Психология Тренинг «Шапалақ толқыны». (11 сынып)

Раздел Школьному психологу
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Маңғыстау облысы

Қарақия ауданы Құрық аулы




Тақырыбы:

«Шапалақ толқыны».






Орындаған :

психолог Сәрсен Нұрсұлу Жетекқызы



Тренинг «Шапалақ толқыны».

Мақсаты: Кәсіптік бағдар таңдау бойынша және ҰБТ-ны тапсыратын қиын оқушыларға психологиялық қолдау көрсету.

  • Мамандық таңдауда ұстанатын ережелер

  • Ең-ең... (ойын)

  • «Мен қаладым» сұрақнаманың қорытындысымен таныстыру

  • Мамандықты тап (ойын)

  • Мейірімділік алаңы (жаттығу)

  • Бос микрофон

1. «Мамандық таңдауда ұстанатын ережелер»

  • Мектептегі оқу пәндері-нақты мамандық емес. Пәнге деген қызығушылық оған

байланысты жұмыстың ұнайтынын білдірмейді.

  • Қалаған мамандықтың мазмұнына көңіл аудару.

  • Егер мамандық сенің досыңа ұнаса, саған ұнайды деген қорытынды жасауға болмайды.

  • Мамандықтың мазмұны, қызықты қырлары, жұмыс тәртібі мен жағдайы туралы сұрақтарға жауап бере алғанда ғана сенің таңдаудағы ой-ниетің салмақтана түспек.

  • Сән қуып, мамандық таңдаудың қажеті жоқ. Оқуды тәмамдап, жұмыс істегенше, ол мамандық сәннен шығып қалуы мүмкін.

  • Алдағы өмірлік жоспарың қандай болмасын, шетел тілін үйреніп, компьютерде жұмыс істеуді игерген аса пайдалы.

  • Заманның ағымына қарай кейбір мамандықтар тез ескіріп, оның орнын жаңа мамандықтар басып жатыр. Сондықтан кез-келген жағдайда қосалқы таңдаған мамандық болу керек.

  • Мүмкіндігінше таңдаған мамандық өзіңнің денсаулық жағдайыңа тура келетін- келмейтіндігі жөнінде кеңес алған жөн.

(Оқушылар арасында ережелер туралы пікір алмасу жүргізіледі)

3. «Ең-ең...» (ойын)

Оқушылар 5 топқа тренингтің басында бөлініп отырады. Әр топқа парақшалар таратылады. Ол парақшаларда келесі жазулар болады :

  • ең жасыл мамандықтар

  • ең ақшалы мамандықтар

  • ең таза мамандықтар

  • ең көңілді мамандықтар

  • ең тәтті мамандықтар

2-3 минуттың ішінде топтың ішінде ақылдасып мамандықтардың тізімін құру керек

және де топтың мүшесі тізімдерімен таныстырып шығады.

4. «Мен қаладым» сұрақнаманың қорытындысы

Алдын ала жүргізілген «Мен қаладым» атты сұрақнаманың қорытындысы интерактивті тақтада көрсетіледі. Мақсаты - оқушының бейімділігін және кәсіби қызығушылығын анықтау. Оқушылардың таңдауларын қорыта келгенде қандай еңбек түріне бейім екендігі анықталады. (Салалар: табиғат, техника, басқа адамдар, белгі жүйесі, көркем образдар, адамның өзі.)

5. «Мамандықты тап» (ойын)

Тренингке қатысушыларға карточкаларға жазылған мамандықтар таратылады, ал олар сол мамандықтарды ыммен көрсетуге тырысу керек. Қалғандыра мамандықты табу керек.

Хирург

Фабрика басшысы

Хатшы

Кітапханашы

Банк қызметкері

Сатушы

Мұғалім

Бухгалтер

Слесарь

Сварщик

6. «Мейірімділік алаңы» (жаттығу)

Қатысушыларға түрлі түсті қағаздардан қиылған күннің шуақтары, гүлдер, жасыл

шөптер таратылады. Гүлдерге - оқушыларға, жасыл шөптерге - ата-аналарға, күннің

шауқтарына - ұстаздарға арналған кәсіби бағдар таңдауда ұсыныстар жазылады және

де ақ ватманға бекітіледі.

7. «Бос микрофон» (рефлексия)

Еркін түрінде қатысушылар психологиялық тренингтен алған әсерлері туралы пікір

бөліседі.

Қорытынды: Оқушылардың көңіл-күйлері көтеріліп, қиындық, жол таңдау және қиын ситуациялардан шығу жолдарын өздері тауып, қиындық көріп жүрген оқушылардың рухтары көтеріліп алға мақсат қоя білуге үйреніп, алға ұмтылыс байқалады.







Ең жасыл мамандықтар

Ең ақшалы мамандықтар

Ең таза мамандықтар

Ең көңілді мамандықтар

Ең тәтті мамандықтар




Хирург

Фабрика басшысы

Хатшы

Кітапханашы

Банк қызметкері

Сатушы

Мұғалім

Бухгалтер

Слесарь

Сварщик


© 2010-2022