Презентация по психологии на тему «Адамгершілік – асыл мұра» атты тренингі

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жас мұғалімдерге арналған «Адамгершілік - асыл мұра» атты тренингі

Мақсаты:

Жас мамндар бойында адамгершілік қасиеттерді ұялату, мейірбандық, ойшылдық, шыншылдық, қайырымдылық т.б адамгершілік қасиеттерді игеруге ықпал ету.

Міндеттері:

  1. Мұғалімнің әртүрлі жағдайда педагогикалық шеберлікті дұрыс пайдалана білуін дамыту.

  2. Мұғалімнің кәсіптік деңгейін байқау және дамыту.

  3. Мұғалімнің кәсіптік -педагогикалық ерекшеліктерін және эмоция жағдайларын дұрыс пайдалана білуіне жаттықтыру.

Жүргізуші: педагог-психолог Рахманова У.Ж.

Қажетті материалдар мен көрнекіліктер: кестелер, үлестірмелі қағаздар, доп.

Өткізілу әдісі: тренинг, ойын - жаттығу.

Тренингті жүргізу барысы:

І. Ұйымдастыру. (жүргізілетін орынды дайындау, тренингтің өтілу барысын түсіндіру).

ІІ. «Танысу» тренингі.

  1. Қатысушылар бір -біріне доп лақтырып аттарын сұрасады, содан кейін, өзін табиғат құбылысымен теңейді. Мысалы: Менің атым ......., мен көктем сияқты шуақтымын.

  2. Қатысушылар бір -біріне кезек доп лақтырып, бір -бірінен бүгінгі көңіл -күйлерін сұрасады.

ІІІ. Вербальды қарым қатынасқа түсуге байланысты эмоциялық жаттығу.


«Сәлемдесу»

Қатысушыларға оқушылармен сәлемдесудің 10 түрлі эмоциямен айтылу ұсынылады.

Қатысушыларға карточка таратылады.

Карточкалардағы сөздер:

  • қорқынышпен

  • шын көңілмен

  • қуанышпен

  • қанағаттанбай сәлемдесу

  • беделді сәлемдесу

  • таңғалып сәлемдесу

  • кінәлап сәлемдесу

  • селқос сәлемдесу

  • келемехдеп немесе әзілдеп сәлемдесу

  • ренішпен сәлемдесу

Жаттығу. Мына сөйлемді әртүрлі эмоцияда , дауыс ырғағы

мен айтып көріңіз.

«Қоян көжегін тастап кетіпті»

Қатысушыларға карточка таратылады.

  • сыбырмен

  • қатты дауыспен

  • толқындап

  • қатты тоңып тұрған тәрізді

  • сіздің ұртыңызда ыстық картошка тұрғандай

  • кішкентай қыз бала сияқты.

Рефлексия

Психолог: Алдыңғы екі жаттығу бойынша қорытынды жасайық. Сіздер дауыс ырғағының әртүрлі эмоцияда шығатынын естідіңіздер. Яғни күнделікті оқушылармен қарым -қатынаста өз даусыңыздың қандай эмоцияда шыққанын қалар едіңіз?

Сіз қандай дауыс ырғағын қалайсыз?

« Хайуанаттар бағы» жаттығуы.

Мақсаты: Қатысушылардың өзін-өзі сипаттау.

Шарты: «Сіз бір күні байып кеттіңіз. Өзіңізге хайуанаттар бағын сатып алуды шештіңіз. Ең бірінші қандай хайуанат сатып алып, бірінші торға отырғызар едіңіз? Екінші торға қандай хайуанатты отырғызар едіңіз?». Таңдаған хайуанаттарды не үшін таңдадыңыз, және сипаттап беріңіз .

Рефлексия.

  1. Сіз қандай сезімде болдыңыз?

  2. Хайуанаттар ойыңызға тез түсті ме?

Тапсырма :

«Мына сөйлемді аяқтаңыз!»

(Сөйлем карточкамен таратылады.)

  • Мен көмектесемін....................

  • Мен қамқор боламын...............

  • Мен жақсы көремін.................

  • Мен таланттымын...................

  • Мен ренжимін..........................

