Оқушылардың бейімделуіне арналған психологиялық ойын

        5- ші сынып оқушылары арасында коммуникативті қабілеттің қалыптасуына және бейімделуіне ықпал ету.         Сабақтан бірнеше күн бұрын оқушыларға аяқталмаған сөйлемдер жазылған парақ беріліп, толтырылады. (№1 қосымша) Сұрақтар жазылған парақты бере отырып психолог оқушыларға ойланып толтыруларын сұрайды. Барлығы берілген парақты толтырғаннан кейін, психолог сұрақтардың жауабының қорытындысын жасайды және оқушылардың берілген сауалға ойларын анықтайды. Көпшілік оқушылар қолдың күші барлығы...
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

5 сынып оқушысының «Ар кодексі»

/ 5 сынып оқушыларының бейімделуіне арналған психологиялық ойын/


Мақсаты: оқушылар арасында коммуникативті қабілеттің қалыптасуына ықпал ету.

Құрал- жабдықтар: аяқталмаған сөйлемдер жазылған парақ, ситуациялар карточкасы, ватман, скоч, фломастер, тақта, бор, дөңгелек стол. Ойында «Аспан және тозақ» оқиғасы қолданылады. (Фопель К. Балаларға қалай тіл табысуды үйрету? 1Б 114бет)

Бастапқы кезең

Сабақтан бірнеше күн бұрын оқушыларға аяқталмаған сөйлемдер жазылған парақ беріліп, толтырылады. (№1 қосымша) Сұрақтар жазылған парақты бере отырып психолог оқушыларға ойланып толтыруларын сұрайды. Барлығы берілген парақты толтырғаннан кейін, психолог сұрақтардың жауабының қорытындысын жасайды және оқушылардың берілген сауалға ойларын анықтайды. Көпшілік оқушылар қолдың күші барлығын шешеді деп ойлайды, ал көбі маған тимесе болғаны деген позицияны ұстанады. Кейбір оқушылар егер олардың көзінше даудамай болып жатырса, өзіне тимеуі үшін жай араласпау керек деп ойлайды. Осындай жауаптар ойынды мынадай жақтарынан қарастыруға, яғни өздерін: сенімді, сенімсіз және агрессивті позицияда көрсете алуына, әр мінез- құлық стилінің жақсы- жаман жақтарын бағалау және өз жеке стилін таңдауға мүмкіндік береді.

Ойын барысы

Сабақ психологтың оқушыларға стол басын айнала отыруына ұсыныс жасауынан басталады. Психолог : - дөңгелек үстелде немесе бұрышы бар үстелде отырған ыңғайлы ма? -деп сұрап, даудамай (конфликті) аналогиясын өткізеді. «Кездескен қиындықты қол жұмсаусыз, төбелессіз, яғни «бұрышсыз» әңгіменің көмегімен жұмсақ «дөңгелене отырып» шешу керек. Бүгін біздің жиналғанымыздың себебі- кім шынайы 5-ші сынып оқушысы және ол өзін айналасындағылармен қалай ұстайды соны анықтаймыз. Сендерге алдын- ала сұрақтар парағы жай берілген жоқ. Осыған орай екі оқушы сұраққа жауап беруден бас тартқан: біреуі жауап парағын тапсырмаған, ал екіншісі жауап беруден бас тартқан. Мұны оқушы өз көзқарасын, ойын дәлелдеу жағдайында өзін ұстай алмайды, білмейді деп бағаладым».

Бірақ соның ішінде ересек адамдай жауап берген оқушылар да болды. Мысалы: №5 сұраққа Арман былай жауап берген: «Мен дау- жанжал туындатқан адамды тыныштандырып, келістіруге тырысамын», №6 сұраққа ол: «Жұдырықтың көменгінсіз, сөзбен айтып келістіруге тырысамын»- деп жауап берген.

Сонымен конфликтілі жағдайда нағыз 5 сынып оқушысы өзін қалай көрсетеді? Ары қарай оқушылар сұраққа жауап бере бастайды.

Содан кейін психолог: - нағыз 5 сынып оқушысы төбелеске түспей орнаған келіспеушілікті сөздің көмегімен шешу үшін қандай қасиетке ие болуы керек (5 сынып оқушылар қандай іс- әрекет стилін көрсетеді) ?- деген сұраққа ойлануды ұсынады.

Қорыта келгенде бұл өз өзіне сенімділік деген ойға келеді. Бірақ сенімділікті көбіне агрессивті іс- әрекетпен алмастырып алады, сондақтан психолог мұның мәнін анықтап, әр оқушыға іс- әрекет стилін анықтау ұсынылады,- сенімді іс-әрекет, сенімсіз іс -әрекет және агрессивті іс - әрекет деген не екен , олардың айырмашылығы қандай. Оқушылар қойылған сұрақты талқыға салуды бастайды. Барлығы өз ойларын айтып болғаннан соң, психолог оқушылардың ойларын ғылыми әдебиетпен нақтылап кішкене анықтама береді.

