба жарыстарына, пікір сайыс ойындарына қатыстыру;

Оқу жылы басында дарынды балаларға арналған тиімді жоспар жасалуы керек.

Әр сабақ барысында оқушыларға мынадай талаптар қойып жұмыс жасау қажет:

-қоршаған ортаны сезе білу,құбылыс себептерін іздене білу;

-ақыл парасатты игеріп,ойлау,сезім қабілеттерін арттыру;

-алдына мақсат қоя білу және жетуге ұмтылу;

-өзін-өзі талдауды,өзін-өзі бағалай білуді меңгеру;

-басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу,осы заманға сай технологияларды пайдалана білу (интернет, электронды пошта);

Дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу үшін электронды технологияның мүмкіндігі өте зор болып табылады.

өзіндік тексерудің (өзіндік бақылаудың) тестілік жүйесі;

бақылау формалары:толықтыруды қажет ететін тестілер жүйесі;

балама жауаптары бар тестілер (шешімі дұрыс немесе дұрыс емес);

таңдамалы тесті (бірнеше жауаптардың дұрысы таңдалынады);

диктант ретінде құрастырылған тесті (мәтін арқылы оқытып отырған жағдайда керекті сөз қойылып отырады);

сәкестілік тесті (өзара байланысқан фактілерді табуға құрылған);

Дарынды оқушымен жұмыс істеудің негізгі мақсаты-олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру.Бұл жерде мұғалім қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білуі керек

Дарынды оқушымен үнемі жұмыс жасау,баланы үнемі ізденіске жетелейді. Баланың жетістігін мақтай отырып,өз ісінің нәтижелі болуына және оны талдап анализ жасауына ықпал жасау керек.Жасалған жұмыстарға қарай оқушылардың бейімділік деңгейін анықтап,олимпиадаларға,сайыстарға,ғылыми-практикалық конференцияларға(ізденімпаз-дық жұмыс,зерттеу жұмысы,рефераттар қорғау,жоба қорғау) оқушылардың аудандық,облыстық республикалық шығармалар,жобалар байқауына қатысуға іріктеу.Осындай дарынды балалармен жұмыс жүргізгенде көптеген нәтижелерге жетуге болады(білім сапасы артады,олимпиада,ғылыми жобалардан орындар ).

Жаңа ғасырға қадам басқан жас жеткіншектердің қазіргі өмірге бейімділігі болуы керек.Ол өмірдің әр тетігіне үңіліп,тығырықтан шығар жолға даяр болуы қажет.Дарынды да қабілетті оқушыларды ғылымға баулу,ғылым арқылы жас ұрпақты дарындылыққа баулу әр ұстаздың міндеті.Ендеше баланы заманына қарай икемдеп,өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу,оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы екенін әр ұстаз естен шығармауы абзал.

Бүгінгі таңда мемлекет пен қоғамның алдында тұрған басты мақсат Республиканың интеллектуалды әлеуетін сақтау және қазақстандық азаматтан зиялы қауымды дайындау. Білім мен ғылым кеңістігінде еліміздің білім қызметкерлері көптеген тың өзгерістер енгізді. Интеллектуалды жоғары, қоғамға жаны аши білетін азаматтарды дайындау мектеп қабырғасынан басталады.Ендеше жаңа ғасыр мектебінің алдында тұрған міндет-дарынды балалармен жүйелі жұмыс жүргізу болып табылады. Дарындылықты дамытудың қазіргі кезде нақты бір белгіленген бағыты,жүйеленген әдістері немесе тәсілдері жоқ.Оқу мен тәрбиенің сыныптағы бала танымына лайық жолдарын сұрыптау, әр баланың даралық ерекшелігін дамытуға, қоғамда өмір сүруге психологиялық тұрғыдан дайындау мақсатымызға айналуы тиіс.Тұлғаның қоғамдық, құнды қасиеттерін дамыту.Заман ағымына қарай толысу, өсіп-жетілу, білімін, іскерлігін, шеберлігін шыңдау. Әрбір жеке тұлғаның өз басына сын көзбен қарап, өзін-өзі реттеп, өз бойындағы қасиеттерді іске асыратын Қазақстан азаматын тәрбиелеп шығару.

