Сценарий утренника ко дню независимости Республики Казахстан в детском саду

Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау: жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру. Тәрбиеші:  Құрметті балабақша ата-аналар, балабақша бүлдіршіндері, бүгін еліміздің сан мыңдаған жылдар бойы армандаған, сол жылда дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын «Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған «Елімнің еркіндігі тәуелсіздік» атты ертеңгілігімізді назарларыңызға ...
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық тәрбие сағаты тақырыбы: «Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік»

Тәрбие сағат мақсаты: Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау: жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.

Тәрбиеші: Құрметті балабақша ата-аналар, балабақша бүлдіршіндері, бүгін еліміздің сан мыңдаған жылдар бойы армандаған, сол жылда дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын «Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған «Елімнің еркіндігі тәуелсіздік» атты ертеңгілігімізді назарларыңызға ұсынамыз.

Залдың іші мерекеге сай безендірілген. Көрнекіліктері: Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, тәуелсіздік туралы суреттері, видеоролик. Желтоқсан тақырыбындағы топтардың қабырға газеттері және буклеттер. Қанатты сөздер. Қазақтың ұлттық элементтері бар киімдерді киген балалар қолдарына жалауша ұстап музыка ырғағымен залға кіреді.

1 Жүргізуші:

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Айналайын, айналайын жас өркені халқымның.

2 Жүргізуші
Желтоқсанда Алматыда, ақ қарда,

Алма бақтар ак қырауға батқанда,

Күңірене күн күркіреп тау жақтан,

Жайдың оты жалаң қақты шатқалдан

1 Жүргізуші

Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,

Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.

Енді ағайын, көгінде қалықтасын,

Қазағымның қастерлі - Әнұраны
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

бала: Тәуелсіздік таңын сүйем .

Таңмен бірге келді ме өлең.

Көк туына басымды ием,

Көгімізде желбіреген.

бала:Аласармас аспанымда,

Күнмен гүлдеп ел өседі.

Қазақстан аспанында.

Бостандықтың желі еседі.

бала:: Әнді алысқа жеткіземіз,

Көкке елдің туы ілінді

Жылда той қып өткіземіз,

Тәуелсіздік ұлы күнді.

бала: Маған қымбат ұлы елімнің .

Шешек атқан әр гүлі.

Аялайды бәрімізді,

Азаттықтың таң нұры.

Бала Желтоқсанның ызғары-ай

Кірпікке қатқан мұздар-ай

«Елім-ай» деп егілген,

Қаһарман ұлдар, қыздар-ай

1-жүргізуші: Қазір бұл күн Қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі бақытты күн.

1986 жылғы желтоқсан оқиғасы Қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің бірі болған.

2-жүргізуші: Енді міне, осы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізді.

Слайд шоу: видеоролик с фотосессией о восстании и в это время слова (3 минуты)

Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді,

Бізге оны ешкім аяғаннан бермеді.

Тәуелсіздік - Қайрат, Ляззат, Ерболдың,

Тас көшеде тас-талқан боп кеткені.


1-жүргізуші: Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына солдаттар мен милиция қызметкері қарсы қойылды. Қыз жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Ербол, Ляззат, Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың өмірін үзді.

2-жүргізуші: Иә, ізгілік атаулыдан күдер үзіп, ең соңғы үміті, бар сенімі күйреген, рухани езілген балаң жігіт Қайрат. Қайрат есіл ер көзі тірісінде жазған өлеңдері адам жүрегін тебірентеді. Соның бірі «Менің тағдырым».

1 жүргізуші: Өмір бойы жолым болып көрмеді, Жылап келем бұл дүниеге келгелі.

Қайғы шаңы басты менің денемді, Түспейді шаң сілкінсем де мен енді.

Жолдаған сәлемімді дос алмады, Шын ба екен-ау тас керең боп қалғаны.

Айта берем, айта берем қайбірін, Ауыр менің, ауыр менің тағдырым.

Тағдыр мені аямады, қорлады, Жалынсам да, жыласамда болмады.

Қараңғы өмір бақытым жоқ, жоқ менің, Армандаған ақ сәулеге жетпедім.

Қайратты тергеуге алған кезде, ол өзіне жапқан жаланы мойындамаған үшін

Тергеуші: Әкетіңдер, құртыңдар, атыңдар!, деп, ату жазасын орындаған, сол кезде

Қайрат (Жанасыл): Тоқта! Айтар сөзім бар. Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар. Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар. Алам десең алыңдар.

Қайрат деген атым бар, Қазақ деген затым бар.

«Еркек тоқты - құрбандық», Атам десең атыңдар! ,

деп, жан айқайын айтып, соңғы демін алды.....

1-жүргізуші: Осы өлең жолдары арқылы Қайраттың қатты қиналып Қазақстан үшін жанын құрбан еткенін еске түсіруге болады. Ән Желтоқсан жыры

2-жүргізуші: Тәуелсіздік - ел мұраты. Бұл біздің ұлан байтақ теңіздей Қазақ тарихының басынан кешкендерінің тамшысы ғана болса да, осы жылдары Қазақстанның дамып өркендеуін жылдармен өрнектейміз.

бала: Бостандығым тұңғыш рет, Аққанатын қаққан күн.

Әже әлдилеп немересін, Басы айналған бақтан күн.

балалар: Ән «Анашым»

бала: Тәуелсіздік ұлы күнім,

Тұрсын жайнап төбемде.

Сен, жасай бер мәңгі бақи,

Қуанышқа бөлен де.

бала: Тәуелсіздік - Бақ туын.

Қолға ұстаған сәт бүгін,

Болсын дәйім шат күнім.

бала: Балабақша серпін нық,

Көкке атады бөркін жұрт.

Тәуелсіздік -ынтымақ,

Тәуелсіздік еркіндік.

бала:Қыста келген бақыт бұл,

Қыспай берген жақұт нұр.

Аппақ қардай пейілін

Әлемге елім шашып тұр.

бала: Тәуелсіздік - ел болу

Ынтымақпен өрге озу.

Еркін және өзге елмен,

Терезесі тең болу.

балалар: Ән

балалар: БИ

бала: Мереке бүгін ұлы күн,

Бабалар рухы көксеген.

Азатты елдің ұлымын.

Теңескен төбем көкпенен.

кыздар Би « »

балалар: Хор: « Менің Қазақстаным»

Тәрбиеші: Туған халқымыздың тарихын, батыр ұл-қыздарымыздың ерлігін, жеріміздің байтақтығын, байлығын ақын ағаларымыз жырлап келеді. Сол жырларды жаттап, көкейге түйіп, елімізге лайықты азамат болып өсуге міндеттіміз, басқаша болуға біздің құқығымыз жоқ, бүгінгі бақытты күніміз үшін қаншама ерлер тер төкті, жанын қиды. Сол батырларымыздың армандаған ұрпағы біздің білімді, дені сау Отанымыздың лайықты ұл-қызы болып өсуі қажет. Апа - ағаларымыздың қайталанбас ерлігіне тағзым етеміз. Осымен құрметті қонақтар естиярлар тобының дайындаған «Елімнің еркіндігі -Тәуелсіздік» атты ертеңгілігіміз аяқталды.













© 2010-2022