Сенімсіз іс- әрекет

Арқасы еңкейген, көзі жерге бағытталған, алыс қашықтықта сөйлеседі, дауысы дірілдеп сізден жағымсыз жауап қабылдауға дайын екендігін көрсетеді. Адамдармен «Мен жаман - сен жақсы» позициясында қарым- қатынас жасайды.

Агрессивті іс- әрекет

Қатты дауысын көтеріп сөйлейді, айқайлайды, қасындағы адамның сөзін тыңдамайды, қолдары тез қимылдайды, одан соққыға алмасуы мүмкін, жоғары мазалы , көздері жоғарыдан қарайды. Адаммен «Мен жақсымын - сен жамансың» позициясында қарым - қатынаста.

Сенімді іс - әрекет

Дауысы тыныш, сабырлы. Ашық , арқасы тік, басы көтеріңкі, көздері қарсы тұрған адамға бағытталған. Денесі еркін қозғалады. Адаммен «мен жақсымын - сен жақсысың » позициясында.

Материалды толықтай бекіту үшін сенімсіз , сенімді және агрессивті қарым- қатынас жағдайында жағдаяттар бейнелеу керек . Жағдайлар карточкаларда көрсетілген , мыс: «Мараттың партасының жанынан өтіп бара жатып, Асқар оның пеналы мен дәптерлерін құлатып жіберді».

«Мақсат ойнап жүріп, қасынан өтіп бара жатырған сыныптасын түйіп кетті»

«Сыныптан шығып бара жатып Бауыржан екі сыныптасының қатты ұрсысып, бір- бірін түйе бастағанын көреді ».

Оқушылар осы ситуацияларды сенімді, сенімсіз және агрессивті іс- әрекетпен бейнелеп көрсетулері керек .

Психолог қорытынды жасайды - біз сіздермен іс - әрекеттің 3 тәсілін қарастырдық. Өздерің түсініп, көргендей ең тиімдісі - сенімді іс -әрекет екен.

Балаларға оқиға оқылып, (№2 қосымша), олар өз ойларын ортаға салады. Бірнеше сұрақтарға жауап беру ұсынылады:

  • Сені сөзбен қағытып, көңіліңе тиетін сөздер айтып ренжіткенде не істеу керек? / өз сезімін көрсету: «Маған ауыр тиді », «Маған қиын», «Мен сенен кетіп қалғым келеді» және т.с.с.

  • Егер екі адам төбелесіп жатырғанын көрсең не істеу керек? / ажыратып екеуін екі жаққа қою. Үлкен, ересек адамды шақыру/

  • Ұрыстың төбелеске айналмауы үшін не істеу керек? / «қызғаншақ», «жарымес», «ақылсыз» т.с.с. сөзбен ренжітпеу/

Қорытындылай келе психолог әр балаға нағыз 5 сынып оқушысының ерекшеліктерін атауды ұсынады. Әр оқушы өз ойларын айтқаннан кейін, ватманға жазып астына қолдарын қояды, яғни нағыз 5 сынып оқушысы деген атақты қабылдайды.

Кейін ватман сыныпқа ілініп қойылуы керек, сыныпта ұрыс - керіс болған кезде мұғалім оқушылардың жазғандарына нұсқама жасап, оқушылардың өздеріне алған жауапкершіліктерін естеріне түсіреді.

1 қосымша

  1. Мен мектепті ойлаған кезде ...

  2. Егер мен дұрыс жасамағанымды білсем, онда ...

  3. Егер мен отырған кезде бір адамды ренжітіп жатырса, мен ...

  4. Маған көңілсіз болған кезде, мен ...

  5. Мен қазір төбелес басталғалы тұрғанын көрсем ...

  6. Мен ашуланып тұрғанымды білсем, онда ...

  7. Егер менің досым басқаларға ашуланып агрессивті қараса, мен ...

2 қосымша

Аспан және тозақ

Бір жас батыр данышпан ақсақалға келіп сұрапты: «О, данышпан ақсақал, маған өмір құпиясын ашып берші . Аспан мен тозақтың қандай айырмашылығы бар?»

Данышпан ақсақал сәл ойланып тұрып жауап береді: «Сен ақылсыз жас ақымақсың. Сен сияқты адам мұны қалай түсінеді? Сен өте қатыгезсің».

Мұндай сөздерді естіген жас батыр ашуланып кетеді. «Осындай сөздерің үшін мен сені өлтіруге дайынмын!»- деп айқайлап данышпан ақсақалды жазалау үшін қылышын суырып алады.

Осы кезде данышпан айтады: «Міне, бұл - тозақ ».

Мұндай сөзді естіп, жас батыр қылышын қынабына салады.

«Ал, бұл - аспан»- дейді сонда данышпан ақсақал.



© 2010-2022