Психологиялық ойын және жаттығулар

1-ойын (8 жастан)      Ауа райы   Мақсаттар: Балалар (мұғалім) өзін «қалыпты» сезінбейтін күндері болады. Мүмкін оларды мұң, реніш немесе ашу-ыза билеген болар, олар өзін тыныштықта қалдыруды қалайтын шығар. Бір уақыт жалғыздықта болу құқығын алса, баланың қалыпты жағдайға оңай түседі, өз сезімдерін жеңіп шығады және сынып өміріне тезірек бойлайды. Осы жаттығудың көмегімен мұғалім балаға бір уақыт оның араласпаушылық құқығын мойындайтынын ұғындырады. Осындай сәтте өзге балалар әр адам жанының ос...
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Психологиялық ойын және жаттығулар



1-ойын (8 жастан)

Ауа райы

Мақсаттар: Балалар (мұғалім) өзін «қалыпты» сезінбейтін күндері болады. Мүмкін оларды мұң, реніш немесе ашу-ыза билеген болар, олар өзін тыныштықта қалдыруды қалайтын шығар. Бір уақыт жалғыздықта болу құқығын алса, баланың қалыпты жағдайға оңай түседі, өз сезімдерін жеңіп шығады және сынып өміріне тезірек бойлайды. Осы жаттығудың көмегімен мұғалім балаға бір уақыт оның араласпаушылық құқығын мойындайтынын ұғындырады. Осындай сәтте өзге балалар әр адам жанының осындай көңіл күйін сыйлауға үйренеді.

Материалдар: Қағаз және балауыз борлар.

Нұсқау: сіз сыныптастарыңызға өз «ауа райыңызды» көрсетесіз. Сонда сізді бір уақыт тыныштықта қалдыру керек екендігін бәріне де түсінікті болады.

Бір парақ қағаз бен балауыз борларды алыңыз да өз көңіл күйіңізге сәйкес келетін сурет салып, болмаса, үлкен әріптермен «Ескерту: теңіз дауылы» деп жазып қойыңыз. Осылайша сізде «жайсыз ауа райы», ең жақсысы ешкімнің өзіңізге тиіспегені жөн екенін білдіресіз. Егер өзіңізге тыныштық керек екенін сезсеңіз, барлығы білуі үшін осындай қағазды партаңыздың алдына қойып қойыңыз. Өзіңізді жақсы сезінген кезде, қағазды алып тастайсыз. Ол үшін бұлт пен жаңбырдың арғы жағынан шығып келе жатқан күнді немесе шуағын шашқан күнді бейнелейтін шағын сурет салып қойыңыз.

Кейде әркімнің өзімен-өзі оңаша қалғысы келеді. Мүмкін сіз тым ерте оянған шығарсыз және өзіңізді ұйқыңыз қанбағандай сезінерсіз, мүмкін бір нәрсе сіздің көңіл күйіңізді бұзған шығар. Онда өзіңіздің ішкі тепе-теңдігіңізді қалпына келтіре алуыңыз үшін, басқалардың сізді бір уақыт тыныштықта қалдырғаны толығымен дұрыс нәрсе.

Егер сізде осындай жағдай болса, онда өзіңіздің оңаша қалғыңыз келетінін, сізге ешкімнің жоламағанын қалайтыныңызды ұғындыра аласыз. Мұны былай істеуге болады: сіз сыныптастарыңызға өз «ауа райыңызды» көрсетесіз. Сонда сізді бір уақыт тыныштықта қалдыру керек екендігін бәріне де түсінікті болады.

Бір парақ қағаз бен балауыз борларды алыңыз да өз көңіл күйіңізге сәйкес келетін сурет салып, болмаса, үлкен әріптермен «Ескерту: теңіз дауылы» деп жазып қойыңыз. Осылайша сізде «жайсыз ауа райы», ең жақсысы ешкімнің өзіңізге тиіспегені жөн екенін білдіресіз. Егер өзіңізге тыныштық керек екенін сезсеңіз, барлығы білуі үшін осындай қағазды партаңыздың алдына қойып қойыңыз. Өзіңізді жақсы сезінген кезде, қағазды алып тастайсыз. Ол үшін бұлт пен жаңбырдың арғы жағынан шығып келе жатқан күнді немесе шуағын шашқан күнді бейнелейтін шағын сурет салып қойыңыз.