Баланың отбасылық жағдайы, оның ерте балалық шағынан бергі жетілуі туралы ақпараттарды жинаудағы түрлі әдістер (ата-аналармен әңгіме, сауалнама алу, балалар шығармалары, күнделік жазбалары )

- Арнайы психо-диагностикалық тренингтер;

- Баланың іс-әрекетін мұғалімдер, ата-ана тарапынан экспертті бағалау;

- Ұжымдық-шығармашылық іс-шараларын жүргізуде балаларды қатыстыру;

- Балалардың шығармашылық жұмыстарының нақты нәтижелерін мамандар тарапынан сараптау;

- Белгілі дарын түрін талдау міндеттеріне байланысты түрлі әдістерді пайдалана отырып, психодиагностикалық зерттеулер жүргізу деп қарастырсақ, біріне-бірі еліктеп қатарларын толықтырып отырса нұр үстіне нұр болар еді.

Жалпы дарындылық балаға табиғатпен берілетін ерекше қабілет деп қарастырсақ, олай болса әр баланың жеке қабілетіне тұлғаның интеллектуалды дамуы, жеке тұлғаның дарындылығын, талантын, қабілетін дамыту-дарынды баламен жұмыста басты нысана болмақ.Сонымен қатар өскелең ұрпақтың дамып жетілуін зерттеп-зерделеген жөн.

«Әрбір бала -болашақ данышпан» деген қағидаға ой жіберсек,ұстаз атаулының жас шәкірттерді дарынды, дарынсыз деп жіктеуінің үлкен қателік екенін сеземіз. Психологтар соңғы жылдары адам бойындағы дарындылықтың екі түрін бөліп көрсетті. «Туа» біткен данышпан деп, ал екіншісінің өкілін «Келе-келе қалыптасқан» данышпан деп атау негізге алынған. « Туа қалыптасқан» данышпандар - Моцарт, Рафаэль, Пушкин, тағы басқалары өз туындыларында керемет қабілеттілік танытқан. Бұл топқа біздің халықтың ішінен Шоқан Уәлиханов пен Мұхтар Әуезовті жатқызуға болады. Ал «келе-келе қалыптасқан» данышпандардың ең үлкен қасиеті қажымайтын жігер, білімге деген құштарлық, өзіне-өзі қоятын талаптың қатаң болуы екен.

Мектеп қабырғасында кемеңгерлер жақсы да, жаман да оқиды. Ал адам бойындағы дарындылықты нағыз данышпандыққа айналдырудың бір ғана шарты - табиғи талантпен шектеліп қалмай, табандылықпен еңбектену.Демек, табиғи таланттарды ашу жас талапкердің жарқырап көрінуі үшін ұстазға жүктелер міндет не? Ол міндет - оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін жан аянбай еңбек ету.Осы жағдайға жеткен оқушы әрқашан да ұстаз сенімін ақтайды.Психологтардың зерттеуі бойынша әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік қабілет, бейімділік болады дегенді айтады.Сондықтан баланы сәби кезінен бастап мектеп бітіргенге дейін үзбей, жүйелі түрде шығармашылыққа баулу, ақыл-ойын, икемділігін дамыту қажет.

Шығармашылық қабілеттілік - бала өз бетінше жаңа бір бейне құрумен сипатталады. Яғни іс-әрекеттің қандай түрінде болсын жаңалық ашу арқылы, жасампаздық бейне жасау арқылы өзіндік жеке даралық дамудың көрінісін байқатқан жағдаймен түсіндіріледі.

Оқушыларды шығармашылыққа баулу үшін тағы бір қажеттілік-баланы психологиялық дайындықтан өткізу. Психологиялық дайындық, яғни педагогтың психологиялық әсері шығармашылық кезеңде баланың шабытын оятып, құлшындырып, еліктіріп отырады. Шығармашылық шеберлік үшін оқушыға ұстаздың берер психологиялық әсері мынадай болмақ: «Сенің қолыңнан бәрі келеді», «Сен қабілеттісің», «Жаз», «Үйрен» деп баланың еркін билеп, сенім білдіру;

- Оқушының кішкентай жетістігі болса да жоғары бағалап, мадақтап, көтермелеу, оқушылар басылымында өлең, әңгімелерінің жарық көруіне көмектесу;

- Шығармашылық сәтте оқушыға құптаушылық көзқарас білдіру,сезім күйін байқау, қамқорлық таныту;

- Ақын-жазушылардың, өнер адамдарының шығармашылық дәстүрінен қызғылықты оқиғаларды әңгіме ету;

- Оқушылар үшін педагог өзін қарапайым жан есебінде таныта білу, оқиға, сюжет, образ жасауда оларға сенім білдіру;

- Оқушының қойған сұрақтарына пейілмен жауап беру, олардың психологиялық екпіндігін қамтамасыз ету сияқты әрекеттерді мұғалім білуі тиіс.

