Бала-отбасы тәрбиесінің айнасы

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

"Бала- отбасы тәрбиесінің айнасы"

Елек орта мектебінің психологы. Г.Т.Уралбаева Ақтөбе қаласы

Отбасы тәрбиесі туралы әйгілі педагог А.Макаренко "Әрбір отбасы сыртан алынған даяр рецептілерді пайдаланбай, әрдайым өмір мен адамгершіліктің жалпы ұстанымдық жүйесін пайдаланып,көптеген педагогиялық мәселені өзі шешуі керек" деп орынды айтқан. Ата-ана баласын мектепке әкелгенде үлкен ортаға үйренеді,бейімделеді,көзі ашылады деп үміттенеді.Ол-педагогтың басты мақсатының бірі. Баланың ойлау және шығармашылық қабілетін дамыту,оқу,жазу,сызуға ойын арқылы үйрету басты назарда болады.Бұл үрдісте педагог пен ата-анадан шыдамдылық,төзімділік,адамгершілік құндылықтары қажет етіледі. Мектептегі әрбір баланың мінезінен оның отбасындағы беріліп отырған тәрбиенің қандай деңгейде екендігін аңғаруға болады."Бала- отбасы тәрбиесінің айнасы" деп өте орынды айтылған. "Тәрбиедегі мақсат-адам деген атты құр жала қылып жапсырмай, шын мағынасымен адам қылып шығару" деп М.Жұмабаев тәрбиенің маңыздылығын нақты көрсеткен. Баланың тәрбиелілігі жақсы мінезден, қасындағы достарына сыйластығынан байқалады.Ата-ананың бойында имандылық,әдептілік,мәдинеттілік қасиеттері болуы тиіс.Оқушымен бірге ата -анамен де жұмыс жасау ға тура келеді.Ата-аналармен пікірталас ,сауалнамалар,отбасылық сайыстар ұйымдастырудың берер тағылымы мол. Сонымен бірге мерекелік шаралар,тәрбие жұмыстарында балалардың өз ата-аналарына өлең,тақпақтар айтқызу, ашық хаттар жазып,жиналыстарда балалардың өз қолдарымен беруі ата-аналарына деген сүйіспеншіліктерін арттырады.

© 2010-2022