Балалардың өз «ауа райын» қолдануын мадақтаңыз, бұл олар үшін дағдыға айналса тіптен жақсы болар еді. Бұл сыныптағы атмосфераны үйлесімді етеді және балаларды бір-бірінің көңіл күйімен санасуға үйретеді. Ең жақсысы, егер өзіңіз ауық-ауық өзіңіздің жеке «ауа райыңызды» балаларға көрсетіп қойсаңыз, олардың үлкендердің көңіл-күйі мен жан дүниесіне назар аударуға мүмкіндік береді.

2-ойын (9 жастан)

Махаббат (сүйіспеншілік) және ашу

Мақсаттар: Біз махаббат (сүйіспеншілік) немесе ызалықты сезінген кезде бұл түрлі денелік сезінулерді тудырады. Бұл ойында балалар өздерінің бастан кешіргендері немесе күшті сезімдеріне сәйкес денелік сезінулеріне көңіл аударады. Бір мезгілде олар өз бойларында қажетінше осындай сезімдерді саналы түрде тудыра алуды үйренеді. Осынымен, олар өздері үшін белгілі дәрежеде өзіндік эмоциясын бақылай алатынын дәлелдейді.

Нұсқау: Жұп-жұпқа бөлініңіздер. Бір-біріңізге қарама-қарсы қарап тұрыңыз да, бұл жаттығуды кім бірінші бастайды, ал кім бақылаушы болатынын шешіп алыңыздар.

Көзіңді жұмып, өзіңнің соншалықты сүйетін адамыңды көз алдыңа елестет. Махаббат сезіміне толықтай шоғырлан, ол күшейе түссін. Бұл сезім сенің денеңнің қай жерінде орналасқан? Температурасы қандай? Оның түр-түсі қандай? Сипағанға сезіле ме? Соншалықты күшейе түскен махаббат сезіміне толықтай шоғырланыңыз. Оған өзіңіздің барлық ойыңыз бен түйсігіңізді бағыттаңыз... (1 минут.)

Енді көзіңізді ашып, серіктесіңіздің не байқағанын тыңдаңыз. Бақылаушыға сұрақ: Сіз не көрдіңіз? Серіктесіңіз соншалықты махаббатпен кімді және ол туралы не ойлағанын болжап таба аласыз ба? Осындай сәтте не байқағаныңыз туралы бір-біріңізбен сөйлесің. Жаттығу жасаған адамға сұрақ: Өз денеңнің қай жерінде махаббатты сезіндің? Сіз осы сезімді сипаттай аласыз ба? (2 минут.)

Ал енді қайтадан көзіңізді жұмыңыз және өзіңіздің ашуыңызды тудыратын адамды көз алдыңызға елестетіңіз. Ашулық сезіміне толықтай шоғырланыз. Ашуыңыз күшейе түссін. Бұл сезім сенің денеңнің қай жерінде орналасқан? Температурасы қандай? Оның түр-түсі қандай? Сипағанға сезіле ме? Соншалықты күшейе түскен ашулық сезіміне толықтай шоғырланыңыз. Оған өзіңіздің барлық ойыңыз бен түйсігіңізді бағыттаңыз... (1 минут.)

Енді көзіңізді ашып, серіктесіңіздің не байқағанын тыңдаңыз. Бақылаушыға сұрақ: Сіз не көрдіңіз? Серіктесіңіз соншалықты кімге ашуланды және ол туралы не ойлағанын болжап таба аласыз ба? Осындай сәтте не байқағаныңыз туралы бір-біріңізбен сөйлесің. Жаттығу жасаған адамға сұрақ: Өз денеңнің қай жерінде ашуды сезіндің? Сіз осы сезімді сипаттай аласыз ба? (2 минут.)

Жұптарыңызбен рөл ауыстырып, осы айтылғандарды қайтараңыздар.

Жаттығуды талдау:

  • Сен қай сезімді күштірек сезіндің: махаббатты ма, әлде ашу-ызаны ма?

  • Сенің бірде жақсы көретін, бірде жек көретін адамың бар ма?

  • Біз неліктен өзге адамдарды жақсы көреміз?

  • Неліктен біз кейде басқа адамдарға қатты ашу-ызамыз келеді?

  • Махаббатқа қарағанда (сүйіспеншілік) ашу-ызаға көбірек берілсек не болады?

  • Ашу-ыза сезімін қалай тоқтатуға болады?























© 2010-2022