Әр түрлі темір тілімшелерді оттегімен кесу

Сабақтың  тақырыбы : «Әр түрлі темір тілімшелерді оттегімен кесу»   Мақсаты  :         1.       Оқушылардың теориялық  білмдерін нығайта отырып,                                      темір тілімшелерді оттегімен кесуді, іс жүзінде істетіп                                        үйрету.                            2.                     Оқушыларға берілген  жұмыстарын, мақсатын алға қоя    отырып  білімдерін және кәсіби  шеберліктерін             дамыту                                 3.         ...     2.   Жаңа материалды түсіндіру   Жаңа сабақта  оқушыларға  оттекті  баллондармен,  бәсеңдеткіштермен  қосылысына  көп  көңіл  бөлу  керек. Кесу  жұмысын  орындағанда  металдың  көп  шашырауы  туады, сондықтан  адам  металдың ұшқындарымен  күйіп  қалуы  мүмкін.  Оқушыларға оттекті  баллондармен  және  бәсеңдеткіштермен  жұмыс  істеу  ережелерін   естеріне салу  керек,  майлардың  оттегімен  қосылысына   көп  көңіл  бөлу  керек.  Төмен  көміртекті  болатттан  жасалған  тілімшелерді еденнен  те...       ІІІ.   Ағымды нұсқау     215  минут   1-     бақылау   Әртүрлі темір тілімшелерді / пластинкаларды/ іс  жүзінде  оттекті  кесу   кезінде  жұмыстың   дұрыс  ұйымдастырылуын  қадағалау   2-     бақылау   Әр түрлі  темір тілімшелерді  / пластинкаларды/  оттегімен кесу кезіндегі  еңбек және техника  қауіпсіздігі  ережелердің  сақталуын  қадағалау,  яғни металды   оттекті- ацетиленді кесуде осы қондырғылармен абайлап жұмыс істеу керек. Әсіресе оттекті баллонды оның редукторын шаң –майдан  тазар...   3-бақылау     Оқушылардың  назарын , кескіш оттегіне  дұрыс қысым  орнатуына аудару  керек. Оттегі кескіштің  улкен- кіші қысымдылығы  кесуде қандай жағдайлар туғызуы туралы ескерту жасау 4-     4- бақылау   Жұмыс орындарында  жұмыстың сапалы істелінуін, кесу кезінде кесілетін  темірдің  жиегінің қож кедергісіз  шығару үшін  тілімшелерді  төсенішке  орналастыру керектігін  және оттегіні, ацетиленді үнемді пайдалану, үзіліс болса жанғышты  сөндіруге талап  қою, қадағалау.   5-бақылау   Оқушылар...
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№ 7 кәсіптік лицей Шелек селосы



Өндірістік ашық сабақ

Тақырыбы : «Әр түрлі темір тілімшелерді оттегімен кесу»

Әр түрлі темір тілімшелерді оттегімен кесу

Шебер: Имангазиев Б

Сабақтың тақырыбы : «Әр түрлі темір тілімшелерді оттегімен кесу»

Мақсаты : 1. Оқушылардың теориялық білмдерін нығайта отырып,

темір тілімшелерді оттегімен кесуді, іс жүзінде істетіп

үйрету.

  1. Оқушыларға берілген жұмыстарын, мақсатын алға қоя отырып білімдерін және кәсіби шеберліктерін

дамыту

3. Оқушыларды ұстамдылыққа, жұмыста тиянақты

болуға, төзімді болуға, жоғары жауапкершіліктікке

тәрбиелеу.

Сабақтың өткізілетін орны: «Электр және газбен пісіру шеберханасы»

Сабақтың көрнекілігі : Газбен дәнекерлеу қондырғысы, әмбебап кілт, із салғыш, сызғыш, оқулық, плакат, кесілетін темір тілімшелері

Уақыт нормасы: 270 минут / 6 сағат

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі: 3 минут

1. Оқушыларды журнал бойынша тексеру

2. Оқушылардың сыртқы келбетін тексеру

ІІ. Кіріспе нұсқау 42 минут



Өткен тақырыпты қайталау мақсатында кәсіби сұрақтар.

  1. Оттегі дегеніміз не?

  2. Карбид тасы дегеніміз не?

  3. Ацетилен газы дегеніміз не?

  4. Ацетилен газ өндіргіштің қажеттілігі

  5. Ацетилен газ өндіргіш неше бөліктен тұрады?

  6. Оттегі газының қас жауы не?

  7. Газбен дәнекерлеу дегеніміз не?

  8. Карбид тасының жауы не?

  9. Оттегі сауыты дегеніміз не?

  10. Шура дегеніміз не?

  11. Резеңке түтікшелер дегеніміз не?

  12. Бәсеңдеткіш дегеніміз не?

  13. Жаңарғы деген не?

  14. Оттегі газы не үшін қолданылады?

