Өзiн-өзi тану сабағының жоспары (7 сынып), (9 сынып)

Өзiн-өзi тану сабағының жоспарыМектеп: М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп -интернаты Мерзiмі: 16.10.14 № 7 Тақырып: «Еңбек – өмір мәні» Құндылық: ақиқат Қасиеттер: сүйіспеншілік, адалдық, сенімділік, қайсарлық, жігерлікМұғалiм: Қажиева Г.Х.. Сынып: 9 «б» Оқушылар саны: 15 Сабақ мақсаты: ақиқат құндылығы арқылы адамдардың бақыты мен игіліктілігін қамтамасыз ететін, адамды адами тұрғыдан ажарландыратын еңбек туралы түсініктерін кеңейту.Міндеттері: -еңбектің адам үшін маңыздылығын жан...
Раздел Школьному психологу
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп -интернаты

Мерзiмі: 16.10.14 № 7 Тақырып: «Еңбек - өмір мәні»

Құндылық: ақиқат

Қасиеттер: сүйіспеншілік, адалдық, сенімділік, қайсарлық, жігерлік

Мұғалiм: Қажиева Г.Х.. Сынып: 9 «б» Оқушылар саны: 15

Сабақ мақсаты: ақиқат құндылығы арқылы адамдардың бақыты мен игіліктілігін қамтамасыз ететін, адамды адами тұрғыдан ажарландыратын еңбек туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • еңбектің адам үшін маңыздылығын жан-жақты ашу;

  • шығармашылық тұрғыдан еңбек ету қабілеттерін дамыту;

  • еңбексүйгіштікке, еңбекті бағалауға тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. (Оқушылармен амандасып, «Өзін-өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін. Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп,ұпайларын түгендейміз).

(Классикалық музыка жәймен қосулы)

  1. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену».
    Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
    Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
    Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
    Нұр бірте - бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын»Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
    Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет!Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі.

Сабақ барысын талдау:

  1. Үй тапсырмасын тексеру. «Аңыз» мәтіні (ел аузынан)

оқулық 39-40

Сұрақтар:

а) Неге Ықылас балаларының болашағынан қорықты ?

б) Қалай ойлайсыздар, ағайындылар жерден шынымен алтын тапқанда қандай болар еді?


  1. Дәйексөз. «Еңбекті жан тәнімен сүймейінше, ешбір талант та,ешбір кемеңгер де шықпайды.

Д.И.Менделеев

Сұрақ:

  1. Дәйексөздегі негізгі ой қандай?

(Дмитрий Иванович Менделеев 1834 жылы Тобольск қаласында дүниеге келді. Әкесі Тобольск гимназиясының директоры және танымал ұстаз болатын. . Жанұяда Дмитрий он жетінші бала болып дүниеге келді. Жастайынан жетім болып қалды.

Менделлевтің әлемге танымал болуына бірден - бір жол салған атасы В. Д. Корнильев болатын. Ол ғалымдар еңбектері мен көркемәдебиетті кітаптарын оқуға , білімге ұмтылуға тәрбиеледі. Д.И. Менделеев гимназияда алдыңғы қатарлы шәкірттер қатарында болды).



  1. Мұғалімнің сыйлығы «Өсиет»

Әкесі өлейін деп жатып баласын шақырып алып соңғы сөзінде: «Балам менің бір тілегім бар, орындайсың ба?-депті. Ажал аузындағы әке тілегін орындамайтын бала кемде-кем, «Орындаймын әке!»

  • Ендеше менің аяғымдағы нәскиімді шешпей жерлет және мына қағазды жерлеп болған соң оқы, оған дейін оқыма» депті.

Шал өлді. Жерлеу рәсімі басталғанда баласы. «Әкемнің соңғы сөзі еді,нәскиімен жерлейік»- деп өтінеді. Бірақ шариғат заңы бойынша қалай дүниеге келді, солай жерленеді ақыры. Әкесін жер қойнына тапсырған тапсырған жігіт, оңаша жерге барып қағаздағы жазуды оқиды. «Балам, өзің көргендегідей мен о дүниеге жыртық нәскиде алып кете алмадым. Дүниеге көп құныға берме» деген жазу бар екен әлгі қағазда.

  1. Аңыздың ой тереңдігі неде?

  2. Әкесі қандай тәрбие берді?


  1. Шығармашылық жұмыс.

