Жүрек пен ақыл тәрбиесі Жоғары сынып оқушыларына арналған адамгершілік-жыныстық тәрбие бағдарламасы

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Жүрек пен ақыл тәрбиесі»

(немесе жан арналарын танып білу маңыздылығы)

Б

Ей адамдар, ұрпақ қамын ойлап, ұрық тазалығы мен ана құрсағындағы тәрбиеге бет бұрыңыздар демекпіз.

Совет-Хан Ғаббасов



озбала мен бойжеткендерге арналған адамгершілік-жыныстық тәрбие бағыты бойынша арнайы курс бағдарламасы.



Ұрпақ тәрбиесі - адамзат баласының асыл мұраты. «Еліміздің тірегі - жастарымыз қандай болуы керек?» деген сұрақ әрбір саналы адамды ойландыратыны сөзсіз. Өзiмiздiң өркениеттi ел қатарына қосылу бағытындағы үлкен мәселелердiң бiрi келешек ұрпақтың рухани дамуы. Президентіміз Н.Ә. Назарбаев халыққа жолдауларында да ұрпақ тәрбиесін назардан тыс қалдырған емес. Ол: «Біз әрбір адамның ар-намысын, жағымды қасиеттерін, жоғары адамгершілік және рухани құндылықтарын бағалайтын қоғам құруымыз керек» деп атап көрсеткен, ендеше ондай қоғам құру үшін сол қоғамның әрбір мүшесінің адамгершілігі мол, рухы биік болу керек.

Ұрпақ тәрбиесіне байланысты ой-толғаныстар, пікірлер көп-ақ әрине. Дегенмен, тәуелсіздігімізді алғалы тәрбиеге байланысты пікірлеріміз ұлттық педагогикамызға негізделіп, ұрпақ тәрбиесі сөз болғанда ата-бабаларымыздан аманат болып қалған ұлттық салт-санамызға жүгінуге қорықпайтын болдық.

Жасыратыны жоқ, тәрбие туралы небір тұжырымдамалар жасалып, небір әдебиеттер шықпады. Оның барлығы тәрбиенің бала дүниеге келгенннен бастап, бір күн кешіктірмей басталуы керектігі айтылып келді. Ғылыми педагогиканың негізі - білім беру, оқыту, тәрбиелеу - деуі, оның үстіне бүкіл Еуропалық ғалымдардың (Песталоцци, Макаренко) бала туғаннан бастап қана тәрбиеленеді дейтін түсініктері де қате екені дәлелденіп отыр. Оның дәлелін, сонау әл-Фарабиден бастау алып, Баласағұн, Дауани, Науаи, тәрізді ғұламалар жетілдіре дамытқан- ХАУАС, ИМАНИГҮЛ, ЖӘУАНМӘРТТІЛІК - ілімдерімен танысқанда түсінеміз. Осы ілімдер туралы Медицина және педагогика ғылымдарының докторы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, КСРО денсаулық сактау ісінің үздігі Совет-Хан Ғаббасовтың «Педагогика мен психология» атты еңбектерінде нақты дәлелдермен айтылған.

