«Өзімді не үшін білуім керек?» (тренинг) 7-8 сыныптар

«Өзімді не үшін білуім керек?»  (тренинг) Сынып:8-9 Мақсаты: Оқушылардың өзін-өзі тану себептерін туындату. Өзін-өзі тануға және рефлексияға жетуге дағдыландыру. Құрал-жабдықтар: Дәптер, қалам, қарындаш, түрлі-түсті кесіндісі бар қораптар, 6 түрлі-түсті жолақпен желімделген болуы керек. Сабақтың мазмұны: 1. Сабаққа бағыттау. «Түстер көңіл-күйі» жаттығуы. - Әрбір қатысушы өзінің дәл қазіргі көңіл-күйінің түсін таңдайды және картонды төртбұрышты сол түске келетін ұяға тастайды. Психолог қорапты аш...
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Өзімді не үшін білуім керек?» (тренинг)

Сынып:8-9

Мақсаты:

Оқушылардың өзін-өзі тану себептерін туындату.

Өзін-өзі тануға және рефлексияға жетуге дағдыландыру.

Құрал-жабдықтар:

Дәптер, қалам, қарындаш, түрлі-түсті кесіндісі бар қораптар, 6 түрлі-түсті жолақпен желімделген болуы керек.

Сабақтың мазмұны:

1. Сабаққа бағыттау.

«Түстер көңіл-күйі» жаттығуы.

- Әрбір қатысушы өзінің дәл қазіргі көңіл-күйінің түсін таңдайды және картонды төртбұрышты сол түске келетін ұяға тастайды.

Психолог қорапты ашып хабарлайды: (түстердің түрін және оның дәл санын айтпайды), бүгінгі сабаққа балалардың қандай көңіл-күймен келгендерін айтады. Сосын осы айтылған қорытындының олардың көңіл-күйімен сәйкес келген-келмегенін сұрап, анықтайды.

«Мен сенімен қарым-қатынас жасауға қуаныштымын» жаттығуы.

Психолог: Қазір мынандай тапсырманы орындайсындар, жанында тұрған адамға мына сөзді айтып қолды созасың « Мен сенімен қарым-қатынас жасауға қуаныштымын», « Ал сіз ше?» деп қолын созған адам әрі қарай осы сөзді айтып, келесі адамға қолын созады. Осылай тізілу арқылы бір-бірін қолын ұстап шеңбер құрады.

2. Үйге берген тапсырманы талқылау.

Психолог: « Сенімен қарым-қатынас жасау ұнамды» әдістемесі бойынша неше пайыз алғандарыңды білгілерін келеме?

Психолог максимальды пайызды атайды.

Психолог: Сендер қалай ойласындар сыныптастардың ойын өзгертуге бола ма? Оны қалай жасау керек?

Байқағандарындай, әр түрлі адаммен сендер әр түрлі қарым-қатынас жасайсындар.

Ал кім өзін жақсы біледі?

Өзіңдегінің бәрі өзіңе ұнай ма?

Біздің басқалардан айырмашылығымыз қандай?

Өзіңді білу қажет пе?

3. Тақырыппен жұмыс.

Өздік талдау жасау: « Мен кіммін? мен қандаймын?»

Психолог: жазбаша үш сөйлемді жазып, ойларыңды жалғастырыңдар:

Мен ойлаймын, себебі мен ...

Басқалар ойлайды, себебі...

Менің болғым келеді, себебі ...

Ескерту: Әрбір сөйлемге оқушыларға плакаттағы сұрақтарға жауап беруге көмек ретінде берілген сөздер тізімінен алуға болады.

Сөздер тізімі: Әдемі, босаң, сүйкімді, қолапайсыз, әділ, мақтаншақ, еңбексүйгіш, көңілсіз, ақылды, батыл, сараң, күлкілі, шыдамды, сенімді, ұнамсыз, ойлы, жақсы дені сау, ілтипатты, ұяң, адал, ақымақ, жалғыздық, әсем, күрт, нәзік, күшті, пәлеқор, өтірікші, ақылды, достықты сүйетін.

Жаттығу « Ыстық орындық »

Психолог: Қазір әрқайсың өздеріңнің сыныптастарыңның ой-пікірі сенің өзіңнің ой-пікіріңмен сәйкес келетіндігін тексеруге болады.

Әркім (кезекпен) ортадағы тұрған орындықтан орын алады және сұраққа жауап береді: «Ол қандай?» Ол үшін олар сөздер тізімінен бірнеше сөзді таңдап алады (жоғарыда көрсетілген). Ортада отырған адам оның ой-пікірімен сәйкес келген сөздерді (белгілейді) атайды. ( Мен ойлаймын, себебі мен) Сәйкес келген сөздер саны саналады.

4. Сабақты талдау.

Психолог: Кәнеки, өздеріңнің сабақтарыңды бағалайық. Өздеріңнің бағаларыңды қойыңдар. «Үш» деген санды атағанда қажетті деп санаған саусақтың санын көрсетіңдер. Не ұнайды?

Қандай қиындықты өткердіңдер?

Кімді бағалау қиын өзіңді ме, әлде басқаны ма?



© 2010-2022