«Білікті педагог- білім мен тәрбие кепілі». Тек білікті педагог қана дарынды оқушылардың шығармашылығын дамыта алады. Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті - тәрбие мен білім алу. Тәрбие арқылы балаға қоғам өзінің ғасырлар бойы жинаған асыл мұрасын, дағды тәжірибесін береді. Әсіресе дарындылық қабілеті жоғары оқушылар мұны көбірек қажетсініп, үнемі жаңғырып, ізденіп отырады. Тума дарындар, қабілеттілігі жоғары оқушылар үнемі өз ойын шығармашылығында көрсеткісі келеді. Сондықтан орта білім беру орындарында оқушы дарыны мен шығармашылығын арттыратын үйірмелердің, оқушылар бірлестіктері мен ұйымдарының, клубтарының мол болғаны дұрыс. Оқушыларға сапалы да саналы ұйымдастырылған сыныптан тыс шаралар мен мәдени және көпшілік шаралар игі әсер етеді. Дарынды оқушылармен жұмыста оқушылардың қоғамдық ұйымдарының жұмысын жандандыру көп нәтиже береді. Мектепте өткен ірі сайыстар мен додалар, біріншіліктер, интеллектуалдық тәрбиелік шаралар, акциялар, сыныптан тыс жұмыстар және тағы басқалар оқушының қабілет қарымын арттырады.

«Құрметті дарынды түлектер, табиғат берген ерекше сыйды қастерлеп, дамыта біліңдер. Кемері толған кемелді ой мен білікті білімдеріңді, өнерлеріңді туған елдің керегіне жаратыңдар. Келешектің кілті өздеріңде»- дейді Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің бір баларға арнаған сөзінде. Бұл көп нәрсені аңғартса керек. Тұңғыш Елбасымыз да дарын иелерінен үміт күтетінін аңғартады. Олай болатын болса, алға қойылған мақсаттарды орындау үшін еліміздегі оқушы жастарымыздың шығармашылық әлеуетін жан -жақты өсіруге ден қою қажеттілігі туындайды. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, балалардың дарындылық қасиеттерін дамытуға төмендегідей әр түрлі тәрбиелеу жолдарын кешенді түрде қолдану негіз болады, олар: бала бейіміне қарай тәрбиелеу, шығармашылығын шыңына жеткізетіндей мүмкіндік жасау, нәтижеге бағытталған нақты шара ұйымдастыру, оқушының шығармашылық ізденісін толық жүзеге асыру, интеллектуалдық өрісін арттыру, іскерлік, тұлғалық қасиеттерін дамыту. Баланың дарындылығымен жұмыс оның даму деңгейіне бағытталғаны жөн. Баланың зейіні мен жады, зерделеуі, пайымдауы, анализ және синтездеуге деген қабілеттілігі, өз тұжырымы мен ойын айта, көрсете, іске асыра білуі аса маңызды.

Қазақстандағы қазіргі білім беру реформалары балалардың дарындылығын қалыптастыруды дамыту мәселесін шешуге бағытталған білім беру мекемелерін көбейтуге үлкен көңіл бөліп отыр. Бірақ барлық баланы бірдей дарынды балалармен жұмыс жасауға бағдарланған мектептерде (лицейлер, гимназияларда) оқыту мүмкін емес. Сондықтан барлық орта мектептерде дарынды оқушымен жұмыс жүйелі жолға қойылуы тиіс. Ол үшін төмендегідей шараларды атқаруды ұсынамын:

Біріншіден: Білім беруде (сабақ процесінде) дарындылықты дамытатын әдіс-тәсілдер кеңінен қолданылуы тиіс;

Екіншіден: Тәрбиелеуде (тәрбие процесінде) дарындылықты дамытатын кешенді, жүйелі шаралар қолданылуы керек;

Үшіншіден: Оқушылардың өз мүмкіндіктерін көрсете алатындай сыныпта, сыныптан тыс шаралар ұйымдастыру;

Төртіншіден: Қоғамдық ұйымдармен, үйірмелермен, оқушылардың шығармашылық бірлестіктерімен, клубтармен жұмысты дарынды оқушылармен жұмысқа кіріктіре ұйымдастыру;

Бесіншіден: Оқушының дамуына қажетті шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін материалдық - техникалық базаны нығайту және жаңарту;

Алтыншыдан: Дарынды оқушылармен жеке шығармашылық жұмыс атқару.

