Тренинг по психологии на тему Мұғалім - мектеп жүрегі

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Мұғалім - мектеп жүрегі»

Мақсаты: мектеп қызметкерлерінің жан дүниесін байыту, көңіл-күйлерін көтеру, жағымды сезім туғызу, ізгілікке, ізеттілікке, жақсы сөз арқылы жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеу, өзара қарым-қатынастарын дамыту.

Түрі: тренинг сабақ

Көрнекілігі: А4 форматтағы қағаздар, қалам, сызғыш, слайд.

Барысы:

  1. Психолог сөзі: «жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады» Ә.Науаи -Жылы сөз адамдарды достастырады, сабырлы болуға, денсаулығын сақтауға, көңіл көтеруге, ашуын қайтаруға септігін тигізеді. Әр айтылған сөзді адам жүрегімен қабылдайды. Сондықтан, қолдан келгенше бір-бірімізге жылы, жақсы сөздер айтқан дұрыс.

  2. Тренинг «Мен,мен,мен.....»

Әрі қарай жақсы жұмыс жасау үшін бір-бірімізбен жақынырақ танысып алайық. Қатысушылар шеңберге тұрады. Содан соң жүргізуші «мен» деген сөзбен бастайды, ал келесі қатысушы «мен» деген сөзді айтып әрі қарай жалғастырады. Сонда ұмытып қалған, немесе үндемей тұрып қалған қатысушыға «мен» деген сөзге басқа бір тақырыпқа бір сөз қосады. Келесі айналымда «мен» деген сөзге сол сөзді қосып айтады. Мысалы, мен, мен, мен тақта,мен. Солай қатысушылар бірнеше рет айналып қайталап жалғастырады.

  1. Жаттығу «Орындарымен ауыстыру»

Балалар шеңберге тұрады. Содан соң туған айларына қарай немесе жасына қарап орындарын ауыстырады. Әрі қарай солай жалғастырады. (жай ғана жүріп тұрған әуенмен огрындалады)

  1. Жаттығу «Хор»

Залдан бір қатысушының сыртқа шыға тұрғанын өтінемін. Залда қалған қатысушылар төрт жол өлеңнің сөздерін бөліп-бөліп алады. Сыртқа шыққан адам келген кезде бір, екі,үш деген нұсқаудан кейін әрбір қатысушы өз сөздерін оқиды. Сырттан кірген адам қандай өлең екенін табу керек.

  1. Біз қандаймыз? Эрик Фромның «Мен және қоршаған әлем» квадрат ойыны.

Төрт фигураның ішінен өзіңізге бір фигураны таңдаңыз. Таңдап болсаңыз, фигураның ішіне өзіңіз қалаған төрт жануарды жазыңыз.

1

2

3

4

Ашық, тәртіпті жақсы көретін адам

Қарама-қайшы, сөзі мен ісі сәйкес келмейді

1

2

3

4

Мінезі тік, айтқанынан қайтпайтын адам

1

2

3

4

Сабырлы, асықпайтын жай адам

1.Балаға деген көзқарас. 2.Отбасындағы көзқарас. 3.Қоғамдағы көзқарас. 4.Өз жұмысына көзқарас.

1.Жаттығу «Қол мидың жалғасы»

Қатысушыларға бір парақ ақ қағаз беріледі. Қағазға саусақтарын кеңірек ашып, ақ параққа алақандарын түсіреді. Бас бармақпен шынашақтың орта О нүктесімен белгілеп, әрбір саусаққа түзу сызық жүргіземіз. Осы жүргізілген сызба бөліктерін сызғышпен өлшеп шығады.

Жауап: 1.Егер алақан сызығыңызда бас бармақ пен О нүктесі арасында сызба бөлігі ұзын болса, сіз басқарушысыз.

2.О нүктесі мен сұқ саусақ нүктесінің арасындағы сызық басқаларынан ұзын болса, сіздің қорғаушы әскери қабілетіңіз мол.

3.Ортаң қол сызығы ұзынырақ болса, сіз дін адамы, саясаткер болуға бейімсіз.

4.Аты жоқ саусақ сызығы үлкенірек болса, сіз өнерге бейіміңіз мол, суретші, музыкант, архитектор, дизайнер болуға қабілеттісіз.

5.Шынашақ сызығы үлкенірек болса, сіз-дәрігерлік, шипагерлікке бейімсіз.

6. Қорытындылау.



© 2010-2022