Кеңес беру Баламен қалай қарым-қатынасқа түсу керек?

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Баламен қалай қарым-қатынасқа түсу керек?»

Мақсаты: Баланың ішкі мотивін түсінуге дағдыландыру, тыңдай білуге мәжбүрлеу, баламен қалыпты қарым-қатынас жасап үйрену.

1 - теориялық бөлім.

Нұсқау: Бүгінгі кездесуіміздің тақырыбы «Баламен қалай қарым-қатынасқа түсу керек?». Әрбір жас маманнан оқушы жайлы немесе үйлесімді қарым-қатынасқа байланысты қандай кітап авторларын білетіндіктерін сұрау. Балада кездесетін тыңдамаушылық себебін оның жүйкесінің тереңдігінен іздеу керек. Бұл мұғалімге «тыңдағысы келмейді, түсінгісі келмейді» болып көрінуі мүмкін, бірақ шын мәнінде мәселе мұнда емес.

Баланың мінез-құлқының бұзылуының төрт негізгі себебін бөліп көрсетіледі:

  1. Көңіл-аударуға күресу тәсілі: Егер бала дұрыс жетілуіне қажетті көлемдегі зейінді ала алмаса, онда оны алуға тәсіл табады: ол тыңдамайды.

  2. Өзін бекітуге күресу тәсілі: Бұл шектен тым мұғалім билігі мен қамқорлығына қарсылық.2 жасар балада басталатын «Мен өзім» белгілі талабы бүкіл балалық шақта сақталады, әсіресе бұл жеткіншек жаста асқынады. Бала бұл ұмтылысты төмендетуге сезімтал. Егер ескерту мен кеңес тым жиі болып, сын тіке айтылса онда бала шабуыл жасай бастайды.

  3. Кек қайтаруға тілек тәсілі: Бала әділетсіз қойылған әр баға үшін өкпелі болады. Оқушы іштей ренжиді, кей кездері конфликтіге түседі, ал мұның бәрі сырттан қасарысу мен тыңдаушылықты көрсетеді.

  4. Өзінің табысты болуға сенімділігін жоғалту: Бала өмірінің бір кезеңінде сәтсіздікті бастан өткізсе, ал сәтсіздік басқа жақта туындайды. Мысалы балада сыныптасымен қарым-қатынас дұрыс қалыптаспаса, мұның соңы оқу үлгерімі төмендейді, ал басқа жағдайда мектептегі сәтсіздік оқушылар арасындағы нашар қылыққа алып келеді. осындай сәтсіздік баланың өзіндік бағасының төмендігінен болады. Осындай ащы тәжірибелерді бастан кешіргенде ол сенімсіздігін жоғалтып, «Қажеті бола қоймас, бәрібір түк шықпайды» деген қорытындыға келеді. Бұл оның жан түкпірінде көрінетін ой, ал сыртқы мінез-құлқы «Маған бәрібір...», «Маған бәрібір жаманмын» дегенді көрсетеді. Мінез-құлықтың ойланарлықтай бұзылуы - бұл көмек туралы оның айқайы. Ол өзінің мінез-құлқымен бізге: «Мен өзімді нашар сезінемін! Көмектес», - дейді. Мұғалім оған көмектесе алады ма? тәжірибенің көрсетуінше бұл мүмкін. Бірақ, бұл үшін тыңдамаушылықтың түпкі себебін түсіну қажет. Біз көрсеткен төрт эмоциялық мәселенің оның дұрыс өмір сүруіне кедергі келтіретінін білу қажет.

2 - тәжірибелік бөлім.

  1. Қиын жағдаяттарды талдау.

Әртүрлі жағдаят сипатталған жолақ таратылады, алдымен үштік жұпта талдап алуға болады.

Жағдаят мысалы:

Нұсқау: Он бес жасар қыздың мұғалімі оқушысының соңғы уақытта өзін нашар ұстауы, дөрекі сөйлеуін байқады. Оқушының өзгеруі ұстазын қатты қинады. Бірақ ол өзін қалай ұстауды білмейді. Жасөспірім телефон шұқылап сабақ үстінде мазаңызды алды, бұл сізді қатты ашуландырады. Не істеуге болады?

Мектеп алды даярлық тобының оқушысы сабақ үстінде басқа оқушылармен айқайласып, тіптен ұрып жіберді. Баладағы агрессия себебі неде?

  1. «Қате неде?» жаттығуы.

Психолог нақтылығы жоқ дәйек сөзді оқиды, қателіктің неліктен болғанын анықтап, дұрыс айтылған нұсқауды жазу ұсынылады.

А) «Сабаққа кешігуді қашан тоқтатасың?»

Б) Тыныштық сақта! Сен кедергі келтіріп отырсың!

В) Жоқ, мен саған сабақтан қайт-қайта сұрана беруіңе тиым саламын!

Г) Тапсырманы орындап бітпейінше қоңырауға шықпайсын!

Жауаптың мүмкін болатын нұсқасы:

А) Сұрақ қоюдың қажеті жоқ, мәселені алдыға тарту.

Б) Қысқа уақыт мерзімінде жұмыс көлемінің көп болуы. Тақырыпты түсініп үлгермейсің, жаттығуды тезірек ойланып орындап ал.

В); Г) Сынмен айтылған ескертуден сәтсіздікті болжауға болады. Одан гөрі мәселенің басқа шешімін іздеңіз.

Кері байланыс бөлімінде жас мамандар сабақтан алған пікірлерімен бөліседі.

© 2010-2022