Өзін - өзі тану - өмір талабы тренинг

Раздел Школьному психологу
Класс 12 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өзін - өзі тану - өмір талабы тренинг

Өзін - өзі тану - өмір талабы тренинг

Өзін - өзі тану - өмір талабы тренинг

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж

Бекітемін:

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Таубаев Қ.Б.Өзін - өзі тану - өмір талабы тренинг







«Өзін-өзі тану - өмір талабы»

(тренинг сағаты)





















Ұйымдастырушы: педагог - психолог Есенова Ляззат Сайкомовна



Орал қаласы

2016 жыл

Тақырыбы: «Өзін-өзі тану - өмір талабы»

Мақсаты: Жеке тұлғалардың өзін - өзі тануын қалыптастыру.

Міндеттері:

  • өзін -өзі бағалауда ерік-жігердің, адамгершіліктің, мақсаттың, күш-қуат және сана - сезім тәрізді құндылықтардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру.

  • өз-өзін бағалауын саналы түрде арттыра алу дағдыларын дамыту.

  • табандылыққа, төзімділікке, жігерлікке, қажырлыққа ерік- күшінің мықтылығына және өзін бағалауға тәрбиелеу.

Қолданылатын технология: Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту

Түрі: тренинг

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын.

Көрнекілігі: слайд, проектор, маркер, флипчарт, стикер, нақыл сөздер. үлестірме қағаздар т.б.

Барысы:

  1. Қызығушылықты ояту:

Төмендегі берілген сөздердің мағынасының өз өмірімізде құнды екенін ескере отырып, мағынасын ашып алайық.

Психолог сөзі:

Өзін- өзі тәрбиелеу, бағалау-өмір талабы. Адамдардың өзін-өзі тәрбиелеуі дегеніміз - жүйелі түрде белгілі бір мақсат қойып, оған жету жолында өзінің қабілетін дамыта отырып, кездескен қиыншылықтарды жеңе білуі. Әр адам - жеке тұлға. Жасөспірім шақтан бастап, ересек шаққа қарай аяқ басасыңдар. Осыған дейінгі алған тәрбие мен білімге толықтырулар еңгізіп, болашаққа кім және қандай болатындарыңды білулерің керек, Орташа қабілетті және жігерлі болсақ көп нәрсеге қол жеткіземіз. Ал, қабілетті бірақ жігерсіз болсақ, еш нәрсеге қол жеткізе алмаймыз. Адам өзін-өзі тәрбиелеу үшін адамгершілік қасиеті мол болуы керек.

Ой шақыру:

- Өзіңді тану дегенді қалай түсінесің?

- Өзін -өзі бағалау дегенді қалай түсінесің?

- Өзін өзі бағалау құндылығына нені жатқызамыз?

- Алға қойған мақсатқа жету үшін не істеу керек?

Басқалардан өзгеше болу - кемшілік емес, әр адам әр түрлі болады. Әркім өзінше сұлу, әрі әдемі. Ең бастысы-қасындағы адаммен сеніммен араласу, жақын болу. Кешірімді болу және саған ол адаммен араласудың, сыйласудың жағымды болуы.

  1. Мағынаны тану:

Өзіңді ғана емес, өзгелерді де таны: «Ұлы адамдардың ұлы сөздері беріледі, соған өз түсініктеріңмен тарқатып айтасыздар, талқылау болады.

• «Егер естілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір өзіңнен-өзің есеп ал: Сол алдағы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен... өзің өкінбестей қылықпен өткізіпсің бе? Жоқ болмаса, не қып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?» (Абай).

• «Өзіңді - өзің бағындыруға, өзіңе-өзің билік көрсетуге кішкентайыңнан үйрен. Құлқың соқпаған, бірақ қажетті істі атқаруға өзіңді көндіре біл. Тиістіні тындыру - ерік, қайраттың бірінші қайнар бұлағы» (В. Сухомлинский).

• «Өзіңді-өзің тәрбиелеу үшін алдымен өзіңді-өзің қатал, әрі әділ сотыңа тарта білуің керек» (Н. Островский).

• «Адам өзіне-өзі бағынып, өзінің шешімдеріне бой ұсынып үйренуге тиіс» (Цицерон).

• «... адамның өзін-өзі тексеруі оның жан тұрмысының өркендеуіне түзу жолға түсуіне бірінші шарт» (М. Жұмабаев).

• «Бақыт - әрбір адам ұмтылатын мақсат. Бақыт-тың мәні - парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде... адам-ның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, игілікке бағыттап отыруында» (Әл - Фараби).

Топтық жұмыс:

1 топ тапсырмасы:

Адам қабілетін дамытуға көмектеседі...