  • Маған ұнайды..........................

  • Мен ашуланамын....................

  • Мен өзіме ризамын.................

  • Мен жақсы істей аламын........

  • Мен басқаларға қарағанда.....

Рефлексия.

Психолог : Сөйлем аяқтау сізге қиынға соқты ма?

Сергіту тренингі.

«Сезім құпиясы».

Медитациялық әуенмен жүргізілді.

Ыңғайлы отырыңыздар. Өз денелеріңізді сезініңіздер және бос ұстаңыздар.

Дене демалады, ал сана-сезім сергиді. Аспанға қарап отырмын деп ойлаңыздар. Ішіңізден. Аспанды сезініңіз. Табиғат көркемділігін байқадыңыз.Айналадағы шуылдаған құстардың шырылдаған дауыстары неткен керемет!

Кенеттен, сіз бір әсем әуенді естисіз! Әуен бағытына қарай ұмтыламыз.Сіз орман ішіне қарап зәулім сарайды байқайсыз. Зәулім сарайдың жартылай ашылған есігінен әсем әуен естіледі.

Сіз зәулім сарайдың ішіне кіресіз. Айналаңызды қоршаған төрт қабырғада көркем де керемет суреттер. Сол көркем суреттерді көру үшін сіз әр қабырғаны жағалап, ұстап көресіз.Айналаңыздағы қоршаған төрт қабырғада көркем де керемет суреттер. Сол керемет суреттерді көру үшін сіз әр қабырғаны жағалап өтесіз. Ол суреттерде сіздің қиял-ойларыңыз бейнеленген. Бірінші қабырғаға.., екінші қабырғаға..., үшінші қабырғаға..., төртінші қабырғаның соңында сіз аппақ, әрі жұмсақ демалатын жерді байқайсыз. Кенеттен, шаршағаныңызды байқайсызда, сол жерге демалуға жатасыз. Өз денелеріңізді көз алдыңызға елестетесіз... басыңыздан бастап, аяғыңыздың ұшына дейін... енді керісінше аяғыңыздың ұшынан басыңызға дейін.

Сіздер демалыңыздар, жеңілдеңіздер, жай ғана тұрып, осы бөмеде өз қорқынышымызды, үрейімізді, сенімсіздігімізді, барлық кері әсерлерді тастап артқа қарамай есіктен шығып, жауып кетеміз.

Сіздер көңілді қайратты, қажырлысыздар.

Ешқашан жүректілік пен оптимизімді жоғалтпаңыздар! Табанды және қайратты болыңыздар!

Мен сіздерді барлық өз қабілеттеріңізді қазір де, ертең де және одан кейінгі күндердеде үнемі, жігерлілікпен дамытуларыңызға дем беремін... Сіздің басыңыз мықты ақылды болғанын сезініңіз және солай деп ойлаңыз. Сезініңіз сіз сергексіз! Сіз ештенеден қорықпайсыз! Сіздің күшіңіз көп, қайратты, өзіңізге сенімдісіз! Сізде бәріде болады.!

Сіз үлкен шыдамдылықтың арқасында жақсы оқисыз, көңіл күйіңіз жақсы, орындалмай қалған жұмыстың орнын тезірек толтыруға ынтызарсыз.

Сіз ойыңыздың айқындылығының артқанын, көңіл күйіңіздің жақсарғанын, сезгіштігіңіздің жоғарлағанын сезініңіз.

Өміріңізге жаңа күштердің қосылғанын сезінесіз. Сізде бәрі алда! Сіз таланттысыз! Сізде бәрі де болады!

Сіз қайтадан табиғат аясындасыз. Шексіз аспан... Ораламыз.

Тамаша... Жұмысымызды аяқтаймыз. Сіз өзіңіз туралы ойыңызды аяқтағаныңызды, өзіңіздің демалғаныңызды сезінген кезде көзіңізді ашыңыз.

Рефлексия.

Психолог:

  1. Сіз тренинг барысында қандай сезімді бастан кешірдіңіз?

  2. Тренинг барысында қандай ой туындады?

Қорытынды :

Ұстаздар тарапынан ұсыныстар:__________________________________

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

© 2010-2022