Жалпы дарындылыққа педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама берілген: «Дарындылық-белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі». Дарындылық дегеніміз - адамдардың қабілеттерін жете жақсы дамуының жоғары сатысы. Осы қабілеттілік арқылы адамдар көптеген жақсы жетістіктерге жете алады. Дарындылық - сапалы қабілеттердің өзіндік бірлесуі: оның арқасында іс-әрекет жақсарады. Көптеген ғылымдардың ойынша дарындылық, қабілеттілік және талант бір ұғымды білдіреді. Оларды бірдей негізде сәтті іс-әрекетте топтастыруға әрекет жасады.

Нышандардың іс-әрекеттік негізінде қабілеттілік қалыптасады;

Әдейленген дарындылық-сапалы өзіндік қабілеттердің бірлесуінде іс-әрекет сәттілігі құрылады;

Жалпы дарындылық - қабілеттілік кең шеңберіндегі іс-әрекеттер;

Іс-әрекет сәттілігін белгілейтін жеке адамның басқа адамдарынан айыратын ерекшеліктер

Ерекше қабілетті балаларға қамқорлық жасау - ежелден келек жатқан дәстүр. Республикамызда ашылған көптеген колледждер мен лицейлер - негізінен дарынды балалар үшін ашылған оқу орны. Мұндай оқушылар ел болашағына, оның интелектік қуатына баға жетпес резерві. Сондықтан да жер-жерден бұларды іздеп табу- аса мәнді мейірбанды, гуманистік іс. Оларды мәпелеп, қамқорлық алу - баршамызға ортақ, бүкіл халықтық шара, өйткені таланттар қай кезде де қандай да іздесе таптырмайтын ұлттың рухани байлығы.

В.Крутецский өзінің математикалық қабілеттіліктің құрылымын зерттеген еңбегінде: «Егер қабілеттіліктер деген ұғымды жеке психикалық қасиеттер деп түсінсек, онда дарындылық дегенді адамның ерекше қабілетінің жиынтығының бірлігі деуге болады»,-деп тұжырымдады.
Дарындылық ұғымымен қатар шығармашылық, талант, данышпандық, қабілеттілік ұғымдары да бар.

Шығармашылық-өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын, жеке тұлға бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктіліктің болуы.
Талант-қабілеттіліктің ең жоғары деңгейі.

Данышпандық-қоғам өмірінде тарихи маңызы бар, шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтың жоғары деңгейі.

Қабілеттілік - белгілі бір іс-әрекетте ең тәуір нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін адамның жеке-дара психологиялық ерекшелік деңгейі.

Дарынды баланың бойынан табылатын асыл қасиеттердің, өмірге құштарлық, биік ізгіліктің бәрінің кілті - мыңды жығатын білімде.

Адами ойлау, ізденімпаздың-табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылары да сөзсіз. Қабілет іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Дегенмен табиғат оның бәріне бірдей етіп бөлмей, біреуге көптеу, біреуге аздау, ал үшіншілеріне мүлдем жарапай тарататыны анық. Қазірге дейін ғылым мен тәжірибеде дарындылық туралы екі түрлі көзқарас бар. Біреулері кез келген бала дарынды, тек уақытында нақты қабілетін анықтап дамыту керек. Ал қарсы көзқарастар дарындылық өте сирек құбылыс, жалпы адамдардың өте аз тобына ғана тән. Сондықтан, дарынды балаларды іздеу алтын түйірін іздегенмен бірдей дейді. Бұл көзқарастар тұқымқуалаушылық пен тәрбиенің дарындылықтың дамуындағы рөлін талқылаудың жауабы.

Балалардың келешегі жөнінде ойланбайтын, балалардың қабілетті, дарынды, талантты болып, болашақ қызметтерінде үлкен жетістіктерге жетуін армандайтын ата-аналарды табу өте қиын. Бірақ сөйте тұра солардың барлығы бірдей қабілет деген не, оны қалай дамытуға болады және бұл жұмыста жанұя қандай міндет атқару керек дегенді біле бермейді. Қабілеттілік туа бола ма, жоқ әлде жүре бола ма? Олар тұқым қуалай ма, жоқпа? Қабілеттілік барлық балада бірдей дамыту мүмкін бе? Оған қалай жетуге болады? Міне, бұл сұрақтарды ата-аналар жиі қояды.