Онда автор әл-Фарабиден бастау алған ілімді түркі халықтарынан шыққан ғұламалардың (Дуани, Баласағұн, Қарабағи, Науаи), дана Абайдың педагогикалық еңбектерімен сабақтастырып, егжей-тегжей сипаттап жазған. Әрбір бала тәрбиесіне жауапты адамның міндеті оқыған-түйгенін зерделеп, шәкірттеріне жеткізу деп ойлаймын. Сондықтан, қазіргі Тәрбие жүйесіндегі адамгершілік-жыныстық тәрбие бағыты бойынша жүргізілетін іс-шаралардың бірі ретінде жүйелі түрде өткізілетін бағдарламаны осы оқулық негізінде құрастыру өте тиімді де, пайдалы деп ойлаймын. Бағдарламаны құрастырмас бұрын жоғары сынып оқушыларымен, отбасын құруға ниеттеніп жүрген жастармен, жас ата-аналармен пікірлесіп көрдім, нәтижесінде көпшілігі қызығушылық танытып, арнайы курстар өткізілсе толығырақ танысқылары келетіндіктерін айтты. С. Ғаббасовтың тұжырымы бойынша ұрпақ тағдыры екі жанның отбасын құруға дайындалу кезеңінен басталатынын, бұл ерекше көңіл аударатын мәселе екендігіне аса мән беріп, тарқата айтқан. «Кәмелет жасқа келген жігіт пен қыз отбасы құруға іштей дайын болуы керек. Бойдағы жаман қылықтардан (темекі тарту, арақ ішуді доғару, бойды таза ұстау т.б.) арылуы тиіс. Бұл - табиғи заңдылық. Тіпті бұл заңдылықты жан-жануарлар да ұстанады. Ұрық жалғастыру кезінде жануарлар бір ай жарап, бой түзеп, құстар жылы жаққа бір айда ұшып келеді. Бойындағы арам терін шығарып, артық майын жоғалтып, ұрпақ жалғастыруға кіріседі. Ал адам баласының ұрық тазалығын сақтамауының кесірінен бүгінгі ұрпақ азып барады. Балалардың ақыл-есі кем болып, неше түрлі патологиямен туылуы - ұрық тазалығының сақталмауынан. Қазіргідей отбасын құруға дайындық дегенді, той өткізу деп қана түсінетіндіктен, тек арақ-шарап пен ішіп-жейтін тағамдардың мол болуын ғана қарастыру ізгілікті іс емес. Ал, адамдық қасиетіңді сақтар халықтың тегі мен ұрпақ қамына көңіл аудармау, мүлдем болашақтың тамырына балта шабу деген сөз» - деп дұрыс ой қозғайды. Міне, осындай дәлелді ойларды қазіргі жастардың құлағына құятын мезгіл жетті.

Сондықтан да қазіргі таңда жастарымыздың санасына отбасын құру және ұрпақ тәрбиесі туралы дұрыс пікірлерді сіңіру маңызды болып отыр. Әр ата-ана өзінің баласын қайырымды, адал, үлкенді құрметтейтін, әділ, ержүрек, ізгі ниетті, ар-ожданы мол, бір сөзбен айтқанда рухани бай болып өскенін армандайды. Тіпті, қазіргі жастардан «Болашақта, отбасын құрғанда балаңның адамгершілігі мол, тамаша жан болғанын қалайсың ба?» - деп сұрасаң, бір ауыздан «әрине!» деп жауап береді, бірақ сондай ұрпақ қамын ойлау үшін жоғарыда айтылған әл-Фарабиден бастау алған ұрпақ тәрбиесіне, ұрық тазалығына байланысты ілімдерді жүректеріне сіңіре берсе нұр үстіне нұр болары сөзсіз. «Қазақ» деген жан-жақты, ойлы, ой-өрісі кең, талғамы жоғары халқымыздың қадір-қасиетін сақтап қалуда ұрпақ тәрбиесіне асқан жауапкершілікпен қараудың тиімді жақтарының бірі мектеп қабырғасынан дұрыс бағыт беру. "Ұрық тазалығы"деген ұғымды дұрыс түсінулеріне жағдай жасау біздер педагог-психологтардың міндеті деп ойлаймын. Соңғы уақытта мектепте "Әдеп және отбасы өмірінің психологиясы" сабағының да жоқтығын ескерсек, осындай арнайы курстарға жастарымыздың қызығушылығының артары сөзсіз.

Осы арнайы курс бағдарламасын орта жалпы білім беру мектептерінде немесе басқа да білім беру мекемелеріндегі бозбала мен бойжеткендерге арнап айына 2 рет (барлығы 17 сағат) өткізуге болады.

Бағдарламаның өзектілігі:

Қазіргі таңда жастарымыздың санасына отбасын құру және ұрпақ тәрбиесі туралы дұрыс пікірлерді сіңіру маңызды болып отыр, себебі адам баласының ұрық тазалығын сақтамауының кесірінен бүгінгі ұрпақ азып барады.

Бағдарламаның мақсаты:

Жастардың Адам тәрбиесі мен Қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашақта ұрпақ қамын, ұлт тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болуларына жағдай жасау.

Міндеттері:

  • Ұрпақ тәрбиесіне байланысты ата-бабалар ілімдері туралы түсініктерін қалыптастыру.

  • Отбасын құру мен бала тәрбиесіне байланысты жауапкершіліктерін арттыру.