1 топқа - Жоба құру-Еңбектенген адамның өімрдегі бақытты сәтін көрсету

2-топқа -мәтінмен жұмыс 44-45 бет,мәтіндегі белгілі адамдардың жеңіске ненің нәтижесінде жеткенін суретпен бейнелеу


  1. Топпен ән айту «Жан досым»

Сөзі мен әні Нүрлан Өнербаев және Талғат Мұсабаев

Iздегенде табылатын қасыңнан,
Көңілі бар қызғалдақтай ашылған.
Көрiспесек сағыныштан жүдейтiн,
Кiм бар екен бала күнгi досыңнан!
Қайырмасы:
Жан досым, үстем болсын мерейің,
Әрқашан жеңiсiңді көрейiн,
Сырымыз да бiтпесiн,
Жырымыз да бiтпесiн, жырымыз да бiтпесiн!
Қос бұтағы секiлденiп ағаштың,
Қатар жүріп сырымызды сан аштық.
Жол тапсақ та бiрге жүрiп жол таптық,
Адассақ та бiрге жүрiп адастық.
Қайырмасы:
Жан досым, үстем болсын мерейің,
Әрқашан жеңiсiңді көрейiн,
Сырымыз да бiтпесiн,
Жырымыз да бiтпесiн, жырымыз да бiтпес


  1. Үй тапсырмасы. 80-82 бетердегі мәтіндерді оқу,жағдаяттарды талдау


  1. Соңғы тыныштық сәті. (Баяу ән қосылады).

Балалар,көздеріңізді жұмыңыздар, еркін жайғасайық. Енді,бүгінгі сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік,өзімізге нені алдық, сол жөнінде ойланайық.

Жайлап көздеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет. Сау болыңыздар!







Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп: М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп -интернаты

Мерзiмі: 10.12.2014 № 15 Тақырып: «Адалдық адамдықтың белгісі»

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: шынайылықпен жұмыс істеу, қоғамға риясыз қызмет ету

Мұғалiм: Қажиева Г.Х.. Сынып: 9 «а» Оқушылар саны: 15


Сабақ мақсаты: Дұрыс әрекет құндылығы арқылы оқушылардың адалдық, шындық туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • Адалдық пен шындықтың адами қарым-қатынастағы мәнін жан-жақты ашу.

  • Адалдық, шыншылдық қасиеттерін қалыптастыруға тәрбиелеу

  • Адал, шыншыл болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. (Оқушылармен амандасып, «Өзін-өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін. Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп,ұпайларын түгендейміз).

(Классикалық музыка жәймен қосулы)

  1. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену».
    Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
    Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
    Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
    Нұр бірте - бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын»Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
    Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет!Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі.

Сабақ барысын талдау:

  1. Үй тапсырмасын тексеру. №15 сабақтағы Зейін Шашкиннің «Темірқазық» әңгімесі

- Не себепті Мақыш атай «Адалдық-өмірдің Темірқазығы деді?

- Адалдықты қандай әрекеттен көруге болады?

- «Адалдық - адамдық белгісі» дегенді қалай түсінесіздер?


  1. Дәйексөз. «Адалдық деген не? Адалдық дегеніміз - ашық, шыншыл қарым-қатынас. Арамдық дегеніміз - жасырын, бүркемелі қарым-қатынас». А. С. Макаренко

(Макаренко бүгінгі "бұзылған бала ертең қабілеті жануы мүмкін, отанының нағыз азаматы, Социалистік Еңбек ері болып шығады",-деп есептеды. Макаренконың айтуынша, педагог оптимист болуға тиіс, алдағы бақытты балалық шақты көре білуі керек, адамға оптимизммен қарау керек).

-Адалдықтың адами қарым-қатынастағы маңызы қандай?

-Адал болуға ұмтылу неге керек?


  1. Мұғалімнің сыйлығы «Ханзаданың достығы»