Қабілеттілік жалпы ақыл қабілетті және арнайы қабілет болып бөлінеді. Жалпы қабілет негізінен ойлауға қатысты болып келіп, оның аңғарғыштық, ойланғыштық, дербестік, сыншылдық, икемділік т.б. қасиеттерінен көрініп отырады. Жалпы қабілет адамның өзін ой-әрекеттерінің түрлі салаларынан көрсете білуге мүмкіндік жасайды.

Жалпы қабілеті дами білген оқушы математика, әдебиет сабақтарын бірдей жақсы игеріп, мектеп шеберханасы, тәжірибе алаңы, лабораториядағы түрлі еңбек тапсырмаларын да сәтті орындап отырады. Қабілет, дарындылық, талант қалай пайда болады? Олардың табиғаты қандай? Туа болған қасиеттер мен жүре игерген қасиеттер арасындағы қатынас неде? Бұл сұрақтардың бәрі де қазіргі психология ғылымының шұғылданатын мәселелерінің ең күрделісінен саналады.

Психологтардың басым көпшілігі қабілеттілік әрекет үстінде оқытып, тәрбиелеу негізінде қалыптасып, дамиды деп есептейді.

Шығармашылық дарындылық белгілерінің тізімдерінің сараптамасы мінез - құлық аспектілерімен байланысты сипаттамалардың бар екендігіне көз жеткізуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде дарынды балалардың ерекшеліктері мен бейімділігін және мінез-құлқын сипаттайтын бірнеше тізімдер бар. Мысалы, әлемге әйгілі Б.Кларктың кітабында дәл осындай бес тізім бар. Олар баланың ойлау, шығармашылық қабілеттерін және өнер саласындағы (ән, би, драма т.б) қабілетін сипаттайды.баланың шығармашылық дарындылығының сипаттамалары нәтижесінде мына сипаттамаларды атап айтуға болады:

Зерттеу кезінде білімге ерекше құштарлық танытатын жоғарғы қажеттілік;

Ақыл-ойдың жоғары қажеттілігі;

Тек кешегі мен бүгінгі ғана емес, болашақ абстрактылы идеялар мен теорияларға қызығушылығы;

Белгілі бір іс-әрекетке, кәсіпке аса қызығушылық таныту, бір іспен шұғылдану;

Өз бетімен белгілі бір мақсатқа жетуге табандылық көрсете білу.

Тұлғаның қоғам дамуында өз орны бар екендігін біле отырып, дарынды балалардың тек өткенге емес, болашаққа да қызығушылығымен, іс-әрекеттердің жаңа тәсілдерін көбейтуге қабілеттерімен ерекшеленетіндігін атап өту қажет. Сонымен бірге бұл жеке тұлғалық дамудың мақсаттарына да жауап береді. Бұл жөнінде К.Урбан былай деп тұжырымдаған: «Қазіргі заман талабына сай шығармашылық қабілеттің дамуына бағытталған білім дегеніміз - аз уақыт ішінде мол идея қорын алу емес, керісінше, жеке тұлғаның толық дамуын қамтамасыз ететін іс».

Дарынды баланың бойындағы дамыған сана белсенділігі мен таным белсенділігі, тума қабілеті. Ол қабілет мектепте сан алуан ғылыми салалардан білім алу арқылы және ұстаздардың көмекгі арқылы ашылады және дамиды.

Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы талант көзін ашып, тілін байыту, қиялын ұштау мен өз бетінше ізденуге әсерін тигізеді.

Дамыта оқытудың басты мақсаты - баланы оқыту отырып, оны шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту.

Оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, шығармашылық бағытта жан-жақты дамытуда, дамыта оқыту технологиясының тиімділігі ерекше.

Дарынды балаларды анықтау-баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ процесс. Осы айтылғандарды ескере отырып, дарынды балаларды анықтаудың мынадай ұстанымдары тұжырымдалды:

1. Баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу.

2. Дамытушылық ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану.

3. Баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты деңгейінде ғана емес, сондай-ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау.

4. Жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен ата-аналардың сипаттамалық бағалары.

5. Түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан-жақты бағалаудың кешенді сипаты. Білім беру жүйесінде жаңаша мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыған шығармашыл, рухани ой-өрісі кең жеке тұлғаны тәрбиелеу міндеті тұр.

Дарынды оқушымен жұмыс істедің негізгі мақсаты-олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқажету оқу бағдарламасын тереңдетіп, оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
Дарынды оқушымен жұмыс істетін мұғалімге қойылатын педагогика-психологиялық талаптарды мынадай кезеңдерге бөлуге болады.

1. Мұғалімнің бағыт-бағдарына байланысты талаптар:

- дарынды оқушымен жұмыстың әлеуметтік қажеттілігін сезінуі;

- оқушыны жақсы көруі және қабілеті жоғары оқушылармен жақсы қарым-қатынаста болуы;

- дарынды оқушымен жұмысқа тұрақты қызығу таныту және нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай іздеуі;

- дарынды оқушының ата-анасымен тығыз байланыс орнатуы;
- дарынды оқушымен жұмыс кезінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылуы;

2. Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар

- өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білуі;

- қызмет нысанын, яғни бірыңғай педагогикалық үрдісті білуі;

- оқушы дарындылығын моделін білуі;

- жеке тұлға теориясын, оны қалыптастырудың әдіс-тәсілін білуі;

- дарынды оқушыны анықтаудың психодиагностикалық әдіс-тәсілін білуі;

- қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білуі;

- дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгерімге ғана көңіл бөлмей, оның басқа көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлуі;

3. Мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар:

- дарынды оқушына анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;

- дарынды оқушыларды оқытуға арналған тереңдетілген бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс жасай білуі;

- оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;

- дарынды оқушыны зерттеуге психодиагностикалық күнделік жүргізуі;

- оқушылармен қарым-қатынасын психологиялық тұрғыдан сауатты орната білуі;

- дарынды оқушының ғылыми-ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі;

Осы айтылған тұжырымдарды қорыта келе, дарынды балалардың қабілетін дамытудың келесі жолдарын іріктеп алуға болады:

1. Сабақтар, ОҚҒ-ның жұмысы;

2. Пәндік үйірмелер;

3. Тіл мерекесі;

4. Абай оқулары;

5. Олимпиадалар;

6. Интеллектуалдық ойындар, дебат (пікір сайыс) клубы;

7. Ғылыми-практикалық конференция (ізденімпаздық жұмыс, зерттеу жұмысы, рефераттар қорғау, жоба қорғау);

8. Оқушылардың білім деңгейлерін арттыру (мұражайға бару, белгілі адамдармен кездесу);

9. Шеберлер байқауы (ақындар айтысы, шешендер сайысы, би үйірмесі, шебер қолдар үйірмесі);

10. Оқушылардың аудандық, облыстық, республикалық шығармалар, жобалар байқауларына қатысу.

Заман талабына сай қазіргі білім беру үрдісінде түбірлі өзгерістер болып жтқаны белгілі.

Әр мұғалімнің басты міндеті - рухани бай, жан-жақты дамыған, дарынды, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу.

Оқу үрдісі уақыт талабымен қаншама өзгермесін, тек ұстаз ғана оның мазмұнын оқушы санасына сіңіре алады.

Яғни баланы оқыту мен тәрбиелеуде түрлі ізденіс жұмыстары арқылы дарындылықты анықтап олардың дұрыс қалыптасуына жағдай жасау керек. Дарынды, қабілетті балалар өзінің бойындағы ерекше қабілеттері арқылы ең жоғарғы нәтиже жеткен балалар.Қорытындылай айтарым, оқушылардың дарындылығын айқындап, біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқытып, ғылыми ізденіс қабілеттерін қалыптастыруымыз керек. Ендеше бізге ой-өрісі жоғары дамыған, зерделі ұрпақ керек екенін естен шығармауымыз керек.Бұл-ұстаздарға, барлық жұртшылыққа жүктелетін ауыр да абыройлы іс. Еліміздің білімді, саналы азаматтарын тәрбиелеп шығарудан артық ,ұстаз үшін бақыт болмаса керек.Уақыт талабы, кезеңі де осыны талап етеді.Ендеше, сөз соңында айтарым тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні- дарынды балалар - бақытты ғасыр кепілі.


© 2010-2022