  15. Дәнекерлеу дегеніміз не?


Әр түрлі темір тілімшелерді оттегімен кесу

2. Жаңа материалды түсіндіру

Жаңа сабақта оқушыларға оттекті баллондармен, бәсеңдеткіштермен қосылысына көп көңіл бөлу керек. Кесу жұмысын орындағанда металдың көп шашырауы туады, сондықтан адам металдың ұшқындарымен күйіп қалуы мүмкін. Оқушыларға оттекті баллондармен және бәсеңдеткіштермен жұмыс істеу ережелерін естеріне салу керек, майлардың оттегімен қосылысына көп көңіл бөлу керек. Төмен көміртекті болатттан жасалған тілімшелерді еденнен тесілетін тілімшелерден арақашықтығы 100- 150 мм аспайтын қылып орналастыру керек. Қыздыратын жалынмен кескішті металл бетін кесілетін сызық бойынша қыздыру керек. Қыздырылған бетті жалынмен қыздыру кезінде пайда болатын қабықты металлл щеткамен тазалау керек. Кесілетін сызықты бормен белгілеу керек. Қажетті мүштектің номірлерін кесілетін металл қалыңдығына байланысты орнату керек. Ацетилен - оттекті таңдап алған мүштектер және кесілетін металл қалыңдығына байланысты бәсеңдеткіштердің газ қысымын орнату керек. Қыздыратын жалынды жағып және қалыпты жағдайына дейін реттеу керек. Мүштек кескішін 3-4 мм арақашықтықта кесілетін металға қарағанда 90 градус немесе кескішке қарсы бағытта кішкене көлбеумен / 5-10 градус/ орнатады. Тілімше бүйірін балқыту температурасына жақындағанға дейін қыздырады: төмен көміртекті болатты 1350 градус - 1360 градусқа дейін қыздырады 5- 10 секунд өткеннен кейін кескіштің брондасын ашып кесілетін сызық бойынша кесу үдерісін орындайды.

Үдеріс барысында кескішті тұрақты жылдамдықпен жүргізу керек: кесілетін бетке қарағанда 85- 90 градус бұрышында ұшқындар ұшуы көрсететіндей жоғары жылдамдықта орындайды. Кесуді бір қалыпты жылдамдықпен жүргізу керек, себебі тез жылдамдықпен кесетін болса қажетті мөлшерде жылыту берілмейді де , кесу үдерісі тоқтап қалуы мүмкін . керісінше кесу өте жай жүргізілетін болса жиектердің балқытылуы мүмкін, ал кесілген бөліктер біркелкі шықпайды және жиектерде аздаған қож пайда болады. Мұнда кескішті дұрыс жылдамдықпен жүргіссе ұшқындар төмен қарай бағытталып тік бұрыш болып шығуы кеерк

Шеберханада жұмыс кезінде техника қауіпсіздік ережелерін оқушыларға ескерту

Әр түрлі темір тілімшелерді оттегімен кесу

ІІІ. Ағымды нұсқау 215 минут


  1. бақылау

Әртүрлі темір тілімшелерді / пластинкаларды/ іс жүзінде оттекті кесу кезінде жұмыстың дұрыс ұйымдастырылуын қадағалау


  1. бақылау

Әр түрлі темір тілімшелерді / пластинкаларды/ оттегімен кесу кезіндегі еңбек және техника қауіпсіздігі ережелердің сақталуын қадағалау, яғни металды оттекті- ацетиленді кесуде осы қондырғылармен абайлап жұмыс істеу керек. Әсіресе оттекті баллонды оның редукторын шаң -майдан тазарту керек

Әр түрлі темір тілімшелерді оттегімен кесу

3-бақылау

Оқушылардың назарын , кескіш оттегіне дұрыс қысым орнатуына аудару керек. Оттегі кескіштің улкен- кіші қысымдылығы кесуде қандай жағдайлар туғызуы туралы ескерту жасау

Әр түрлі темір тілімшелерді оттегімен кесу4-

4- бақылау

Жұмыс орындарында жұмыстың сапалы істелінуін, кесу кезінде кесілетін темірдің жиегінің қож кедергісіз шығару үшін тілімшелерді төсенішке

орналастыру керектігін және оттегіні, ацетиленді үнемді пайдалану, үзіліс болса жанғышты сөндіруге талап қою, қадағалау.

5-бақылау

Оқушыларға берілген жұмыстарды тексеру, жіберілген қателерді түзету, топ оқушылар жетістіктерін атап көрсету. Жұмыс орнының жинастырылуын қадағалау.

ІV. Қорытынды нұсқау 10 минут


  1. Оқушылардың істеген жұмсытарына сараптама жүргізіп, қорытындылау, бағалау

  2. Жұмыста жіберген кемшіліктерге тоқталу

V. Үйге тапсырма : теориялық сабақты пайдалана отырып конспект бойынша дайындық.


© 2010-2022