  • Ата-бабалар тағылымдарына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

  • Жанның 12 арнасы таралы түсінік беру.

  • Ұрық тазалығының мәнін түсіндіру.

  • Бала тәрбиесіндегі ағаттықтарға жол бермеуге баулу.

  • Жүрек тәрбиесі мен ақыл тәрбиесінің мән-мағынасын ашып көрсету

Курстың басқа пәндермен байланысы: өзін-өзі тану, биология, тарих.

Күтілетін нәтиже:

Адамгершілік-жыныстық тәрбиесіне байланысты түсініктері дұрыс қалыптасқан, адам тәрбиесі туралы көзқарастары өзгерген, отбасын құруға жауапкершілікпен қарауға тырысатын, жан арналары туралы дұрыс түсініктері қалыптасқан, бір сөзбен айтқанда жаны мен тәні сау, рухы бүтін ұрпақ қамын ойлайтын жастарымыз көбейе түседі.

Курс мазмұны


  • Кіріспе(1 сағат)

«Жүрек пен ақыл тәрбиесі» (немесе жан арналарын танып білу маңыздылығы) курсының бағдарламасымен таныстырып, маңыздылығы жөнінде айту. Оқушылардың курстан не күтетіндіктері жөнінде пікірлесу.

  • Ата-баба дәстүріміздегі тәрбие мен тағылым негіздері. 1сағат

Халқымыздың тегін сақтауды және Ата дәстүріміз болып саналатын «Жеті атаға дейін қыз алыспау» салтына мән беру. Еш халыққа ұқсамайтын өз ерекшелігі бар «туысқандық» дәстүр. Шаңырақ көтеруге байланысты дәстүрлер мен «Отбасын құру» заңдылықтары.

  • Ұрық тазалығының мәнін түсінейік. 1 сағат.

Осы кезге дейін ескерілмей келе жатқан ұрық тазалығын сақтаудың мәні. Адам тәрбиесіне байланысты жаңа психо-физиологиялық көзқарас. Үш түрлі мәселе: Қоғамдық орта, ата-ана тағылымы, ұрпақ тәрбиесі туралы пікірлесу. (82-86 бет)

  • Әл-Фарабидің адам тәрбиесі жайлы үш түрлі ілімі туралы. 1 сағат

  1. Хауас ілімі (түйсік пен сезім):отбасын құруға дайындық, ұрық тазалығы, ана құрсағындағы 9 ай, нәресте кезеңіндегі тәрбие.

  2. Имани гүл (үш сүю: Алланы, яки табиғатты, адамзатты, әділетті): балбөбек (2,3жас), сәбилік (4,5,6жас), балиғат (7-13-14)

  3. Жәуанмәртлік(ақыл, әділет,рахым): кәмелеттік кезең (15-18 жас тәрбиесі)


  • Жанның 12 арнасы туралы. 1 сағат

Жанның 12 арнасы ( түйсік - ұят - сүю - зерде - табиғи қабілет - мінез - жігер және ішкі бес сезім (көкірек көзі, телепатия, дәм, ішкі сезіну, иіс))

туралы түсініктерін қалыптастыру. осы арналардың жабылу алдында тұрғанын дәлелдемелер арқылы жеткізу.

  • Түйсіктік тәрбие немесе хауас ілімі туралы (1 сағат)

Осы кезеңдегі тәрбие әдістерінің ерекшеліктері. Абай танымындағы хауас мәселесі. Жүрек тәрбиесі туралы түсінік. Ішкі бес сезім туралы түсініктерін кеңейту. Ана құрсағындағы тәрбиенің түрлері: табиғат әсерлері, сөз өнері, әуен мен сурет өнерінің жанның арналарын ашуға әсері. Әлемдегі жаңалықтар (ана құрсағындағы балаға жасалған тәжірибелер дәлелі).

  • Табиғатты, адамзатты, әділетті сүю немес Имани гүл ілімі туралы

(1 сағат) Фарабиден Абайға дейінгі тәрбие негіздері. Даналықтың тегі. (230-бет)

  • Құлық пен имандылық.(1 сағат)

Тәрбиедегі тәртіп пен мәдениет. Тәрбиешінің мінез құлықтарының әсері. Психогигиенаның өзіндік ережелері туралы пікірлесу. 303-бет.

