Қарым - қатынас жетістікке жеткізеді тренинг

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қарым - қатынас жетістікке жеткізеді тренингТақырыбы:«Қарым - қатынас жетістікке жеткізеді»

Мақсаты: Оқушының өзін-өзі қалыптастыру барысында айналасындағы адамдар, қоршаған ортамен қарым-қатынас маңыздылығын ұғындыру. Оқушылар арасындағы қарым- қатынас, достықтарын нығайту.

Барысы:

-Сәлеметсіздерме, балалар! Қош келдіңіздер!

Мен сіздерді көргеніме өте қуаныштымын!

Адам өмірінде қарым - қатынастың алатын орны ерекше. Қарым - қатынас жасау арқылы адамның ортадағы орны айқындалады. Адамның қарым - қатынасы оның көңіл - күйіне тікелей байланысты. Көңіл - күй адамның ішкі дүниесінің құбылысы, көңіл - күй адамның айнасы. Алдымен көңіл - күйімізді анықтайық.

«Менің көңіл - күйімнің түсі»

Оқушыларға түрлі түсті гүлдер тандап алуларын ұсыну. Оқушыларға таңдалған гүл түсіне байланысты сол кездегі көңіл күйлерін анықтап айту.

Қарым - қатынас арқылы адамдар айналадағы дүниеден мәлімет алады, жан дүниесі кеңейеді, білімі тереңдейді.Адамдармен қарым-қатынас жасау шеберлігі адамның ішкі мәдениетіне, біліміне, тәрбиесіне байланысты болады десек артық емес. Қарым -қатынас - достық ілтипат білдіру. Ол айналадағыларға көңіл бөліп қарау, адамдардың болғанына қуанып және олармен өзінде бардың бәрімен бөлісу. Біздің көңіл-күйіміз адамдармен жақсы қарым-қатынасымызға ықпалы бар.

«Комплимент»

«Жақсы сөз жан жадыратады»,демекші бір-бірімізге шеңберде оңнан солға қарай күлімсірей қарап, жылы сөз айтайық!

«Тұжырымдама»

Жақсы қарым-қатынаспен келіссеңіздер көршіңіздің қолын аласыздар, келіспесеңіздер қолдың сұқ саусағымен болмайды деген ым жасайсыздар.

1.Кай кісімен болмасын лезде тіл тауып кете алады;

2.Көп достары бар;

3.Әрдайым кикілжің тудырып отырады;

4.Жақсы мінез - құлқымен көрікті;

5.Ұрысқанды жек көреді. т.б

«Қалпақ кімде» ойыны

Қатысушылар ортаға шығады. Жай әуен ойнап тұрады.оқушылар жұптаса би билейді. Бастаушы қалпақты алып жұптың біреуіне қалпақ кигізгенде оқушылар алмасып, бір-бірімен қарым-қатынас жасайды.

Адамдармен қарым-қатынаста бет -әлпет, қас- қабақ,дауыс маңызды қызмет атқарады. «Қонаққа тамақ бермес бұрын қабағыңды бер» деген даналық осы қағидаға негізделеді. Қонақжай, кеңпейіл халқымыз әр кез осы жайды ұстанған.

«Шарды жар» /шар үріліп оның ішіне ситуциялар салынған./

Ортаға 7 оқушы берілген сұрақтарға сай әртүрлі көңіл-күйді бейнелейді.

Ситуация:

Ойланып тұрған адамның бет-әлпет кескіні.

Ренжіп тұрған адамның бет - әлпеті.

Қайғылы адамның бет-әлпеті

Ашулы адамныңбет әлпеті

Таңданған кейіп көрсету

Өкініп тұрған адамның бет әлпеті

Қуанып тұрған адамның бет - әлпеті

Адамның ары таза, көңілі ақ, ниеті түзу болса, ол ешуақытта жамандық ойламайды. Бұл ізгілікті қарым-қатынастың бірден - бір жолы.

«Ішке және сыртқа» Ұстаз бен Шәкірт аңыз әңгіме.

/оқушылар жақсы қасиеттерді ажыратып, жақсы қарым-қатынастың жетістікке жетелейтіні турасында өз ойларымен бөліседі./

Қорытынды:

«Қарым-қатынас» сөзін топтастыру.

Қарым-қатынас

-Сонымен тренингімізді ұлы Абай атамыздың «Адам өміріндегіең тамаша нәрсе - оның басқа адамдармен қарым - қатынасы» деген сөзімен аяқтай отырып, тренингке белсенді қатысып, өз ойларыңызбен бөліскеніңізге рахмет айтамыз.

Қарым - қатынас жетістікке жеткізеді тренинг

Батыс Қазақстан облысы

Ақжайық ауданы

Еңбекші НЖББМ

Педагог психолог

Байнешева С.К

«Қарым-қатынас жетістікке жеткізеді» тренинг

© 2010-2022