Тренинг Сен қаншалықты зейіндісің ?

                                                                                                         Тренинг             Тақырыбы: «Сен қаншалықты зейіндісің?»                                                                                         Өткізген педагог-психолог:Кезенбаева А.К                      Тақырыбы: «Сен қаншалықты зейіндісің?» Мақсаты: Оқушының зейінің ойын арқылы анықтау,ұқыптылыққа,тәртіпке үйрету. 1.Амандасу.Әрбір оқушыға бір әріп жазылған карточкалар үлестіріледі.С...
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Тренинг

Тақырыбы: «Сен қаншалықты зейіндісің?»




Өткізген педагог-психолог:Кезенбаева А.К

Тақырыбы: «Сен қаншалықты зейіндісің?»

Мақсаты: Оқушының зейінің ойын арқылы анықтау,ұқыптылыққа,тәртіпке үйрету.

1.Амандасу.Әрбір оқушыға бір әріп жазылған карточкалар үлестіріледі.Сол үлестірілген карточкада жазылған әріптен бастап,барлығымен амандасу.

С-Салем балалар!

А-Амансыңдар ма сыныптастар!

Х-Хеллоу!

Қ-Қайырлы күн достар!

2.Танысу.Әр оқушы өз есімін атап,ол есім нені білдіретінің айтуы.

3.Тренингте ережелер қабылданады.

  1. Құпиялық принципі

  2. Осында және қазір принципі

  3. Мен принципі

  4. Белсенділік принципі

  5. Ашықтық принципі

  6. Қатарласып сөйлемеу принципі

4.Мақсатты жаттығу

-Енді,балалар,ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ме? Онда жақсылап тыңдандар.

«Айдың беті неге қара?» ертегі оқылыды.

«Айдың беті неге қара?»

Перизаттың атасы мен апасы,әкесі,анасы және кішкентай бөпесі бар екен.Перизат үйде жеңіл жұмыстарға ылғи көмектеседі.Ертеңгісін апасы «тұра ғой» десе, тез тұрмайды,біраздан соң тұрса да тез киінбейді.

Бір күні баласы мектепке мұғалімнің сөзін тыңдамай қойыпты.Мектепке келген анасына:

«Сіздің балаңыз бүгін аздап тәртіпсіздік жасады» дейді.Үйге келген соң апасы ауырып қалады.Осы күні кешке Перизат жуынбай ұйықтап қалады да,түс көреді.

Түсінде басқа үйде жатыр екен.Жан-жағына қараса,өз бөлмесіне ұқсамайды.Қасында бөтен қыздар мен балалар,киімдері кір,шаштары таралмаған,сағыз шайнап жүр.Сонда ол қасындағы қыздардан «Біз қайда жүрміз?» деп сұрайды.Олар: Біз үстімізді былғап,көп балмұздақ жеп, сағыз шайнап,апайды тыңдамағанымыз үшін бізді түнде ұйықтағанда Ай апай көтеріп алып,өз үйіне жатқызды»дейді.Осы кезде Ай апа келіп «Балалар,сендер тәртіпті болып,таза жүрсеңдер,үйде ата-аналарына көмектессеңдер мен сендерді үйлеріне жіберемін» дейді.Сонда қыздар мен балалар шаштарын тарап,қолдарын сабынмен жуып,Ай апаға көмектеседі.Ән айтып,өлең оқып,би билеп береді.Риза болған Ай апа әрқайсысына бір-бір жұлдыздан сыйлайды.

Ертеңгісін немересі дәмді тамақтың,бауырсақтың,піскен сүттің тәтті иісінен оянып,көзін ашса,өз бөлмесінде жатыр екен.Қуанғаннан тез тұрып,шашын тарап,дастарханға келіп анасының мойынынан құшақтайды.Бетінен сүйіп,кешірім сұрайды.Мектептен алған жұлдызын анасына әкеліп береді.

Балалар,кешке айға қарасаңдар,беті қара болып көрінеді.Себебі,онда тәртіп бұзған балалар жүреді.Кейде жіңішке болады,онда балалардың тәртібіне риза болған Ай апа риза болып күліп тұрады.

  1. Балалар,сендерге ертегі ұнады ма?

Әр оқушы өз ойын айту.

2.Балаларды ұқыптылыққа,әдемілікке,тазалыққа тәрбиелеу мақсатында үйретіледі.

1.Ертемен күнде сен, 2.Шомылған баланы,

Қолыңа сүйкесең Аймалап алады.

Кетіп кір ласың, Сүртеді қолын да,

Тап-таза боласың Сүртеді жонын да.

Бұл не? Бұл не?

(сабын ) (сүлгі)

3.Аузы жоқ,мұрны жоқ, 4.Иілсең иіліп,

Көзі жоқ,тілі жоқ. Түйілсен түйіліп,

Бірақ та тісі бар, Қарайды кісіге,

Басыңмен ісі бар. Ұқыпты ісіне

Бұл не? Бұл не?

(тарақ) ( айна)

Қорытынды:Сабақта әр оқушының талдауды үйрене білуге,түрлі сұрақтар қойып,оларға жауап алуға,жай сөйлем айта білуге,өз ойын айта білуге үйрету.



© 2010-2022