Жасөспірімдерге арналған Мамандық таңдаудың өмірлік маңызы

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мамандық таңдаудың өмірлік маңызы


Он бес пен жиырма бестің арасында

Бұл жаста аласым көп, бересім де,

Алдымда толған мақсат, толған таңдау,

Алайын анасын ба, мынасын ба?

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың осы бір шумағы барлығымызды да ойландырары сөзсіз.

Мамандықты дұрыс таңдаудың адамның бүкіл болашақ тағдырына тікелей әсері бар. Бұл ретте мамандық таңдау дегеніміз- тағдыр таңдау десе де болғандай. Жастарға албырт ой, ұшқыр сезім тән келеді. Әркімнің неше түрлі мамандықтарды игергісі келеді. Бірақ солардың ішінен қайсысының басын ұстарын білмей қиналатыны бар. Ең жақсы мамандық қандай? Болашақ мамандығын таңдағанда балаға қалай көмектесуге болады? Осы сауалға байланысты педагог-психологтар балаларға диагностикалық қызмет көрсетіп, кәсіби таңдау жасауға арналған тренингтер өткізіп, психологиялық көмек беріп отырады.

Мектепте әр түрлі пәндерді оқу барысында оқушылардың бейімділіктері, қабілеттері, қызығушылықтары анықталады. Оқушының қабілеті бейімділігіне қарай белгілі бір пәнді жақсы меңгеретіні табиғи құбылыс болып есептеледі. Оқу үлгеріміне сүйеніп, оқушылар жиі кәсіби таңдау жасайды. Кейде бұл таңдауға мұғалімнің тұлғасы әсер етеді. Дегенмен, кез келген жағдайда да оқушыға кәсіби таңдауын нақтылау үшін қабілетін, қызығушылығын, тілегін, қажеттілігін қосымша зерттеу керек.

Оқушыға мамандық таңдауда ата-ананың, тумаластарының әсері жоғары. Ата-аналар, ұстаздар қауымы бірігіп, оқушының қабілетін және мүмкіндігін, қызығушылығын зерттеп, оқушының кәсіби болашағының құруда нақты жолға сүйеніп, алғашқы кәсіби білім алу тиімділігін ұғындырып, өмір жолын табуға көмектесуіміз керек.

Мамандық таңдауда еңбек нарығының даму деңгейі және бүгінгі таңдағы қажетті сұранысы мол мамандықтар жөнінде оқушыларды ақпараттандырып отыру керек. Жасөспірімнің психологиялық ерекшеліктерінің бірі - жолдастарымен қарым-қатынасының ерекше құндылыққа ие болатындығы. Яғни, ата-ана мен мұғалімнің әсерінің әлсіреуі. Сондықтан көптеген оқушылар өз мамандығын өзінің достарымен бірге болу үшін таңдау ғажап емес.

Көптеген жасөспірімдер қызықты және жоғары ақылы жұмыс жасағысы келеді, бірақ, қандай мамандық арқылы табуға болатындығын біле бермейді.

Әлеуметтік зерттеулерге қарағанда оқушылардың қалайтын мамандық салалары финанстық-экономикалық сала, заңгерлік, мемлекеттік басқару, инженерлік - техникалық және өндірістік сала. Бұл мамандықты оқушылар беделге ие мамандық деп есептейді де, сұраныс жоқ болса да сол сала бойынша оқуға түседі.

Кездейсоқ таңдай салған мамандық адамның қымбат уақытын ысырап етеді. Егер атқаратын жұмыс адамның өзіне ұнамаса, талап-талғамына сай келмесе, рухани және дене күшінің мүмкіндіктерінен тыс тұрса, ондай жұмыстың ауырлығы мен азабы да көп болмақ. Дегенмен де, өз ықыластарымен атқара алмайтын мамандықтағы жұмыстан айырылмай жүре беретін, одан өзіне де қоғамға да пайда келтірмейді.

Баланы болашақ кәсіпке бағдарлау ісі жас талаптың ең әуелі өз халқының қазіргі ұлттық мүддесін ескеретіндей бағытта жүргізілсе, құба-құп.

Қорыта келгенде, мамандық таңдау кезінде бір-біріне тығыз байланысты екі нәрсені мұқият ескеріп басшылыққа алған жөн.

1. Бұл мамандық маған не береді? Осы мамандықты таңдасам, өзімнің қабілетімді түгел жұмсап, өзімді өзім көрсете аламын ба?

2. Бұл мамандықты меңгерсем, халыққа, қоғамға қандай пайда келтіре аламын?


«Шаңырақ» көпсалалы мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік

мекемесінің педагог- психолог Садыкова Жадыра Жайыковна

© 2010-2022