Сабақ жоспары 6 сынып

Раздел Школьному психологу
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мектеп: Абай атында5ы жалпы орта мектебі

Мерзiмі: 2.09. 2015

Тақырыбы: № 1 «Ізгілікке бастар жол»

Құндылық: Мейірімділік ,сүйіспеншілік, игілік іс. Қасиеттер: Жақсылыққа ұмтылу, адамгершілік пен имандылық, ізгілік пен кісілік, сенімі, мейірімділік.

Мұғалiм: Нсанова А.М Сынып: 6 а,б,в

Мақсаты: Оқушылардың өзін-өзі танудың адам өміріндегі мәнділігі жөніндегі ұғымдарын дамыту.

Міндеттері: -Оқушыларға ізгілік ұғымы туралы түсінік беру;

- Оқушыларды ізгі істерге жетелейтін адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал ету; - Мейірімді, ықыласты болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) слайд,өлеңнің аудиодискісі

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Тыныштық сәті. Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет. Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі. Әңгімелесу: «Оқулықтағы «Ойланайық, пікірлесейік» айдары әңгімелесу өткізу мақсатында ұсынылған. Әңгімелесу үшін төмендегідей сұрақтар берілген:

Өзін-өзі тану сабақтарынан қандай жақсы қасиеттерді,құндылықтарды,білімді үйрендіңдер? Осы қасиеттер іс жүзінде қандай көрініс табады?

Өзіңе және өзгеге жасаған ізгілік істерің сендерді қандай сезімге бөлейді?

Жазғы демалыста жасаған ізгі істерің туралы айтып беріңдер

Сабақ барысын талдау:

Жаңа ақпарат: «Адам өмірі мен іс-әрекетіндегі жағымды қарым-қатынас пен сүйіспеншілік ізгілік сезімін тудырады. Ізгілік адамның өзіне және өзгелерге жасаған жақсы, игі, адал істерін қамтиды. Ізгілікті іс игілікке жеткізеді» деген «Оқу ақпаратын» мұғалім өзі оқып таныстырады.

Мәтінмен жұмыс: Мәтінмен жұмыс жүргізу үшін оқулықтың «Оқып үйренейік» айдарында ұсынылған оқу материалы оқушыларға сабақ тақырыбын кеңірек мергерту мақсатында жүргізіледі. Осы мақсатта Жүсіп Баласағұнидың «Құтты білік» атты шығармасынан үзінді түрінде алынған «Ізгілік» өлеңін оқушыларға оқып талдауды ұсынады.

Ізгілік

(«Құтты білік» шығармасынан үзінді)

Жүсіп Баласағұни

Өлеңді оқушылар өз ойларын еркін ашық айтып талдайды.

Тапсырма Оқу белсенділіктерін арттырып, ізгілік туралы түсініктерін бекіте түсу мақсатында оқулықта мынадай тапсырма берілген:

Мейірімді және ықыласты болуға жетелейтін игі істер мен жақсы әрекеттер топтамасын жасаңдар.

Түйіндеме - Аданың мейірімді, ықыласты болуы, елін, жерін сүюі, танып-білуге құштарлығы, еңбексүйгіштігі ізгі істер мен жақсы әрекеттерге жетелейді.

Оқушылар жаңа сабақтан алған білімдерін түйіндеп отырады




Оқушылардың тапсырманы топпен жұмыс түрінде орындайды.


  1. Соңғы тыныштық сәтi.Баяу әуен қойылады.

Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!

Уйге тапсырма : : № 1 «Ізгілікке бастар жол» .

«Менің қызықты демалысым» оқушылар өздерінің жазғы демалыстары жайлы шығама жазып келеді.

Мектеп: Абай атындағы жалпы орта мектебі

Мерзiмі: 11.09. 2015

Тақырыбы: № 2 «Ізгілікке бастар жол»

Құндылық: Мейірімділік ,сүйіспеншілік, игілік іс. Қасиеттер: Жақсылыққа ұмтылу, адамгершілік пен имандылық, ізгілік пен кісілік, сенімі, мейірімділік.

Мұғалiм: Нсанова А.М Сынып: 6 а,б,в

Мақсаты: Оқушылардың өзін-өзі танудың адам өміріндегі мәнділігі жөніндегі ұғымдарын дамыту.

