Қыздар сіздер үшін. кедергісі жоқ кеңестер!

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Маман психолог, Күнайым Түйешіқызының қыздарға айтар сыры.

Қыздар сіздер үшін. кедергісі жоқ кеңестер!

Ұрпақ тәрбиесін ойлаған Домалақ ана, Қараша ана, Мұрын ана, Дәулет бике, Қарқабат ана, Қызай ана, бергісі Айғаным, Зере, Ұлжан секiлдi көптеген аналарымыз бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетіп, елiне тұтқа боларлық ұл-қыз өсiрiп, тарих қойнауынан ойып тұрып орын алған абыздар. Ұлы даланың дана қаздарының бүгінгі ұрпағы елдіктің ұраншысы, инабатқа толы елдің қозғаушы күші болатын сендерсіңдер - ҚЫЗДАР!

Казіргі келбетіңе көз салып, ойтастап көр. Бәріңіз бірдей көргенсіз атанып, адасып жүрген жоқсыңдар. Солай емес пе?! Білімді қыз, белсенді қыздарымыз қаншама.. Келісті келіндер де жетерлік.Олай болса бүгінгі күнгі жан айқай қайдан шықты? Дегенмен бәрі бірдей бұрынғыдай бұрымды, ақылына көркі сай да емес екені шындық.

Ендеше, қыздар ешкімге айтпай өзің ғана біл!!

Жігіттер де ақымақ емес, көрінген қыз бен уақыт өткізіп, көңілін - көтергісі келеді. Уақыт өткізіп - ойнайтын «арзан» қыз керек оларға. Сыйқырлы сөзбен алдаудың шеберлері де жетерлік. Бірақ , өзінің отбасының айнасы, ұрпағының анасы, ата-анасы мен әулетіне ондай «оңай» қызды келіндерің деп сыйға тартуды көбі қаламайды. Ойланыңдар қыздр!! Сен өзіңді еріккеннің ермек етуіне жол берме. Көрінген көк аттыға, анаң айтқан ақылын аяқасты етіп, пәк сезіміңмен, арыңның қақпасын қақтырма. Өйткені сен өз қызыңа осы ақтық пен пәктік туралы ақылды ұялмай айтуың керек! Бүгін - тәрбиелі қыз бола білсең, ертең -келісті келін атанарың сөзсіз!

«Қу жігіттер» бұрында да болған . Ол кезде аналары қыздарына қырық үйден тию салып, жеңгелері үшін қыздың абырой - өз абройынан жоғары бағаланған. Казір бір шаңырақта он баласы болса да тату-тәтті күй кешіп, сырларын сыртқа шашпай күрең күй кешіп отырған отбасына бір келін кірсе , аяқ астынан шу шығатынын көріп жүрміз.(әрине бәріне топырақ шашудан аулақпыз) Сондықтан да қыздар, әрнәрсені ақылмен күтіп алып, сабырмен шығарып салып, «бәленшенің» қызының тәрбиелісін-ай, келген жерін ұйытып отыр» деген сөздің иесі атаныңдар! Пысықтық пен біліктілік үстіңе ілген соңғы үлгіде киімдерің мен, жігітердің алдындағы «боқтық» сөздеріңмен, жайылған шаштарыңмен өлшенбейді адасатындар да осылар болса керек. Сөз соңында айтарым: қай жерде жүрсеңдер де өз ортаңның, сол қоғамның соры болмаңдар, ары болыңдар! Қазақ қыздарының атына лайықты болайық!





© 2010-2022