  • Әр кезеңнің инабаты Фараби мен Абай ілімдеріне сүйеніп жетілдіру.1-с.

Бала-бақша кезеңіндегі тәрбие мәселелері. осы кезеңдегі еңбекке баулу, сұлулыққа сүйсіндіру, ақыл тәрбиесі мен дене тәрбиесі. 257-бет

  • Ата-баба ілімдерінің өмірдегі көріністері.(1 сағат)

Жан мен тәнді тазарту амалдары. Жүрек тәрбиесімен туылған бөбектердің ерекшеліктері. Ана күнделігімен танысу. (234-245бет)

  • Фараби мен Абайдың жәуанмәрттілік ілімі-кәмелеттік кезең тәрбиесі

(2 сағат)

Кісілікке жету. Балиғаттық кезең ерекшеліктері. Жәуанмәрттілік- ақыл, әділет, рахым-атты адамдықтың үш сипатына ұмтылу. Осы кезеңдегі психология мәдениеті.

  • Махаббат және адам тағдыры. Отбасы бақыты (1 сағат)

Шынайы махаббат. Алғашқы махаббат. "Ежелгі ойшылдар айтқан: "Шабдалдың үш бұтағы" сипаты туралы пікәрлесу. Олардың психофизиологиялық сипаты. Сезім тәрбиесі.( 387-392)

Отбасы негізінің үш түрлі мәселесі: рухани тәрбиені жетілдіру мен сақтау, денсаулық пен күш-қуатты шынықтыру, үй шаруашылыын дұрыс бағытта дамыту. Болашақ отбасы иелеріне әлеуметтік кеңестер. (404-405 бет)

  • Адамзаттың руханият тағылымдары. Конференция.

Ұлы даналарымыздың руханият тағылымдарына құрметпен қарауға баулу. Абайдың, Абунасыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұнның педагогикалық тағылымдары. Ақыл-парасат. Ұждан. Қанағат. Әділет-шапқат. (Конференцияға жоғары сынып оқушылары және олардың ата-аналары шақырылады)

  • Түйін сөз. Қорытынды сабақ. Курс барысында оқыған-тоқығандарын талқыға салу. Маған ұнаған ойлар. курстен алған әсерлері бойынша эссе жазу.

Ескерту: Курс мазмұнының тақырыптарында көрсетілген беттер Совет-Хан Ғаббасовтың «Педагогика мен психология негіздері» оқу құралына (Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2008.) сілтемелер.

Сабақтың өткізілу әдістері:

Дөңгелек үстел, дәрістер, сұрақ-жауап сәті, презентациялық, конференция т.б.

Курстың тақырыптық жоспары

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

1

Кіріспе

1 сағат

2

Ата-баба дәстүріміздегі тәрбие мен тағылым негіздері

1 сағат

3

Ұрық тазалығының мәнін түсінейік

1 сағат

4

әл-Фарабидің адам тәрбиесі жайлы үш түрлі ілімі.

1 сағат

5

Жанның 12 арнасы туралы

1 сағат

6

Түйсіктік тәрбие немесе «хауас» ілімі туралы

2 сағат

7

Табиғатты, адамзатты, әділетті сүю немес «Имани гүл» ілімі туралы

1 сағат

8

Құлық пен имандылық

1 сағат

9

Әр кезеңнің инабаты Фараби мен Абай ілімдеріне сүйеніп жетілдіру

1 сағат

10

Ата-баба ілімдерінің өмірдегі көріністері

1 сағат

11

Фараби мен Абайдың «жәуанмәрттілік ілімі» -кәмелеттік кезең тәрбиесі

2 сағат

12

Отбасы бақыты. Махаббат және адам тағдыры

1 сағат

13

Адамзаттың руханият тағылымы. Конференция.

2 сағат

14

Түйін сөз

1 сағат

Барлығы

17 сағат

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2012 ж.

  2. «Алаш айнасы» газеті 11 маусым 2009 жыл. Қалдар Бек. Сұхбат. Совет-Хан Ғаббасов: «Үш жүзге бөліну қазаққа қашан да қасірет әкелері сөзсіз».

  3. Совет-Хан Ғаббасов. «Ізгілік әліппесі», А.1991.

  4. Совет-Хан Ғаббасов. Педагогика мен психология негіздері. Оқу құралы.- Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2008.


© 2010-2022