Міндеттері: -Оқушыларға ізгілік ұғымы туралы түсінік беру;

- Оқушыларды ізгі істерге жетелейтін адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал ету; - Мейірімді, ықыласты болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) слайд,өлеңнің аудиодискісі

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Тыныштық сәті. Нұрға бөлену

Балалар көздерін жұмады. Мұғалім сөйлейді. Сендердің жүректерің - сендердің кішкене жарқыраған күндерің. Ол да күн сияқты жылытады. Сендердің күндерің сендерге жылулық береді. Өздеріңнің жақсылықтарыңмен адамдармен бөлісесіңдер. Ал, кәне жақсылық сезімдерімізді өздеріміздің әке-шешемізге, аға-әпкелерімізге, өздеріміздің достарымызға, барлық адамзатқа, келген қонақтарға, маған және өзіміздің кішкене ғана әдемі жер шарымызға, бәріне-бәріне жіберейік, жақсылық тілейік.
-Ал, енді көздеріңді ашыңдар, жымиыңдар және осы сезімдеріңді, қуаныштарыңды күні бойы сақтауға тырысыңдар. Дәйексөз «Кімде кім өзін сүйсе, туысқандарын сүйсе, өз елін сүйсе, әсіресе, адам баласын бауырым деп білсе, сол адамды ізгі атаймыз» деген Мағжан Жұмабаевтың нақыл сөзінің мағынасын қалай түсінетіндерін оқушылардан сұрау

Оқушылардың дәйексөз мағынасын кеңірек түсінуі үшін «алдымен адам өзін сүйе білуі керек, өйткені өзін сүйе білген, өзгені де сүйе алады, адамның сүю сезімі өзінің жақындарын, туған-туыстарын, айналасындағы адамдарды елін, жерін сүюге, бүкіл адамзат баласын бауырындай сүюі үлкен сүйіспеншілікке ұласады. Міне, осындай адамды «ізгі жан» деп айта аламыз» деген ой түйіндейді.

Сабақ барысын талдау:

Мәтінмен жұмыс

Мәтінмен жұмыс жүргізу үшін оқулықтағы аңыз әңгімені оқып талдау ұсынылады. Аңыз әңгімеоқушыларға оқылып , содан соң балалар әңгімені бірігіп отырып мағынасын ашады. Оқушылар мәтін соңында берілген сұрақтарға жауап береді.

Оқушылар әңгіме мазмұнын талдау барысында жаман ниет, қайырымсыздықтың залалы қандай жағдайға душар ететініне көз жеткізеді. «Жазықсыз жанға жауыздықпен жасаған әрекеті өз алдына келеді», - деп неліктен айтылғанын, яғни «жақсылыққа жамандық жасаудың» мәнісін ұғады. Тапсырма Оқулықта оқушылардың ізгі іс туралы білімдерін бекіту үшін мынадай тапсырма беріледі:

Еліңе қызмет етудің ізгі іс ретіндегі мәнін мысалдармен дәлелдеңдер.

Оқушылар тапсырманы орындау жолдарын ойластырады. Оқушыларға елге қызмет етуді осы жас шамаларына лайықты немесе келешекте еліне қандай қызмет ететінін елестете отырып, тапсырманы орындауға бағыт беру. Сондай-ақ еліңе қызмет етудің ізгі іс екенін неден, қалай көруге болатынын оқушылардың сезініп, оны сипаттап айтып беруі қадағаланады.

Түйіндеме Оқушылардың назары «Ақ ниет, кеңпейілділік, адалдық пен қайырымдылық сияқты ізгі істер бақыт пен дәулетке жеткізеді» тұжырымына аударылады.

Ақ ниеті деп көнілі таза, пейілі ақ, адал пиғылды адамды айтамыз. Ниет ықылас-ынтаны білдіреді. Ол адамның мінезімен, ерік-жігерімен, мақсат мүддесімен сабақтасып жатады. Адалдық -шыншылдық, әділдік уәдесінде тұрушылық сияқты қасиеттердің жиынтығы. Адал адамның бойында таза ниет, имандылық, жауапкершілік молынан табылады. Адал адам іс-әрекетті беріктікпен, тазалықпен адал орындайды, басқаға қиянат жасамайды, шындықты қорғайды, Отанға беріле қызмет етеді. Кеңпейілділік - адам бойындағы жақсы қасиет. Кеңпейіл адам айналасына жайлы, қолы ашық, алды кең, пейілі жомарт болып келеді. Қайырымдылық - адамның асыл қасиеті. Қайырымды кісінің айналасындағы адамдарға ықыласы мен көмегі, адамгершілік қарым-қатынасы мол болады.

Дәптермен жұмыс

3-тапсырма «Ізгілік» сөзжұмбағын шешіңдер.

4-тапсырма мәтінді оқыңдар. Ата-ананы, үлкендерді қалай құрметтеу керектігі жөніндегі өз ойларыңды айтып беріңдер





Тапсырманы балалар жекелей немесе топпен орындауларына болады. Орындаған тапсырманы сынып алдында жария етеді

  1. Соңғы тыныштық сәтi.Баяу әуен қойылады.

Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!

Уйге тапсырма : : № 2 «Ізгілікке бастар жол» .

«мейірімділік » сөзіне сөзжұмбақ дайындау









© 2010-2022