Не ? Қалай?

1. 1.

2. 2.

3. 3.

2 топ тапсырмасы:

Адам қабілетін дамытуда кездесетін кедергілер...

Не ? Қалай?

1. 1.

2. 2.

3. 3.

3 топ тапсырмасы:

Адам бойындағы талантты ашу үшін...

Не қажет ? Оны жетілдіру жолдары?

1. 1.

2. 2.

3. 3.

Өзін-өзі ашуға арналған жаттығу «Қиялдау сұрақтары».

Қатысушылар шеңбер құрып, бір-біріне доп лақтыру арқылы сұрақтар қойып, сол сұрақтарға жауап алады.

Мен сүйемін...........................................................................................

Маған ұнайды.........................................................................................

Маған қиын............................................................................................

Менің жанымды жадыратады................................................................

Өз достарымның арасында Мен.............................................................

Мен келешекте.........................................................................................

Сонымен, студенттер, осыған дейін өзіңді-өзің бағалау, тану үшін өз-өзіңді қадірлей білу керек екенін түсіндік. Өз - өзіңді бағалау - кемшіліктеріңді жетістіктеріңді басқа адамдармен бөлісе отырып, достарыңа деген қарым - қатынастарыңды, ілтипаттарыңды, іс -әрекеттеріңді білу деген сөз.

Адам өзін - өзі тәрбиелейді, алдына мақсат қоя біледі, сол мақсатқа жету үшін адами құндылықтарды бағалай отырып, «өз өмірім өзіме құнды» деген қағиданы басты назарда ұстау қажет. Адам ен бастысы жоғары адамгершілікте болса ғана көп нәрсеге қол жеткізе алады.
Бүгінгі сабағымыз өздеріңді толығырақ танытуға, жақсы қасиеттерді бойларыңа сіңіруге, жаман қасиеттерден аулақ болуға, табиғатқа, адамзатқа деген сүйіспеншілікке, сұлулықты, әсемдікті сезінуге көмектеседі деп ойлаймыз.

Енді сағатымызды қорытындылай келе, Мұхтар Шахановтың «Жігерлендіру» өлеңімен әсерлендіре түссек.

Көтер. қане, басыңды

Күніңді босқа өткізіп пе едің?

Тағдырың неге сыр айтты сараң?

Өмірдің барлық сәтсіздіктерін,

Бақытсыздық деп кім айтты саған?

Кім айтты саған?

Тұлпарды сүрінбейді деп,

Асауды мінілмейді деп,

Ақ көйлек кірлемейді деп,

Қара ешкі мүжіген ағаш қайтадан гүлдемейді деп.

Кім айтты саған?

Жұрттың бәрі мейірбан, арайлы деп,

Биікті ардақтайды.

Асылды қорлатпайды деп?

Қиналып бекер алаңдадың-ау,

Ойыңды шығар өріске.

Өзің- ақ айтшы ғаламда мынау

Жеңудің бәрі жеңіс пе?

Жігітке арман жеткізіп пе еді

Өз сорын өзі жеңбесе ?

Өмірдің барлық сәтсіздіктері

Бақытсыздық емес, ендеше !

Жүректен жүрекке:

Қатысушылар шеңбер құрып, көршілеріне жақсы сөз, жылы лебіздерін білдіріп жүрекшелерді ұсынады.

Адамдар жолында кездескен қиыншылықтарды жеңе отырып, өмір бойы өзінің мақсатына жету жолында күреседі екен.

Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,

Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,

Үлкен болып қалу үшін ғаламда,

Үлкен АРМАН керек екен адамға!

  1. Ой толғаныс:

«... Кісі іштен туғаннан-ақ белгілі бір өнерге, қызметке икем болып туады; басқаша айтқанда, әр адамда бір нәрсеге талап, ыңғай, қабілет, яки зеректік болады. Кімде-кім өзіне біткен ыңғайына қарай өз жолымен жүріп, қызмет етсе, өз басына да, әлеуметке де үлкен пайда келтірмек. «Өз орнында» істеген адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ. Қайғы сол: өз жолын шу дегеннен тауып алатын адамдар сирек болады»-, деп нақтылап көрсетеді алты алаштың арысы Жүсіпбек Аймауытов. Эйнштейн де «Әр баланың бойында ақылдылық болмысы болады»-,деген. Расында солай. Дегенмен бұл қағидаға бірі сенсе, бірі сенбес. Себебі, жарық дүниеге көзімізді ашқанда бәріміз бірдей кейіпте болып, өсе келе өзгеріп сала береміз. Қалайша? Неліктен? Осы сұрақ төңірегінде өрбітсек. Өзін- өзі тәрбиелеу-адамның жеке басын жетілдіре түсу жолындағы әрекеті. Өзін-өзі тәрбиелеудің бағыт-бағдары адамның өмірлік мұратына, яғни оның болашақ кейпін елестетуіне тәуелді. Бұл аксиологияны бүкіл әлем мойындауда. Ал бізде... Тұлғаның өзiн-өзi тану теориясының негiзiн салушы К. Маслоудың анықтамасы бойынша, өзiн-өзi танып білуі - адамның өзiнiң барлық тұлғалық мүмкiндiктерi мен шығармашылық қабiлеттерiн толық ашуға және дамытуға үздiксiз ұмтылысы. Адам баласы өзін жақсы көрсе ғана, айналасындағыларды жақсы көре алады. Бұл - өзіндік сананың маңызды элементі. Өзін-өзі қастерлей білу - адамның жеке басының құнды болуы үшін аса маңызды сипат. Америкалық психолог, ақын Джон Кехоның «Подсознание может все!» еңбегінде өмірлік азық болар дүниелер тізбектеліп өрілген. Соның ішінде, ұлттық болмысымызға сай тұстарын бойымызға жинақтай білсек болғаны. Осы кітапты оқи отыра ой түйгенім, біз бір мезгілде екі әлемде өмір сүреміз. Біріншісі - жаңа рухпен қандандыратын нәзік сезім, таза пейілмен жандандыратын иірімді ойлар болса, екіншісі - адам баласына қызмет көрсетіп тұрған табиғаттың бөліктері бар әлем. Көп жағдайда сыртқы өмір бізге әмірін жүргізеді. Соның әсерінен көптеген келеңсіз жағдайларға душар болып жатамыз. Эгоизм басым болады, ішімдікке салынады, еңбектің көзін таппай жатады,тағысын тағылар... «Егер естілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір өзіңнен-өзің есеп ал: Сол алдағы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен... өзің өкінбестей қылықпен өткізіпсің бе? Жоқ болмаса, не қып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың? » (Абай). Орыстың жазушысы Лев Толстой өмір бойы «Игорь жасағы турал жыр» шығармасын қабылдай алмаған. Психологиялық тұрғыда оны түсіндіруден бас тартқан. Ұлы ойшыл театрды, әсіресе балет спектаклін көруге мүлде қарсылық білдірген. Шекспирдің шығармасын жоққа шығарып тастауы осыдан болса керек. Осындай түйткілдерді түп-тамырын жою үшін ішкі түйсік сыртқы өмірді басқаруы тиіс. Ол қалай дейсіздер ғой. Кәсібінің нәсібін көрген біршама психологтардың еңбегінде дәлелденген. Өзiне сенiмдiлiктiң аз немесе тiптi болмауы көп жағдайда пессимизм мен қысылуда көрiнiс табатын тұлғаның жан күйзелісіне душар етеді. ХХ ғасырдың 40 жылдары АҚШ-тағы невроз клиникасының бас дәрiгерi Андре Сальтер өзiне сенiмсiздiктi жою, емдеу және әлсiрету проблемасымен ең алғашқы болып айналысты. Мирдад кітабында: «Былай ойлаңыз, әрбір ойлаған ойым аспанға отты қаріптермен анық жазылады». Айтылған сөз - атылған оқ. Қазағым сөздің сиқыры барын тегін айтпаған ғой. Біздің санамызға мықтап бекінген ойлар өмірімізге тікелей септігін тигізеді. Көпшілігіміз біреуге сын тағуға бейімбіз. Бір ағаттық іс жасасақ, өзге біреуді кінәліге санаймыз. Сын айту оңай әрине. Бір кісіні сынамас бұрын, өзімізден сол жайттар орын тауып жатқапағанына сенімді болу қажет. Ықылас Ожайұлы айтқандай, қазірге керек жағдай - таза адам болу, құлдық психологиядан арылу. Үш жағдайдан бек сақтанғанымыз жөн: ұйқы, тәкаппарлық, еріншектік пен енжарлық. Абай айтпақшы, бес нәрсеге асық болып(талап, еңбек, рақым, терең ой, қанағат), бес нәрседен қашық( өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ) болуымыз керек. Ендігі мақсат - ойлаған дүниеңді іс жүзінде жүзеге асыру. Көкірегі ояу оқырман жылт еткен дүниені қалт жібермейді деген ойдамын. Дөңгеленген дүниенің уақыт арнасында ең бақытты жан болайық!

Белсенділік танытқандарыңызға рахмет.

Алтын уақыттарыңызды бөліп қатысқандарыңызға алғыс білдіреміз! Сау болыңыздар!

Рефлексия:

Стикерге өз әсерлерін жазады.

© 2010-2022