Ерте де бір ханның ұлы болыпты. Күні кешке дейін үйден шықпайтын ханзада әбден зерігетін халге түсіпті. Себебі, онымен ойнайтын бауыры, не болмаса досы жоқ екен. Ханзада есік алдына шығып, балалардың ойынына қосылса, олардың барлығы тым-тырақай үйлеріне қаша жөнеледі екен. Олар бұның хан баласы екенін білетін, сондықтан да онымен бірге ойнауға батылдары жетпейтін. Өздерінше: «Жазатайым құлап мертіксе, не ойында жеңіліп қалса… ондай жағдайда міндетті түрде әкесіне шағымданады. Оның бізге қандай жаза беретінін кім білсін», - деп ойлайды екен. Міне, осылайша доссыз қалған ханзада барлық күнін сарайдың терезесінде отырумен өткізеді екен. Сырттағы ойынға берілген балаларға қарап: «Уф! Ханзада болып жалғыз қалғанша, кедей ұлы болғаным әлдеқайда жақсы еді ғой», - деп күрсінеді екен.
Ханзаданың бұл күйін көрген шешесі ханға кіріп, бар жағдайды баяндапты да, бір шарасын табуды өтініпті. Хан: «Оның бір жолы бар» депті. «Ата-аналарына ақша беріп, балаларын сарайға ойнатуға әкелдірейік». Ертесіне сарайға ханзадамен ойнайтын бес-алты бала жеткізіліпті. Ханзада оларды көргенде қатты қуаныпты. Алайда бірнеше күннен кейін қайтадан зеріге бастапты. Себебі ақша үшін келген балалар оның хан баласы екенін біліп, ойыннан тек қана жеңілетін болыпты. Оның қайғысын сыртынан байқаған сарай қызметшісі бір күні: «Ханзадам, рұқсат етсең мен саған көмектесе аламын», - депті. Ханзада: «Қалайша?» деп сұрапты. Қызметші жоспарларын айтыпты. Екеуі уақыт өткізбестен жоспарларын іске асыруға кірісіпті. Қызметші күн сайын өз ұлдарының ескі-құсқы киімдерін әкеліп, ханзадаға киіндіреді екен. Ал ханзаданың киімдерін бір қарақшыға киіндіріп, терезенің алдына отырғызыпты. Хан мен әйелі оны өз ұлдары деп ойлапты. Ал ханзада болса сыртта балалармен құмары қанғанша ойнайды екен. Алайда бұл жәйт ұзаққа созылмапты. Сарайдың бағбаны ханзада мен қызметшінің сырларын ханға жария қылып үлгеріпті. Хан бұған қатты ашуланыпты да, қызметшіні жұмысынан қуыпты.
Кедей лашығына оралысымен қызметші «Ендігі уақытта балаларымды қалай асыраймын, оларға қалай нан тауып беремін?» - деп қайғырыпты. Бір күні есігін ашса, табалдырық алдында тамақ толы себет тұр екен. Қатты таң қалыпты, бір жағынан қатты қуаныпты. Себетті ішке алып, балаларын тойдырыпты. Бұл оқиға бірнеше күндей қайталаныпты. Қызметшінің есігінің алдында мұндай себет күн сайын тұрады екен. Бұның кімнің қолынан келгенін білуге қатты құмартыпты. Бір күні ерте оянып, терезе жақтауынан сығалапты. Көп кешікпей есіктің алдына себеттің иесі де жетіпті. Қызметші өз көзіне өзі сенбей, таң қалыпты. Бұл әрине, кішкентай ханзада еді. Қызметші дереу есікті ашыпты да: «Ұлым, мені ұмытпағаның үшін мың алғыс!» депті.
Ханзада: «Негізі мен сізге алғыс айтуым керек, - депті. - Сіздің арқаңызда аз да болса бақытты күндерді бастан өткердім. Оның үстіне сіз менің кесірімнен жұмысыңыздан қуылдыңыз. Бұл үшін сізден басымды иіп кешірім сұраймын,» - депті. Ханзаданың бұл сөздері қызметшіні қатты қуантыпты. Байғұс әйел: «Сенің өмір бойы өзің сияқты тек жақсы адамдармен ғана кездесуіңді тілеймін» деп дұға етіпті.Ханзаданың содан кейінгі халі не болды дейсің бе? Ол балалық шағын амалсыздан сарайда өткізіпті. Ең жақын досы - қазмет-шіні ешуақытта ұмытпапты. Ер жетіп хан болғанда да айналасындағы нағыз достарына әрдайым құрметпен қарапты. Әрине, достары да оны сыйлапты.

Сұрақ: Ханзаданың әрекеті туралы не айтар едіңіздер?


  1. Шығармашылық жұмыс.

1 топқа - Жоба құру-Еңбектенген адамның өімрдегі бақытты сәтін көрсету

2-топқа -мәтінмен жұмыс 44-45 бет,мәтіндегі белгілі адамдардың жеңіске ненің нәтижесінде жеткенін суретпен бейнелеу

Оқушыларды екі топқа бөліп

1 топ «Адалдық» - «Адал болу ушін....» (жалғастыру)

2 топ «Шындық» сөздеріне сөзжұмбақ құру


  1. Топпен ән айту

«Аман болсын адамдар»

Сөзі: О. Әубәкіров

Әні: Ә. Бейсеуов

1.Айналайын Адамдар,

Болашаққа аман бар!

Жұмыр жерде ғұмыр бар

Ғұмырлы бол, Адамдар!

Қайырмасы

Балдан тәтті балаң бар,

Бала баққан анаң бар.

Шошытпаңдар екеуін,

Айналайын Адамдар!

2. Айналайын Адамадар,

Келер күнге адал бар.

Бөбек өсіп келеді

Алды-артыңа қараңдар!

3.Сақ болыңдар, жараңдар,

Сақ болыңдар, ғаламдар.

Жер бетіне әлі де

Оқ қайнатқан адам бар.


  1. Бала үшін өлеңім,

Ана үшін өлеңім

Айналайын Адамдар,

Аман болсын бөбегің!!!


  1. Үй тапсырмасы. 79-82 беттер Қ.Толыбаев «Ақиқат» мәтіні


  1. Соңғы тыныштық сәті. (Баяу ән қосылады).

Балалар,көздеріңізді жұмыңыздар, еркін жайғасайық. Енді,бүгінгі сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік,өзімізге нені алдық, сол жөнінде ойланайық. Адам өмірі баға жетпес асыл сый. Оны мәнді де, мағыналы етіп сүру өз қолымызда. Өмірімізді бағалай білейік. Осының барлығын жүрегімізде салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап көздеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет. Сау болыңыздар!




© 2010-2022