Тренинг «Жақсы көңіл - күй жан азығы»

Раздел Школьному психологу
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, ЖББ Шежін орта мектеп-балабақшасы

Педагог - психолог мұғалімі:А.А.Имангалиева

Тренинг «Жақсы көңіл - күй жан азығы»

Мақсаты: мұғалімдердің эмоционалды және көңіл - күйлерін көтеруге, кәсіби жанудың алдын алу, өздеріне құрметпен қарау, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту.
Эпиграф: «Біз қартайғандықтан ойын ойнауды тоқтатып тұрған жоқпыз, ойын ойнамағандықтан қартаямыз».
Бернард Шоу
Көрнекілік құралдар: музыка аппараты, баяу әуенді диск, тест «Сіз стресті бағындыра аласыз ба?»

Жоспар:
1. Танысу. Бір - біріне комплимент айту.
2. «Дыбыстық жаттығу»
3. Тест «Сіз стресті бағындыра аласыз ба?»
4. Картаны аяқтау.
5. Сергіту сәті. «Гүлдер әуені»
6. Жаттығу «Сыйлық».
7. Жүргізілген жұмысты қорытындылау.

Жүру барысы:
- Құрметті әріптестер, бүгін сіздердің психикалық көңіл - күйлеріңізді көтеруге,
өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз - өзіңізге құрметпен қарауға, бір - бірімізге сыйластық қарым - қатынаста болуға арналған әуенді терапия сағатына ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.
Жұмысымды бастамас бұрын барлығымыз шаттық шеңберге жиналып, бүгінгі күнге байланысты бір - бірімізге жақсы тілек білдірейік.
- Дүниеде мұғалімдіктен құрметті мамандық жоқ. Бұл өте қиын, күрделі міндет.
Оқушылардың интеллектуалды дәрежесінің күннен - күнге артуына байланысты мектепте жұмыс істеу барған сайын күрделеніп келеді.
Өздеріңізге белгілі, ұстаз мамандығы басқа мамандықтарға қарағанда стресттік жағдайларға жиі душар болатындығы белгілі. Ал ұстаз өзінің кәсіптік ұстанымын жоғалтпай, қандай стрестік жағдайларға жиі душар болатындығы белгілі. Әсіресе, көктем, күз мезгілінде ұстаздар өте шаршағыш, эмоциялық күй - жағдайлары өте төмен болады. Сондықтан қазір біз сіздермен әр кезде көтеріңкі көңіл - күйде болу үшін, бірнеше жаттығу жасап үйренеміз.

2. Жаттығу. «Дыбыстық жаттығу»
Мақсаты: дыбыстық гимнастикамен таныстыру, рух пен дененің тынығуы.
Дыбыстық жаттығуды бастамас бұрың жүргізуші ережесін түсіндіреді:
Өзімізді бірқалыпты, жайлы сезінеміз, тік тұрамыз, арқамызды тік ұстаймыз. Алдымен мұрнымызбен терең дем аламыз, ал дем шығарғанда дыбысты қатты әрі қуатты етіп шығарамыз.
Деміңізді мұрыныңызбен ішке тартып, демді сыртқа шығарар кезде қатты бар дауысыңызбен «А» дыбысын айтыңыз - ол бүкіл денеңіздің сауығуына көмегін тигізеді.
«Е»- қалқанша без жұмыстарына әсер етеді.
«И»- миыңызға, көзіңізге, құлағыңызға.
«О»- жүрегіңіз бен өкпеңізге
«У»- асқазан маңындағы дене мүшелеріңізге
«Х»- денеңіздің тазаруына
«ХА»- көңіл - күйіңіздің көтерілуіне.
Осы жаттығуды жаттап алып, әркезде орындап отырыңыздар, денсаулығыңыз өз қолыңызда, эмоционалдық стресске шалдықпаудың алдын аламыз.
3. Сіздер стресті бағындыра аласыздар ма, анықтап көрейік?
Тест «Сіз стресті бағындыра аласыз ба?»
Нұсқау. Төменде берілген сұрақтарға «ия», «жоқ», «кейде» деп жауап беріңіз.

© 2010-2022