«Халық дәстүрі – асыл қазына» өзін-өзі тану сабағы

Раздел Школьному психологу
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өзін-өзі тану сабағы

Сынып: 7-сынып

Тақырыбы: «Халық дәстүрі - асыл қазына».

Мақсаты: оқушылардың халық дәстүрі туралы ұғымдарын кеңейту.

білімдік: оқушыларға халық дәстүрінің маңыздылығы туралы түсінік беру;

дамытушылық: оқушыларды халық дәстүрінің мәнін түсініп, оны қадірлеп, бағалай білуге баулу;

тәрбиелік: салт-дәстүрге құрмет, елжандылық сезімдеріне тәрбиелеу.

Көрнекілік: презентация, музыка, кітапшалар, бейнетаспа, карточкалар, караоке.


Сабақ барысы:


Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу.

  2. Түгелдеу.

  3. Сабақтың тақырыбымен таныстыру.

Шаттық шеңбері:


Оқушылар мұғаліммен бірге шеңберге тұрып, бір-бірімен сәлемдеседі. Мұғалім оқушылардан халқымыздың салт-дәстүрлерін атауды өтінеді. Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдап, бүгінгі сабақтың тақырыбын хабарлайды.

Оқушылар «Елім менің» әнін бірге орындайды, тыңдайды.

Дәйексөз:


«Дәстүрін ел - жұртымның ардақтаймын, ежелгі ата - баба салтын сақтап». Мағынасын түсіндіру.

Әңгімелесу:


Мұғалім оқушылардың халықтың өмір тәжірибесі, халық даналығы, оның маңызы туралы білімдерін жинақтап, ортаға салуы үшін олармен әңгімелесу жүргізеді. Әңгімелесу кезінде оқушыларға төмендегідей сұрақтар қойылады:

Халықтың өмір тәжірибесі ұрпақтан ұрпаққа қалайша жетіп отырған?

Халықтық дәстүрден қандай өнеге-үлгі алуға болады?

Өзің үшін маңызы бар халқымыздың игі дәстүрлері туралы айтып беріңдер.








Жаңа ақпарат:

Жаңа ақпаратта ұсынылған С. Кенжеахметұлы дәстүр жайлы айтқанымен танысу оқушылардың түсініктерін кеңейте түседі.

«Қазақ халқы - салт - дәстүрге өте бай ел. Бұл - оның мәдениетті, әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы.

Біздің халқымыз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт - дәстүрмен, өнегені әдеп - ғұрыппен, үлгіні жөн - жосықпен, әдепті ырым - тыйыммен тәрбиелеп, аса сенімді әрі ғажайып жол екенін көрсетті. Отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық, қайырымдылық, жоғары адамгершілік қасиеттер осы жол арқылы дарыған.»

С. Кенжеахметұлы

Мәтінмен жұмыс:


Мәтінмен жұмыс жүргізу оқушылардың білімдерін кеңейтіп, олардың оқу белсенділіктерін арттыра түседі. Оқушылар сабақ тақырыбын ашатын аңыз әңгімені оқып, салт-дәстүрдің қаншалықты маңызды екеніне көздерін жеткізеді. Мәтіннің мазмұнын жете түсіну арқылы оқушылар ата-бабамыздың ақылгөйлігі мен ұтқырлығына тәнті болады. Халқымыздың ата салтын адам баласының ғана игілігі үшін пайдаланып қоймастан, оны қоршаған ортаға қатысты қолдану арқылы өздерінің өмір салтын берік ұстанғанына көз жеткізеді. Сондай-ақ халық арасында кім болса да, атақ-даңқына, дәрежесіне қарамастан, ата салттан аттамау, оны сақтап, қадір тұтудың мәні қандай болатынын мәтіндегі оқиға дәлелдей түседі. Мұның өзі балалардың бойында халықтық дәстүрге деген сый-құрметтерін арттырып, мақтаныш сезімдерін тудырады, терең ой салады. "ШАҢЫРАҚ" 132 - 133 бет.

Мәтіннің сұрақтарына жауап беру:

Қазақ ұғымындағы қара шаңырақтың маңызы қандай?

Қара шаңырақты қастерлеу ұрпаққа неліктен парыз саналады?

Бейнетаспа:


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ТЕЛЕРАДИОКЕШЕНІ ҚАЗАҚТЫҢ ЕЖЕЛГІ САЛТ - ДӘСТҮРІ «ТОЛҒАНАЙ» үштаған бейнетаспасын ҰСЫНАДЫ

Шығармашылық жұмыс:

Мұғалім оқушылардың сабақта алған білім-біліктерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін шығармашылық жұмыс ұсынады. Жасағандарын сынып алдында жария етеді.

1 - топ "Салт - дәстүр туралы көрініс көрсету".

2 - топ "Халық қазынасы туралы эссе жазу".

3 - топ "Бата - тілек " айту.

4 - топ "Қазақтың үй жиһаздары" туралы сурет салу.

Жүректен жүрекке


Оқушылар шеңберге жиналып, «Дәстүрлерім - ай» әнін үнтаспаға қосылып орындайды.

© 2010-2022